Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты жақсарту; Ата - ана мен мектеп арасындағы қарым - қатынасты дамыту; Алға қойған мақсатқа жету жолындағы қиыншылықтарды жеңе білуге оқушыларды тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қалай қарым - қатынас жасау керек»
Қалай қарым - қатынас жасау керек (баяндама)
Мақсаты: Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты жақсарту; Ата - ана мен мектеп арасындағы қарым - қатынасты дамыту; Алға қойған мақсатқа жету жолындағы қиыншылықтарды жеңе білуге оқушыларды тәрбиелеу.
Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы және педагогтік әдеп. Баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос қараса, олардың жан қуатын кемітіп, тәрбие де бере алмайды. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н. Ә. Назарбаев Қай мамандықтың да бip айрықша белгiсi болады. Ол адамның үйреншiктi әдетiнен, сөйлеген сөзiнен, тiптi киiм киiсiнен де байқалуы мүмкiн. Мұғалiм кәсiбiнiң ерекшелiгi ең алдымен оның педагогтық әдебiне жатады. Әншi үшiн үн, музыкант үшiн музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалiм үшiн педагогтық әдеп сондай қажет. Сонымен, педагогтiк шеберлiк – тек қана мұғалiмнiң әдiстемелiк сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөздi оқушыларға жеткiзе бiлyi, олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға ciңipyi. К. Д. Ушинскийше айтсақ, «педагогика теориясын қаншама жетiк бiлгенiмен, педагогтық әдептiң қыр-сырын меңгермейiнше, бұған оның қолы жетпейдi». Ал, әдептен алыс мұғалiмдi қай оқушы сүйiп-құрметтемек?!. Педагогикалық әдеп — мұғалiмнiң әрбiр нақты ic үстiнде тәрбие мәселесiнiң ең ұтымды әдiс-тәсiлдерiн қолданып, оқушыларды елiктiрiп әкететiн кәсiптiк сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалiмнiң жан-жақтылығының, оның идеялық сенiмiнiң, жүрiс-тұрыс мәдениетiнiң, жалпы және арнаулы бiлiмiнiң, мамандығына байланысты iзденiстерiнiң жиынтығы iспеттi. Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек. 1. Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт. 2. Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт. 3. Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн. Оқушының жеке басын танып-білуде, оның оқу - әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу-әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т. б.) мұғалімнің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы анықтайды. Мысалы, төмендегіше қарастыратын болсақ: 1. Мұғалім - басшы. Оның «беделі»- билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол – оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі» мұғалім. Ол өзінің осы «білімін», өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез келген сұраққа жауап беру керек және кез келген жағдайда бір ғана дұрыс көзқарас болу керек деп санайды. Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мінез-құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс (конфликт), қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығына әкеліп соғады.
Ұстаздарға мынадай 10 кеңес беремін
1. Сыныпқа көтеріңкі көңіл күймен кір 2. Алдымен үйрет, сосын талап ет. 3. Оқушының тәртібі мен білімін бағалауда әділ бол. 4. Балаларға берген уәдеңе берік бол. 5. Әрқашан сабырлы, шыдамды бол. 6. Оқушының құпиясын сақтай біл. 7. Оқушыдан өзің орындамайтын істі талап етпе. 8. Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделіне сүйенбе. 9. Оқушыға сенім арт. 10. Оқушының ата-анасын сыйла, ол туралы жаман сөз айтпа.
“Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздермен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек” Ең негізгісі әр мұғалім өзінің де бала болғанын ешқашан ұмытпағаны дұрыс.” Ұрпаққа қалдырар мәңгілік байлық-білім мен тәрбие.Ал сол құндылық мұғалімнің уысында.