kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ғаламторға қамалған жастар" мақала

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі таңда жаңа технологиялардың компьютердің, оның ішінде ғаламтордың mail.ru қызметтеріне жүгінбейтін адам кемде кем. Әсіресе, түрлі компьютерлік ойындарсыз балалар мен жасөспірімдердің күндері өтпейтін болды. Компьютердің адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін білсе де, егізінің сыңарындай айырылар емес. Компьютерде жұмыс істеп, оны пайдаланып, уақытын үнемдеп жатқандарға ешкімнің де қарсылығы да, дауы да жоқ. Дегенмен, алаңдайтынымыз бесіктегі баладан бастап, компьютерлік ойындарға үйір болып, уақытын текке өткізіп жатқаны.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ғаламторға қамалған жастар" мақала»





Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылы

«М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» кмм

Педагог-психолог Даулетова Гульнур Болатовна



Ғаламторға қамалған жастар

Қазіргі таңда жаңа технологиялардың компьютердің, оның ішінде ғаламтордың mail.ru қызметтеріне жүгінбейтін адам кемде кем. Әсіресе, түрлі компьютерлік ойындарсыз балалар мен жасөспірімдердің күндері өтпейтін болды. Компьютердің адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін білсе де, егізінің сыңарындай айырылар емес. Компьютерде жұмыс істеп, оны пайдаланып, уақытын үнемдеп жатқандарға ешкімнің де қарсылығы да, дауы да жоқ. Дегенмен, алаңдайтынымыз бесіктегі баладан бастап, компьютерлік ойындарға үйір болып, уақытын текке өткізіп жатқаны.

Байқап қарасақ, бүгінде ғаламтор жастардың айнымас бір бөлігіне айналғандай. Өйткені, жолда, жұмыста, тіпті ас ішіп отырса да ұялы телефонға немесе агентке телмірген жастарды көретін болдық. Басым көпшілігін сыртқы орта, айналасы, ата-анасы, достары, оқу мәселесі қызықтырмайтыны соншалық, ғаламторға сүйеніп, кітап оқуды, ізденуді қойды десек те болады. Өйткені, ғаламторға кіріп, керекті мағлұматтың атын жазсаңыз болғаны, түрлі рефераттар, зерттеулерді тауып, дайын нәрсені шығарып, мұғалімге өткізе салады. Бұрындары бесік жырын, әжесінің ертегісін тыңдайтын бала, қазір компьютердің ойындарын, ғаламтордың мағлұматтарын тыңдайды. Көзінің майын тауысып кітап оқып, кітапхана табалдырығын тоздыратын оқушы, бүгінде интернет клубтың табалдырығын тоздыруда. Бұрындары Қыз жібек пен Төлегендей жарасып, сезімдерін көзбен ұғынған жастар бүгінде агентпен ұғанатынтай дәрежеге жетті.
Сонымен қатар, сүйегі енді қатып келе жатқан баланың компьютер алдында ұзақ отырғаннан көзі талып, жотасы сыздап, тәй-тәйлап қадам басқаннан-ақ көзілдіріктің көмегіне жүгініп жатқаны. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсерін тигізіп қана қоймай, баланың ұдайы отырғанынан түрлі ауруларға шалдығатынын жақсы біледі. Онымен қоса, компьютерге енгізілген ойындар атыс-шабыс, қан төгу және жауыздыққа бағытталған болып келеді. Осы ойындарды бала ойнағаннан, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздеріңізде білесіздер. Сөйте тұра, көп ата-аналар балалардың қолына ақша беріп немесе компьютер әперіп, тіпті ғаламторға да қосып қойып жатады.
Ұдайы компьютердің алдында отырып, аталмыш ойындарды ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратынын дәлелдеген. Бүгінде еліміздің барлық аймақтарында ақша табудың оңтайлы жолын тауып алған. Яғни компьютерлік ойынханалар ашып, оларды жақсылап жарнамалап, еңбектеген баладан еңкейген қариямызға дейін өздеріне тартып қана қоймай, жаман қылықтарға, тәуелділікке, түрлі қылмыстарға бағыттап отырғаны айқын. Осы ойындардың орнына өзіміздің ұлттық ойындарымызды насихттап, балаларды қызықтыра отырып баулыса, неге ойнамасқа. Тек бізде бұған ниет жоқ.
Компьютер ойындарының қандай сиқыры барын, әйтеуір үлкен-кіші бір бөлмеге тығылып, таза ауа, көпшілікпен араласуды қойып, сол ойындардың ішіне әлдеқашан еніп кеткен. Оған дәлел, статистикалық мәліметтер бойынша күніне интернет клубтарға 200 адамға жуық кіреді екен. Оның дерлік көпшілігі он-он алты жас аралығындағы балалар, ең кіші келушілердің жас шамасы бес-алты жастағы бүлдіршіндеріміз екен. Көпшілігі үш сағат шамасына үзіліс жасамай тапжылмай отыратын көрінеді. Егер де әрбір екінші адамның үйінде компьютер барын ескерсек, ол балалардың болашағы қалай болады деп еріксіз ойға бата­сың. Әрине, адам өмірінде өте пайдалы, керекті құрал екеніне ешкімнің дауы жоқ. Дегенмен, сол компьютердің пайдасынан гөрі зияны шаш етектен екенін бірі білсе, бірі білмес.
Мысалы, 2002 жылдың, наурыз айында 21 жасар американдық Шон Вили виртуалды EverQuest он-лайн ойынында жеңіліске ұшырап, жүйке жүйесіне әсер еткені сонша­лық, өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл бір ғана мы­сал, мұндай жағдайлардың күнделікті өз елімізде де қаншамасы болып жатқаны анық. Кейбір жастарымыз ғаламторға кіріп, шетелдерге телефон соғып 200-мыңнан 500 мыңға дейін қарыз болып, соның салдарынан өмірлерімен қош айтысып жатады. Тіпті, 17-18 жас шамасындағы жеткіншектеріміздің арасында дәл осы компьютерлік ойындар үшін айлап далаға шықпайтындары да кездеседі екен. Кейбіреулері он-лайн ойынынан бір сәтке де қол үзбес үшін агорафобиямен ( ашық кеңістіктен қорқу) ауырамын деп мүгедектік алуға тырысып баққан екен.
Көптеген психологтардың зерттеуіне қара­ғанда, компьютерлік ойын үстінде адамның ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті мен рефлекстері жұмыс істейтінін анықтаған. Қияли әлемге жіпсіз байланғандардың көпшілігі күнделікті өмірде көптеген қателіктерге бой алдырады екен. Себебі, компьютердегі бейнелер шынайы өмірге мүлдем ұқсамайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, аталмыш ойындардың әсерінен қол саусақтары сіңірлеріне шамадан тыс күш түсіру нәтижесінде дертке ұшырайтынын және әлемде компьютермен жұмыс жасайтын әрбір екінші адам осы аурумен ауыратын айтып отыр.
Шын мәнінде, жас бүлдіршіндер виртуалды әлемнің арқасында уақыт еншісінен тысқары қалып, айналадағы шынайы тіршілікке деген қызығушылығының төмендейтіні белгілі. Ол ас ішу уақытын өткізіп, ұйқы тәртібін бұзып, сыртқы келбеті мен гигиенасына көңіл бөмейтіні шындық. Соның салдарынан көптеген балалардың саусақтары пернетақта басып отырғандай қалтырап, бас ауруы жиілеп, көздері ашып, ұйқы барысында көретін түстерінің мазмұны өзгеріп, бір сөзбен айтқанда бала психологиясы түрлі ауруларға шалдығады.
«Жастықта үйренеді, есейгенде түсінеді» деген тәмсіл бар. Дей тұрғанмен бүгінгі біздің жастарымыздың үйренетіні компьютер және оның ішіндегі ойындармен шектелетінін ескерсек, ұлғайғанда қандай боларын елестету қиын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"Ғаламторға қамалған жастар" мақала

Автор: Даулетова Гульнур Болатовна

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 406851

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Әлеуметтік желінің бала денсаулығына зияны"
    ["seo_title"] => string(48) "lieumiettik_zhielinin_bala_diensaulyg_yna_ziiany"
    ["file_id"] => string(6) "407091"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1491459656"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Отбасы т?рбиесі-?лт болаша?ы» "
    ["seo_title"] => string(32) "otbasy-t-rbiiesi-u-lt-bolashag-y"
    ["file_id"] => string(6) "157065"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421521690"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) ""?ыз баланы  т?рбиелеу-?лтты  т?рбиелеу" баяндама"
    ["seo_title"] => string(43) "kyzbalanytrbiielieuulttytrbiielieubaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "263799"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449594270"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(202) "« Мектеп кітапханасы – балаларды? білім алуында?ы,?арым –?атынасында?ы, бос уа?ытында?ы шы?армашылы? зертхана». "
    ["seo_title"] => string(117) "miektiep-kitapkhanasy-balalardyn-bilim-aluyndag-y-k-arym-k-atynasyndag-y-bos-uak-ytyndag-y-shyg-armashylyk-ziertkhana"
    ["file_id"] => string(6) "178090"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424774798"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "АВТОРЛЫ? БА?ДАРЛАМА "Кітап ?лемі" о?ырман -балалар клубы "
    ["seo_title"] => string(55) "avtorlyk-bag-darlama-kitap-liemi-ok-yrman-balalar-kluby"
    ["file_id"] => string(6) "178107"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424776577"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства