kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?азіргі заман м??алімі ?андай болу керек?»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?азіргі заман м??алімі ?андай болу керек?» педагогтар?а  ?азіргі  заман  талабына  сай  жан-жа?ты  білімді, б?рын?ы  ?станып  ?ал?ан  позициясын  ?згертуге   ба?ыттал?ан  психологиялы?  тренинг  саба?. Б?л  саба?та  ?стаздар  баланы?  ішкі  жан  д?ниесімен  санаса  отырып, о?у?а  деген  ?ызы?ушылы?ын  арттыру  ?шін  ?ажетті  а?параттар  алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«тренинг)»

«Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?»

Педкеңес: 06.01.2015ж

Мұғалімдерге психологиялық тренинг-сабақ

Қатысушылар: Имантау орта мектебінің қазақ сынып мұғалімдері

Мақсаты:Мұғалімдерге заман талабына сай өзгеруіне,шығармашыл, ізденімпаздыққа үйрете отырып,жандүниесіне салмақ түсірмей өзгермелі заманда, ішкі әлемінің өзгеруі-не,мінез-құлық ережелерін жүйелі қалыптастыруға кәсіби өсуіне, мұғалімдердің қалып-тасып қалған көзқарасын өзгертуге психологиялық көмек көрсету, өзін-өзі реттеуге кеңестер беру.

Көрнекіліктер; Аудиожазба,ватман,түрлі-түсті фломастерлер,қағаздан қиылған жемістер,жапырақтар.

«Өзгереді әлем-өзгеремін менде»


Тренинг ережесі;

Бірін-бірі тыңдау;

Сөз бөлмеу;

Уақытты үнемдеу;

Белсенді қатынасу;

Кедергі келтірмеу:

Жоспар

1.Сәлемдесу;

2.Тапсырма «Қазіргі мұғалім қандай?», «Қазіргі мұғалім қандай болу керек?»

3.Оқушы көзімен психозерттеу қортындысы

4.Оқушылардан алынған интервьюді көрсету.Талқылау

5. Стресспен күресу жолдары;

6. «Сілкіп таста»-ойын-жаттығуы

7.Психолог қоржыны; «Өзгереді әлем-өзгеремін менде» «Өзгеру үшін не істеу керек?» әңгіме

8.Тыныштық сәті;

9. Қорытынды бөлім

а) Жүйірік ой

ә) тапсырма. «Еңбек ағашы» немесе ХХІ ғ мұғалімі мен оқушының модулы

10. ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар мен кеңестер; (Психолог кеңесі)

Психолог баяу музыка қосып қояды.

1.Сәлемдесу.Мұғалімдер жартылай шеңбер құрып тұрады, психолог;жаңа жылда жаңаша сәлемдесеміз.Бірінші тұрған мұғалім-өз атына бас әріпінен басталатын қасиетті өосып айтып,көршісінің бас әріпінен келетін қасиетті айтып тілек тілейді.М: Дамира-дарханмын, Марзия-мейірімдісің т.с.с жалғасытарады.Қолындағы гүлін ұсынады.

Рахмет орындарыңызға отырыңыздар

Сіз біз ұстаз ретінде қандай ұстаз екенімізге бір сәт көңіл аудардықпа?

Осы сұраққа жауап беріп көрейік,жауабын алдарыңыздағы параққа жазыңыздар.

2. Қазіргі мұғалім қандай?», «Қазіргі мұғалім қандай болу керек?»

3.Оқушы көзімен психозерттеу қортындысы

4.Оқушылардан алынған интервьюді көрсету.Талқылау

   Алдыңыздағы оқушыларыңыз сізді қалай бағалайды. Сіз қандайсыз сіздің алдыңыздағы шәкіртте сондай сондықтанда сіз еліңіздің ертеңіне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз .

Сіздерге өздеріңіздің шәкірттеріңізден алған интервьюді көріп тыңдауларыңызды өтіне-мін.

Қандай әсер алдыңыздар?

Бойларыңызда қандай қасиеттер жетіспейді? Оқушылардың пікірлерімен келісе аласыздар ма?

5. Стресспен күресу жолдары;

Шағын - дәріс «Стресспен күресудің жолдары».
Әдебиеттерде стресстің пайда болу себептері жайында көп жазылған. Бұл өзіңді кінәлі сезіну, өмірлік құндылықтарды жоғалту, оқуды, кәсібіңді жек көру т. б. Көбісі мектепті жек көреді, осының салдарынан стрессогенді фактор туындайды. Тығырықтан қалай шығу керек? Тығырықтан шығу жолы: өмір салтыңызды өзгертіңіз, өзіңізді өзгертіңіз!
Уолтер Расселдің «Егер Сіз өзіңіздің көңіліңізден шықпайтын, жек көретін істерді жасасаңыз, ашу – ызадан ағзамызға кері әсерін тигізетін токсиндер бөліп шығарады, нәтижесінде Сіз ауырып қаласыз немесе созылмалы шаршауға (хроническая усталость) ұшырайсыз. Сіз жасап жатқан ісіңізді, жұмысыңызды сүйсініп жасауыңыз керек. Шығыс ғұламаларының нақыл сөзіне сүйенсек «Барлық істі сүйсініп, қуанып, өздеріңізге белгілі әдіс – тәсілдермен жасаңыз». Сабақты сүйіспеншілікпен орындасаңыздар, денсаулығыңыз жақсарады, көңіл - күйіңіз көтеріледі.

«Әлемнің өзгеруін қаласаң , сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» деп тұжырымдама жаса-ған Махатма Ганди Адам болмысын үнемі кәсіби жаңарту арқылы өзгертуге болатынын мен Қазақстан Республикасы СҚО педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы-ның «Өзін-өзі тану» бағдарламасын оқып, тәжірибелерімді жинақтағанда байқадым.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесіне де өзгеріс-тер жаңғыртуды талап етіп отыр.Бұл білім беру саласындағы қызметкерлерлердің яғни біздер мұғалімдерге артылған жүк.Ол үшін бірінші біздер өз-өзімізді танып,ішкі жандүни-емізді өзгертуіміз қажет.

6. «Сілкіп таста»-ойын-жаттығуы

Мақсаты:Мұғалімдердің бойындағы жағымсыз дағды-қасиеттерімен ескі ұстанымдардан арылу,тазару жаттығуы.

Мұғалімдер шеңберде қол созғанда кедергі келтірмейтіндей арақашықтықта тұрады.

Психолог ойынның шартын айтып тұрады.Мұғалімдер орындайды.

Басын,құлағын,қолын,аяқтарын сілкіп тастайды.

Жасыл лентадан аяқтарын аттап өтеді,тазардық жаман нәрсе артымызда қалды,тек жақсыға бағытталу.

Қазір мен сіздерге бір жас адам туралы әңгіме оқып беремін.

Ертеде бір жас адам өмір сүріпті. Оған жаңа заманауи өмір ұнамаған екен. Ол осы өмірді өзгерту үшін қолынан келгенді жасайды. Бірақ әлем өзгермейді. Ол адам алтын медальмен мектепті және халықаралық қатынас институтын бітіреді. Дипломат болады, өзінің күшіне сеніп әлемді өзгерткісі келеді. Он бес жылдан кейін байқайды-әлем әлі өзгермеген. Содан ол өзінің туған қаласына келіп өзінің армандарын іске асырады. Көптеген адамдарға үй салып береді, барлығының материалдық жағдайын жақсартуа күшін аямайды. Он жыл уақыт өтеді. Өкінішке орай әлем әлі өзгермеген. Қаладағы өмір сол қалпында, адамдар да сол қалпында. Содан кейін ол адам өзінің отбасы мүшелерінен бастағысы келеді. Бірақ бес жыл өтсе де барлығы өзгеріссіз. Сонда ол өзі өзгеріп, өзінің көзқарастарын өзгертеді. Адамдарға деген көз қарасын өзгертті. Сонда ол әлемнің, қоршаған ортаның өзгергенін таңырқап байқаған екен.

Дискуссия: «Өзіңді өзгертіп алға ұмтылып, өсу керек пе?»

Мектептің көркі-оқушы,ұстаз,ата-ана.Мектеп әлемін өзгертетінін мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы.Сондықтан ХХІ ғасыр жаңа формация мұғалімі жан-жақты оқушылармен тіл табыса алатын,жандүниесін түсініп,жаңа педагогика-психологиялық үдерісте жүйелі бағытпен жұмыс істей алатын,оқушыны өзгерту үшін,өзінің ішкі әлемін өзгерте алатын белсенді де білімді жаңашыл тұлға болуы тиіс.

«Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты»-деп ұлы ғұлама әл-Фараби бабамыз айтқандай өз-өзімізді жетілдіріп,мінезімізді жақсы жаққа бағыттап,көзқарасымызды өзгертейік-құрметті ұлағатты ұстаздар!

Өзгереді әлем-өзгеремін менде!-деп 3 рет қайталап айтайық.

Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз.Сіз өзгересіз,себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз,балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз,оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет.Сондықтан сіз де,олар да өзгеруі қажет.


Тыныштық сәтi. Баяу музыка қосылады. «Нұрға бөлену» ыңғайланып отырыңыздар , денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ –қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз : күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап, барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып , жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы , тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айна-лды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы , ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізгеде жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей , ренжісіп жүрген адамдарғада бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан-жануарларға , өсімдіктерге, тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір

-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «мен нұрлымын,,,

нұр менің ішімде,,, мен нұрмын...» Осындай нұр ,махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет .

-қандай сезімде болдыңдар?

-көздеріңізге не елестеді?



ІV. Қорытынды бөлім. 
а) «Жүйрік ой» жаттығуы 
Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/ 
- Маған қажет қасиеттер, мыналар...... 
- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ...... 
- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар ..... 
- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі ..... 
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.

 -Жаңаша көзқараспен,тазарып,өзгерген ой-пікірімізді оқушылардың көзқарастарымен салыстыра отырып,ХХІ ғасырда мұғалім қандай болу керек, нені оқыту керек? Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды? » деген сауалға бүгінгі күннен алған әсерлеріңізбен жауабын табайық.

Мен сіздерге берген алдарыңыздағы ватманға салынған ағаш бұтақтарына « Қазіргі мұғалім қандай болу керек?- деген сұраққа кезекпен бір-бір жауап жазуларыңызды сұраймын.Өтініш жауаптар қайталанбасын.

Ә) тапсырма. «Еңбек ағашы»Қазір сіздерге (мұғалімдерге) үш түрлі қағаз қиындылары таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларыңызды жазып, әр қайсысын өз орнына ілесіздер.

Жапырақтар – мұғалімнің түпкі мақсат, мұраты

Гүлдер – мұғалім еңбегінің нәтижесі.

Жемістер – шәкірт қандай болу керек?

Міне сіздер «Еңбек ағашын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі осы емес пе?!Әрдайым еңбектеріңіз бағаланып, жеңістер мен жемісін көріңіздер!

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!





































































 















Енді осыған сәйкес ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға кеңестер ұсынамын:

Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар-ожданын үнемі қорғай алады.

- Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін

күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек. 
Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық "Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқы-лы адамдармен қарым-қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады" дейді.

-Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, т.с.с. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. 
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыс-тарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып ол ұстанымда бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі

емес ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы қажет. 













Просмотр содержимого презентации
«псих. тренинг през»

Тақырыбы:  « Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек? »

Тақырыбы:

« Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек? »

Тренинг ережесі;

Тренинг ережесі;

  • Бірін-бірі тыңдау;
  • Сөз бөлмеу;
  • Уақытты үнемдеу;
  • Белсенді қатынасу;
  • Кедергі келтірмеу
Жоспар 1.Сәлемдесу; 2.Тапсырма « Қазіргі мұғалім қандай? » , « Қазіргі мұғалім қандай болу керек? »  3.Оқушы көзімен психозерттеу қортындысы  4.Оқушылардан алынған интервьюді көрсету.Талқылау  5. Стресспен күресу жолдары; 6. « Сілкіп таста » -ойын-жаттығуы 7.Психолог қоржыны; « Өзгереді әлем-өзгеремін менде »  « Өзгеру үшін не істеу керек? » әңгіме 8.Тыныштық сәті; 9. Қорытынды бөлім а) Жүйірік ой ә) тапсырма. «Еңбек ағашы» немесе ХХІ ғ мұғалімі мен оқушының модулы 10. ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар мен кеңестер; (Психолог кеңесі)

Жоспар

1.Сәлемдесу;

2.Тапсырма « Қазіргі мұғалім қандай? » , « Қазіргі мұғалім қандай болу керек? »

3.Оқушы көзімен психозерттеу қортындысы

4.Оқушылардан алынған интервьюді көрсету.Талқылау

5. Стресспен күресу жолдары;

6. « Сілкіп таста » -ойын-жаттығуы

7.Психолог қоржыны; « Өзгереді әлем-өзгеремін менде » « Өзгеру үшін не істеу керек? » әңгіме

8.Тыныштық сәті;

9. Қорытынды бөлім

а) Жүйірік ой

ә) тапсырма. «Еңбек ағашы» немесе ХХІ ғ мұғалімі мен оқушының модулы

10. ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар мен кеңестер; (Психолог кеңесі)

Тапсырма   «Қазіргі мұғалім қандай?»   «Қазіргі мұғалім қандай болу керек?»

Тапсырма

«Қазіргі мұғалім қандай?»

«Қазіргі мұғалім қандай болу керек?»

Оқушы көзімен психозерттеу қорытындысы

  1.Қандай мұғалім жақсы?

55 % Балаларды жақсы көретін, түсінетін, кең, бауырмал, қайырымды

50% Қызықты әрі тақырыпты жақсы түсіндіретін, оқушы жанын түсінетін, сабырлы.

30% Талап қоятын, қатал, әділ, адал

15% – қалжыңбас, әзіл жақсы көретін

11% – ақылды, профессионал, білімді, зиялы.

  2.Қандай мұғалім жаман?

4% балалар алдында мақтанады, өз проблемасын айта беретін, оқушыларға шағымданатын. 4,3% балаларды жақсы көрмейді, жақсы көретін оқушылары бар

11%- жаман мұғалім жоқ

2 0 % әділетсіз, дисциплина сақтамайтын, өте қатал, өте жұмсақ момын

30% сабақты дұрыс түсіндірмейтін, өз пәнін өзі түсіндірмейтін, сабақ үстінде шығып кететін, өз жұмысын жақсы көрмейтін.

6 0 % айқайлайтын, ұрысатын, масқаралайтын, мазақтайтын.

  3. Қандай мұғалімде сабақ алғысы келеді?

55% – жақсы көретін, сабырлы, адал, әділ, қамқорлыққа алатын, түсінентін, жекелемейтін, айқайламайтын,

30% – Білім беретін, өз пәнін жақсы көретін, сабақта қызықтыратын. 14% – білімді, талантты, қалжыңы бар.

10% белгілі деңгейде қатал, тәртіп сақтайтын

  4. Мінсіз мұғалім ол…

  40% – байсалды, шыдамды, ақылды, өзін және басқаларын сыйлайтын, балаларды жақсы көретін және аздап калжыңы бар.

39% өте сапалы білім беретін, жұмыста тәжірибелі, қызықты түсіндіретін, жақсы психолог, өз ісін жақсы көретін

17%  әділ, жақсы көретін жеке оқушылары жоқ.

6% – мінсіз мұғалім болмайды

«Егер Сіз өзіңіздің көңіліңізден шықпайтын, жек көретін істерді жасасаңыз, ашу – ызадан ағзамызға кері әсерін тигізетін токсиндер бөліп шығарады, нәтижесінде Сіз ауырып қаласыз немесе созылмалы шаршауға ( хроническая  усталость ) ұшырайсыз. Уолтер Рассел «Әлемнің өзгеруін қаласаң , сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» Махатма Ганди

«Егер Сіз өзіңіздің көңіліңізден шықпайтын, жек көретін істерді жасасаңыз, ашу – ызадан ағзамызға кері әсерін тигізетін токсиндер бөліп шығарады, нәтижесінде Сіз ауырып қаласыз немесе созылмалы шаршауға ( хроническая усталость ) ұшырайсыз. Уолтер Рассел

«Әлемнің өзгеруін қаласаң , сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» Махатма Ганди

І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Кіріспе

ІІІ.Топпен жұмыс: І топ “Ту “тобы, ІІ топ “Елтаңба” тобы, ІІІ топ “Әнұран” тобы

IV .Мақал-мәтел аяқтау

V .Астана,Тәуелсіздік,ел,Бәйтерек сөздерін пайдаланып өлең құрау

V І. “Отан” сөзіне тірек сөздер жазу.

V ІІ.Сурет салу: 1-топ Тәуелсіздік монументін, 2-топ Бәйтерек, 3-топ Елтаңба

V ІІІ.Қорытынды

Ертеде бір жас адам өмір сүріпті. Оған жаңа заманауи өмір ұнамаған екен. Ол осы өмірді өзгерту үшін қолынан келгенді жасайды. Бірақ әлем өзгермейді. Ол адам алтын медальмен мектепті және халықаралық қатынас институтын бітіреді. Дипломат болады, өзінің күшіне сеніп әлемді өзгерткісі келеді. Он бес жылдан кейін байқайды-әлем әлі өзгермеген. Содан ол өзінің туған қаласына келіп өзінің армандарын іске асырады. Көптеген адамдарға үй салып береді, барлығының материалдық жағдайын жақсартуа күшін аямайды. Он жыл уақыт өтеді. Өкінішке орай әлем әлі өзгермеген. Қаладағы өмір сол қалпында, адамдар да сол қалпында. Содан кейін ол адам өзінің отбасы мүшелерінен бастағысы келеді. Бірақ бес жыл өтсе де барлығы өзгеріссіз. Сонда ол өзі өзгеріп, өзінің көзқарастарын өзгертеді. Адамдарға деген көз қарасын өзгертті. Сонда ол әлемнің, қоршаған ортаның өзгергенін таңырқап байқаған екен.

Дискуссия: «Өзіңді өзгертіп алға ұмтылып, өсу керек пе?»

Елестетіп көріңіз : күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап, барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып , жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы , тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айна-лды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы , ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізгеде жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей , ренжісіп жүрген адамдарғада бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан-жануарларға , өсімдіктерге, тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір

-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «мен нұрлымын,,,

нұр менің ішімде,,, мен нұрмын...» Осындай нұр ,махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет .

-қандай сезімде болдыңдар?

-көздеріңізге не елестеді?

«Жүйрік ой» жаттығуы 

«Жүйрік ой» жаттығуы 

  • Маған қажет қасиеттер, мыналар...... 
  • Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ...... 
  • Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар ..... 
  • Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі ..... 
«Еңбек ағашы»  Жапырақтар – мұғалімнің түпкі мақсат, мұраты  Гүлдер – мұғалім еңбегінің нәтижесі.  Жемістер – шәкірт қандай болу керек?

«Еңбек ағашы» Жапырақтар – мұғалімнің түпкі мақсат, мұраты Гүлдер – мұғалім еңбегінің нәтижесі. Жемістер – шәкірт қандай болу керек?

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«?азіргі заман м??алімі ?андай болу керек?»

Автор: Есболова Гулсим Ахметовна

Дата: 14.01.2015

Номер свидетельства: 154779

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "?аза?ты? іздейтін жо?ы к?п"
    ["seo_title"] => string(31) "k-azak-tyn-izdieitin-zhog-y-kop"
    ["file_id"] => string(6) "329140"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463831314"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "?аза?ты? іздейтін жо?ы к?п"
    ["seo_title"] => string(33) "k-azak-tyn-izdieitin-zhog-y-kop-1"
    ["file_id"] => string(6) "329141"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463831321"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "То?ыз??мала? ойыны."
    ["seo_title"] => string(23) "tog-yzk-u-malak-oiyny-1"
    ["file_id"] => string(6) "317594"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460395573"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Сценарий. ?лтты? ойындар "
    ["seo_title"] => string(26) "stsienarii-u-lttyk-oiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "234093"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443348790"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Адамгершілік туралы"
    ["seo_title"] => string(21) "adamghiershilikturaly"
    ["file_id"] => string(6) "317750"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460444772"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства