kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әлеуметтік желінің бала денсаулығына зияны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әлеуметтік желінің бала денсаулығына зияны

          Ғаламторға, оның ішінде қоғамдық желілерге тәуелді жастар ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша осы әуестігі нәтижесінде өзіне деген сенімділігін жоғарылатады екен. Психологтар қоғамдық желілер арқылы танысып, тілдесу адамның батылдығына, өзіне беретін бағасына әсер ете алады, ол көрсеткіштерді жақсы жаққа қарай өзгертеді дейді. Алайда мамандардың айтуынша қоғамдық желіге құмар жандар күнінің көп бөлігін компьютердің алдында отырып өткізеді. Сол себепті олар артық салмақ жинағандарын да байқамай қалады екен. Тағы бір қызық жайт: компьютер мен ғаламторға әуес жандардың банкротқа ұшырап, бар жиғандарынан айырылу мүмкіндіктері жоғары екен. Зерттеулерге мүлдем компьютер қоспайтын, қоғамдық желілерді бірнеше сағат және күні бойы отыратындар да қатысты. Нәтижелер қуантпады: ғаламторға тәуелді болғандардың басым бөлігі компьютердің алдында тамақ пен газдалған сусындармен отырады. Сондай-ақ, неге екені белгісіз, компьютер алдында бар уақытын өткізетіндердің кредиттері бойынша қарыздары және басқа да ақшалай қиындықтары көбірек. Сонымен, ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келе алады дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де  жасырмайды.
    Ойынның мақсаты - нақты білмедім. Біреулер сатанистер шығарған дейді. Меніңше, псиxикалық ауытқуы бар біреулер ойлап тауып, сонымен кең таралған болу керек. Алдымен Ресейде, қазір Қазақстан мен Қырғызстанда таралып жатыр екен.

Ойынның барысы - жас өспірімдер #я в игре #синий кит #тиxий дом #разбуди меня 420 сияқты xештегтермен фото салады да, сонымен оған кураторлар xабарласады. Осылай 50 тапсырманы жас өспірім орындап бастайды. Соңғы тапсырма асылып өлесің бе, әлде секіріп өлесің бе деген сұрақ болады. Бұндай сұрақты қоймас бұрын жас қатысушыға бір сілтеме жібереді. Сол сілтемеге кіргенде, қатысушының IP адресі сақталып қалып, адресі және т.б. интернет орнатылған жердің мәліметтері шығады. Сен жайлы барлық мәліметтерді білеміз деп баланы қорқытып, егер сен тапсырманы орындамасаң, туыстарыңды өлтіреміз немесе өзіңді әрдайым аңдып жүреміз дейді. Бұндай қорқытудан соң, бала амал жоқ тапсырманы орындап, өз-өзіне қол жұмсайды. Баланың псиxикасында осы жолмен ата-анама, жақындарыма көмектесемін деген «ізгі ой» пайда болады.

Неге «көк кит»?

     Естуімше, көк кит - суицид жасаушылардың символы екен. Себебі көк киттер көбіне теңіздің жағаларына шығып қалып, өздерін өлтіріп алады дейді.

Бірнеше күннен бері желіде «Синий кит», «Тихий дом» сияқты әлеуметтік желі арқылы жасөспірімдерді өзі-өзіне қол жұмсауға итермелейтін топтар тақырыбы кең талқылануда. Ішкі істер министрлігі берген ресми дерек бойынша, 2016 жылы жасөспірімдердің өзіне қол жұмсауға итермелеу бойынша 9 қылмыстық іс қозғалған. Бірақ оларға әлеуметтік желілер мен топтардың тигізген ықпалы жайлы еш мәлімет жоқ.

    Осыған орай бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында мұндай виртуалды ойындар мәселесінің өзекті болып отырғанын айтты. «Бірақ аталған күдікті ойындарды БАҚ-тың қайта-қайта еске салуы – күмәнді қауымдастықтарға жасалған жарнама екенін ұмытпаған жөн», деді министр. Ал ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев БАҚ өкілдерін осы тақырыпқа қатысты ақпараттарды тек құзырлы орган мәліметтеріне сүйене отырып таратуға шақырды.

«Көк кит» қашан шықты? 2016 жылы Ресейде жасөспірімдердің өзіне қол салуы мен виртуалды ойындардың байланысы өзекті мәселе болды. Бірақ тергеу барысында өзін-өзі өлтірген балалардың ешқандай күмәнді топтарға тіркелмегені анықталған.

Ең алғаш «Көк кит» туралы ресейлік «Новая газета» басылымы жазды. Онда «өлім топтары» арқылы 130 жасөспірімнің өзіне қол жұмсағаны айтылған. Бірақ олардың ешқайсысы нақты дәлелденбеген. «Жауапты органдар мақала авторынан 130 деген санды қайдан алғаны туралы да жарытып жауап ала алмады», дейді lenta.ru.

Бір айта кетерлігі, осы сипаттағы топтарды құрғаны үшін 2016 жылдың қарашасынан бері қамауда отырған Филип Лис  (Филипп Будейкин) бұл жай ойын екенін айтып ақталуда. Бір сөзінде ол бұл топты тек адам жинау үшін ашқанын айтыпты. Музыкант ретінде ол танымалдылыққа ие болу үшін осы топта адам жинап, кейін атауын өзгертпекші болған. Тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Ресейде мұндай ақпараттар легі өтіп кетті. Өлімнің осы топтар кесірінен болғаны дәлелденбеді.

Ақпарат ағыны Орталық Азияға жетті

  Осыдан екі апта бұрын Қырғызстанда осындай өлім топтары туралы ақпарат пайда болды. Сол уақытта өз-өзіне қол жұмсаған 8-сынып оқушысының өліміне қатысты тергеу әлі аяқталмаған. Дегенмен, Қырғызстан Республикасының ІІМ айтуынша, жеткіншектердің суициді дәл осы топтармен байланысты екендігі дәлелденбеген.

Ал Қазақстанда бұл топ туралы алғаш ақпарат Қарағандының 19 жасар студенті өз-өзіне қол жұмсағанда шықты. Туыстары оны осы топта болды деген жорамал айтты.

Бұл ақпаратты таратқан ақпарат құралдары ekaraganda.kz порталына сілтеме жасады. Ал ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевтың айтуынша, Галина Сибирякованың өз-өзіне қол жұмсауына осы топтардың әсер еткені әлі расталған жоқ. «Сибирякованың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабыбен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», деді ол. Департамент басшысының айтуынша, қыздың ата-анасы соңғы ақпараттар легіне орай осындай болжам жасаған.

«Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. БАҚ өкілдеріне бұл тақырыпты ұшықтырмауға шақырамыз. Азаматтарға байсалдылық танытып, үрейге бой алдырмауды сұраймыз», деді Алмас Садубаев.

Аудио жазбаларға сенуге бола ма? 

    Қазір WhatsApp мессенджері арқылы түрлі жазбалардың скрин суреттері мен аудиожазбалар таралып жатқаны белгілі. Осыған орай Алмас Садубаев азаматтарды әлеуметтік желілерден немесе басқа да күмәнді ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сенбеуге шақырды. «Тек ресми орган өкілдеріне сүйеніңіздер. Жалған ақпарат тарату үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламын. Ресми түрде мәлімдеймін, біздің елде кәмелеттік жасқа толмаған балалардың интернеттегі суицидтік ойындарға байланысты өз-өзіне қол жұмсау дерегі тіркелмеген», деді Алмас Садубаев.

Egemen.kz «Вконтакте» әлеуметтік желісінен «Море китов» деген тақырыппен 300 қауымдастық, «Синий кит» деген 247 қауымдастық кездестірді. Онда «Тихий дом» деген 450-ге жуық топ бар екен. Алайда, олардан суицидті насихаттайтын материалдар табылмады. Арасында жарнамалық топтар, суицидке қарсы топтар мен кездейсоқ осы «ойындармен» аттас ұйым парақшалары да бар. Ал суицидті насихаттайтын кейбір топтарға кіре алмадық. Себебі, олар ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпарат және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің талабымен бұғатталған. Осы орайда айта кететін нәрсе, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев: «Министрлік суицидтік бағыттағы топтарды анықтау мақсатында әлеуметтік медиаға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Соңғы жылдары күмәнді контенті бар жүздеген топтар жойылды», деген болатын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әлеуметтік желінің бала денсаулығына зияны»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Әлеуметтік желінің бала денсаулығына зияны

Автор: Мақсұт Гүлнара Мақсұтқызы

Дата: 06.04.2017

Номер свидетельства: 407091

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Әлеуметтік желінің бала өміріне зияны"
    ["seo_title"] => string(42) "lieumiettik_zhielinin_bala_omirinie_ziiany"
    ["file_id"] => string(6) "394910"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1487846524"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Отбасы т?рбиесі-?лт болаша?ы» "
    ["seo_title"] => string(32) "otbasy-t-rbiiesi-u-lt-bolashag-y"
    ["file_id"] => string(6) "157065"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421521690"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства