Сынып жетекшілр арасындағы қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, адамдармен үйлесімді қарым - қатынас жасауға,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Эмоция және сезім"»
Сынып жетекшілеріне арналған психологиялық тренинг.
Мақсаты: сынып жетекшілер арасындағы қарым – қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл күйден арылу, адамдармен үйлесімді қарым – қатынас жасауға ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
1 кезең «Сәлемдесу рәсімі»
Мақсаты: амандасу, топты ұйымдастыру
Нұсқау: үш топқа бөлеміз
1-топ «Европалықтар» қол ұстасып амандасу.
2-топ «Жапондықтар» қолдарын бір – біріне түйістіріп басын иеді.
3-топ «Африкалықтар» орындарында секіріп УУУУУ деп айқайлайды.
Талқылау: жаттығу барысында қандай эмоцияларды сезіндіңіздер.
2 кезең «Ашулы шарлар» жаттығуы.
Шарты: қатысушылар ортаға шығып бір – бір шарды үрлеп оларды байлау сұралады. Қатысушыларға шарлар адам денесін бейнелейтін, ал оның ішіндегі ауа – адам сезімін білдіретінін түсіндіру керек. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.
Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар?
Ашуды осылай шығару дұрыс жол ма?
Ондай ашудан кейін қандай сезімде болдыңыздар?
Шар қатты жарылған жағдайда агрессияны білдіреді, әрине ол қауіпті.
Қатысушылар келесі шарды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шар ашуға толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана жарты ауасын шығарамыз. Шар кішірейеді, бірақ жарылмайды. Бұл нені білдіреді?
Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.
Қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу – ол әр адамның өз қолында екендігін білдіреді. Ендеше ашуымызға ерік беріп алмайық.
3 кезең «Ситуациялық сұрақтар»
1.Ата – аналар жиналысында сіз бір ата – анаға баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата – ана баласын жақтап, мұғалімді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», - деп ашуланды. Барлық ата – ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс – тәсілдерді қолданасыз?
2.Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрса бастадыңыз. Қатты – қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба? Екінші оқушыға ұрыса бастайсыз ба?
3.Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?
4 кезең «Адамгершілік ағаш» жаттығуы.
Қатысушыларға қағаздан жасалған кішкентай жапырақшалар таратылады. Әр топ мүшелері өздерінің қолдарындағы жүрекке «Жаман қасиеттерден аулақ болуымыз үшін не істеуіміз қажет, қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?» деген сұраққа жауап жазады. Жылы мейірімді сөздер жазылған жапырақшаларын адамгершілік ағашына іліп, солып қалған ағашты жандандырады.
Сұрақ: қалай ойлайсыздар ағашымыз жанданды ма? Қайтіп неліктен? Ең бастысы сүйе білу керек адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу.
5 кезең «Қарым – қатынас торы» жаттығуы.
Мұғалімдер, егер мектебіңіз үшін, алдарыңыза отырған оқушылар үшін жауапкершілікті сезінсеңіз, еңбегіңіздің жанғанын қаласаңыз мына лента арқылы қарым – қатынас торын құрамыз. Ол үшін әрбір қатысушы «Біз ұйымшыл ұжымбыз!», «Біз көпшілміз!» т.б. ұрандарды айта отырып қарым – қатынас торын құру керек.
6 кезең қорытынды «Тілек шамы»
Бір – бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлерімізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, барлығыңыз да осы жерде айтуларыңыз сұралады.
ЖББ «№20 орта мектеп»
КММ – нің директоры
А.К.Абуғалиеваға
Анықтама
Сынып жетекшілердің 20.02.2017ж – 26.02.2017ж аралығында «Салауатты – өмір салты» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Жоспар бойынша «Эмоция және сезім» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: сынып жетекшілер арасындағы қарым – қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл күйден арылу, адамдармен үйлесімді қарым – қатынас жасауға ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тренинг тақырыбына байланысты слайд жасалып, алты кезең бойынша өткізілді («Сәлемдесу» рәсімі, «Ашулы шарлар», ситуациялық сұрақтар, «Адамгершілік ағаш», «Қарым – қатынас торы», «Тілек шамы» жаттығулары).
Барлығы: 14 сынып жетекші
Қатысқаны: 10 сынып жетекші
Нәтиже: сынып жетекшілері тренингке белсене қатыса отырып, өздеріне жағымды қарым – қатынасты нығайта отырып, жағымсыз көңіл күйден арылды.тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.
Қорытынды: Сынып жетекшілер тренинг барысында айта алмай қалған ойларын,айтып, пікір ортаға салды.