Жас қыздарға арналған кейбір дәстүрлі кеңестерді ұсынамын. Денсаулықты қалай күте білу, әдемі де сүйкімді көріну, сізді қоршаған жандарға жағымды көріне білудің құпиясын ашатын боламыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«Әдемілік пен сымбаттылықтың сыры» психологиялық кеңес
Дайындаған: өзін-өзі тану пәні мұғалімі И.Б.Жиенбаева
2015-2016 оқу жылы
Мақсаты: қыз балаларға жақсы мінез, салауатты өмір салтын сақтауды қалыптастыру, дұрыс күтім жасауға үйрету.
Қыздарға арналған кеңестер
Жас қыздарға арналған кейбір дәстүрлі кеңестерді ұсынамын. Денсаулықты қалай күте білу, әдемі де сүйкімді көріну, сізді қоршаған жандарға жағымды көріне білудің құпиясын ашатын боламыз. Денсаулықты күте біл. - Кез келген қыз бала денсаулығы мықты болуы үшін салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды іс әрекеттерден аулақ болуы қажет. Темекі тарту, алкогольді ішімдіктен татып алу – тіпті аз тұтынсаңыз да, бұл сіздің бет әлпетіңізге кесірін тигізеді. Уақыты келгенде байқайсыз, бет терісі сұрланып, беттің терісіндегі тесіктері үлкейіп, көз қызарады. Ол кезде бет терісіндегі кемшілікті ешқандай опа - далаппен жасыра алмайсыз. Егер сырқаттанып қалсаңыз, міндетті түрде емделіңіз, денсаулыққа көп көңіл бөліңіз. Деннің сау болғаны – бақыт. Денсаулық бар кезінде оны бағаламайсың, егер сәл бір жеріңіз ауырса, сонда барып денсаулықтың қадірі қаншалықты екенін түсінесің ол кезде денсаулық қайта қалпына келтіру қиын болуы мүмкін. Қыстың күні жылы киін. - Егер сәнді киінемін деп қысты күні де жұқа жалғыз шұлықпен (колготка) қысқа белдемше киетін болсаң, онда таң қалма, оның соңы жақсы болмайды. Бой жетіп тұрмыс құрған кезде бала көтере алмай, түсік тастап неше түрлі қиындыққа тап болу қаупін ескерткім келеді. Егер болашақта тұрмыс құрып, ана атану ойыңда болса, қазірден өзіңді және денсаулығыңды күт! Денені шынықтыр. - Күнделікті денсаулыққа уақыт бөл – жеңіл спорт түрімен айналыс, денені шынықтыр. Сонымен қоса жан сұлулығына да көңіл бөл. Әдемі әуен тыңдап, романтикалық кинолар мен комедиялық фильмдер қара. Біліміңді толықтыратын видео сабақтар, түрлі кітаптар оқы. Өзіңді әрдайым сүй сонымен қоса жауапкершілікті сезініп, тәртіпке әрқашан бағына біл! Түрлі қиындыққа тап болған жағдайда мықты бол. Түрлі қиындыққа тап болған жағдайда көңіл - күйіңді түсірме, болған жағдайға басқа қырынан қарап көр, адам қателік жасамауы мүмкін емес, өйткені сол қателіктер арқылы біз өмірді танып білеміз. «Сүйген жігітің хабарласпай, кездесуден де бас тартты ма? Бұған бола ренжудің, жылаудың қажет жоқ. Себебі біреу – сен жассың сенің өмірің әлі алда. Сені қажет етпейтін адамға уақытыңды босқа кетірме! Сені жақсы көруі үшін өзгені мәжбүрлей алмайсың. Өмірдің қуаныш пен шаттыққа толы сәттерін есіңе ал. Стреске салынудан аулақ бол! Өз - өзіңе айт: «Бұл болмашы ғана қиындық, бұдан мен тек күш аламын және шыңдала түсемін». Бұл шынымен де солай. Көңілді әрі шынайы адамдармен қарым - қатынас жаса. Өсек - өтірікке жаны құмар жандардан аулақ бол! Кез - келген қиындыққа мойыма, көңіл бөлуге тұрмайтын жандарға бұрылып та қараудың қажеті жоқ. Барлық жағдайды ақылға сала отырып шешуге тырыс, сонда Табиғат ана да саған көтеріңкі көңіл - күй, мықты денсаулық пен болашаққа деген сенімділік сыйлайды. Қыс мезгілінде ерінді күте біл. Еріннің жұқа терісі қыстың аязды суығына төзімсіз болғандықтан жарылып кету мүмкін. Бұндай қиындық тумас үшін, дәріханадан ерінге арналған гигиеналық ерін далабын (помада) алып қойған дұрыс. Ерін далабы еріннің жұмсақ терісінде ылғалдықты сақтайды. Тырнақты қай уақытта егеу дұрыс? Моншаға немесе ваннаға түсіп шыққан соң, тырнақты егей бастау дұрыс есем. Бұл тырнаққа зиянды болып есептеледі. Тырнақты егеуді ваннаға түсер алдын жасаған жөн. Тырнақты егеген кезде бір жаққа қарай егеу керек, ары - бері егеу зиянды, тырнақ қабыршақтану, тез сыну осының әсерінен яғни ары - бері егеуден болады. Тырнақты күту. Егер тырнақ сынғыш болса, онда келесі кеңесіме назар аудар. Тырнақты бояудан тазалап, тырнақты жақсылап еге (маникюр). Таза тырнақтың үстіне 5 % иод ерітіндісін жақ, бұны жатар алдында жасаған дұрыс, таңға дейін иод тырнаққа сіңеді. Бұл шараны 10 күн жасау қажет.
Психологтар мынадай дәлелді келтіреді: сырт келбеті арқылы әйел әлемге өзін таныстырады. Табиғаттың әйелді қалай жаратқандығына қарай,ол өзіне өзгелердің таңданысы пен өкінішін тудыра алады. Өз-өзіңізге күтім жасауды қолға алыңыз және әдетке айналдырыңыз. Сұлулыққа ұмтылу — наздық емес, асыра сілтеушілік те емес. Өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан жағымды әсер қалдыру үшін әдемі болып жүру маңызды. Ал әдемілік немен өлшенеді деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Шаштың түсі мен ұзындығы, қас пен кірпіктің қалыпты жағдайда болуы, киім киюдегі стиль — кез келген бойжеткен мен келіншектің айнасы. Алайда, барлық ханымдар есте ұстайтын бірнеше ережелер бар. Бір қызығы, әдемі болып көріну үшін шығындалудың қажеті шамалы. Бірақ, ескерту қатал: ережелерді бұзбай, күнделікті сақтап отыру қажет. Бір сәтте ханшайымға айналып шығу тек ертегілерде ғана болады. Ал өмірде ханшайым болу үшін, өмір бойы тынбай күтініп жүру керек.
Сұраққа жауап беріңіз немесе айтылғандарға өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
1. Бет ажары алдамшы, ал сұлулық әбігерлік пе?
2. Тән сұлулығы уақыт өте көмескіленеді, ал жан сұлулығы мәңгілік, оның берері де мол ма?
3. Шашы ұзының ақылы қысқа ма?
4. Сұлулық белдемшенің қысқалығымен өлшене ме?
5. Ішкі сұлулық немен өлшенеді?
6. Біздің көпшілігіміз өзімізді дұрыс бағаламай жатамыз. «Сұрықсыз» адамға өз құндылығы бар екенін, сүюге лайық екен қалай сендіруге болады?
7. Қандай сұлулыққа ақша қажет емес?
8. Ішкі жан сұлулығынсыз сыртқы сұлулық болуы мүмкін бе?
9. Ішкі жан сұлулықты келтіруге бола ма? Бірнеше кітап оқығаннан кейін ішкі дунием тартымды адам болып көріне ме?
10. Шынымен де сұлу адам болу үшін не істеу керек?
11. Сыртқы сұлулық ішкі сұлулықтың айнасы.
12. Ер жігіттің байлығы қалтасымен емес, ақылымен, еңбекпен өлшенеді.
13. Тәні сұлудың, жаны сұлу . Шашыңды қалай тарайсың, ерніңді, көзіңді қалай бояйсың, жаңға да сондай күтім кажет.
14. Адамға ғашық, жанары сұлулық береді.
15. Сыртқы сұлулық тұрақты емес. Біріншіден, организмнің қартаюы өз дегенің , екіншіден…
16. Адамдарға ұнау үшін, өзіңмен жұмысты неден бастау керек?
17. Әрбір адам жақсы мен жаманды ішкі сезімі арқылы ажырата алады.
18. Адам жаны үнемі сұлулықты қажет етеді.
19. Адам өз қолымен сұлулықты жасаған сайын марқая түседі.
Қорытынды: Адам жаны сұлу болып жаратылған, сондықтан да ол әдемілікке ұмтылады.
Қорытынды:
Сұлулық бізді қуантып, әсерге бөлейді.Сұлу болғың келсе, әдемі нәрселерге талпын. Айналаңды әдемі заттармен толтыруға болады, мұражайларға баруға болады, өнер туындыларының тылсым сырына үңілуге болады, ұшы-қиыры жоқ әдемілікті іздеп, табиғат аясына шығуға болады. Бірақ ең алдымен өз жүрегіңнің, жанынның сұлулығын іздеу, жасау қажет. Егер ішкі жан дүниеңде мейірімділіктің, махаббаттың сұлулығы болмаса, сұлулық уақыт өте келе көмескілене түседі.