kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?ты? іздейтін жо?ы к?п

Нажмите, чтобы узнать подробности

?мірза? ОЗ?АНБАЕВ: ?аза?ты? іздейтін жо?ы к?п

 – Сіз Республикалы? ардагерлер ?йымы Орталы? ке?есінен б?лек ?МДБ жанынан ??рыл?ан а?ылдастар ал?асыны? м?шесісіз. Осы а?ылдастар ал?асыны? ж?мысы туралы айтып ?тсе?із.

Ардагерлер ?йымына басшылы??а келгеніме ?ш жылдай уа?ыт болды. Келгендегі е? бірінші ж?мысымды ?аза?стан м?сылмандар діни бас?армасыны? бас м?фтиі Ержан ?ажы Мал?ажы?лымен кездесуден бастадым. Арнайы Алматы ?аласына барып, алда?ы уа?ытта бірлесіп ат?аратын шаруаларды пысы?тады?. Б??ан дейін дін мамандары келгендерге ??ран о?ып, мешітте ?ана отыратындай к?рінетін. Шынды?ында б?л ?ате пікір. Негізі имамдар теолог ?алым болып, жастар мен ардагерлерді? арасында ?ибратты ??гіме айтып, ?араша халы?ты? діни сауатын арттыруы керек. На?тыра? айтсам имамдар Алланы? жолында?ы белгілі т?л?а болуы ?ажет.

Жа?ында ?МДБ «Ислам ж?не зайырлы ?о?ам» та?ырыбында ?лкен конференция ?ткізді. Конференция?а?МДБ-ны? ??ламалар ке?есіні? м?шелері, дін ?айраткерлері мен еліміздегі зиялы ?ауым ?кілдері ?атысты. Мен де сол шара?а ?атысып ?з пікірімді білдірдім.

Конференцияны? барысында зайырлы ?о?амда?ы мемлекет пен дін арасында?ы ?зара байланысты? орны, діни экстремизм мен терроризмні? алдын алу, еліміздегі м?сылмандарыны? бірт?тасты, рухани ??ндылы?тарды насихаттау осыны? барлы?ы  жан-жа?ты тал?ыланды. Сонымен ?атар, «ХХІ ?асыр имамы», «?азіргі заманны? ?здік 500 а?артушы имамы» атты жобалар жастарды? теріс жол?а т?сіп кетпеуі ?шін, ?аза?ы болмысымызды са?тап ?алу ?шін аса ?ажет жобалар деп білемін.

– «?арты бар елді? ?азынасы бар» деп т?сінетін ?аза? ?шін ардагерлер ке?есіні? жас ?рпа?ты т?рбилеуде орны ерекше екені с?зсіз.

– Д?рыс айтасы?. Ардагерлер ке?есіні? халы? т?рбиесінде оны? ішінде жас ?рпа?ты? т?рбиесінде алар орны ерекше. Себебі, а?са?алдар ?лкен ?мір к?рген.К?пшілігі к?ні кеше облыс бас?ар?ан парасат пайымы жо?ары т?л?алар.

Ежелгі гректер елінде «білгенін жастар?а айтпаса а?аларды? ?здері кін?лі» деген т?мсіл бар. Осы т?р?ыдан келгенде елімізді? ардагерлер ке?есі жастар?а ?лкен т?рбие беріп жатыр деп айта аламын. ?рбір жастармен кездесуде ?мірлік т?жірибемізді б?лісіп, олар?а шамамызды? келгенінше а?ыл ке?есімізді беріп келеміз.

– Жасыратыны жо? ?азіргі та?да кейбір жастарымыз жат а?ымны? жетегінде кетіп жатыр. Б?л ала?датарлы? жа?дай. Осы ол?ылы?ты? алдын алу ?шін не істеу керек деп ойлайсыз?

– Жастарымыз жат а?ымны? жетегінде кетпесін десек жо?ары де?гейдегі діни сауаттылы?ты артыру керек. Б?л арада мы?ты теологтарды? ат?аратын шаруалары шаш етектен. Мамандар м?з?абымызды мойындамайтын, оны жо??а шы?аратын адамдарды? дін б?зар екенін ашы? ж?не жиі айтуы тиіс. Сондай-а?,о д?ниелік бол?андар?а ??ран ба?ыштамау да ата дінімізге ?айшы. Б?гінгі ?сіре діншілдерді? ?рекетін бізді? ата-бабамыз еш уа?ытта жасама?ан.

Жалпы, жас адам ?алай исе? солай майыса беретін жас шыбы? сия?ты сол?ылда? келеді. Егер ол ата д?ст?рміз ислам діні туралы ма?л?мат алмаса, жат а?ымны? жетегінде кете береді. Сол себепті, дін мамандарыны? пікірі батылыра? болса, тура жолды жастар?а к?бірек т?сіндірсе деген ?лкен тілегім бар. Б?л арада ардагерлер ке?есі де ?зіндік ?лесін ?осады.

?азір к?птеген кісілер ?иналса да исламны? бес парызыны? со??ысын орындау?а ерекше ??мартып жатыр. Былтыр ?ажылы??а елімізден 4 мы? 500-дей адам барды. Ал ке?ес кезінде неб?рі 70 адам бар?ан екен. Ал ?азіргі Т?уелсіздігімізді? 25 жылды?ында еліміздегі ?ажыларды? саны 40 мы??а жа?ындап ?алды. Мені? ойымша ?ажылар не??рлым к?бейген сайын бізді? ортамыз да жа?сара т?седі. Себебі, ?рбір дінге бет б?р?ан  кісі ж?рген жерінде нені? сауап, нені? к?н? екендігін айтып ж?реді.  Б?л да ?о?амны? т?зелуіне ?з ?лесін ?осады ?ой деп ойлаймын.

– Б?гінде ислам дініне к?йе жа??ысыкелетін елдер бар екені жасырын емес. ?лем ж?ртшылы?ы исламнан ?рке ?арайтындай жа?дай?а жеттік.

– И?, со??ы жылдары «Араб к?ктемі» деп аталатын Араб елдеріндегі т?сініксіз к?терілістер адамны? санасын сан са??а ж?гіртіп тастады. Ливия ?зіні? асыл ?лы саналатын Каддафиді?з ?олымен ажал?а байлап берді.Б?гіндеАраб елдері б?рын?ы мамыражай к?ндерінен айырылып, ?иын-?ыстау кезе?ді бастан ?ткеріп жатыр. Со??ы жылдары ислам атын жамыл?ан ДАИШ содырлары м?сылманды ?лемге жауыз етіп к?рсетуде. Б?л аз бол?андай шиттер мен сунниттерді? арасында ?ыр?и ?аба? ?арым ?атынас туды. Міне, осындай жа?дайлар ислам дініні? бейбітшіл дін екеніне к?ле?ке т?сіріп т?р?андай. Еуропа ж?рты жой?ын жарылыстарды? барлы?ын м?сылмандар жасап жатыр деген пікірде.

«Меккедегі мінажат» атты кітапша шы?ар?ан екенсіз. Б?л д?ниені жазу?а не т?рткі болды?

– ?ажылы?та к?рген білгендерімді ?згелермен б?ліскім келді. Т?йген ойларымды ?а?аз?а т?сіруді азаматты? міндетім деп есептедім. Онда адамдарды? бір-біріне деген туысты?, мейірбанды? ?арым-?атынасты арттыруда ислам дініні? р?лі жо?ары екендігін айту?а тырыстым.

Осы к?нде жасы келген ?арттар «жастар мейрімсіз болып ?сіп келе жатыр. Оларды? ?арттар?а деген ??рметі т?мендеп барады» дегенді жиі  айтамыз. Мен осы сапарда жастарды айыптауды? еш?андайда негізі жо? екеніне к?зім жетті. М?селен, бізді? тобымызды? ішінде к?птеген жастар ?лкен ?ариялар?а бастан ая? ?ызмет жасады. Осы сапардан кейін жастарды? барлы?ы бірдей ?лкендерге ?ам?орлы? жасаса екен деген тілек болды. ?ажылы??а бар?ан кісілер елге келген со? кітап жазбасада б??аралы? а?парат ??ралдарына мейірімділік туралы жазып насихаттаса н?р ?стіне н?р болар еді.

Кейінгі кезде ас беруге ?арсы болып ж?рген азаматтар бар. Оларды? айтуынша ?мірден ?ткен адам?а ?лан асыр ас беруді? ?ажеті жо?. Б?л пікірге сіз не дейсіз?

– И?, рас, ас беруде ысырап?а жол бермеу керек. Ислам дінінде ысырапшылды??а жол беруге болмайды. Алайда, ас беру ?рбір адамны? жеке ???ы екенін естен шы?арма?ан ж?н. Сол ар?ылы адамдар ?зіні? ата-бабасын еске алып, ?рпа?ын т?рбиелейді. Мысалы, ?аза? жас баладан жеті атасын еріккеннен с?рамайды. М?ны? астары бар. ?зіні? шы??ан тегін білмеген адамнан к?п ?міт к?туге болмайды.

Алайда ас беруді? негізгі ма?саты ас ішіп, ая? босату емес. Аста а?айын туыс жиналып, елдік м?селелерді шешетін бол?ан. На?тыра? айтсам хан сайлаудан бастап ел ішіндегі ?рт?рлі дау-жанжалдар осы аста шешіліп отыр?ан. Сонды?тан ас беру еріккені? ермегі емес екенін есте ?ста?ан ж?н.

?зі?ізде естіп ж?рген шы?арсыз, а?са?алдар?а деген к??іл толмаушылы? бар. Аузы дуалы ?ария ?алмады деп жатады. Шал мен ?артты?, а?са?ал мен абызды? ара жігін ажыратын бері?ізші?

– Жалпы к??іл толу дегенні? ?зі салыстырмалы ??ым. Кезіндежастар а?параттарды? к?бісін аузы дуалы а?са?алдардан алынатын. Ал б?гінгі ?о?ам– технология дамы?ан, а?парат?а бай ?о?ам. Б?рын жастар к?н-т?н демей ?арттарды? ?негелі ??гімесін ты?дайтын. Ал ?азір а?са?алды? ?негелі ??гімесін ты?дауы тиіс жастарды? ??ла?тары ты?ындаулы ж?р. Шын м?нісінде жастар ?зі ты?дап отыр?ан ?ннен баса еште?е естіп отыр?ан жо?.

Алайда, заманны? ерекшелігін де ескеру керек. Жа?ында «?кеге барып с?лем беру» деп аталатын сурет к?рдім. ?арияны? алты баласы ?кесімен амандасып бо?ан со?, барлы?ы ?ялы телефонына ш??шиып ?кесін жападан жал?ыз ?алдырады. Біле білген адам?а а?са?алды? балаларына айтар ??гімесі к?п. Біра?, балалары ?ялы телефонны? ?ызы?ына т?сіп ?кесін ?мытып кетті. Міне, ?азіргі ?о?амны? к?рінісіосындай.

?азіргі ?о?амда?ы ?андай м?селе сіздіжиі тол?андырады?

–Мені тол?андыратын е? басты н?рсе ата-бабамызды? салт-д?ст?рін са?тап ?ала аламыз ба, жо? па? деген м?селе тол?андырып ж?р. Д?ниеж?зінде жа?андану процессі ж?ріп жатыр. Ал бізді? жа?андану?а ?арсы ?оятын басты ??ралымыз ата-бабамызды? м?дениеті, д?ст?р-салты мен тарихы болма?. Сонды?тан да, біз атадан ?ал?ан асыл ?азынамызды к?зімізді? ?арашы?ындай са?тауымыз керек. ?лтымызды? рухани ?стазы Ахмет Байт?рсын?лы «?аза? хал?ы жо? іздеген халы?» деп айт?ан екен. А?а? айт?андай ?аза?ты? іздейтін жо?ы ?те к?п. Ол жо?тарды? бірі – жа?сы білім, д?ниедегі е? озы? техниканы ме?геру болып т?р.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«д│н туралы хат»





Мектеп басшыларына!!!


ШҰҒЫЛ!!!



Теректі ауданының білім беру бөлімі Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы діни саладағы өзекті тақырыптар бойынша ҚР МСМ Дін істері комитетінің бастамасымен дайындаған мақалаларды аудандық газеттерде жариялау үшін жолдайды.

Сонымен қатар, аталған мақалаларды жергілікті БАҚ-тарда жариялағаннан кейін әлеуметтік желілердегі аккаунттарында орналастыру және ілгерілету ұсынылады.

Осы бағыттағы ақпараттық жұмыстардың нәтижесі бойынша (а.ж. сәуір және мамыр айлары) дін тақырыбында аудандық деңгейде жарық көрген мақалалар дайджестін а.ж. 23 мамырына дейін Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасына жолдауыңызды сұраймыз.

Қосымша 23 бет.


Теректі АББ ӘК меңгерушісінің м.а.: Д.Мурзагалиев


Тел: 87113223361, 87712133189


















Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу,

діни экстремизмді алдын алу, конфессияаралық келісім мен толеранттылықты арттыру бойынша аудандық Медиа-Жоспарды жүзеге асыру аясында және БҚО дін істері басқармасы тарапынан жолданған жарияланған материалдар

ДАЙДЖЕСТІ


Мақала тақырыбы

БАҚ атауы


Шыққан/жарық көрген мерзімі

Авторы

(аты-жөні, тегі, қызметі)

Мақалар






Теле-радио жобалар






Әлеуметтік желіліер








Просмотр содержимого документа
«__м│рза__ ОЗ__АНБАЕВ e-islam.kz»

26.04.2016

e-islam.kz

Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ: Қазақтың іздейтін жоғы көп

 – Сіз Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінен бөлек ҚМДБ жанынан құрылған ақылдастар алқасының мүшесісіз. Осы ақылдастар алқасының жұмысы туралы айтып өтсеңіз...

–Ардагерлер ұйымына басшылыққа келгеніме үш жылдай уақыт болды. Келгендегі ең бірінші жұмысымды Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлымен кездесуден бастадым. Арнайы Алматы қаласына барып, алдағы уақытта бірлесіп атқаратын шаруаларды пысықтадық. Бұған дейін дін мамандары келгендерге құран оқып, мешітте ғана отыратындай көрінетін. Шындығында бұл қате пікір. Негізі имамдар теолог ғалым болып, жастар мен ардагерлердің арасында ғибратты әңгіме айтып, қараша халықтың діни сауатын арттыруы керек. Нақтырақ айтсам имамдар Алланың жолындағы белгілі тұлға болуы қажет.

Жақында ҚМДБ «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбында үлкен конференция өткізді. КонференцияғаҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің мүшелері, дін қайраткерлері мен еліміздегі зиялы қауым өкілдері қатысты. Мен де сол шараға қатысып өз пікірімді білдірдім.

Конференцияның барысында зайырлы қоғамдағы мемлекет пен дін арасындағы өзара байланыстың орны, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, еліміздегі мұсылмандарының біртұтасты, рухани құндылықтарды насихаттау осының барлығы  жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, «ХХІ ғасыр имамы», «Қазіргі заманның үздік 500 ағартушы имамы» атты жобалар жастардың теріс жолға түсіп кетпеуі үшін, қазақы болмысымызды сақтап қалу үшін аса қажет жобалар деп білемін.

«Қарты бар елдің қазынасы бар» деп түсінетін қазақ үшін ардагерлер кеңесінің жас ұрпақты тәрбилеуде орны ерекше екені сөзсіз...

– Дұрыс айтасың. Ардагерлер кеңесінің халық тәрбиесінде оның ішінде жас ұрпақтың тәрбиесінде алар орны ерекше. Себебі, ақсақалдар үлкен өмір көрген.Көпшілігі күні кеше облыс басқарған парасат пайымы жоғары тұлғалар.

Ежелгі гректер елінде «білгенін жастарға айтпаса ағалардың өздері кінәлі» деген тәмсіл бар. Осы тұрғыдан келгенде еліміздің ардагерлер кеңесі жастарға үлкен тәрбие беріп жатыр деп айта аламын. Әрбір жастармен кездесуде өмірлік тәжірибемізді бөлісіп, оларға шамамыздың келгенінше ақыл кеңесімізді беріп келеміз.

Жасыратыны жоқ қазіргі таңда кейбір жастарымыз жат ағымның жетегінде кетіп жатыр. Бұл алаңдатарлық жағдай. Осы олқылықтың алдын алу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

– Жастарымыз жат ағымның жетегінде кетпесін десек жоғары деңгейдегі діни сауаттылықты артыру керек. Бұл арада мықты теологтардың атқаратын шаруалары шаш етектен. Мамандар мәзһабымызды мойындамайтын, оны жоққа шығаратын адамдардың дін бұзар екенін ашық және жиі айтуы тиіс. Сондай-ақ,о дүниелік болғандарға Құран бағыштамау да ата дінімізге қайшы. Бүгінгі әсіре діншілдердің әрекетін біздің ата-бабамыз еш уақытта жасамаған.

Жалпы, жас адам қалай исең солай майыса беретін жас шыбық сияқты солқылдақ келеді. Егер ол ата дәстүрміз ислам діні туралы мағлұмат алмаса, жат ағымның жетегінде кете береді. Сол себепті, дін мамандарының пікірі батылырақ болса, тура жолды жастарға көбірек түсіндірсе деген үлкен тілегім бар. Бұл арада ардагерлер кеңесі де өзіндік үлесін қосады.

Қазір көптеген кісілер қиналса да исламның бес парызының соңғысын орындауға ерекше құмартып жатыр. Былтыр қажылыққа елімізден 4 мың 500-дей адам барды. Ал кеңес кезінде небәрі 70 адам барған екен. Ал қазіргі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында еліміздегі қажылардың саны 40 мыңға жақындап қалды. Менің ойымша қажылар неғұрлым көбейген сайын біздің ортамыз да жақсара түседі. Себебі, әрбір дінге бет бұрған  кісі жүрген жерінде ненің сауап, ненің күнә екендігін айтып жүреді.  Бұл да қоғамның түзелуіне өз үлесін қосады ғой деп ойлаймын.

Бүгінде ислам дініне күйе жаққысыкелетін елдер бар екені жасырын емес. Әлем жұртшылығы исламнан үрке қарайтындай жағдайға жеттік...

– Иә, соңғы жылдары «Араб көктемі» деп аталатын Араб елдеріндегі түсініксіз көтерілістер адамның санасын сан саққа жүгіртіп тастады. Ливия өзінің асыл ұлы саналатын Каддафидіөз қолымен ажалға байлап берді.БүгіндеАраб елдері бұрынғы мамыражай күндерінен айырылып, қиын-қыстау кезеңді бастан өткеріп жатыр. Соңғы жылдары ислам атын жамылған ДАИШ содырлары мұсылманды әлемге жауыз етіп көрсетуде. Бұл аз болғандай шиттер мен сунниттердің арасында қырғи қабақ қарым қатынас туды. Міне, осындай жағдайлар ислам дінінің бейбітшіл дін екеніне көлеңке түсіріп тұрғандай. Еуропа жұрты жойқын жарылыстардың барлығын мұсылмандар жасап жатыр деген пікірде.

«Меккедегі мінажат» атты кітапша шығарған екенсіз. Бұл дүниені жазуға не түрткі болды?

– Қажылықта көрген білгендерімді өзгелермен бөліскім келді. Түйген ойларымды қағазға түсіруді азаматтық міндетім деп есептедім. Онда адамдардың бір-біріне деген туыстық, мейірбандық қарым-қатынасты арттыруда ислам дінінің рөлі жоғары екендігін айтуға тырыстым.

Осы күнде жасы келген қарттар «жастар мейрімсіз болып өсіп келе жатыр. Олардың қарттарға деген құрметі төмендеп барады» дегенді жиі  айтамыз. Мен осы сапарда жастарды айыптаудың ешқандайда негізі жоқ екеніне көзім жетті. Мәселен, біздің тобымыздың ішінде көптеген жастар үлкен қарияларға бастан аяқ қызмет жасады. Осы сапардан кейін жастардың барлығы бірдей үлкендерге қамқорлық жасаса екен деген тілек болды. Қажылыққа барған кісілер елге келген соң кітап жазбасада бұқаралық ақпарат құралдарына мейірімділік туралы жазып насихаттаса нұр үстіне нұр болар еді.

Кейінгі кезде ас беруге қарсы болып жүрген азаматтар бар. Олардың айтуынша өмірден өткен адамға ұлан асыр ас берудің қажеті жоқ. Бұл пікірге сіз не дейсіз?

– Иә, рас, ас беруде ысырапқа жол бермеу керек. Ислам дінінде ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Алайда, ас беру әрбір адамның жеке құқы екенін естен шығармаған жөн. Сол арқылы адамдар өзінің ата-бабасын еске алып, ұрпағын тәрбиелейді. Мысалы, қазақ жас баладан жеті атасын еріккеннен сұрамайды. Мұның астары бар. Өзінің шыққан тегін білмеген адамнан көп үміт күтуге болмайды.

Алайда ас берудің негізгі мақсаты ас ішіп, аяқ босату емес. Аста ағайын туыс жиналып, елдік мәселелерді шешетін болған. Нақтырақ айтсам хан сайлаудан бастап ел ішіндегі әртүрлі дау-жанжалдар осы аста шешіліп отырған. Сондықтан ас беру еріккенің ермегі емес екенін есте ұстаған жөн.

Өзіңізде естіп жүрген шығарсыз, ақсақалдарға деген көңіл толмаушылық бар. Аузы дуалы қария қалмады деп жатады. Шал мен қарттың, ақсақал мен абыздың ара жігін ажыратын беріңізші?

– Жалпы көңіл толу дегеннің өзі салыстырмалы ұғым. Кезіндежастар ақпараттардың көбісін аузы дуалы ақсақалдардан алынатын. Ал бүгінгі қоғам– технология дамыған, ақпаратқа бай қоғам. Бұрын жастар күн-түн демей қарттардың өнегелі әңгімесін тыңдайтын. Ал қазір ақсақалдың өнегелі әңгімесін тыңдауы тиіс жастардың құлақтары тығындаулы жүр. Шын мәнісінде жастар өзі тыңдап отырған әннен баса ештеңе естіп отырған жоқ.

Алайда, заманның ерекшелігін де ескеру керек. Жақында «Әкеге барып сәлем беру» деп аталатын сурет көрдім. Қарияның алты баласы әкесімен амандасып боған соң, барлығы ұялы телефонына шұқшиып әкесін жападан жалғыз қалдырады. Біле білген адамға ақсақалдың балаларына айтар әңгімесі көп. Бірақ, балалары ұялы телефонның қызығына түсіп әкесін ұмытып кетті. Міне, қазіргі қоғамның көрінісіосындай.

Қазіргі қоғамдағы қандай мәселе сіздіжиі толғандырады?

–Мені толғандыратын ең басты нәрсе ата-бабамыздың салт-дәстүрін сақтап қала аламыз ба, жоқ па? деген мәселе толғандырып жүр. Дүниежүзінде жаһандану процессі жүріп жатыр. Ал біздің жаһандануға қарсы қоятын басты құралымыз ата-бабамыздың мәдениеті, дәстүр-салты мен тарихы болмақ. Сондықтан да, біз атадан қалған асыл қазынамызды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Ұлтымыздың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ халқы жоқ іздеген халық» деп айтқан екен. Ақаң айтқандай қазақтың іздейтін жоғы өте көп. Ол жоқтардың бірі – жақсы білім, дүниедегі ең озық техниканы меңгеру болып тұр.


Просмотр содержимого документа
«Айнур Абдрасилкызы Егемен К»

27.04.2016

egemen.kz


Оқушы қыз тәрбиесі – орасан жауапкершілік

Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызымен сұхбат


Армысыз, Айнұр Әбдірәсілқызы! Таяуда жарияланған ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қойылатын талаптары қоғамдық пікірге біршама қозғау салды. Мәселенің мән-жайын бірқатар мамандар айқындап беруге тырысты. Әрі сарапшы, әрі дін саласының маманы ретінде осы мәселеге түйінді көзқарасты Сізден естігіміз келеді...

Мәселеге ешбір эмоциясыз, сарабдал сана көзімен қарасақ, ашығы сол –мектеп формасына қойылатын талаптарда ешқандай өзгеріс болған жоқ.Неге дейсіз бе?

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының сонау 2007 жылғы 27 шілдедегі мәтінінің 49-бабының 3-тармағында «Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті» деп көрсетілген болатын. Ол қағидалардың бірі – орта мектептер жарғысындағы мектеп формасын сақтау еді. 

Осы міндеткерлікті тиянақтай түсу мақсатында 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІV Заңмен Білім туралы заңға толықтырулар енгізілді. Енді заңның 47-бабының15-1-тармағында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің міндеті ретінде: «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті. Өзге білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті» деген ережелер атап тұрып енгізілді.

2015 жылдың 13 қарашасында мәселені одан әрі нықтай түсіп, Білім заңының5-бабына білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті ретінде «орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді» (14-1) деген ереже қосылды. Оған қоса 49-бапта ата-аналар мен өзге де заңды өкілдердің балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға, білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті екендігі тайға таңба басқандай көрсетілді.

Сондықтан мектеп формасына қатысты қағидалардың арысы он жыл, берісі бес жыл білім жүйесінде кеңінен қолданылып келе жатқанын атап айтуымыз қажет. Білім және ғылым министрлігі бар болғаны сол ережелерді айқындай түсу мақсатында бөлек құжатқа біріктіріп, талаптар ретінде жүйелеп жариялады. Оны жаңа талап ретінде жатырқай қабылдаушылар шыққанда өз басым: «Осынша уақыттан бері базбір ата-аналар Білім туралы заңнан бейхабар болып немесе орындамай келген бе?» деп таң қалдым.

− Ал талаптардағы «діни атрибутиканың қолданылмауы қажет» дегенге қатысты не айтар едіңіз?

– Сол мәселеге қарай ойысып келеміз. Мектеп формасына қойылатын талаптар мәтінінде «діни атрибутиканың қолданылмауы» деген тіркестің қамтылуына келсек, «мектеп формасын сақтау» дегеннің өзі «басқа ешбір атрибутиканы қолданбау» дегенді білдіретіні санасы сау қазаққа бесенеден белгілі. Және бұл тек діни атрибуттарға ғана емес, басқа да ерекшеліктерге тыйым салынатынын білдіреді. Мәселен, бала мектепке еркін киім үлгісімен, сәнді немесе спорттық киімдермен, жарқыраған әшекей бұйымдармен келе алмайды ғой. «Форма» ұғымы соның бәрін реттейді. Дұрысы, бұрыннан реттеп келген.

Форма тек мектепке тән ерекшелік емес. Көптеген кәсіби салалық мекемелер оқу орны, жұмыс орны деп бөлместен, барлық деңгейлерде белгілі бір формаларды сақтауды талап етеді. Оның барлығы кәсіби, техникалық, гигиеналық, тағы басқа талаптардан туындайтыны белгілі.

Мектеп формасының да көтеріп отырған өзіндік әлеуметтік-тұлғалық жүгі бар. Біріншіден, кез келген форма белгілі бір мекемеге қатыстылықты білдіретіндіктен, тұлғаға сол мекеме алдындағы жауапкершілікті жүктейді.

Екіншіден, форма – құқықтық қатынастар шегін айқындайтын бақылау құралы. Қарапайым мысалмен өрнектесек, мектеп формасындағы бала сабақ уақытында көше кезіп жүрсе немесе компьютер клубында ойын ойнап отырса, кез келген учаскелік полиция қызметкерінің оның мән-жайын сұрап, қадағалауға құқығы бар.

Үшіншіден, біртекті форма мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік тұрғыдан жіктелуіне, психологиялық қысымдардың орын алуына жол бермейді, яғни «бұлақ бастан бұлғанбас» үшін форманың сақталуы қажет-ақ.

Тізе берсек, басқа да артықшылықтарды атауға болады, бірақ оның барлығы қарапайым қоғам мүшесіне де белгілі. Сондықтан қайыра айтарым –мектеп формасына қойылатын талаптарға жер астынан жік шыққандай таң-тамаша болудың реті жоқ.

− Арандатушы секілді көрінсе де кезекті бір сауалды қойғым келіп отыр. Кезінде кейбір азаматтар мектепте хижабқа жол берілмеуін Конституцияға қайшылық ретінде бағалап жатты. Бұған не дейсіз?

– Арандатушы емес, алаңдатушы сауал бұл. Құқықтық сауаттылықтың қарапайым деңгейін игермегеніміздің көрінісі.

Құқықтық мәселелерді қозғағанда ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретін психологиядан арылуымыз керек. Өзімізге керек нәрсені ғана көріп, керек еместі жылы тауып қойғаннан жағдай өзгермейді. Мәселеден қашу емес, оны шешу керек.

Басын ашып алатын бір мәселе – Ата Заңда «діни сенім бостандығы» деген ұғым жоқ. Ол «ар-ождан бостандығы» ұғымының аясында қамтылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес «әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар». Бірақ дәл осы бапта жазылғандай, «ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс». Яғни сол бостандыққа қатысты құқықтық нормаларда оның шет-шегі де айқын көрсетілген. Керітартпа пікірлерге арбалған кей азаматтар осы екінші ережені көргісі келмейді.

Ата Заң ең басты құқықтық қағидаттарды айқындайды. Ал онда айтылғаназаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерді салалық заңдар белгілейді. Аталмыш құқықтар мен міндеттерге байланысты болатын немесе оларды шектеуі мүмкін қатынастар да сол салалық заңдарда көрсетіледі. Сондықтан конституциялық және өзге де заңнамалық нормаларға сүйене отырып Білім туралы заң да өз саласындағы тиісті құқықтық қатынастарды айқындады. Оның ішінде білім алушылардың мектеп формасын сақтау міндеттілігі де бар.

Дәл осы секілді Ата Заң аясында әзірленген ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 3-бабының 5-тармағында ешкімнің өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқтығыатап көрсетілген.

Ал аталған заңның 3-бабының 8-тармағында ата-аналардың балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне мемлекеттің араласпайтыны айтылған. Бірақ осы нормада да ескерту ретінде: «мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған және жауапкершілігін шектеген... жағдайларды қоспағанда» деген қағидаттың тұрғанын естен шығармау қажет. Бұл жерде де араласпау әрекетінің заңдық шектері айқын көрсетілген.

Сондықтан Білім туралы заңның білім мекемесінің ішкі тәртібін сақтау мақсатында мектеп формасына қойған талаптары азаматтардың ар-ождан бостандықтарын бұзбайды, керісінше олардың заңнамалық нормаларға кең түсінікпен, ашық азаматтық тұрғыдан қарауын міндеттейді.

Әрбір саналы азаматтың заң қағидалары ар-ождан бостандығын қамтамасыз етумен қатар мемлекет алдындағы міндеттер мен  жауапкершіліктерді қоса жүктейтінін есте тұтқаны абзал. Қарапайым құқықтық сауаттылықтың шарты осындай.

Бұл бір сәті түскен сауал мен көкейден шыққан жауап болды. Ендігі түйткіл: Хижаб кию мұсылмандықтың тікелей көрінісі болып санала ма? Неге бұл мәселені кейбір тұлғалар осы мағынада көтеруге тырысады?

«Айта-айта Алтайды, Жамал апа қартайды» деген сөз көкейге оралады осындайда. Осындай сауалдың түбі бір қойылатынын біліп, атамыз қазақ талай-талай түйінді сөз айтып кетті ғой.

Дегенмен алдымен ислам қағидаларына жүгінейік. Ислам шариғаты бойынша «Лә иләһә илла Аллаһ, Мухаммад расулаллаһ» деп иман келтірген, осы кәлиманы тілмен айтып, жүрегімен сенген адамның мұсылман екеніне шүбәлануға ешкімнің құқығы жоқ. Яғни иман келтіру – мұсылмандықтың негізгі шарты.

Қазақстан мұсылмандары үшін дәстүрлі болып табылатын ханафи мазхабының негізін салған Әбу Ханифа (Имам Ағзам): «Кім Алланы және одан түсірілгендерді тілмен де, жүрекпен де мойындаса, онда ол Алланың алдында да, адамдар үшін де мұсылман» деп жазады.

Енді хижаб мәселесіне келейік. Мұсылман әйелдердің орамал тағуы Құранда бұйырылғандықтан, ол парыз амал болып есептеледі. Парызды мойындамау – күпірлік, ол діннен шығуға алып барады. Ал орамалдың парыз екенін мойындаса, бірақ белгілі бір себептермен (біздің мысалымызда – мектеп формасын сақтау қажеттілігінен) таға алмаса, ол әйел немесе қыз баламұсылмандықтан шыққан болып саналмайды. Яғни жүрегінде иманы бар болса, орамал тақпаған әйелді «мұсылман емес, кәпір» деп ешкім айта алмайды. Керісінше, бұл жағдайда Мұхаммед пайғамбардың: «Кімде-кім бауырына: «Ей, кәпір!» десе, егер ол адам шынымен кәпір болмаса, онда айтқан адамның өзі кәпір болады» деген қатаң ескертуін есте ұстау орынды. Ислам шариғаты бойынша иман келтірген мұсылман адамды «кәпір» деп айыптауға болмайды.

Орамалдың парыз екеніне сену – иман мәселесі, ал оны тағу – амал мәселесі. Иман бөлек те, амал бөлек. Амал иманның бір бөлігі де, тікелей көрінісі де емес. Бұл жайында Әбу Ханифа Имам Ағзам былай деп жазады: «Алла Тағала иманды амалдардан артық етіп бекітті. Мүминдерді құлшылық етуге, зекет төлеуге, ораза тұтуға, қажылықты өтеуге ұмтылдыратын, Аллаға иман келтіруге шақыратын зекет, ораза немесе қажылық амалдары емес, керісінше, олардың имандары болып табылады. Бұл – осылай, өйткені олар алдымен иман келтірді, содан кейін амалдарды орындауға көшті. Аллаға деген сенім оларды діни парыздарды орындауға жұмылдырды, ал керісінше (болған жоқ, яғни) діни парыздар Аллаға деген иманды олардың жүректеріне қондырған жоқ».

Имам Ағзам әйелдердің белгілі бір жағдайларда Алла Тағаланың рұқсатымен намаз оқи алмайтынын – парыз амалды орындамайтынын айта келіп: «Егер иман мен амал бір десек, намаз оқымай жүрген кездерінде әйелді иманы жоқ деуге тура келер еді. Бірақ бұл олай емес, сондықтан иман мен амал бір емес» дейді.

Осы қисынмен пайымдасақ, мұсылман ер адамдардың да парыз амалдарды орындай алмайтын кезі болады. Мысалы, сапарда жүргенде Рамазан айының парыз болған оразасын ұстай алмауы мүмкін, бірақ сол кезеңде парыз амалды орындамағаны үшін оны «иманы жоқ» деп ешкім айыптай алмайды.

Орамалға қайта оралайық. Егер орамал мұсылмандықтың басты көрінісі болса, иманды жүректен бір сәт те өшіруге болмайтыны секілді, орамалды бір сәт те шешуге рұқсат берілмес еді. Бірақ ислам шариғатында олай емес – балиғатқа толған қыз бала мен әйел адам жақын туыстарының көзінше (ер адам болса да) орамалсыз, тұмшаланбай жүре алады. Бұл туралы талай дәлел-дәйектер келтіруге болады, бірақ ұзын сөздің қысқасы – иман орамалмен бірге алынып-салынып тұратын заттық дүние емес.

Өкінішке орай, орамалды мұсылмандықтың тікелей көрінісі санайтын жаңсақ түсініктер қоғамда кездесіп жатады...

Иә, оны да мысалмен өрнектейік. Өткен жылы мектептегі орамал мәселесіне қатысты бір әке – аты дардай заң ғылымдарының кандидаты былай деп жазыпты: «Бізге қызыңыз үйде, көшеде хижаб кие берсін, тек мектепте форманы сақтасын» дейді мұғалімдер. Біз қалайша қызымызға үйде мұсылман бол, мектепте мұсылман болма деп айтамыз?» Осы сөздерді оқығанда иман мен ислам жөніндегі түсінігіміздің осыншалықты құлдырап, қарапайым ислами ұғымдарды ажырата алмайтын қарабайыр деңгейге қашан түсіп үлгергенімізге таң болдым. Соны жазған әке – исламның негізгі шартын ұқпаған, діннің не екенін сезінбеген жан өзін кәміл мұсылманмын деп есептейді! Бұдан төмен тағы қайда барар екенбіз?!

Мұсылмандықтың не екенін Хақ діннің Елшісі – Мұхаммед пайғамбардан артық білетін адам жоқ. Сол пайғамбардың өзі: «Мұсылман дегеніміз – қолымен және тілімен мұсылманға залал келтірмеген адам» деген. Ал біз ол ұғымнан алыстағаннан алыстап барамыз... Біз мұсылмандықты тек формамен байланыстыруға әуестеніп алдық.

Исламның шынайы рухын терең сезінген кешегі қазақ «иманды» деп жүрегінде берік сенімі бар, терең адамгершілік қасиетке ие, ізгі мінез-құлықты жанды айтқан. Аталарымыз қашанда жүректегі иманды басты орынға қойған, «Сырт тазасы не керек, Тазарт әуел ішіңді», деп риякерліктен тыйған. «Сыртқа қасиет бітпейді, Алла Тағала қарайтұғын қалыбыңа (жүрегіңе), боямасыз ықыласыңа бітеді» деген Абай ақын да осы қисынмен пайымдаған. «Мұсылманшылық кімде жоқ, Тілде бар да, ділде жоқ» деп назаланған Әбубәкір Кердері қазақтың болмысына біткен жүректегі иманын жоқтады. Иман мен исламды ажыратып қарамаған қазақ өз танымын осылай өрнектеген еді...

2015 жылдың 7-8-желтоқсанында біздің орталық Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қарамағындағы діни сауат ашу курстары мен діни оқу орындарының ұстаздарына, мұсылман әйелдер бірлестіктерінің жетекшілеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Сонда діндар ұстаздар қазіргі мешітке келушілердің сырт адамдар туралы сөз бола қалса, «мұсылман ба, мұсылман емес пе?» деп сұрауды үрдіске айналдырғанын, яғни бес уақыт намаз оқымайтын ерлер мен әйелдерді, орамал тақпайтын әйелдерді мешіт жамағатындағы бірқатар адамдардың «мұсылман емес» деп санайтынын қынжыла жеткізген болатын. «Радикалдану үдерісі мешіт жамағатынан басталмас үшін «мұсылман» ұғымы жөнінде ҚМДБ-ның ресми ұстанымы шығарылуы керек, бұл тақырыпқа арнайы уағыздар айтылуы қажет» деген ұсынысты да сол ұстаздардың өзі айтқан болатын. Діни басқарманың құлағына алтын сырға...

– Мектеп жасындағы қыздар қатарында хижаб кигісі келетіндер саны қанша? Оған зерттеу жасалған ба?

Өткен жылы біздің орталық еліміздің барлық аймақтарында зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 11000-ға жуық адамды қамтыған 200-дей іс-шара өткізді. Шаралар барысында 2105 адамнан сауалнама алынды. Оның 459-ы мектеп оқушылары болатын.

Бір ерекшелігі, сауалнама алу кезінде да, фокус-топтық талдаулар барысында да оқушылардың еркін сөйлеуіне, ашық пікір білдіруіне мүмкіндік берілгеніне және сауалнамалардың анонимді түрде толтырылғанына қарамастан оқушылар тарапынан бірде-бір рет хижаб кию мәселесі көтерілмеді.

Бұл мәселе сауалнамаға қатысқан 305 жергілікті тұрғын тарапынан да көтерілген жоқ. Мәселеге тек фокус-топтық талдауға қатысқан 330 мұғалімнің бірнешеуі назар аударды, оның өзі «Мектепте хижаб кию мәселесі көтерілген жағдайда оған қандай заңдық негіздер бойынша жауап берген жөн?» деген алдын алу шараларына қатысты сауал болды.

Айтылғандардан аңғаратынымыздай, мектептегі орамал мәселесіне қатысты айтарлықтай қызығушылық үрдісі байқалмайды, сондықтан тұрғын халықтың осы мәселе толғандыратын бөлігінің пайыздық көрсеткішін анықтау мүмкіндігі жоққа тән. Бәлкім, бұл көрсеткіш 0,01 пайызды да құрамас. Ал керісінше ел аумағындағы 8000-ға жуық мектептің басым бөлігінде хижабқа қатысты мәселе мүлде кездеспеген.

Бұл мәселені қоздырып, қоғамдық пікір туындап жатқан секілді етіп көрсетіп, санаулы адамдардың көмегімен қолдан пікірталас ұйымдастырып жататындар көп жағдайда заң талаптарын толық түсіріп-білмеген, діннің формалық жағына мән беріп, мазмұндық қырын назардан тыс қалдырған азаматтар немесе ішкі тұрақтылыққа сына қаққысы келетін мүдделі тұлғалар болып табылады.

– Мектеп жасындағы қыздардың хижаб киюі оның сыныптастарына, өзіне қалай әсер етеді?

Ең күрделі мәселе де осы. Бәрінен бұрын бұл хижабты қыздың өзіне ауыр. Сыныптастарының оған тосырқай қарауы да, шеттетуі де мүмкін. Базбіреулерімен тіл табысар, кейбірімен қарым-қатынасы шектеліп қалары сөзсіз. Хижабты оқушының мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен мәмілеге келуі де мүмкін болмайды. Өйткені олар заңды негізде мектеп формасын сақтауды талап етеді. Ата-аналары ары тартады, ұстаздары бері тартады, екі оттың, сыныптастарын қоса алғанда үш оттың ортасында қыз бала қалады. Оқушылық өмірдің ең жақсы кезеңдері осылай сергелдеңмен өтеді.

Ал мұндай жағдайда баланың санасы қалай қалыптасарын ойлап көрдік пе? Ол екіге жарылмақ. Екі жағы да оңды емес.

Егер қыз бала ата-анасының ұстанымымен толық келіссе, өзін тура жолда жүрмін деп санайды, демек басқалардың бәрін адасқандар ретінде қабылдай бастайды. «Менікі ғана дұрыс, басқалардыкі жөн емес» деген астам әрі тұйық пікір қалыптасады жасөспірім қыздың бойында (Мұхаммед пайғамбардың: «Көкірегіңізде тарыдай менмендігіңіз болса, жұмаққа кірмейсіздер» деген хадисі еріксіз ойға оралып отыр). Дәл осы «менікі ғана дұрыс» деген пікір талай шетін көзқарасқа негіз болғанын да ұмытпайық. Ұстаздардың мектеп формасына қатысты талаптарынан құлағы жауыр болған қыздың зайырлы мемлекетке өкпесі қара қазандай тұлға болып жетілмесіне кім кепіл? Сол өкпе ертеңгі күні оны да осы ортаны тәрк етіп, Қазақстанды кәпірстанға балап, араб елдеріне хижра жасатпайтынына кепілдігіміз бар ма? Құдай бетін аулақ қылсын, ондай нәубеттің соңы айтпаса да белгілі...

Енді екінші жағына келейік. Егер қыз бала ата-анасының хижаб киюге қатысты ұстанымымен келіспесе, бірақ сыйлағандықтан немесе қорыққандықтан еріксіз олардың ырқына көнсе (ондай мысалдар да кездеседі), жасөспірім санасында отбасындағы түсініспеушілік пен жалғыздықтан туындайтын барлық психологиялық дерттер дамиды. Бала өзін отбасында бақытты сезініп өспесе, «Тайбурылдың қырық үш күн кемдігінің» орны толмайтыны секілді оның санасы ұдайы бақытсыздық пен жалғыздық сезімдеріне бейім болады. Бұған мектеп формасын сақтауды талап етуден туатын келіспеушіліктерді, қатар-құрбының қату көзқарасын тағы қосыңыз...

Балиғатқа толған қыз баланың мектеп табалдырығында жүретін бал дәурені – орта есеппен екі жыл, оның ішінде әр жылдың тоғыз айындағы сабақ күндерінің бес-алты сағаты ғана. Сол сағаттарды жасөспірімнің сын сағаттарына айналдырмайық. Тұлғалық болмысы толық қалыптаспаған балаң сананы сергелдеңге салмай, қыздарымызға тыныштық берейік. Оқушылық өмірдің қиындықтары онсыз да аз емес. Қалыптасу кезеңінен өтсін де, бойға жеткен қыз бала тура жолды саналы түрде таңдасын. Сонда ол ешқашан адаспайды.

Қыздарының мектепте орамал таға алмағанына ренішті ата-аналарға айтар едім: Егер үйде берген тәрбиеңіз түзу болса, қызыңызды иман негіздерімен отбасында сусындата білсеңіз, оған жасынан шынайы рухани тәлім берген болсаңыз, оның мектепте орамалсыз жүрген бес-алты сағаты қанына сіңген имандылықтан бір қадам да алыстата алмайды. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Ал отбасы тәрбиесі түзу болмаса, имансыздық дертінен баланы сандыққа салсаң да сақтап қала алмайсың.

– Түйін сөзіңіз?

«Өспейтін бала өнбейтін дауды қуады» дегізбей, болар елдің баласына тән басалқалы мінез танытайық. Кешегі жер дауы мен жесір дауына бүгін хижаб дауын қолдан қосып, буынсыз жерге пышақ ұрмайық. Қазақтың өзге дерті де аз емес. Жанашыр болсақ, соларды емдейік.

Мемлекетіміз мектептен тыс жерде орамал тұрмақ, бес парыздың ешбіріне тыйым салып отырған жоқ, керісінше барлық азаматтармен қатар мұсылмандардың сенім бостандығына барынша жағдай жасап отыр. Дін-қарындастарымыз сол ізгі заңдарды игілігіне тұтынсын. Сөйтсін де сондай мемлекетті нәсіп еткен Алла Тағалаға шүкіршілік танытып, бейбіт Отанына адал қызмет етсін. Өйткені Мұхаммед пайғамбардың хадисінде айтылғандай: «Отанды сүю – иманнан»...

Әңгімелескен Самат МҰСА,

«Егемен Қазақстан»

Просмотр содержимого документа
«Аскар Сабдин e-islam.kz»

25.04.2016

e-islam.kz

Аскар Сабдин: Борьба с иллюзией знаний

О том, каким образом компетентные органы «борются» с искоренением радикальных взглядов, мы поговорили с директором консультативно-реабилитационного центра «Ансар» Аскаром Сабдиным. 

– Аскар Калимжанович, что необходимо сделать для того, чтобы  изменить мировоззрение людей с радикальными взглядами?

– Самым важным элементом реабилитации является выявление уровня знаний радикала и доведение до него этого уровня. Без осознания собственной невежественности в религиозных знаниях, радикал не перестанет упираться в своих убеждениях, при этом постоянно ссылаясь на несколько заученных аятов и хадисов. Дело в том, что пропаганда нетрадиционных и деструктивных течений, а также интернет и другие современные средства глобализации, практически свели на «нет» понятие компетентности – особенно в исламских науках. Объявленные некоторыми течениями призывы «брать смыслы» напрямую из Корана и Сунны ввели некомпетентную молодежь, которая не знает языка Корана и Сунны, не знакома с принципами и методологией понимания первоисточников ислама, в самые сложные проблемы мусульманской теологии. К сожалению, проблемы ислама и мусульман сегодня не обсуждает только ленивый. Поэтому если радикал, условно говоря, признает свой низкий уровень знаний, то в дальнейшем с ним легко вести адаптационную работу. 

– Мы слышим о том, что радикалы объявляют людей не придерживающихся их взгядов неверными? Это болезнь?

– По сути это идейные вирусы. Некоторые эксперты называют это болезнью «охлократией в исламских науках», где каждый имеет право голоса в «прямом» понимании Корана и Сунны. Другие эксперты называют эту болезнь – «иллюзией знаний» или «синдромом богослова». В действительности эта анархия привела к тому, что «рядовому» мусульманину, которому в соответствии с хадисом о бедуине от Анаса ибн Малика и Тальхи достаточно 5 столпов ислама, вручаются полномочия мусульманских «генералов» – муджтахидов. И этот рядовой в «погонах генерала» повсеместно кого-то отправляет в ад, называя кафиром, мушриком, муртаддом, сахауатом, бидатчиком и заблудшим, а кого-то отправляет в рай, называя праведником, шахидом и братом. В общем, радикалу дают право вершить судьбами людей. И, безусловно, молодым людям эмоционально крайне привлекательно распоряжаться полномочиями исламских ученых и это основная причина их ухода в эти нетрадиционные течения и секты. Это одна из так называемых теологических спекуляций – наделение дилетантов компетенциями.  

– Как ханафитский мазхаб относится к теме компетенции в вопросах религии?

– Уместно отметить, что в отличие от различных течений, ученые ханафитского мазхаба настоятельно рекомендовали получать исламские знания от компетентных ученых. В качестве доводов приводились множество фактов, в том, числе и то, что сам Пророк Мухаммад (мир ему и благословение Аллаха) получал знания от Джибриля, как об этом сказано в следующем аяте: «Научил его обладающий могучей силой» (ан-Наджм -53:5).

Сподвижники в свою очередь получали знания от Пророка, последователи от сподвижников и таким образом в исламских науках сформировалась преемственность передатчиков знаний (иснад). Известны изречения имама Абу Ханифы, когда его спросили о группе самостоятельно занимающихся фикхом студентах, он спросил – «Есть ли у них главный (учитель, шейх)?». Когда ему ответили, что такого человека нет, он сказал: «Они, никогда не постигнут фикх».

– На ум приходит аят из Корана: «Скажи: «Неужели равны те, которые знают и те, которые не знают» (Зумар, 39:9)!

– Да, как известно, Коран и Сунна не признают «панибратства» и «уравниловки» в исламских знаниях. Еще один аят гласит: «Он дарует мудрость, кому пожелает, и тот, кому дарована мудрость, награжден великим благом...» (аль-Бакара, 2:269). В другом аяте сказано: «Ведь выше всякого обладателя знания есть знающий» (Юсуф, 12:76).

В этих аятах, говорится о неравенстве людей в знаниях. Кто–то является компетентным специалистом, другой обязан следовать (таклид) за учеными, как об этом сказано в следующем аяте: «Спросите людей знающих, если сами не знаете» (Коран-16:43).Упоминая вышеуказанные аяты, имам Муслим в предисловии к своему Сборнику, также указывал на то, что люди не равны в знаниях. Это же подтверждается хадисом о «Прощальной проповеди».

– Среди радикально настроенных групп немало тех, кто выводит всевозможные религиозные решения. Дозволено ли это в исламе?

– Существует значительное количество аятов и хадисов, запрещающих некомпетентному человеку выводить решение (иджтихад) в вопросах религии.  Например, Пророк Мухаммад говорил: «Если судья, проявивший усердие, вынес решение и оказался прав, то он получит двойное вознаграждение, а если он проявил усердие и ошибся, то одно». Кади ‘Ияд по поводу этого хадиса писал: «Нет разногласия и сомнения в том, что этот хадис относится к судье-ученому, чей иджтихад (выведение решения) является дозволенным. А что касается невежды, то он совершает грех за свой иджтихад в любом случае!». В том же ключе, высказались ан-Навави, аль-Куртуби и др.  Еще одним доказательством запретности выведения решения некомпетентными людьми является следующий аят: «Когда до них (мусульман) доходит весть о безопасности или опасности, они разглашают это. Если бы они обратились с этим к Посланнику и обладающим авторитетом среди них, то об этом от них узнали бы те, которые могут исследовать это» (Коран-4:83). Ибн ‘Аббас сказал о словах: «обладающим авторитетом среди них»: «То есть обладающие разумом и разбирающиеся в фикхе и религии». Также, Хасан аль-Басри и Катада в отношении этих слов сказали: «То есть вернуть это ученым». Имам аль-Багауи о словах: «об этом от них узнали бы те, которые могут исследовать это» сказал: «Это ученые, которые укажут на то, что следует умалчивать, а что следует распространять». По этому поводу, Ибн аль-Кайима, говорил: «Если исправление порицаемого (нахьй `аниль-мункар) повлечет еще больше зла или отдаление от Аллаха и Его Посланника (мир ему и благословение Аллаха), то изменять такое порицаемое запрещено! К подобному исправлению порицаемого относится выход против правителей-мусульман. Поистине, это является основой зла и смуты вплоть до Конца света!». Используя вышеуказанные и другие тексты, радикал должен убедиться в том, что он не имеет права выводить решения, в том, числе по таким проблемным темам, как такфир, джихад, джизъя и т.п. Эти и подобные вопросы рассматриваются «ахль аль-халли уаль-акд» - учеными и правителями. Некоторые люди положение о «ахль аль-халли уаль-акд» называют «шейхократией», что в корне не верно. Компетенции это сунна Аллаха, и если проблемой занимаются сведущие люди это проявление меритократии.

В этой связи повышение уровня осведомлённости у радикала является эффективным способом научить его более объективно оценивать собственный уровень компетенций. «Не изрекайте своими устами ложь, утверждая, что это – дозволено (халал), а то – запретно (харам), и не возводите навет на Аллаха…» (Коран-16:116)

–  Есть ли какие-либо хадисы, которые раскрывают все вышесказанное?

– Я бы отметил следующий хадис: «Поистине, наступят для людей такие времена, когда будут верить лжецам и перестанут верить правдивым, когда будут доверять изменникам и подозревать в измене тех, кто заслуживает доверия, и когда слово будет за рувайбида». Его спросили: «А кто такой рувайбида?» Он ответил: «Невежда, который будет говорить о всеобщих делах!».

– Я считаю, что этим хадисом все сказано. Спасибо за интересное интервью. 

Подготовил: Рахат АХМЕТ


Просмотр содержимого документа
«Екпе дерттан сактайды e-islam.kz»

21.04.2016

e-islam.kz

Екпе дерттен сақтайды

Соңғы жылдары елімізде екпеден бас тартатын ата-аналар саны еселеп арта түскен. Мамандар мұны тұрғындардың діни көзқарасымен байланыстырады. Мәселен соңғы деректерге сүйенсек, Ақтөбе облысында 2132 баланың ата-анасы екпеден бас тартқан. Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлімдеп отыр. Оның айтуынша, бас тартқандардың басым бөлігі Ақтөбе қаласында,  1171 адамды құраған. Сонымен қатар, Темір ауданында  287 және Мұғалжар ауданында  258 бала тіркелген. Ата-аналары екпеден бас тартқан 1247 балаға туылғалы бірде-бір екпе салынбаған.

Өткен 2014-2015 оқу жылында Ақтөбенің Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында оқушылар туберкулезбен жаппай ауырған болатын. Сол кезде дәрігерлер қауіпті дерттің дендеуінің себебін алдын-ала екпе алмаған балалардың көптігімен байланыстырған еді. Қазірдің өзінде бұл аудан екпеден бас тарту бойынша алдыңғы қатарда екен. Екпеден қашып, ауруын барынша жасырған ата-аналар балаларының басын өлімге тігіп отырғаны өкінішті.

Мамандардың айтуынша, Ақтөбе қаласында діни ұстанымына қарай екпеден бас тартушылар саны айтарлықтай артып, жыл сайын жүз сәбимен толығып отырады екен. Дәрігерлер бүгіннің өзінде дүние есігін ашқаннан бері түрлі  жұқпалы аурудан екпе алмаған мыңнан астам сәби тіркелгенін айтып дабыл қағуда. Түрлі себептермен екпе алмайтын балалар «ертеңгі күні бір сырқаттың жаппай тарауына себеп болуы мүмкін» дейді мамандар. Өйткені,  жаңа туылған сәби бір жасқа толғанша  түрлі вирустық  жұқпалы аурудан қорғайтын он екі екпе алуы тиіс екен. Бірақ, бұдан түбегейлі бас тартқан ата-аналар өте көп.

Екпе жасау қаншалықты пайдалы деген сұрақ қазіргі таңда ең көп талқыланып жатқан мәселе десек те болады. Екпе жасау дұрыс емес дейтіндер өз қарсылықтарын шариғатпен байланыстырады. Олар: «Ислам екпе жасатуға тыйым салады», «Екпе жасату – тағдырға қарсы шығу», «Вакцинация – шайтанның зәрі» деп біледі. Ал, медицина саласының мамандары ғылыми тәжірибелерге сүйеніп, екпе жасату дұрыс әрі қажет дейді.

Деректерге сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 4 миллионға жуық адам 21 түрлі инфекциялық ауруға қарсы егіледі екен. Ал иммундау шараларына бөлінетін қаржы соңғы 7 жылда 12 есеге артып, 15 миллиард теңгеге жеткен. Екпе ектірудің оң нәтижесін де көріп отырмыз. Мәселен, соңғы жылдары оба, күйдiргi, тырысқақ, конго-қырым қанды безгегі, полиомиелит сынды аса қауiптi жұқпалы дерттер елімізде тіркелмеген.

Дегенмен, осы екпе төңірегінде даулы мәселелер көп. Өткен жылы 1 қазаннан бастап елімізде арнайы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жатыр мойыны қатерлі ісігінің алдын алу үшін адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салынып, артынша Павлодар облысы Баянауыл ауданында осы ауруға қарсы егілген екі оқушы қыз аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді. Бұдан соң халықтың екпеге қарсылығы, тіпті, үдей түсті. Ал, мамандар «Кез келген вакцинациядан кейін баланың ағзасы оған өтпелі реакциямен жауап қайтарады. Себебі, бұл мерзім ішінде ағзаны инфекциядан қорғайтын күш жинақталуы керек. Бөгде зат енген денеде міндетті түрде әртүрлі реакциялар орын алатыны анық. Алайда, мұндай реакциялардың зардаптары инфекциялардың зиянымен салыстырғанда түк емес» дейді.  Соңғы жылдары елімізде жатыр мойны ісігіне шалдығатын нәзік жандылардың қатарының артқанын ескерсек, препаратты қабылдаған кездегі өтпелі реакцияға бола егуден бас тарту болашақта үлкен ауруға әкеліп соғатындығын да ұмытпау керек секілді. Осы орайда екпені ектіру ем бе, әлде дерт пе деген оймен медицина және дін мамандарының пікіріне жүгінгенді жөн санадық.

 

Мария ОМАРОВА, Х.Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор:

Менің ойымша, әлі де болса екпеге қатысты анық ақпараттар халыққа жеткіліксіз. Содан кейін халық қарақшылық жолмен шекара асып келген түрлі дискілерді көріп, екпе жөнінде теріс ақпараттың жетегіне еріп жүр. Елімізде инфекциялық ауруларға қарсы алғашқы вакцинация бала дүниеге келген соң төрт күн ішінде салынады. Бұл туберкулез бен «В» вирусты гепатитіне қарсы егіледі. Ал, бала екі, үш, төрт айға толғанда «В» вирусты гепатитіне, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, гемофильді инфекцияға қарсы салынады. Халық арасында екпенің тиімділігін кеңінен насихаттай түсу керек. Мәселен, соңғы 20 жыл ішінде қызамықпен ауыру 291 есеге, көкжөтел – 21 есеге, дифтерия – 96 есеге, эпидемиялық паротит – 122 есеге төмендеген. Сондай-ақ, екпе егу басталғанға дейінгі уақытпен салыстырғанда балалар арасындағы «В» вирустық гепатитімен ауыру 137 есе азайды. Осы секілді ақпараттар халыққа кең насихатталуы қажет. Бүгінгі таңда әр елдің балаларға, ересек адамдарға арналған вакцина салудың өзіндік ережелері бар. Қазақстан 1995 жылдан бастап 2008 жылдың ортасына дейін сол кестемен жұмыс жасап келді. 2008 жылдан бері Үкімет қаулысы бойынша ұлттық кестеге қосымша вакциналар енгізілді. Вакцинацияның көмегімен түрлі инфекциялардан болатын ауруларды барынша қысқартуға, тіпті ауруды жоюға да болатынын көріп отырмыз. Полиомиелит, дифтерия, қызылша секілді көптеген инфекциялардың таралуы осыған дейін әлемдік медицинада үлкен мәселе болып келген еді. Бүгінде екпе бұл мәселені толығымен шешті.

 

Темірғали ЖҰМАШ, ҚР ДСМ Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының меңгерушісі:

Қазір интернет кеңістігінде екпенің зиянын есептеген статистика өріп жүр. Ақпараттардың жалған екенін бірден білуге болады. Сол ғылыми зерттеусымақтар медициналық журналдарда емес, біреулердің блогында ілулі тұрады. Блог деген, кім не жазғысы келсе, соны жазатын жер емес пе? Көптеген мемлекеттердің тәжірибесінен көріп отырмыз. Халыққа екпе жасауға бірнеше жыл кедергі жасалса, жұқпалы аурулар үлкен бір аумақтарға таралып кетеді. Жаппай иммунизация жасау кедей, тұрғылықты жері нашар аумақтар үшін де жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Екпе – ғалымдар мен медицина қызметкерлерінің бірнеше ғасыр бойы іздеп, тапқан дәрісі. Мен күллі мұсылмандарды арандатуға ермеуді, вакцинация жасауға қарсы болмауға шақырамын. Екпе жасатқан адамдардың тек 5%-ы ғана дифтериямен ауырады екен. Иммунизация жасаудың арқасында жыл сайын қызылшадан, көкжөтелден, дифтериядан, сіреспе ауруы салдарынан өлетін адамдардың 2-3 миллионға азайды.

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ, «E-Islam» порталының бас редакторы, философия ғылымының кандидаты, дінтанушы.

Біздің Конституциядағы сияқты исламда да ең құнды нәрсе – адам өмірі. Ислам адам өмірін сақтауға, оны қорғауға әмір етеді. Сондықтан да Алла тағала адам денсаулығына зиян келтіретін нәрселерді арам етіп, пайдалы дүниелерді адал қылған. Ал енді түрлі дерттердің алдын алатын вакцинацияға келер болсақ, шариғатта бұған қарсы анық тиым салынбаған. Керісінше, дін ислам адам денсаулығын қорғау мақсатында кез-келген дертке қарсы күресуге шақырады. Мына мысалға назар салайық, халифа Омар (р.а) өз заманында Шам еліне сапарға шығады.  Жолда сол елдің оба ауруына шалдыққанын естіп, онда кірмей, «Пайғамбар (с.ғ.с) бір жерде оба болса, ол жерден шығуға немесе кіруге рұқсат бермейтін» деп, кері оралған. Халифаның мақсаты әлгі індетті жан-жаққа тарқатпай сол орында қалдыру еді. Қазіргі тілмен айтқанда, сол аймаққа карантин жариялаған. Ал енді Әбу Һурайра есімді сахаба пайғамбардың (с.ғ.с.) мынадай хадисін келтіреді: «Алла барлық ауруға шипасын қосып жаратқан».  Келесі хадисте: «Өлімнен басқа барлық аурудың шипасы бар». Яғни, адам шалдыққан дертіне қарсы ем жолын іздеуі міндетті. Өйткені, аталмыш хадисте әрбір дерттің нақты шипасы айтылмаған тек, жалпы түрде кез келген аурудың шипасы бар екені ғана көрсетіледі. Осылайша пайғамбар (с.ғ.с.) адам баласын түрлі дерттің шипасын іздеуге шақырады. Басқаша айтқанда «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» десек те болады. Ал вакцина салдыру – осындай дерттердің алдын алудың бір шарасы деп қарауымыз керек. Ойымды мына мысалмен нақтылағым келіп отыр. Исламдағы бес парыздың бірі – қажылық рәсімін алайық. Осындай қасиетті сапарға шыққалы тұрған қажыларымыз Мекке шаһарына аттанбас бұрын міндетті түрде түрлі ауруларға қарсы екпе салдырады. Бұл қажылық сапарына шығу шарттарының бірі. Мұны салмаған адам қажылыққа бара алмайды. Демек, екпе алу арқылы адам өзін әртүрлі аурулардан қорғайды екен.

Расында да, жер шарын түгел жайлаған оспа дертінің де көзі алғаш рет тек 1978 жылы вакцинация көмегімен жойылған. Ал, 2002 жылы әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда полиомиелиттi жою жұмыстары кеңінен қолға алынып, елімізде бұл дерт соңғы рет 1995 жылы тіркеліпті. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, әртүрлі вакциналардың арқасында жылына әлем бойынша 3 миллиондай сәби ажал тырнағынан аман қалып, тағы 750 мыңдайы мүгедек болу қаупінен арылады екен. Өкінішке қарай, қазіргі таңда 3 миллиондай сәби вакцинасы табылмаған түрлі жұқпалы аурулардан көз жұмады.

Айта кетер жайт, бірқатар мемлекеттер екпе алмаған балалар айналасындағы басқа балаларға қауіп төндірмес үшін, екпеден бас тартқан ата-аналардың балаларын балабақшаға, мектепке қабылдаудан бас тартқан. Елімізде қазір дүние есігін ашқалы бірде бір қауіпті жұқпалы дертке қарсы екпе алмаған сәбилер балабақшаға, мектепке барып жүр. Ал дәрігерлер мұндай балалар болашақта қоғам үшін қауіпті дегенді айтады. Сондықтан, дәрігерлер «енді мемлекет тарапынан мұндай ата-аналарға нормативті-құқықтық шектеулер қою керек» дейді. Бірқатар елдерде болған мұндай жағдайлар мемлекеттік деңгейдегі осындай шешімдер қабылдау арқылы шешуге қол жеткізілгенін ескерсек, бізге де заңдық тұрғыдан бір тыйымның қажет екені сезіледі.

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ 


Просмотр содержимого документа
«Еркимбек Шохаев ИГИЛ liter.kz»

30.04.2016

liter.kz

e-islam.kz

Еркимбек Шохаев: ИГИЛ – путь в пропасть

По данным Генпрокуратуры РК, количество казахстанцев, участвующих в боевых действиях на стороне международных террористических организаций, составляет более 200 человек без учёта выехавших с ними членов семей. К сожалению, фиксируются и новые случаи попыток выезда наших сограждан. Для получения экспертного мнения по проблеме религиозного радикализма, а также по другим вопросам из сферы религии, мы обратились к руководителю управления по делам религий Атырауской области Еркинбеку Шохаеву.

 – Об антигуманной и криминальной сущности ИГИЛ говорится постоянно. Почему же до сих пор наши граждане пытаются выехать в горячие точки?

– К сожалению, несмотря на проводимую системную работу государственных органов в этом направлении, не прекращаются попытки некоторых радикально настроенных граждан попасть в ряды террористической организации ИГИЛ.

Здесь нужно отметить несколько моментов. Первое – попытки выехать в горячие точки предпринимаются со стороны радикальной части последователей такфиризма ввиду их длительной и основательной обработки радикальными идеями.

Второе – вербовщики ИГИЛ, используя возможности Интернета и социальных сетей, продолжают проводить активную информационную пропаганду своих радикальных идей. Например, информационно-технические приспособления, такие как бесплатный мессенджер WhatsApp и другие, позволяют в закрытых группах, куда обеспечен вход только проверенным людям, проводить идеологическую обработку.

Граждане, которые предпринимают попытки выезда для участия в вооруженных конфликтах, не осознают всю трагичность последствий такого шага. Приведу в пример случай, когда из Южно-Казахстанской и Атырауской областей некоторые последователи такфиристских идей уехали в Сирию со своими семьями. Спустя время отцы семейства ставшие боевиками ИГИЛ, были убиты, а их жены и дети остались на произвол судьбы на чужбине. Никому не нужные, без чьей-либо защиты и помощи, семьи убитых боевиков теперь хотят вернуться назад, однако не могут. И неизвестно, какая судьба их ждет.

Какая работа проводится вами по предотвращению выезда наших граждан в зоны конфликта?

– В истории много примеров того, когда в борьбе за власть искажались гуманистические и миролюбивые принципы религии. Результаты таких «экспериментов» трагичны, так как радикализация сознания, а также догматизация и абсолютизация своих взглядов всегда приводила к кровопролитию. Иногда звучат мнения о том, что радикальные взгляды заблудшего человека невозможно исправить, но мы никогда не должны прекращать попыток донести до их сознания простые истины о том, что радикальные взгляды губительны для него самого, они разрушают его семью и несут угрозу национальной безо­пасности.

В этом плане необходимо постоянное совершенствование механизмов профилактики экстремизма и терроризма, методов реабилитации и дерадикализации взглядов последователей деструктивных течений, а также усиленная пропаганда общечеловеческих и национальных ценностей.

Особо хотелось бы отметить проекты, которые нами были реализованы через такие жанры искусства, как театр и кинематография. Так, в 2013 году по заказу акимата Атырауской области в областном театре имени Махамбета Отемисова был поставлен спектакль «Хақ жолы» (Дорога истины).

Также впервые в Казахстане мы реализовали новый проект – сняли 5-серийный художественный фильм «Өмірзая», освещающий тему «идейно заблудщих» молодых людей, которых радикальные религиозные взгляды завели в жизненный тупик.

Мы постоянно совершенствуем работу в этом направлении. Информационно-разъяснительные, профилактические работы государственных органов с привлечением имамов мечетей Духовного управления мусульман Казахстана и представителей неправительственных организаций дают свои плоды. Сегодня можно с уверенностью говорить о том, что наши граждане достаточно информированы о деструктивной сущности религиозных течений радикального толка.

В последнее время мы часто слышим слово «секс-джихад» («интимный джихад»). В чем причина появления и распространения такого шокирующего явления?

– Во-первых, у тех, кто вою­ет в рядах ИГИЛ, нет никакой морали. О какой морали может идти речь, когда они отрезают людям головы, демонстративно снимая все это на видео? Или когда один из боевиков обучает своего малолетнего ребенка играть в футбол, пиная отруб­ленную голову убитого солдата? И разве после этого можно удивляться возникновению в их среде так называемого «секс-джихада»?

Во-вторых, ИГИЛ в ХХІ веке заставляет жить захваченное население по средневековым законам. Всех, кто встречается у них на пути, они либо убивают, либо делают рабами. Призывами к «брачному джихаду», а также лживыми разговорами о счастливой и правильной жизни они заманивают женщин, чтобы в дальнейшем использовать их в качестве секс-рабынь или в качестве товара для продажи.

В-третьих, радикалы разработали технологию обработки и заманивания незамужних и овдовевших женщин, а также несовершеннолетних девушек. Их легче всего заманить, так как кто-то из них не обрел женского счастья, кто-то потерял опору в жизни, а кто-то в силу возраста и неустоявшихся взглядов подвержен влиянию искусных вербовщиков.

Я бы посоветовал нашим женщинам и молодым девушкам проявлять осторожность, посещая интернет-сайты религиозного содержания, где в большинстве случаев присутствуют вербовщики ИГИЛ. Потому что ни одна девушка или женщина, в особенности те, кто входит в потенциальную целевую аудиторию радикалов, не может быть уверена, что не попадется на удочку интернет-агитаторов.

Что следует предпринять для того, чтобы население не попадало под влияние интернет-вербовщиков?

– В этом вопросе я хотел бы апеллировать к гражданам страны, особенно к родителям – не быть равнодушными к окружающим вас близким людям, интересоваться, чем заняты ваши дети, и знать их интересы.

Не хочу никого пугать, но я считаю, что без родительского интереса и озабоченности к жизни детей и должного общения с ними их легко потерять. Они могут примкнуть к группе, где их выслушают и уделят должное внимание. И нет никаких гарантий, что эта группа не окажется деструктивной.

А также продолжить работу по повышению у населения грамотности по вопросам религиозной сферы, потому что мы часто видим, что элементарная религиозная неграмотность самих родителей порой является первопричиной того, что дети становятся приверженцами радикальных течений.

В этих целях мы активно размещаем информационные материалы в печатных изданиях и на телевидении, а также ежегодно выпускаем социальные видеоролики, посвященные как профилактике и противодействию экстремизму и терроризму, так и пропаганде национальных и традиционных семейных ценностей. Наши ролики транслируются и тиражируются не только на областном, но и на республиканском уровне.

Общественность особо беспокоит проблема так называемых радикалов. Как вы оценили бы вероятность возвращения приверженцев таких радикальных взглядов в традиционное русло?

– Людей, которые подверг­лись влиянию сторонников радикальных взглядов, условно можно разделить на три категории.

Первая категория – глубоко вовлеченные лица, которые на теоретическом уровне полностью прониклись идеями деструктивного религиозного течения и фанатично их проповедуют. Такие люди становятся лидерами больших и малых групп, вокруг которых обычно группируются представители второй и третьей категории.

Вторая категория – лица, которые также искренне верят в деструктивные учения, но при этом не имеют соответствующего багажа религиозных знаний и теоретической подготовки.

Третья категория – это лица, которые только-только становятся последователями радикальной идеологии.

Работа с каждой из категорий имеет свою специфику. Работа с лицами третьей категории для теологов не составляет особой трудности, они менее подвержены влиянию радикалов. Проблема лиц второй категории в том, что они прошли критическую точку радикализации и не признают никаких наставлений, кроме фетв и советов своих «псевдошейхов». Большинство приверженцев деструктивных течений обычно относятся к этой категории лиц. С такими людьми нужно проводить разъяснительную работу с привлечением опытных теологов. А что касается лиц первой категории, это наиболее проблемная аудитория, для работы с ними потребуется более длительное время, а также комплексный и системный подход.

Что вы сказали бы человеку с радикальными религиозными идеями, если бы он попросил вашего совета?

– Во-первых, я ему посоветовал бы постигать мудрость ислама с помощью квалифицированных имамов мечетей ДУМК, которых в настоящее время в нашей стране становится все больше и больше.

Во-вторых, быть более критичным к тому, что говорят и навязывают ему новоявленные «шейхи». Нашей молодежи необходимо осознать, что увлечение ложными и деструктивными идеями может привести к непредсказуемым плачевным последствиям. Поэтому лучше остановиться перед пропастью, чем упасть в нее.

К сожалению, выезжающие за границу обманутые «иллюзиями» граждане не всегда осознают всю трагичность своих решений. Многие из них даже не знают и не понимают азбучные условия ислама, их обработанный мозг не принимает другой информации, кроме своих лжешейхов. Они вбили себе в голову, что ислам нуждается в их защите. Хотя очевидным является то, что заблуждаются именно они.

Религия ислам учит миролюбию, и истинным джихадом является борьба со своими нафси (пороками) и со своими внутренними недостатками.

Наше государство является светским, и право граждан на свободу вероисповедания закреплено Конституцией страны. Поэтому нашим гражданам не из-за чего совершать «хиджру» под каким-либо предлогом и участвовать в чужой войне. Подвергать опасности себя и жизни близких вам людей является безумием и противоречит истинным ценностям ислама.


Просмотр содержимого документа
«М__хан ИСАХАН e-islam.kz»

26.04.2016

e-islam.kz

ДАИШ – исламға жат құбылыс

ДАИШ бір күнде пайда болған жоқ. Сарапшылардың пікірінше, ДАИШ-ті ойынға қосу үшін алдын ала жан-жақты дайындық жүргізілген. Өйткені, жоспарлы ұйымдастырылмастан тоқсан елдің террористері бір уақытта Сирия мен Иракта бірігіп, үлкен көлемдегі әскери іс-қимылдарды жүзеге асыруы әсте мүмкін емес.

Мұсылман мемлекеттерімен қоса ислам діні аз таралған елдерден әп-сәтте содырлардың пайда болып, Таяу Шығыста бір мезгілде бас түйістіруі осыны әйгілесе керек. Ал, сыбдырын білдірмей, үлкен ойынды ұйымдастыру үшін қараниет күштер адамдарды арбаудың ең озық технологияларын пайдаланды.

Әбу Мұса әз-Заркауи тарапынан 2004 жылы Иракта «Таухид и-жиһад» деген атпен «Әл-Кайданың» бір қанаты ретінде құрылған лаңкестік топқа 2011 жылы Әбу Бәкір әл-Бағдади жетекшілік жасағаннан бастап ұйымның атауы «Әд-Дәулат әл-Исламия фил-Ирақ уәш-Шам»болып өзгертілді. ДАИШ – негізінен Латакия жерінде ислам халифатын құруды көздейді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қазір лаңкестік ұйым Ирак пен Сирия үкіметінің әскери күштерімен және өздерін қоштамаған өзге де топтарға қарсы қанды қырғын соғыс жүргізуде.

Әсілі, ДАИШ тарих сахнасына шыққан күннен сын садағына ілінді. Содырлық топтың сойқан іс-әрекеттері Сирия мен Ирак жеріне қарақұйын пәлекет алып келді. Ұйымның әрбір ісі көпшілік қауымға қорқыныш пен үрей салды. Былтырғы жылы 126 мұсылман ғұламасы ДАИШ-тің іс-әрекеті ислам құндылықтарымен ұйыспайтынын айтып жаһанға жар салды. Қазір ұйымның экстремистік пиғылда, іс-қимылы террорлық сипатта екендігі әмбеге аян. Алайда, ДАИШ өздерінің жасап жатқан қанды қырғынын ислам дінімен байланыстыруын доғарар емес. Ең сорақысы, қанды-қасап қылмыстарын «Халифат» атымен жасауында.

ДАИШ-тің өздерін «Ислам халифаты» деп жариялауы дін негіздермен мүлде сәйкеспейді. Оған қарсы бірнеше дәйекті уәж келтіріп өтер болсақ:

Біріншіден, мұсылман ғұламаларының көпшілігі Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.): «Үмбетім халифатта отыз жыл өмір сүреді. Одан кейін патшалық билік пайда болады» (Сафина (р.а) жеткізген) деп айтқан өсиетін негізге алып, «халифат құрамын» деген бастамаларды қостамайды. Расында да, ислам тарихында Мұхаммед пайғамбардан (с.а.с.) кейін хз.Әбу Бәкір, хз.Омар, хз.Осман, хз. Әли дәуірінде мұсылман үмбеті отыз жыл халифат дәуірінде өмір сүрді. Одан кейінгі омаядтар мен аббасидтер және т.б мұсылман мемлекеттері халифат шарттарын сақтай алған жоқ. Себебі, шариғат бойынша халифат құрушы көшбасшының билігі мынадай шарттардың негізінде ғана легитимді болып есептеледі:

А) Құрайыш тайпасынан болу;

Ә) Баят (көпшіліктің сенім білдіруі);

Б) Шура (кеңесу);

Д) Әділеттілік орнату.

Жоғарыда аталған Мұхаммед пайғамбардан (с.а.с.) соң мұсылман үмбетіне көшбасшы болған хз. Әбу Бәкір, хз. Омар, хз. Осман, хз. Әлидің тұлғалық келбеті осы төрт шартқа лайықты болғандықтан олар халифтік билікке қол жеткізе алды. Одан кейінгі билеушілер бұл шарттарға толық сай келмеуі себепті, олар халифат билігін орната алмады. Мысалы, омаядтар билігі тұсында исламдық саяси жүйе негізінен «Умая» әулетіне қызмет етті. Сол секілді, аббасидтер династиясы кезінде де ислам мемлекеті «Аббаси» әулетінің мүддесін көбірек қорғады.

ДАИШ-тің құрылу негізіне келетін болсақ,  ешқандай мұсылман ғұламалары кеңесінің (шура) батасын алмаған және көпшілік қауымның сеніміне ие (баят) болмақ түгілі Сирия мен Ирак жерлерін күшпен жаулап алып, мұсылмандарды қойша қырған ұйымның сықпыты шариғат шарттарындағы халифат ұғымымен мүлде жуыспайды.

         Екіншіден, шариғатта «дарул-муслимин» деген ұғым бар. Бұл термин мұсылмандар өмір сүретін мемлекет деген мағынаны береді. Алғашқы кемеңгер төрт халифтан кейін өмір сүрген Омая, Аббаси, Фатими, Ғазнауи, Қарақан, Мәмлүк, Осман т.б патшалықтар халифат саналмағанымен, мұсылман мемлекеттері болып есептеледі. Мұсылман мемлекеті (дарул-муслимин) деп бір жоғары саяси ұйымды тану үшін үш шарт сақталуы керек. Олар:

А) Халықтың басым бөлігінің мұсылман болуы;

Ә) Мемлекетті мұсылман басшының басқаруы;

Б) Діни ритуалдардың орындалуына жағдай жасалуы. 

Қазір ДАИШ лаңкестері біраз аумағын күшпен жаулап алған Сирия мен Ирак мемлекеттерінің халқының басым көпшілігі ислам дінін ұстанады. Мемлекет басшылары мұсылман және діни құлшылықтарды орындауға ешқандай кедергі жоқ. Яғни, Сирия мен Ирак елдері мұсылман мемлекеттерінің  (дарул-муслимин) санатына жатады. Ал, шариғатта мұсылман мемлекеттеріне қарсы діни соғыс жасауға болмайды. Демек, ДАИШ-тың шариғат бекіткен шарттарсыз халифат құруы, мұсылмандарды қасиетті күреске үндеуі, заңсыз әскери құрылымдар құруы ислам негіздеріне қарама-қайшы келеді. Тіпті, түбірімен қате, мүлде адасқандық десек асыра айтқандық емес.

Қарақұйын пәлекетті ұйымдастырушы ДАИШ ұйымы кіл жанкештілерден тұратын жасақты құру үшін кез келген пендені иліктіретін не түрлі айла-амалға жүгінген. Олар бірінші кезекте ел ішіндегі әлеуметтік әлеуеті төмен, қаржы тапшылығы жан алқымнан алған жандарды ақшаға қызықтырумен «жиһадқа» азғырады. Кедейшілік өтіп кеткен әлеуметтік топтар қаржы қыспағынан шығу үшін амалсыздан жалдамалы әскер (легионер) ретінде айқайға сүрең (жиһад ұранына) қосады. Жоқ-жітікті ақшамен «жиһадқа» еліктірсе, керісінше, бай-бағланды бар жиған дәулетін «жиһадқа» сарп етуге шақырып, жомарттық жасағаны үшін жәннатты сүйіншілейді.

Лаң салуға үндеушілердің қоғамда орын алып жатқан әділетсіздікті жазғырып, өрескелдіктің орнын «жиһад» жасаумен ғана толтыруға болады деген насихаттары да өз жемісін берген. Айталық, ДАИШ-тың сапында әлеуметтік теңсіздік көрген содырлардың саны анағұрлым көп. Сондай-ақ, саяси көзқарасты ашық айтуға қысым жасайтын елдердің азаматтары қарсылық (протест) танытудың баламасы ретінде «жиһад» ұранын көтеруге дайын тұрады. Әсіресе, әлі империалистік пиғылынан бас тартпаған РФ мен ҚХР және т.б. алпауыт елдердің езгісіндегі ұлт өкілдері қарсылық көрсетуді «жиһад» жасаумен алмастыруға бейім болып келеді.

Қазір қоғамда отбасы құруда жолы болмаған және өмірден өз орнын таппай психологиялық күйзеліске ұшыраған азаматтардың саны өте көп. Олар ішкі күйіктің орнын басар баламалы жол іздейді. Өмірден қатты теперіш көрген жандар үшін таңсық бір істі жасау, өзін әбден меңдеп алған психологиялық дерттен оңай арылу секілді болып көрінеді. Арбаушы топ осындай өз-өзін кем сезінген бейбақ жандарды тұзаққа тез түсіреді. Әлбетте, ол үшін арбаушылар адамдармен арнайы жеке-жеке жұмыс жасайды.

«Жиһадқа» үндеушілер мұсылманшылдық сезімді қоздыру арқылы да жанкешті содырлардың сапын арттыруда. Мысалы, олар «Таза Исламды тек Сирия көтерілісшілері ұстанады» деген жалаң идеологияны құрал етеді. Сириядағы үкімет армиясының адам айтқысыз зорлық-зомбылығын алға тартып, олардан кек алуға үндейді. Башар Асадтың шииттік сенімін ұстанатынын алға тартып, «Сирия халқы залымдар мен мүшріктердің қорлауында болмауға тиісті» деп, сүннит мұсылмандарды «жиһадқа» желіктіреді. Жалған хадистерді дәлел ретінде ұсынып, шахид белбеуін тағуға шақырып, оның есесіне жұмақты уәде етеді.

Ислам шариғаты уақытша некеге (мута) ада-күде тыйым салса да, азғырушылар жыныстық жиһад жасауға өздерінің ойдан шығарылған хадистері мен негізсіз тұжырымдарын пайдаланады. Қаза тапқан содырлардың жесір әйелдерін өзгелермен күштеп некелестіріп, жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлейді. Қыз-келіншектердің махаббат сезімін де өз мақсаттарына пайдаланады. Осы тұрғыда талай бейбақ қыз-келіншектің опық жеп қалғандығы БАҚ-та жиі жарияланды.

Ислам елдерінде «жиһадқа» үндейтін арнайы топтар жұмыс істейді. Олар көбінесе ірі қалалардағы мұсылмандар көп бас қосатын орындарда өз үгіт-насихаттарын жүргізеді. Өздеріне қарай иіліккен азаматтарды арнайы дайындықтан өткізетін лагерьлерге аттандырады. Ал, батыс елдерінен ДАИШ-ке адам тарту үшін, негізінен, интернет ресурсын пайдаланады. Әсіресе, әлеуметтік желілерде тартысты тақырыптардың қоламтасын үрлеп, шетін көзқарастарды жақтауға пейілді азаматтарды өз қатарларына оңай қосып алады. Яғни, қаныпезер азғырушылар әрбір индивидпен жеке-жеке жұмыс жасауының арқасында әлемді қанға бөктірген исламофобтық сипаттағы ДАИШ ойынының қызығына батуда.

Мұхан ИСАХАН,

E-Islam порталының меншікті сарапшысы 


Просмотр содержимого документа
«Таблица публикации»

Қосымша


Өңірлік БАҚ беттерінде жариялауға

ұсынылатын мақалалардың тізімі:


Мақала атауы

Авторы

БАҚ

атауы

Шығу мерзімі

Оқушы қыз тәрбиесі – орасан жауапкершілік

Айнұр ӘБДІРӘСІЛҚЫЗЫ, филология ғылымдарының кандидаты

«Егемен Қазақстан»

27.04.16

Борьба с иллюзией знаний


Аскар Сабдин, директор консультативно-реабилитационного центра «Ансар»

e-islam.kz

25.04.2016

Екпе дерттен сақтайды


Мамандармен сұхбат

e-islam.kz


21.04.2016


ИГИЛ – путь в пропасть

Еркимбек Шохаев, Руководитель управления по делам религий Атырауской области

liter.kz

30.04.2016

ДАИШ – исламға жат құбылыс



Мұхан ИСАХАН, E-Islam порталының меншікті сарапшысы 

e-islam.kz


26.04.2016


Қазақтың іздейтін жоғы көп

Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ, ҚМДБ жанынан құрылған ақылдастар алқасының мүшесі

e-islam.kz

26.04.2016




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?аза?ты? іздейтін жо?ы к?п

Автор: ?мірза? Оз?анбаев

Дата: 21.05.2016

Номер свидетельства: 329140


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства