kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қиын балалармен жұмыс жүргізу әдістемелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қиын деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың кең ортасын білдіреді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қиын балалармен жұмыс жүргізу әдістемелері»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ













«Қиын» балалардың

мінез – құлқын түзетудің

психологиялық мәселелері










Дайындаған: педагог – психолог Жаңабаева Г.М.










Тараз 2018 жыл



«Қиын» балалардың мінез – құлқын түзетудің

психологиялық мәселелері

Қоғамның мораьдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез-құлықтың әдетте әлеуметтік жат деген терминдермен белгілеу қабылданған. Ми потологиясына байланысты болатын балалардың аномал (кемісті) мінез-құлқынан айырмашылығы, әлеуметтік жат мінез – құлық әлеуметтік жағынан негізделген, жағымсыз шағын ортаның теріс ықпалымен, семьядағы дұрыс емес, өзара қарым қатынасиарымен, семья мен мектеп тәрбиесінің олқылықтарымен, қателіктерімен сабақтас.

«Қиын» деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардық кең ортасын білдіреді. Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қоңыр балалар да жатады. Мұндай ауытқудың іс жөнінде себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс әрекеттің коллективтік формасына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару – еркелік, қыңырлық, тілазарлықты болдырмау мен оны жеңудің негізгі жолы.

Балалардың белгілі бір бөлігі сотқарлығымен, тәртіпсіздігімен, дөрекілігімен ерекшеленеді. Мұндай оқушыларға жеке жол табу әсіресе қажет, алдымен олардың тәртіпсіздігінің түп-тамырын анықтау керек. Бұл балалармен жұмыс істеу олардың белсенділігін, инициативасын мақсатқа сәйкес ұйымдастыруды, олардың адамгершілігін, белгілі дербестігін құрметтеуді көздейді.

Балалардың ерекше тобын мінез-құлқында еңбекке құштар ықыласы мен әдеті жоқ, жалқау балалар құрады. Тәрбиешілерге мұндай баланың ұмтылысын, күш – жігер көрсетуін аңғарту және мадақтау, оның, бойында еңбекке деген қажетсінуін ояту, сан алуан іс - әрекеттен қуаныш табуды үйрету өте қажет.

Ең теріс қасиеті жалған айту болып табылатын балаларда бар. Мұндай кемшілікпен күресе отырып, қиялдау (мектепке дейінгі кіші шәкірттік шақтағыларға тән) мен шындықты әдейі бұрмалауды ажырату қажет. Жалған айту жаза алудан қорқудың да, жағымсыз қылықтарын жасыруға ұмтылудың да, өзін таныту, айналасындағылардың назарын өзіне аудару тілегінің де салдары болуы мүмкін. Балалардың жолдастықты өзінше бір түсінуі, жолдастарының теріс қылығын жасыру амалы ретінде де өтірік айту жиі кездеседі. Біріншіден, бала өтірігінің нақты себебін анықтау, екіншіден өтіріктің барлық жағымсыз көріністерін, оның қорқақтықпен, екі жүзділікпен өзара байланысын сыпайы көрсете отырып, шыншылдық сенім, өзара құрмет және талап қоюшылық жағдайын туғызу үшін тәрбиешіге көп тер төгу қажет.

Қиын балалармен жұмыс істеу:

1) балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

2) oның жағымды қасиеттеріне сүйену;

3) оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену сияқты өте биязылықпен жеке-дара қатынасты қажет етеді.

Педагогикалық жағынана алғанда, бетімен жіберілген балалармен – тәртіп бұзушы жетекшілермен тәрбие жұмысын жүргізу мейлінше күрделі. Бұл жетекшілерге көбіне ырықсыз мінез – құлық, жеке бас құрылымының бұзылуы, айқын көрінген әлеуметтік жат, оның ішінде жасына лайық есем қажеттіліктердің болуы, немденуге бағдарланған қалыптан тыс, «тікелей» тілектердің болуы, достық, жолдастық, парыз, ар-намыс туралы теріс түсінікке алып келетін қарым – қатынастағы қажеттіліліктің бұрмаланған бағыттылығы тән. Тәртіп бұзушы жеткіншектерде рухани, танымдық, эстетикалық қажеттіліктер деформацияланған. Атап айтқанда, оқуға деген ынта жойылған. Сонымен бірге тәртіп бұзушы жеткіншектер, зерттеулер көрсеткеніндей, қалыпты интеллектуалдық мүмкіндіктерді игереді, сондықтан көп салалы іс-әрекеттің берілген жүйесіне оларды мақсатты түрде тартып отыру интеллектуалдық жүгенсіздік пен енжарлықты жоюға көмектеседі.

«Қиын» балалардың көпшілігінде теріс қылықтар ересектікке бой ұрудан, өзінің правосын жете түсінбеуден, ересектердің олaрды мойындауына жетуге ұмтылуының салдары болып табылады.

Жеке адамның адамгершілік жағынана бұзлуға әкеп сотыратын қақтығысты ситуацияның түп тамыры семья тәрбиесінің кемшіліктерінде жатыр.

«Қиын» балаларды осылай типке бөлу тәрбие ықпалы жүйесін тұтасымен түзетуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен бірге, қиын қақтығыс жағдайында тұрған әрбір балаға жеке дара қатынас жасауда жүзеге асыруға жол ашады. Мұнда «қиын» мектеп оқушыларын жан-жақты қоғамдық пайдалы іске тарту жұмысының жүйесі өте маңызды. Бұл қызметті ұйымдастырғанда олардың ерекшеліктерін ескереді, оны көп салалалы коллективтің тарам-тарам жүйесі арқылы іске асырады.


«Қиын» оқушыны зерттеу және қайта тәрбиелеу жолдары

Жасөспірімнің мінез-құлқы – жанұядағы қарым-қатынас қалыптастыруының нәтижесі. Сондықтан тәрбиені жанұядан бастаған жөн. Жанұядағы өзара қарым-қатынасты түзету керек. Сынып жетекшісі әрбір жанұя ерекшелігіне байланысты өзінше жол таба білуі қажет. Ол үшін сәтсіз жанұяның пайда болуы себебіне анықтау керекү ол әр жанұяда әр түрлі болуы мүмкін. Ондай жанұяны бес түрге бөлуге болады.













1. Толық емес жанұя. Жалғызбасты ана тәрбиелеп отырған жанұяда «қиын» бала көбірек кездеседі. Бұндай жанұядағы жағдай өте салқын, немқұрайдылық, ішкі сезімталдықтың жоқтығы аңғарылады. Сынып жетекшісіне осындай жанұямен жұмыс жүргізуде жетістікке жету үшін мынадай бағыттарды ұстану қажет:

● Баланың анасының сеніміне кіру, баланың анасының орнына өзін қойып

көру. Себебі ол деген көзқарасын бақылай білуге көмектеседі.

● Баланың болашағына қызықтыру, балаға деген ананың және баланың

анаға деген жауапкершілігін ояту. Баланың жан дүниесін түсінуге, ойын

бөлісуге шақыру. Баласына ашылып, өзінің жоспарын айқындау жөн

екендігін түсіндіру.

2. Балаға деген бақылауы, қадағалауы жоқ жанұя. Бұндай жанұяда әдетте ата-ана арақ-шарапқа ұйір болып келеді. Мұндай жанұядағы әке-шешенің мәдениеті шектеулі, баланың жан дүниесіне деген түсінікті, тіпті бала мен ата-ана арасында байланыстың болмауы. Бұл жағдайда сынып жетекшісі не істеу қажет?

Біріншіден, шыдамды түрде ата-анаға өмірде бұл қылықтың өзіне немесе баласы үшін зияны мен келтірер зардабын түсіндіру, көздерін жеткізу. Сонымен қатар, әке-шешенің осындай жүріс тұрысы үшін баланың көретін азабы, ұяты мен жан қиналысына көңіл аударту. Жанұяда ата-анасының қайсысының беделі жоғары екендігін анықтап, оның жанұя өмірін өзгеруіне көзін жеткізу. Бұл жанұядағы жасөспірімді айналадағы адамдармен көбірек дидарластырып, қолдау көрсету, бақылап отыру қажет.

3. Педагогикалық жағынан сауатсыз жанұя. Бұл жанұядағы ата-ана баланы түсінбейді. Баланың теріс қылығына әсер ету әдісін білмейді. Тек мектеп пен мұғалімді кіналап, баланың көзінде беделін түсіреді. Бұл ата-анамен қажетіне қарай кеңес өткізу, мектеп жұмысына араластырып отыру қажет. Ата-ананың ой-өрісін кеңейтуге қызығушылығын ояту, әр бала ата-анасының сауатты болғанын қалайды деген ой туғызу қажет.

4. Адамның жан дүниесінен гөрі материалдық тұрмыс жағдайын жоғары қоятын жанұя. Бұндай жанұядағы бала өзімшіл болып келеді, ата-анасы баланың бұл қасиетін байқамай, үнемі марапаттап отырады. Бұндай жағдайда сынып жетекшісі басқа жанұядағы жан дүние байлығын, қайырымдылық, ізгілік туралы әңгіме айтып, көзқарасын өзгертуге тырысу қажет.

5. Балаға тым жоғары талап қойып, қатыгездікпен жазалау кездесетін жанұя. Бұлар баланың кішкентай қателігіне бола ұрып-соғып жазалауды жөн деп санайды ата-аналар, әдетте бұл ұйдің баласы өте қатыгез, ашушаң болып келеді. Бұндай жағдайда ата-ана қылығының дұрыс еместігіне көзін жеткізу керек. Балаға өзінің қатарындай қарап, күш көрсетуден аулақ болуға шақыру, бала тәрбиелеуде шыдамдылықтың қажет екенін түсіндіру. Сыныптағы тәрбие жұмысына ата-ананы араластыру қажет. Себебі педагогикалық іс-шараға араласқан ата-ана баласын басқа қырынан көреді. Баламен өзара қатынасын өзгертеді.


Мектеп психологының «қиын балалармен» жұмыс әдістемесі

Қиын балалармен жұмыс және тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мәселесі қазіргі кезеңдегі мектеп әрекеттерінің ішіндегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осы мәселемен жұмыс жасай отырып, мектеп психологының қойған мақсаты: «қиын балалармен» жұмыс жүргізу жолдарын жетілдіре отырып, оқушыларға құқықтық білім беру мен жоғарғы әлеуметтік-құқықтың мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу.

Әуелі мына терминдерді ажырата білгеніміз жөн : «қиын бала», «тәрбиесі қиын» бала, педагогикалық назардан тыс қалған бала, әлеуметтік назардан тыс қалған бала, адамгершілік дамуында ауытқушылық бар бала. Осы тұрғыдан қарай отырып, тәртіп бұзушылыққа бейім балалармен дұрыс тәрбие жүргізу жолдарын анықтаймыз. «Халық айтса, қалып айтпайды» дегендей «қиын» балалармен жұмыста сынып жетекшілерінің қағидасына айналған мақалдар бар.

1.«Баланы жастан» немесе «Баланы бесігінен түзе»

Баланың тәрбиесі жайлы алғашқы мәліметтің жоқтығынан бастауыш сынып мұғалімдеріне бірінші күннен бастап баламен мақсатты түрде жеке тәрбие жұмысын жүргізу қиынға соғады. Сондықтан мектепке дейінгі баланың отбасындағы мінез-құлқы жайлы, кейбір жеке ерекшеліктері жайлы мәліметтердің болғаны жөн. Бұл үшін арнайы сауалнамалар дайындалады. Тәртіп бұзушылыққа бейімділік белгілері көріне бастаған баламен бірінші күннен саналы тәртіпке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жеке жоспары жасалады. Оқушы мінез-құлқындағы теріс белгілердің ең алғашқы көрініс беруінен-ақ байқау, ауытқушылықтың алдын-алуға мүмкіндік береді.

2. «Өнер үйренсең қор болмайсың».

Оқушының бос уақытын әр түрлі көпшілік іс шаралармен толтыру арқылы алдын алу шараларын қамтамасыз еттік деу бекершілік. Тек оқушының қызығушылығын туғызған көңілінен шығатын іс-шаралар болса басқаша. Мұндай істер қатарында әр түрлі үйірме жұмыстарын айтуға болады. Өйткені үйірмеге бала ешкімнің зорлығынсыз, өз еркімен келеді. Ал «қиын» балалар көбінесе сенім туғызатын әңгімеге мұқтаж. Жеке назардың, қамқорлықтың, мейірімділіктің жеткіліксіздігін ересек қылмыскерлер пайдаланып «қиын» балаларды өз тобына қосып алады.

3. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады».

Тәрбие жұмысындағы тағы бір маңызды нәрсе баламен сөйлесе білу. «Жылы-жылы сөйлесең жылан іннен шығады» демекші, баланың көңілін таба білу оның сенімін туғызады. Жас ерекшелігін ескере отырып, жеткіншектермен, жасөспірім балалармен олардың өз тілінде сөйлесу керек. Қиын балаларды сен «қиынсың» деп кеудесінен нұқымай жалпы балалар тобынан бөлудің қажеті жоқ. Бұл оларды одан әрі есіртіп жібереді, «көрдіңдер ме, бізге ерекше назар аударылады» деп басқалардың алдында әдейі көкірек қаға түседі немесе өздері жайлы төмен бағаға үйреніп кетеді. Осыдан барып еш нәрсеге құлқы жоқ, немқұрайлы болады.

4. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» келеңсіз отбасыларымен жұмыста тек түсіндіру шаралары арқылы оларға ықпал ету жеткіліксіз. Бұл жұмыста қоғамдық ықпал ету, медициналық және құқықтық шараларды қолданған жөн.

«Қиын» оқушылармен жұмыс әдістемесі.

«Қиын» оқушы ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама түрлері беріледі: «өмірі ауыр жағдайдағы балалар», «ата-анасының қарауынсыз қалған балалар», «қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар», «мемлекеттік көмекті қажет ететін балалар», «қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар» және т.б. «Ауыр жағдайдағы балалар» қатарына мынандай критерийдегі балаларды жатқызуға болады; ата-анасының қарауынсыз қалған балалар; мүгедектер, физикалық және психикалық дамуында кемістігі бар балалар; ұлтаралық және қаруланған қақтығыстардың құрбандарының, экологиялық және техногендік апаттардың, басқа елден еріксіз қоныс аударған «босқындардың» балалары, зорлық – зомбылық көрген балалар, бас бостандығынан айырылып өз кінасын тәрбиелеу колонияларында өтеген балалар; «қиын» балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу арнайы мекемелердегі, аз қамтылған отбасындағы балалар; мінезінде кемістігі бар балалар; әртүрлі жағдайлардан бұзылған, оны өз бетімен не жанұясы шеше алмайтын отбасындағы балалар.

Көріп отырғанымыздай «қиын» топтағы балалар, тамыры терең кеткен әртүрлі әлеуметтік жағдайлардан болатыны белгілі болды. Сондықтан осы топтағы балаларға жекелей жұмыс, педагогикалық әдістемлер қажет. Ол үшін баламен жұмысты қалай жүргізуге болады:

  • «әлеуметтік педагог және бала» - бір-біріне деген сенім атмосферасының қалыптасуы;

  • мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау және баланың балалық шағын қорғау туралы үрдістерді іске қосу;

  • баланың жанұясымен үнемі тығыз байланыста болу;

  • үнемі әлеуметтік қорғау туралы қосымша мағлұматтармен, құжаттармен танысу.

Әлеуметтік педагогтың жұмысындағы ең белгілі әдістерінің бірі – бақылау әдісі. Баланың іс-қимылын, сөзін әртүрлі іс-шаралардан байқау. Жүйелі және нәтижеліжұмыс арқылы ол баланың мінезінде аутқушылықтар болса, сөзінде береке болмаса, ол баламен жеке жұмыс ұйымдастыру керек. Бақылауды қалыпты жағдайларда жүргізу өте тиімді: ойын кезінде, сабақта, әртүрлі іс-шараларда үнемі көңіл аударып, жүйелі жұмыс жүргізу керек.

Әңгімелесу әдісі – бұл баламен сөйлесу арқылы оның ішкі дүниесіне ену, проблемасын білу, түсіну және оны шешуге бағыт-бағдар сілтеу.

Сауалнама жазу арқылы бала туралы ақпарат жинау. Сауалнаманың мазмұнында негізгі проблема ғана болуы тиіс.

  • Ойы

  • Мінезі

  • Әлеуметтік-демографиялық жағдайы

  • Белгілі бір бағыт бойынша қызығушылығы

  • Сұрақтар мынандай түрде болуы мүмкін:

  • сұрақ (дайын жауаптардан керегін бала өзі таңдайды)

  • өз бетімен жауап беру

  • тура жауаптар

  • жанама жауаптар

Сұхбаттасу әдісі – алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап алу. Бұл әдісте мына жағдайларды есте ұстаған абзал:

  • қарапайым жағдайда сөйлеу;

  • баланың үнемі болатын ортасында сұхбаттасу;

  • жауап беру мүмкіндігін ескеру;

  • белгілі бір уақыт ішінде жауап беру керектігін айту;

  • үшінші адамның көмегінсіз әңгімелесу.

Тест әдісі – стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу. Дамыту, графикалық, ассоциациялық тестер болуы мүмкін. Жауаптарды белгілі бір жүйе арқылы сараптау, талдау қажет.

Құжаттарды тексеру – бұл әдісті үнемі қолдануға болады. Құжаттар мынандай түрде кездеседі:

  • жеке, жанұялық не сыныптық т.б.

  • алғашқы (бақылау не әңгімелесу кезінде алынған жауап), соңғы (сараптаудан өткен нәтиже)

  • негізделген және негізделмеген (официальный и не официальный).

Бұл әдісті қолдану бала туралы ақпараттарды тез арада жинауға көмектеседі, бірақ ақпараттың кейбір түрлері белгілі бір уақытқа ғана жарамды болды, оны жаңартып отыру қажеттігі туындайды.

Енді «девиация» ұғымына тоқталайық. Девиант мінезді балалар кімдер? Оны қалай білеміз? Әр баланың мінезі жүре қалыптасады. Кейбір кездерде әртүрлі оқиғаға бала жүрегімен беріледі, өзінше қайғырады, содан барып түрліше мінез көрсететін кездері де болады.

Әке-шешесінің айырылысуынан, үлкендердің өз уайымдары өздерінде болады, бұл балаға кері девиантты әсерін тигізеді, бала осы уақытта кез-келген нәрсені жүрегіне жақын қабылдап, шамкостеніп кетеді.

Жақын адамын жоғалту; бала өзіне ең маңызды адамды жоғалтқандықтан мінезінің өзгеруі мүмкін, уайым девиациясы пайда болады.

Жанұядағы жаңадан жас сәби келген кезде балада қызғаныш девиациясы туындайды, өзіне деген көңіл аз бөлінеді деген қорқыныш пайда болады.

Жанұядағы балаға деген кері көзқарас: үрсу, соғу, жәбірлеу, намысына тиетін сөз айту баланы басқадан өзін кем сезіну девиациясын тудырады.

Сексуалды зорлық-зомбылық көрген бала да осылай болады.

әрине, бұл әдістерді әр баланың жас ерекшелігіне, даму ерекшеліктеріне қарай керегінше қолданған абзал.


«Қиын» жасөспірімдермен жұмыс әдістемесі

1. Қолдау әдістемесі - ең әуелі олардың сабаққа деген құлшынысын қолдап отыру т.б. ой-пікірлерін, ұсыныстарын қолдау.

2. Жеке талап қою әдістемесі, оқушының өзіне деген сенімін бекіте түсу үшін оның мүмкіндігіне қарай сабақ жүктемелерін беру.

3. Жеке тұлғалық қатынас әдістемесі. Өзінің мүмкіндігін ескере отырып, түрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыру арқылы дамуына ықпал ету.

4. Оқушының жетістігі жағдаяттарын туғызу әдістемесі. Бұл арқылы сынып ұжымында оқушының беделін, оның мектепке деген көзқарасын қалыптастыру.

Ал мектеп ішінде ерекше қадағалауды қажет ететін оқушылармен түзету жұмысы үшін мектепте психологиялық-педагогикалық консилиум құрылады. Осыған тоқтала кетейік.

К О Н С И Л И У М – оқушыларды зерттеудің ұжымдық әдісі.

Консилиумның міндеттері:

1. Оқушылардың мінез-құлқы мен оқу үлгеріміндегі ауытқу себептері мен сипатын анықтау.

2. Дамуындағы ауытқушылықтарға түзету мақсаттарындағы тәрбие шаралардың жоспарын құру.

3. Күрделі және нақты қақтығысты жағдайларды шешу үшін кеңес беру.

Консилиум жұмысын ұйымдастыру принциптері (қағидалары).

- адамның жеке басын сыйлау;

- жақсы қасиеттеріне сүйену;

- зиян келтірмеу;

- психологиялық және әдістемелік білімдерді интеграциялау;

- диагностиканы барынша педагогикаландыру.

Консилиумның жұмысына қатысушылар құрамы оның мақсатына байланысты құралады. Олар – сынып жетекшісі, психолог, мектеп дәрігері, жасөспірім.

Консилиум екі кезеңнен тұрады:

1 – даярлық кезеңі. Бұл кезеңде оқушының диагностикалық картасы жасалады.

2 – кезеңде консилиум мәжілісі өткізіледі.

Мәжілісті өткізу барысында:

  • оқушының мінездемесі тыңдалады;

  • оны консилиум мүшелері толықтырады;

  • ата-аналары мен оқушыға сөз беріліп, олармен әңгіме жүргізіледі;

  • педагогикалық диагноз қойылады;

  • оқушыларды түзетуге байланысты ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, шешім шығарылады.

Консилиум мәжілісі хатталып тігіліп отырады. Аталған нақты әдістемелерге сүйене отырып, нақты қағидаларды ұстана жүргізілген «қиын» балаларды түзету жұмысы ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізудің кепілі болмақ.

«Қиын» балалармен Әлеуметтік педагогикалық- психологиялық қайта тәрбиелеу жұмыстың әдістері.


8



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Қиын балалармен жұмыс жүргізу әдістемелері

Автор: Жанабаева Гульнур Макулбековна

Дата: 12.02.2018

Номер свидетельства: 456684

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Мектеп психологиясы п?нінен ашы? саба? "психологты? ?стаздармен ж?мысы""
    ["seo_title"] => string(72) "miektieppsikhologhiiasypninienashyksabakpsikhologhtynustazdarmienzhumysy"
    ["file_id"] => string(6) "278003"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453029547"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "О?ушылар?а психологиялы? ?ызмет к?рсету "
    ["seo_title"] => string(48) "ok-ushylarg-a-psikhologhiialyk-k-yzmiet-korsietu"
    ["file_id"] => string(6) "246050"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446287127"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "О?ушыларды? жеке басы мінез-??лы? ?йлеспеушілігіні? психологиялы? проблемалары"
    ["seo_title"] => string(84) "okushylardynzhiekiebasyminiezkulykuiliespieushilighininpsikhologhiialykprobliemalary"
    ["file_id"] => string(6) "273946"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452313384"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "О?ушыларды? жеке басы мінез-??лы? ?йлеспеушілігіні? психологиялы? проблемалары"
    ["seo_title"] => string(85) "okushylardynzhiekiebasyminiezkulykuiliespieushilighininpsikhologhiialykprobliemalary1"
    ["file_id"] => string(6) "273947"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452313390"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Мастер класс "Арттерапия - инклюзивті білім берудің бір бағыты ретінде""
    ["seo_title"] => string(75) "mastier_klass_arttierapiia_inkliuzivti_bilim_bierudin_bir_bag_yty_rietindie"
    ["file_id"] => string(6) "385167"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1485695048"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства