kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мастер класс "Арттерапия - инклюзивті білім берудің бір бағыты ретінде"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Арттерапия инклюзивті білім берудің бір бағыты ретінде

Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру мазмұнына айрықша мән беріліп, адамның рухани жан-дүниесінің дамуына, шығармашылығы мен белсенділігіне жағдай жасау керектігі айтылған. Осы тұрғыдан тұлғаның шығармашылығын дамыту, оны жаңа талап тұрғысынан шешу негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Тұлға шығармашылығын дамытуда арттерапияның негізгі элементтерін, әдістемелерін қолдану өте маңызды. Демек «арттерапия дегеніміз не?» деген сұрақ туындайды.

Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде  кеңiнен тараған. Арттерапия – ауру адамның психоэмоциональды халiне шығармашылық арқылы  ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi. Алғаш  бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында қолданыла бастайды.

Адриан Хилл 1895-1977 жылдары Лондонның Чарлтон деген жерінде дүниеге келген. Британдық суретші және Арттерапия терминын ғылымға алғаш енгізуші. Толық аты-жөні Адриан Кит Грэмм Хил.

Арттерапия мынадай бағыттарды қамтиды: сурет терапиясы, драмтерапия, библиотерапия, музыкатерапия, кинотерапия, ертегі терапия, қуыршақ терапиясы, би терапиясы, құм терапиясы, маска терапия, фото терапиясы, гүл терапиясы т.б.

Арттерапияны бірінші кезекте:

  • күрделі эмоциональдық күйзеліске ұшырағандарға,
  • қарым-қатынаста қиналатындарға,
  • көп үндемейтіндерге,
  • ұялшақтарға қолданылады.

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. 

Французша inclusif – өзіне енгізетін, латынша include – ішіне аламын, енгіземін деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті немесе енгізілген білім беру – ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин.

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы бойынша ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетіледі. 

Инклюзивті білім беру мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

 Жалпы, жоғарыда аталған арттерапияның түрлерін инклюзивті білім беру кабинетіне жолданған балаларға ұйымдастырылған түзету – дамыту іс – әрекеті барысында ойын түрінде қолданамыз.

Сурет терапиясы – баланың қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, өзін-өзі тануына, өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Соның бірі бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыру немесе бір саусақпен бояу т.б.

Музыкатерапия – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады.

Құм терапиясы – адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.

  Би терапиясы – эмоционалдық ауытқушылықтары бар әрі қарым-қатынаста, тұлғааралық өзара әрекеттестікте қиыншылықтары бар балаларға жүргізіледі. Би қозғалыстары адамға терең сезімдерді тудырады. Би терапиясының мақсаты – өз тәнінің  мүмкіншіліктерін дамыту мен денесінің жағымды бейнесін құру, қарым-қатынас дағдыларының дамуы, сезімдерді зерттеу және топтық тәжірибені меңгеру.

Ертегі терапиясы – адамның ішкі дүниесін түсінуге және шығармашылық белсенділігін арттыруда маңызды. Балалар ертегіні тек қана ойнап, жаттығуларды орындап қана қоймау керек. Олар өздерін басқа өмірде жүргендей сезіну керек. Бала өзін ертегіге кіргенде қалай сезінсе, шыққанда да солай шығу керек. Ертегінің балаға қызықты болуы үшін, баланың қызығушылығын және немен айналысатынын анықтау, оқиғаның тууына және таңдалуына негіз болады. Егер ертегі баланың қарапайым тілімен түсінікті болса, ертегі кейіпкерлерінің образын түсініп, өзінің сол кейіпкермен ұқсастығын көріп, қиын мәселеден шығуға сол ертегідегі жағдаяттан жол табады. Ертегінің айтылуы кезінде кідіріс жасау, интонацияны өзгерту, тексті оқу кезінде дауыстың жоғарылануы маңызды.

Фототерапия – арттерапия әдістерінің бірі. Бұл термин суреттердің емдік-коррекциялық мақсатта, психологиялық мәселелерді шешу, сонымен қатар тұлғалық даму мен гармонизация аталады. Фототерапия салыстырмалы түрде арттерапияның жаңа түріне жатады. Фототерапия дайын суреттермен қоса авторлық суреттермен жұмыс жасайды. Фототерапияның негізгі мазмұнына клиенттің фотографиялық бейнелерді қабылдауы немесе жасауы (түсіруі), оларды талқылаумен және түрлі творчестволық әрекет түрлерімен толықтыру кіреді. Ол әңгіме құрастыру, қосымша бейнелік техникалар мен әдістерді қолдану (сурет салу, коллаж жасау, суреттерден фигура құрап, кейін олармен ойнау, т.б.)    

Инклюзивті оқыту біріктірілген, жартылай, уақытша, толық болады.

  • Біріктірілген (бала дені сау балалар тобында оқиды және мамандардың жүйелі көмегін алады);
  • Жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді);
  • Уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың балалары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі);
  • Толық (дамуында ауытқулары бар 1-2 бала балабақшаның қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін алады).
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мастер класс "Арттерапия - инклюзивті білім берудің бір бағыты ретінде"»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мастер класс "Арттерапия - инклюзивті білім берудің бір бағыты ретінде"

Автор: Сисенғали Эльвира Жанболатқызы

Дата: 29.01.2017

Номер свидетельства: 385167

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства