kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мамандығымның маңыздылығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эсседе менің мамандығымның маңыздылығы туралы, психолог қандай болу керектігі туралы жазылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мамандығымның маңыздылығы"»

«Мамандығымның маңыздылығы» (эссе)

«Мамандықтың жаманы жоқ бірақ
мұның кез-келгеніне икемділік қажет
бұл жай күнелту, тамақ, асыраудың
ғана жолы емес үлкен өнерді, зор
шеберлікті қажет ететін нәрсе»

Ж.Аймауытов



Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін қызметтің маңызды бөлігі. Әрине, адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ойлаған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң және т. б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет.

Мен неге психология мамандығын таңдадым?

Психолог мамандығын таңдау арқылы бала бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыта отырып, рухани өсіп жетілуіне ықпал жасау қажеттігін ұғындым. Психолог әр баланың ата-анасы, жанашыры, досы, ақылшысы, рухани жетекшісі екендігіне жасаған жұмыстар арқылы көз жеткізуге болады. Әр баланың ішкі әлеміне үңілген сайын, ғажайып сырларына бойлайсың, ашылмаған әлеміне жол тауып, қуанасың, таңырқайсың. Психология адам өмірінде әрқашан да маңызды деп ойлаймын: әр адамға қиналған сәтінде психологиялық қолдау керек. Сонымен қатар психология кез-келген мамандықтың қайнар көзі болып табылады, мысалы, дәрігер емделушісін емдеп жазуы үшін, оған психологиялық қолдау жасайды және т.б.

Психолог дегеніміз кім? Психолог болу – балалардың болашақ өмірінің кілтін қолға алу. Оларды өмірге дайындау, жақсыға жақындату, жаманнан алыстату, шындықты ұғындыру. Ол үшін психолог тәрбиелі, білімді, іскер, баланы жақсы көретін, әр баланың тілін табатын адам болуы тиіс. Балалардың ортасында жүру мен үшін үлкен бақыт.

Мектеп психологінің міндеті сан алуан. Мектептің табалдырығын алғаш рет аттап, қобалжулық сезімде жүрген балалармен тіл табысып, олардың жақсы бейімделуіне ықпал жасап, жандарынан табылуға тырысамын. Сонымен қатар, бастауыш сыныппен қоштасып, орта буынға жол тартқан оқушылармен де түрлі жұмыстар жасап, тренингтер жүргізіп отыруды да өзімнің міндетім деп санаймын. Психолог ең алдымен шыдамдылыққа, кішіпейілділікке, төзімділікке бай болуы керек. Сонда ғана ол еңбегінің жемісін көре алады. Қазіргі қиын қыстау заманда жас жеткіншектеріміздің бойына адамгершілік, рухани тәрбие құндылықтарын сіңіре отырып тәрбиелеуді жас бүлдіршіннің мектеп табалдырығын аттаған сәтінен бастаған жөн. Себебі осы кезден бастап, баланың тұлға ретінде дамуының жауапты, әрі маңызды кезеңі басталады. Мұнда әрине психолог ең маңызды рөл атқарады.

Әбу насыр әл-Фараби «Адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген данышпан

Әрбір психологтың бойында өз мамандығына сүйіспеншілікпен қарайтын, адамның жан дүниесін терең түсінетін, сезімтал, жанашыр өзгелермен тез тіл табысатын адамды тани біліп, әсерлі сөзбен оның жүрегіне жол тауып, әрбір құпияны сақтай алатын қасиеттер болу керек деп ойлаймын.

Қоғамның психологиялық сауаттылығын арттырып, әр адамның жүрегіне махаббат, сенім, үміт ұялату психологтың басты міндеті.

Міне, психологтың мойнына күн сайын осындай қиын мәселелерді шешу жүгі артылады. Алайда, ол үшін сізді ең басты марапат күтіп тұр – ол жас бүлдіршіннің саған жақындап, жарқыраған бақытты көзімен «Мен сізді жақсы көремін!» деген сөзі. Осы үшін де өмір сүріп, жұмыс істеуге болады, яғни менің мамандығым өмірдегі ең ғажайып мамандық.

Әрбір адам – бір жұлдыз. Біздің міндетіміз әрбір адамның жарқырауына көмектесу!
Әр түрлі қиыншылықтар мен өз жұмысымның нәтижесін ескере келіп, нағыз психолог, білікті маман болу үшін өз кәсібіңе сүйіспеншілікпен қарау керек деп ойлаймын.

Мен психолог мамандығын таңдағаныма мақтанамын!

Психолог болу – қызықты да қиындығы мол мамандық деп өзіме де өзгелерге де ауыз толтырып айта аламын.

Психология – болашақтың мамандығы. Келешекте психология мамандығы өз деңгейінде жұмыс істейтініне сенімім мол.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мамандығымның маңыздылығы"

Автор: Тлегенова Анара Сериковна

Дата: 10.02.2018

Номер свидетельства: 456183

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""Келісім-т?бі жарасты?" 2 сынып"
    ["seo_title"] => string(33) "kielisim-tubi-zharastyk-2-synyp-1"
    ["file_id"] => string(6) "273648"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452254137"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "К?мектесе білейік"
    ["seo_title"] => string(21) "komiektiesie-bilieiik"
    ["file_id"] => string(6) "273656"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452254928"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "А?паратты? тиімді жолдары "
    ["seo_title"] => string(27) "ak-parattyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "197491"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428250138"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Сындарлы о?ытуда?ы ?діс-т?сілдерді? тиімділігі»"
    ["seo_title"] => string(42) "syndarlyokytudagydistsildierdintiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "289363"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454784408"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства