1-3 ?пай. Сізде ?те жо?ары моральды? тура?тылы?. Сіз, б?л жайында ойланбауы?ыз м?мкін немесе бас?а адамдардан ?лгі аласыз. Б?л жа?дайларда сізді? жолы?ыз болма?ан. Егер ?згергі?із келсе, мінезі?із жайында ойлануы?ыз?а ке?ес берер едік.
4-6 ?пай. Сіз ?мір салты?ызда негізінен ?о?амда ?абылданба?ан моральды? нормалар?а с?йенесіз. Біра? б?л нормалар ішкі ?ажеттілікке айналу ?шін, сізге ж?мыс жасау керек.
?ажетті ??ралдыр: аудио баспалары бар магнитофон, ватман, т?рлі к?ркемсурет ??ралдары, А4 а? ?а?азы, тест ж?не ?дістеме ?ткізетін бланкілер, ?арындаш.
«С?лемдеме хат» жатты?уы.
Ма?саты: жа?ымды к??іл-к?й орнату, топ ?йымшылды?ын арттыру.
Уа?ыты: 5 минут.
Н?с?ау: мен сіздерден ?з с?лемдемелері?ізді пара??а жазып, мына та?ташаны? ?стіне ?оюлары?ызды с?раймын. Ал енді б?ларды араластырамын. Сіздер оны ?айтадан алып, ?зі?ізге кел- ген с?лемдемені о?исыздар. ?аласа?ыз оны кездесуді? естелігі ретінде ?зі?ізге ?алдырасыз.
Талдау: С?лемдеме жазу ?иын болды ма? Сіз с?лемдемені о?ы?анда ?зі?ізді ?алай сезінді?із? Бізді? тренинг саба?ын жал?астыру?а дайынсыздар ма?
«Жарайсы?» жатты?уы.
Ма?саты: стресс кезіндегі сенімді мінез-
??лы?ты ?алыптастыру.
Уа?ыты: 10 минут.
Н?с?ау: сіздерге топты мына ?станым бойынша екіге б?лу ?ажет: сырт?ы, ішкі. Енді сіздерді? не істейтіндері?ізді айтамын. Екі сырт?ы ж?не ішкі ше?бер жаса?ыздар. (ішкі ж?не сырт?ы топ ?атысушылары ж?бын тауып, мені? белгі беруіммен кезектеп ?з жетістіктері жайлы айтып, бір-бірі?нен сауса?тарымен есептеп, жетістік айт?ан сайын «Сен жарайсы?! Бір! Сен жарайсын! Екі!» деп ары ?арай жал?астырады. Сіз ?зі?із жайлы жаман ойласа?ыз да, жа?сы пікір айту?а тырысы?ыз.
Егер де кімде-кім ?зін ы??айсыз сезінсе, онда осы жатты?уды орындау барысында былай десін: «Мен ?зімді жа?сы к?ремін, мен ?айталанбас дарамын!» Сізді? ойы?ыз?а ?зі?із туралы жа?ымсыз ойлар келгенде, езі?ізді дамыту ?ажет екені?ізді есте ?ста?ыз.
Мені? белгім бойынша ішкі ше?берді? ?атысушылары орында ?алып, сырт?ы ше?бердегілер сол?а ?арай жылжып, ж?птарын ?згертеді. Ойын осы т?ртіппен жал?асады.
Талдау:
?зі?із туралы есі?ізге не т?сті ?
?зі?ізге кейде «Мен жа?сы жасадым» деп айтасыз ба?
Н?с?ау: сіздерге келесі т?сілмен 4 кіші топтар?а б?ліну ?ажет. Мені? ?олымда с?здер жазыл?ан таратпа салын?ан 16
?обдиша бар. ?р?айсы?ыз ?обдишадан с?здер жазыл?ан таратпа с?здер аласыздар, ?з с?зі?ізге ??састар бір топ боласыздар. Іздегенде дыбыс шы?армай жанама емес т?сілді пайдаланы?ыз. ?рбір жинал?ан топ оны ым-ишарамен к?рсетеді. С?здер: витаминдер, жатты?улар, релаксация, жан?я. Ал енді 4 топ ??ры?ыздар, таймер, хатшы, спикер, т?ра?а немесе т?райым та?да?ыздар. ?азір мен сіздерге тал?ыланатын с?ра?тарды таратамын. Пікір-сайыс барысында ми шабуылы ?станымы мен топ ?а?идасын са?та?ыздар. Ж?мыс?а 2 минут беріледі.
Просмотр содержимого документа
«?лттык біры??ай тестілеуге окушыларды психологиялык т?р?ыда дайындау»
«Ұлттык бірыңғай тестілеуге окушыларды психологиялык түрғыда дайындау» тренингі
Мақсаты: оқушылардың ҰБТ-ге дайындық кезіндегі сенімділігің мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру.
ҰБТ тапсыру кезіндегі ең қажетті сапа:
Бір істен тез екіншіге ауысып кету;
Іс-әрекеттің жоғары деңгейде ұйым- дастырылуы;
Жоғары және турақты жұмыс қабі- леті;
Жоғары деңгейлі зейін тұрақтылығы, еркіндігі;
Ойдың анық және қүрылымдылығы;
Ішкі әрекет жоспарының қалып- тылығы;
ҰБТ-ге жақсы дайындалуға арналған тестілер мен жаттығулар:
«Моральдық турақтылық» тесті.
Мақсаты: жасөспірімдерге өз өмір салтына көңіл бөлуіне, айналадағылар қалай қарайтынын білуіне мүмкіндік жасау және де мінезімен адамдарға жағымсыздық туындатпайтынын ойлау.
Уақыты: 15 минут.
Тестің кілті
Әрбір «иә» жауабына 1 балдан беріңіз және жалпы санын шығарыңыз.
Мен әрқашанда сөзімде тұрамын және басқалар алдындағы міндеттерімді орындаймын;
Мен достарыма шын көңіліммен көмектесемін мұны риясыз жасаймын;
Мен әділетсіздік көргенде, әдетте маған ол жағымсыздық тудырады;
Адамдардың дөрекілігі мен тәрбиесіздігі менде ыза тудырады;
Мен кекшіл адам емеспін басқаларға кек сақтамаймын
Мен жануарларды жақсы көремін;
Мен қарт адамдардың жасы мен даналығын құрметтеймін;
Басқаларға, сонымен бірге өзіме де әділ болуға тырысамын;
Мәселемді шешу кезінде өзгелерді ешқашан ұмытпаймын;
Сыйлық сыйлауды жақсы көремін маған адамның қуанғаны ұнайды.
Нәтижені анықтау және оны өңдеу:
1-3 ұпай. Сізде өте жоғары моральдық турақтылық. Сіз, бұл жайында ойланбауыңыз мүмкін немесе басқа адамдардан үлгі аласыз. Бұл жағдайларда сіздің жолыңыз болмаған. Егер өзгергіңіз келсе, мінезіңіз жайында ойлануыңызға кеңес берер едік.
4-6 ұпай. Сіз өмір салтыңызда негізінен қоғамда қабылданбаған моральдық нормаларға сүйенесіз. Бірақ бұл нормалар ішкі қажеттілікке айналу үшін, сізге жұмыс жасау керек.
7-10 ұпай. Сіз айналадағыларға тірек боларлық, идеал адамсыз. Бірақ, босаңсудың қажеті жоқ, өзіңізбен ары қарай жұмыс істегеніңіз жөн.
Емтихандағы мінез-құлық.
Қажетті құралдыр: аудио баспалары бар магнитофон, ватман, түрлі көркемсурет құралдары, А4 ақ қағазы, тест және әдістеме өткізетін бланкілер, қарындаш.
«Сәлемдеме хат» жаттығуы.
Мақсаты: жағымды көңіл-күй орнату, топ ұйымшылдығын арттыру.
Уақыты: 5 минут.
Нұсқау: мен сіздерден өз сәлемдемелеріңізді параққа жазып, мына тақташаның үстіне қоюларыңызды сұраймын. Ал енді бұларды араластырамын. Сіздер оны қайтадан алып, өзіңізге кел- ген сәлемдемені оқисыздар. Қаласаңыз оны кездесудің естелігі ретінде өзіңізге қалдырасыз.
Талдау: Сәлемдеме жазу қиын болды ма? Сіз сәлемдемені оқығанда өзіңізді қалай сезіндіңіз? Біздің тренинг сабағын жалғастыруға дайынсыздар ма?
«Жарайсың» жаттығуы.
Мақсаты: стресс кезіндегі сенімді мінез-
құлықты қалыптастыру.
Уақыты: 10минут.
Нұсқау: сіздерге топты мына ұстаным бойынша екіге бөлу қажет: сыртқы, ішкі. Енді сіздердің не істейтіндеріңізді айтамын. Екі сыртқы және ішкі шеңбер жасаңыздар. (ішкі және сыртқы топ қатысушылары жұбын тауып, менің белгі беруіммен кезектеп өз жетістіктері жайлы айтып, бір-біріңнен саусақтарымен есептеп, жетістік айтқан сайын «Сен жарайсың! Бір! Сен жарайсын! Екі!» деп ары қарай жалғастырады. Сіз өзіңіз жайлы жаман ойласаңыз да, жақсы пікір айтуға тырысыңыз.
Егер де кімде-кім өзін ыңғайсыз сезінсе, онда осы жаттығуды орындау барысында былай десін: «Мен өзімді жақсы көремін, мен қайталанбас дарамын!» Сіздің ойыңызға өзіңіз туралы жағымсыз ойлар келгенде, езіңізді дамыту қажет екеніңізді есте ұстаңыз.
Менің белгім бойынша ішкі шеңбердің қатысушылары орында қалып, сыртқы шеңбердегілер солға қарай жылжып, жұптарын өзгертеді. Ойын осы тәртіппен жалғасады.
Талдау:
Өзіңіз туралы есіңізге не түсті ?
Өзіңізге кейде «Мен жақсы жасадым» деп айтасыз ба?
Қателік жіберсеңіз, өзіңізге не дейсіз?
Не үшін өзіңіз туралы жақсы айту маңызды?
Өз жұбыңыздан нені үйрендіңіз.
3. «Кіші топтардағы пікір-сайыс»
Мақсаты: теориялық материалды бекіту.
Уақыты: 25 минут.
Материал: 4 ватман қағазы, фломастерлер, стрестен арылудың 4 түрлі сөздері бар таратпалар қатысушы үшін дайындалады.
Нұсқау: сіздерге келесі тәсілмен 4 кіші топтарға бөліну қажет. Менің қолымда сөздер жазылған таратпа салынған 16
қобдиша бар. Әрқайсыңыз қобдишадан сөздер жазылған таратпа сөздер аласыздар, өз сөзіңізге ұқсастар бір топ боласыздар. Іздегенде дыбыс шығармай жанама емес тәсілді пайдаланыңыз. Әрбір жиналған топ оны ым-ишарамен көрсетеді. Сөздер: витаминдер, жаттығулар, релаксация, жанұя. Ал енді 4 топ құрыңыздар, таймер, хатшы, спикер, төраға немесе төрайым таңдаңыздар. Қазір мен сіздерге талқыланатын сұрақтарды таратамын. Пікір-сайыс барысында ми шабуылы ұстанымы мен топ қағидасын сақтаңыздар. Жұмысқа 2 минут беріледі.
1 - топқа тапсырма: «Стресс - бұл..» сөйлемін аяқтаңыздар.
2 - топқа тапсырма: «Стреске қалай қарсы туруға болады?»
3 - топқа тапсырма: «Стрестік ситуациялардан мысалдар келтіріңіздер»
4 - топқа тапсырма: «Егер сіз стресстік ситуацияға тап болсаңыз не істеу қажет?»
Ал енді спикерлерді талқылау барысында өңделген топтық идеялармен таныстыруды сұраймын.
Психологияның ңолданбалы мэселелері
«Эмоция және мінез-құлық»
4. «Менің бетім» жаттығуы.
Мақсаты: өз сезіміңді ойлануға көмектесу және оны басқалармен талқылауға уйрену.
Уақыты: 10 минут.
Материалдар: Суреті бар бланкілер және фломастерлер.
Нұсқау: қазір мен сіздерге адам бейнесі салынған қағаздар таратамын. Суретті нұсқауындағыдай аяқтаңыз. Ал енді не шыққаны жайлы әңгімелесейік.
Талдау:
Мұндай кезіңіз қашан болады?
Сіздің қайғырып тұрғаныңызды айналадағылар тағы қалай көруіне болады?
Өз уайымыңызды қалай білдірер едіңіз?
Өз сезіміңізді білдіргенді жөн көресіз бе?
Бет-әлпеті жоқ адамдар бейнесін төмендегі сезімдерге қарап суретке салыңыз.
Жаттығулар рефлексиямен аяқталады (оқушылармен сабақты талқылау). Қатысушылар бір-бірінің артына стикер жабыстырып, тілек жазады және алдарындағы жатқан эмоция бейнесін таңдап, тренингтен алған әсерлері жайлы әңгімелейді.