Қазақ халқының ғұлама ғалымы Әл-Фараби: “Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты”, деп ой түйіндеген екен. Ал өзіңді жетілдіру және бойыңда жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталса керек. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін, қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін қайдан білеміз. Ал мұның өзі тек білім саласын ғана емес, сонымен бірге бүкіл өмірде болып жатқан өзгерістерді түйсіне білуді талап ететіні түсінікті.
Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып табылады. “Бөбек” қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үдерісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге екпін беретін “Өзін-өзі тану” бағдарламасы осы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Біздің халқымыз үшін жан-жақты жетілген тұлға ең алдымен ұлттық тәрбиенің нәрінен сусындап, бала жастан бойында ұлттық тәрбиені қалыптастырғаны жөн.
Жастарға белгілі білім негіздерін меңгертіп, кәсіби мамандыққа баулуға баса назар аударумен қатар олардың бойына рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қағидаттарын ғұмыр бойы басшылыққа алып, өмір сүретін тұлға қалыптастыру қажет.
Өзін - өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға, өзін - өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған орта жағдайында өзінің бағыт - бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Әдістемелік нұсқау»
Алғы сөз
Қазақ халқының ғұлама ғалымы Әл-Фараби: “Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты”, деп ой түйіндеген екен. Ал өзіңді жетілдіру және бойыңда жақсы мінез-құлық қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталса керек. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін, қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттігін қайдан білеміз. Ал мұның өзі тек білім саласын ғана емес, сонымен бірге бүкіл өмірде болып жатқан өзгерістерді түйсіне білуді талап ететіні түсінікті.
Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып табылады. “Бөбек” қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үдерісіне енгізілген рухани-адамгершілік тәрбиеге екпін беретін “Өзін-өзі тану” бағдарламасы осы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Біздің халқымыз үшін жан-жақты жетілген тұлға ең алдымен ұлттық тәрбиенің нәрінен сусындап, бала жастан бойында ұлттық тәрбиені қалыптастырғаны жөн.
Жастарға белгілі білім негіздерін меңгертіп, кәсіби мамандыққа баулуға баса назар аударумен қатар олардың бойына рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қағидаттарын ғұмыр бойы басшылыққа алып, өмір сүретін тұлға қалыптастыру қажет.
Өзін - өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға, өзін - өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған орта жағдайында өзінің бағыт - бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Әр бала өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты. Жеке тұлға бойында жалпы мәдениеттің негізі қаланады, өзін - өзі тануға қызығушылығы артады, дербестілігі дамиды. Оқушылар өздерінің жеке сапалары мен мүмкіндіктерін түсіне бастайды. Баланың адамгершілік сезімдері, эмоциялары, өзара қарым- қатынастары туралы түсініктері кеңейеді. Балалар үлкендермен және құрбыларымен қарым- қатынас жасау мәдениетіне қол жеткізеді, бірқатар адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттердің мәнін түсінеді, онығ Отанға, отбасына, жақын адамдарына, қоршаған табиғатқа деген сондай - ақ сыныптастарымен жағымды қарым - қатынастар ортақ қажеттілігін түсінеді.
Өзін – өзі тану пәнінің психологиялық
сипаттамасы
ӨӨө
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озоды.» (Абай )
«Адам өз өмірінің мәнін табуға
ғұмыр бойы талпынады» (В. Франки)
«Өзін – өзі тану» курсының мақсаты – өзін – өзі тану мотивтерін қалыптастыру, тән және адамгершілік – рухани дамудың үйлесімділігіне қол жеткізу. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен байыту. Өз – ара түсінісуі мен өз – ара келісімге ұмтылу, жақсылық пен адамсүйгіштік, өзін – өзі жетілдіру және кемелдендіруді іске асыру.
Адамзат баласы айналасындағы адамдармен қарым – қатынасытың аспектілерін ескере отырып, өз- ара әрекет ету, іскерліктерін жетілдіру міндеті көзделеді.
1.«Адамөміріндегі ең тамаша нәрсе– оның
басқа адамдармен қарым – қатынасы».
Адам қоғамның саналы азаматы ретінде өзін қалыптастыру үшін ең алдымен өзін тани білуі тиіс. Өзін – өзі тани білу адамда өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Өзіндік сана дегеніміз – бұл жеке тұлғаның өзінің рухани және дене күшін, әрекеттері мен ой сезімдерін тануы. Ол – тұлғаның өзінің қоғамның белсенді мүшесі екендігін, айнала қоршаған орта мен басқа адамдармен қарым – қатынас жасауына, еңбек ете білуіне, білім алуға, өзін – өзі тәрбиелеуінде.қарым –қатынас жасау арқылы адамдар ақпарат алады, білім алады, айналадағы дүниені танып біледі. Адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасау шебеолігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне байланысты десек артық емес.(қарым – қатынасқа түсу үшін орта құрып, импульске түсейік ыстық, жылулық, қарым – қатынас, бір-бірімізді естиміз, көреміз, орта бізге ыңғайлы). Психология ғылымы адамдардың психикалық іс – әрекеттері процестерінің заңдылықтарын зерттейді. Адамға достық немесе сыпайы өзара қарым – қатынас жасауға кедергі болатын тосқауылдардан құтылудың жолдарын үйренудің маңызы зор.
Дәптерге бірнеше ортақ шеңберді сызыңыз. Ортадағы кішісіне өзіңізді орналастырыңыз. Одан әрі жақындығы мен алыстығына қарай өзіңіз қарым – қатынас жасайтын адамдарды орналастырыңыз. Бұл жердегі негізгі өлшем – қарым –қатынас жақындығы. Бізде бірнеше қарым – қатынас шеңбері бар: интимдік, сенімділік, достық, әріптестік, тұрмыстық, кездейсоқтық жәнет.б.
Қарым – қатынастың түрлі орталарында біз өзімізді түрліше ұстаймыз. Сонымен талқылап көрелік:
Сіздің қарым – қатынас шеңберінде кімдер және қанша адам бар?
Екішісінде ше?
Келесі шеңберде ше?
Неге ?
Бірінші және екінші шеңберде неше, есептеп көрейік
Ал енді тәжірибелік жаттығуларға көшейік. Олар қарым – қатынас жасау дағдыларын дамытады. Бұл кешенді жаттығулардың мақсаты – топ қатысушыларының көбімен қарым – қатынас жасауға және қарым – қатынастың вербальды (сөйлеу арқылы), және вербальді емес (көзқараспен, ыммен, қылықпен) тәсілдерімен тәжірибе жасауға мүмкіндік береді.
«Жұптағы қарым – қатынас» ұстанымы бойынша жаттығулар.
1 – жаттығуды өз бетіңше жасаңыз. Содан кейін өзіңізге серік таңдаңыз. Онымен 2,3,4, жаттығуларды орындаңыз. Содан кейін өзіңізге жаңа серік таңдап, жаттығуларды қайтадан орындаңыз.
«Арқамен арқаға»
Бір – бірлеріңізге арқаларыңызды беріп отырыңыздар. Сөйлесіп көріңіздер. Бірнеше минуттан кейін бір – бірлеріңіздің жүздеріңізге қарап әсерлеріңізді бөлісіңіздер.
«Бет-әлпетті еске сақтау» Өзіңді қоршаған адамдардың бет-әлпетін сақтауға дағдылан. Қарап ал да, көзіңді жұм, көргеніңді түгелдей еске түсір. Толық еске түсіруге қиналсаң, қайта қара. Осылайша бірнеше рет қайтала.
«Ол қалай күледі» Бет жүзіне қарап, адамның қалайша күлетінін, жылайтынын көз алдыңа елестет. Өзінің жақсы көргенін, сүйіспеншілігін, махабатын қалай білдіреді? Абыржып, сасқан кезде қандай? Ол қулана ма, әлде сытылып, құтылып шыға ма? Қалай дөрекілік көрсетеді? Ұрсыса ма? Өкпелегенде қандай? Ол бұрын қалай көрінетін еді? Кейін қандай болады?
«Мен басқалардың көзімен» Әр түрлі жағдаяттарда және әр түрлі адамдармен өзіңнің әңгімелесушінің көзімен қарағанда қалай көрінетініңді елестуге тырыс. Сен қалай әсер етесің? Ол сен туралы не ойлайды?
«Өзіңді бағалау» Неғұрлым бағалаушы болудан гөрі, бағаланушы болған жөн. Айналаңдағылар сенен не күтеді? Оған сенімен жақсы ма? Егер біреу қателік жіберсе, сол қателікке емес, оған өзіңнің реакцияң қалай болатынына назар аудар.
«Көңіл-күйге ортақтасу» Жеке тақырыпта әңгімелесе отырып, өзіңмен әңгімелесушіні ұқыпты тыңдауға тырыс. Егер ол саған көңіл сырын сеніп ашса, өзіңдікін айтып жарыспа, бөліп тастама, көңіл-күйіне ортақтас, өзіңді оның орынына қойып көр.
«Қоштау» Балаларға көз салып қара, олардың іс-әрекеттерін бақыла, оны қоштау мүмкіндіктерін жіберме.
«Күлкі» Бет-жүзіңде әрдайым күлкінің табы тұруын, жылы кейіпті, мейірімді жүзді, ақжарқын қалпыңды сақтауға үйрен. Күлкің келмесе де, оған әруақытта дайын бол. Әрдайым ішкі дүниең күліп тұрғаны жөн.
«Саған аманшылық тілеймін» Кез-келген адаммен кездескен кезде алғашқы сөзің (ішкі тілегің) “Саған аманшылықтілеймін” болуы керек. Мұны оған бар жан-жүрегіңмен сыйла! Егер сен біреумен дау-жанжалға түсіп, ұрсысып қалатын болсаң, “Саған аманшылықтілеймін” дегенді дереу есіңе түсіріп, қайталайтын бол.
«Жаңа түрге ену» Өзіңді басқа адамның орнында сезініп көр. Сен - ол екенін көз алдыңа елестет. Оның сырт келбетін тауып ал, оның ішкі әлеміне аз-маз еніп байқа. Оның жүріс-тұрысын, мимикасын, қозғалыстарын салып көр.Жаңа түрге түс, оның сезімдері мен ойларымен астасып өмір сүруге тырыс.
«Нажағай қаупі жоқ» Өзіңнің жағымсыз эмоцияңды тежеуге тырыс. Саған оны тежеу қандай қиын болса, айналаңдағыларға оны бастан кешіру сондай қиын. Ұрысысып-керіспеуді, күңкілдеп-жыламауды үйрен. Бір апта бойы барлығын кешіруге, бәрін түсінуге, ешкімді сынамауға, ескерту айтпауға, кінәламауға тырыс. Мүмкін одан да ұзағырақ осылай істерсің? Қарым – қатынас жасаудың қиындығы неде?
«Отырып және тұрып»
Серіктердің бірі тұрады, ал екіншісі отырады. Осындай күйде сөйлесіп көріңіздер. Бірнеше минуттан кейін әрқайсысыңыз бір – біріңізге жоғарыдан төмен, төменнен жоғарыға қарайтындай болып орын ауыстырыңыздар. Бірнеше минуттан кейін өз әсерлеріңізді айтыңыздар.
«Көзбен ұғысу»
Серігіңіз екеуіңіз бір – біріңіздің көздеріңізге қараңыздар, тек қана көз арқылы ишара жасаңыздар. Бірнеше минуттан кейін өз әсерлеріңізді талқылаңыздар.
Әсерлерді ортаға салайық
Қарым – қатынас жасаудың қиындығы неде?
Қарым – қатынастағы қиындықтар қалай пайда болады деп ойлайсыздар?
2. «Өмір адамға алланың берген қарызы, осы
өмірдің мәніне жеткен адам ғана алланың
қарызын қайтара алады. Өмірді адамға алла
сыйласа, мәнді өмір сүре білу адамның өз
қолында» (Жүсіп Баласағұн)
Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы бастауыш сынып жасындағы балаларда қарқынды жүретіні белгілі. Сондықтан бастауыш сыныпта жеке тұлғаның рухани – адамгершілігін дамыта оқытудың тиімді әдістемелік жүйесін жасау жұмысы олардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді талап етеді. Мектепке алғаш келген балалардың ой – өрісінде, сана – сезімінде кездесетін жеке ерекшеліктер олардың психологиялық даму жағдайларына байланысты. Өйткені барлық қабілет – қасиеттердің негізі мектепке дейінгі кезеңде қаланып, кейінгі жаста тереңдей түсетіні психология, педогогика, психофизиолгия ғылымдарында теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дәлелденген. Жас балаға алғашқы күннен өз қабілетін аша білуге ұмтылса, ертең өз күшіне сенетін, өмірден өз жолын өзі табатын, қайратты, қалыптасқан адам болатынына сене отырып, осы өзін – өзі тану пәні арқылы оқушылардың өмірлік дағдыларын үздіксіз жүйелі түрде қалыптастырамыз.
Өз ісіне баға беру, өзгенің іс – әрекетін түсіну, өзіндік тәжірибесімен бөлісу т.б...
Мысалы 1 сыныпта оқушының өзінің өмірлік дағдысында жолдастарымен, туыстарымен, достарымен адамгершілік әрекеттеі бағыт – бағдар беруі тиіс. Өзін – өзі тануда өзіндік оқыту процесінде рухани құндылықтарды біртіндеп шешудің өзіндік мәні бар. Олар шағын топпен жұмыс, ой қозғау, жоба құру, оны қорғау, көңіл –күйін қағаз бетіне түсіру, қажетті сөздерді пайдалана отырып, әңгіме, ертегі құрастыру, мультфильм көру, өлең, тақпақ шығару т.б.
Мұғалім оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында өзіндік даму деңгейіне қарай өзіндік тәжірибесін құру тиіс. Оқушылардың өзіндік пікірін білдіруіне өзгенің пікірін тыңдай білуіне, ұжымына сенім артуына, өз ұжым мүшесі ретінде сезінуіне топ пікірінің қорытуына т.б. ізгі әрекеттердің ықпал етуіне игі әсер етеді. Оқушылардың рухани құндылықтарындағы өмірге қалыптасуына өзіндік көзқарасы болады. Өзін – өзі тану пәні оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қалыптастырады. Шаттық шеңбер, тыныштық сәті, оқулықпен жұмыс, сахналау, іңгіме оқу, сурет салу, жүректен – жүрекке сияқты түрлі формалары бастауыш сынып оқушыларына рухани – адамгершілік сезімін өмірге қалыптастыру білім берудің тиімділігін арттырады. Оқушылардың өз – ара қарым – қатынас барысында адамдардың іс – әрекетін, ұлттық салт –дәстүрінің, жақсы жақтарын аңғаруын, шындықты айтуға, жағымды ойлауға мүмкіндік береді.
Өз –ара сыйластықты түсінуге, жақсы көре білуге, жақсылық жасауға дайын, жақындарын қуантуға асығады;
Бір – біріне көмектесуді, қамқорлық жасауды, үлкендерді құрметтей білуді үйренеді;
Өзгені ренжітпеу, кешірімді болу, барлық тіршілік иесіне сыйласытықпен қарау, аяушылық сезімін оятуды үйренеді;
Өзін – өзі тануда оқушылардың терең ойлану қажеттілігі туындайды, осы кезде қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді, жақсы мен жаманды айыра біледі, әділ болуға ұмтылады.
Айналасымен жақсы – қарым – қатынас орнатуға дайын, өзін жақсы көреді, өзіне – өзі сенімді болады;
Өзін – өзі бақылайды, өз ісін бағалай біледі, үлкендермен санаса алады:
Оқушының қабілетін ашып, сезімін ояту мақсатында жүргізілетін шығармашылық әрекеттерінде:
Қоршаған ортаға қызығушылығын арттырады, салт – дәстүрлерді құрметтеуді түсіне бастайды;
Өзіндік белсенділікті таныта бастайды;
Ойын қағаз бетіне түсіруге, түрлі суреттер арқылы білдіруге дағдыланады;
Ата – анасын, жолдастарын, мұғалімдерін құрметтеуге үйрене біледі;
Осы құндылықтардың адам өміріне толық іске асуына, өмірдегі өз ролі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуға, қоғамға қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Өзін – өзі тану пәні ретінде өмірдегі орны жеке тұлғаны рухани – адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Жалпы адамзаттық табиғат үйлесімділікке дамуын сезіндірумен айқындалады.
Осындай құндылықтардың арқасында оқушылардың өзін – өзі тану пәні арқылы өмірлік дағдыларына қалыптастырады.
3. «Өзіңді – өзің тану – даналықтың бірінші белгісі » (Маркс)
Өмір сүру үшін адам еңбек ету керек, еңбек ету үшін, ол табиғатпен және адамдармен қатынасқа түсуі міндетті. Жалпы қоғам үнемі дамып отырады, сондықтан өмір қарқынының артынан үлгеру үшін әркім өзін тәрбиелеуге міндетті.
Адам тек сыртқы әлеуметтік жағдайларға бейімделіп қана қоймайды және оларға белсенді түрде ықпал етеді.Өзін-өзі тәрбиелеу – жеке адамның өнегелі – психологиялық қасиеттерінің қалыптасуының мақсаттылығы,ерікті,сапалы үрдісі. Яғни,өзін-өзі тәрбиелеу деген қажеттілік сыртқы жағдайлармен және тәрбиелеумен ұштасуы тиіс. Ол дамып келе жатқан жеке адамның табиғи қажеттілігі ретінде пайда болады және ары қарай өздігінен дамуға ықпал етеді.
Өзін – өзі тәрбиелеу динамикалық үрдіс. Көп зерттеулер бойынша оқушының дамуымен өзін – өзі тәрбиелеудің мақсаты мен тәсілдері өзгереді. Мақсаттары шындыққа сәйкес және жеке басының негізгі өмірлік бағытымен байланысты болады. Сондай – ақ өзін – өзі тәрбиелеудің тәсілдері де қалыптасады. Өзін – өзі тәрбиелеу адамның дамуның және іс – әрекетінің әртүрлі сфераларын қамтуы мүмкін. Ол өнегелік немесе физикалық, эмоционалдық – еріктік немесе интеллектуалды және эстетикалық өзін – өзі тәрбиелеу түрінде де болуы мүмкін. Адам өзінде, өзінің жоспарларына, негізгі өмірлік бағытына немесе белгілі өмір кезеңіне, қосылған нақты мақсатына байланысты белгілі қасиеттерді тәрбиелейді.
Адамның өзін – өзі тануы немесе тәрбиелеуі жан мен тәнді үнемі шынықтырып, жаттықтырып отыруды тілейді.Он екі мүшесі сау тепсе темір үзетін адам түгіл туысынан кеміс, әлжуаз – шынжау, ауру – сырқаулы адамдар да арнаулы жаттығулар арқасында алға қойған мақсаттарына жетіп отырған.
Адам өзін – өзі тәрбиелеу үшін асқан шыдамдылық танытып ұзақ уақыт қажымай – талмай, ерінбей – жалықпай жұмыс істей білуге машықтануы қажет. Адамның өзін – өзі тәрбиелеу мүмкіндігі шексіз және кез – келген адамның қолынан келетін тіршілік.
А.С. Макаренко өзін – өзі тәрбиелеуді – табиғи дамуының нәтижесі деп қарастырған.Ол оңаша үрдіс емес, ұжымның бірлескен іс – әрекеті.Жеке адамның дамуы сыртқы талаптар ықпалымен жүреді, сосын өзіне талап қою нәтижесінде өзін – өзі тәрбиелейді.
4. «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін жақсы білерге керек, екінші, балалардың табиғатын
біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек.
Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен
қатар ақылы қалай кіретін жолын білу керек ».
(А. Байтұрсынұлы)
Адамның өзін – өзі тануы туралы ілім өте ерте заманнан келе жатқан ғылымның түрі, бірақ ол көбінесе философиямен, әдебиетпен бірге қарастырылып келді. Ендігі жерде оны өзіндік таным ретінде өз алдына бөлек қарастырып, ғылымдардың ішіндегі ең мәртебесі жоғары маңыздысы деп түсіну керек.
Қазақ халқының өзіндік таным ілімі біршама жоғары дәрежеде дамыған деп есептейміз. Бұл ретте сонау ерте заманнан келе жатқан, аттары аңызға айналған Қожа Ахмет Иассауи, Арыстан Баб, Асан Қайға, Қорқыт ата, Домалақ анадан бастап, Абай, Шәкәрім, Бауыржан, Жұбан Молдағалиев сияқты тарихи тұлғалардың өзін тану, адам тану бағытындағы еңбектерін айта кеткіміз келеді.
Қасиетті Иассауи бабамыз адамның өзін – өзі тануы барлық ғылым – білімнің ішіндегі төресі, ең маңызды, ең үлкені және бүкіл адамзат мәдениетінің ең жоғары сатысы деп түсінеміз. Өзін – өзі терең зерттеп, түсінуге тырысқан адам ғана басқалармен, өзін қоршаған табиғатпен ынтымақты, үйлесімді үндес өмір сүре алады. Ал өзін зерттеуге ұмтылу дегеніміз, өз бойындағы жақсы, ұлағатты әдеттерді тәрбиелеп, мәпелеп өсіріп, ал көптеген қыңыр қылықтарға бой бермей мінезінің жаман жақтарын түзету бағытында бір сәтте дамылдамастан еңбектеніп отыру.
Адам бойындағы барлық адами қасиетті жинақталған кемел ойлы кемеңгер ақын: «Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»деген тұжырымдамаға тоқталады. Бұл өлең жолдарында өрілген ойды жандандыра , жаңғырта, тереңдете түседі.
Өзгені тану – арзан, оңай жол.
Өзін тану – күрделі процесс.
Оған адамзат баласының танымын дамыту қажет. Оны дамыту үшін ерік күші керек. Ерік психология тілінде алынса, Абай тілінде ыстық қайрат алынып отыр, ал қазақ тілінде - жігер .
түйсік
қабылдау
Есте сақтау
қиял
ойлау
қабылдау
ойлау
Есте сақтау
түйсік
қиял
Танымның сезімдік сатысы
Танымның педогогикалық сатысы
Адамның практикалық іс - әрекеті
5. «Адам ғұмыр бойы өзін – өзі шыңдайды»
(Ф. Достоевский).
Жастық шақ адамның өмір жолына, өзінің қандай жағдайға жеткеніне, неге шамасы келгеніне, дүниеде не үшін өмір сүріп, жер басып жүргеніне, нені біліп, не қойғысы келетініне, жұртқа қандайпайда тигізетіндігіне, яғни өз болашағына айрықша үңіліп қарайтын кезең.
Адамның өзін – өзі тану, өзін – өзі тәрбиелеу мәселелері күн тәртібінен ерекше орын алады. Бір адам өз бойындағы берекесіздіктен, екінші адам біреу – тұйықтықтан, үшіншісі – орынсыз ұялшақтықтан арылғысы келеді. Мұндайда ол келеңсіз қылығымен барынша алысып, өзін – өзі қатты қадағалайды. Бұл үшін ол жоспар құрып, оған қажетті әр түрлі іс – әдістер шаралар белгілейді тиісті жаттығулар жасауды ұйымдастырады.
Солардың бірі – аффримация әдісі.
Аффримация – өзін сендіруде қолданылатын бекіту сөздері.
Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс- әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді – өзің дұрыс бағалағаның жөн.
Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.
Мысалы:
Мен осы өмірге келуіммен керемеппін;
Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да;
Мен ғажаппын, мен кереметпін;
Менің күш – жігерім көп, денсаулығым мықты;
Мен барлық істі өте жақсы атқарамын;
Мен қандай істі болмасын сеніммен бастаймын;
Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды;
Мен қоршаған әлеммен адамдармен толық үйлесімдімін;
Мен тамаша, бақытты жанмын;
Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын;
Мен сабырлымын, салмақтымын;
Мені ешкім жолымнан тайдыра алмайды;
Мен өмір сүріп отырғаныма(өмір сүруіме) қуаныштымын;
Мен өмірімнің әрбір күнін мерекеге айналдыра аламын;
Мен өмірдегі ғажайыпқа дайынмын;
Мен өмірден тек жақсылық күтемін;
Мен әділетті, адал жанмын;
Мен айналама бақыт шуағын шашамын;
Мен алдыма қойған мақсатқа жетемін;
Менің қолымнан барлығы келеді;
Мені тек жақсы адамдар қоршаған;
Мен үшін өмірдің қызығы мол;
Мен бәріне ризамын;
Жаратушы ием, мендегі бар нәрсе үшін саған ризашылығымды білдіремін.
“Өзіңе сенімділік неден құралады”
Луиза Хейдің кеңесі
(“Как исцелить свою жизнь” Новосибирск, 1996).
Жағымды ойлауға үйрену. Жақсы нәрсе туралы ойлап, соны күту,
соған сену. Өз ойыңда үйлесімділік пен тепе-теңдікті құра отырып, біз де соны өмірден таба бастаймыз.
Өзің туралы жағымсыз ойлардан құтылу. Сіздің саналы түрдегі
Өзіңізді мейлінше жақсы емеспін деген сеніміңіз, сіздің іс-әрекетіңіз бен қылықтарыңызды басқарады да, әрдайым ол өмірде көрініс береді.
Өзіңді сүй. Біз өзімізді бар жанымызбен сүйіп және өзімізді құрметтесек, сонда өз іс-әрекеттеріміз бен қылықтарымызды қоштаймыз, біз адамдармен ең ғажап қарым-қатынас тудыра алатындай, жаңа қызықты жұмыс табуға мүмкіндік беретіндей, дене салмағымызды тұратандыра алатындай, денсаулығымызды нығайта алатындай етіп ақылымызды нақты ұйымдастыруды құрамыз. Өзіңді қабылдау және өзіңді қоштау- бұл жағымды өмірлік өзгерістер жасаудың кілті.
Өзіңді неғұрлым азырақ сынауға тырыс. Сын біз құтылуға тырысып жатқан сол ой бейнелеріне тоқтау сап қояды.
Өз жеткен биігіңізді өзіңіз теріске шығармаңыз және басқалардың теріске шығаруына жол бермеңіз. Мұны балалар керемет орындайды. Өмірдегі бар жақсы нәрсе өзіңнің сыртқы “Меннен” айырмашылығы болатын ішкі “Менді” қабылдаудан басталады. Біздің жүрегімізде барлық планетаны емдеп жазарлық махаббат жетерлік екенін ұмытпаңыздар.
Өз бойыңыздан жақсы қасиеттерді іздеңіз. Осыдан сіздің өміріңізде айтарлықтай прогресс басталады. “Мен өзімдегінің бәрін қолдаймын” деген жаттығу бар. Сіз мұны неғұрлым көбірек айтсаңыз, соғұрлым жақсы болады.
Басқалардың сіз туралы айтқанына көп көңіл бөлмеңіз. Әр адам –
қайталанбас және ерекше.Біз осы планетаға біреуге ұқсау үшін емес, өзімізді көрсету, жеткізе білу үшін келгенбіз.
Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар
“Бет-әлпетті еске сақтау” Өзіңді қоршаған адамдардың бет-әлпетін сақтауға дағдылан. Қарап ал да, көзіңді жұм, көргеніңді түгелдей еске түсір. Толық еске түсіруге қиналсаң, қайта қара. Осылайша бірнеше рет қайтала.
“Ол қалай күледі?” Бет жүзіне қарап, адамның қалайша күлетінін, жылайтынын көз алдыңа елестет. Өзінің жақсы көргенін, сүйіспеншілігін, махабатын қалай білдіреді? Абыржып, сасқан кезде қандай? Ол қулана ма, әлде сытылып, құтылып шыға ма? Қалай дөрекілік көрсетеді? Ұрсыса ма? Өкпелегенде қандай? Ол бұрын қалай көрінетін еді? Кейін қандай болады?
“Мен басқалардың көзімен” Әр түрлі жағдаяттарда және әр түрлі адамдармен өзіңнің әңгімелесушінің көзімен қарағанда қалай көрінетініңді елестуге тырыс. Сен қалай әсер етесің? Ол сен туралы не ойлайды?
“Өзіңді бағалау” Неғұрлым бағалаушы болудан гөрі, бағаланушы болған жөн. Айналаңдағылар сенен не күтеді? Оған сенімен жақсы ма? Нгер біреу қателік жіберсе, сол қателікке емес, оған өзіңнің реакцияңды қалай болатынына назар аудар.
“Көңіл-күйге ортақтасу” Жеке тақырыпта әңгімелесе отырып, өзіңмен әңгімелесушіні ұқыпты тыңдауға тырыс. Егер ол саған көңіл сырын сеніп ашса, өзіңдікін айтып жарыспа, бөліп тастама, көңіл-күйіне ортақтас, өзіңді оның орыныа қойып көр.
“Қоштау” Балаларға көз салып қара, олардың іс-әрекеттерін бақыла, оны қоштау мүмкіндіктерін жіберме.
“Күлкі” Бет-жүзіңде әрдайм күлкінің табы тұруын, жылы кейіпті, мейірімді жүзді, ақжарқын қалрыңды сақтауға үйрен. Күлкің келмесе де, оған әруақытта дайын бол. Әрдайым ішкі дүниең күліп тұрғаны жөн.
“Саған аманшылық тілеймін” Кез-келген адаммен кездескен кезде алғашқы сөзің (ішкі тілегің) “Саған аманшылықтілеймін” болуы керек. Мұны оған бар жан-жүрегіңмен сыйла! Егер сен біреумен дау-жанжалға түсіп, ұрсысып қалатын болсаң, “Саған аманшылықтілеймін” дегенді дереу есіңе түсіріп, қайталайтын бол.
“Жаңа түрге ену” Өзіңді басқа адамның орнында сезініп көр. Сен - ол екенін көз алдыңа елестет. Оның сырт келбетін тауып ал, оның ішкі әлеміне аз-маз еніп байқа. Оның жүріс-тұрысын, мимикасын, қозғалыстарын салып көр.Жаңа түрге түс, оның сезімдері мен ойларымен астасып өмір сүруге тырыс.
“Нажағай қаупі жоқ” Өзіңнің жағымсыз эмоцияңды тежеуге тырыс. Саған оны тежеу қандай қиын болса, айналаңдағыларға оны бастан кешіру сондай қиын. Ұрысысып-керіспеуді, күңкілдеп-жыламауды үйрен. Бір апта бойы барлығын кешіруге, бәрін түсінуге, ешкімді сынамауға, ескерту айтпауға, кінәламауға тырыс. Мүмкін одан да ұзағырақ осылай істерсің?
Тест “Өзіңді тексер”
1. Адамдарға көңіл-күй тудыра алатындай сәлемдесе аласыз ба?
2. Сіз әрдайым ұстамды, сыпайысыз ба? Қарсылықты тура білдіресіз бе?, әлде “бұл қиын” деп айтасыз ба?
3.Сіз берген сөзіңізде (мәні жағынан да, уақыты жағынан да) тұра аласыз ба?
5.Өз қызметтестеріңізге жиі бұйрық бересіз бе? немесе әріптестеріңізге ешбір таңу мақсатын көздеместен жиі нұсқаулар бересіз бе?
6.Сіз адамның көңіл-күйін көтеретіндей, оның келбеті туралы және басқа да заттар туралы жағымды сөз айта аласыз ба?
7. Сіз өз-өзіңізге соншалық сыни көзбен қарайсыз ба? Өзіңді-өзің сынау бәрінен бұрын айналаңыздағыларға жағымды әсер етенінін түсінесіз бе?
“Мен –ғажаппын!”
Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн.
Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.
Мысалы:
- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.
- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.
- Мен ғажаппын, мен кереметпін.
- Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.
- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.
- Мен тамаша жанмын.
- Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.
- Мен сабырлымын, салмақтымын.
- Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды.
- Мен әділетті, адал жанмын.
- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.
- Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.
- Менің қолымнан бәрі келеді.
- Мені тек жақсы адамдар қоршаған.
- Мен үшін өмірдің қызығы мол.
- Мен бәріне ризамын.
- Мен бақытты адаммын.
Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту.
Адам ғалам ғажайып жеке дана,
Жан құмары – ізденген мәңгі сана.
Өзіңді-өзің танысаң – істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
Әл-Машани.
Адамның әдепті болуы , өнегелі болуы, алдымен өзіне байланысты, содан кейін әлеуметтік ортаға қатысты дейміз. Екеуі де шындық. Бірақ бұл шындықта, әрбір адам қоғамдық ортада өз орнын қалай табады, өзін қалай көрсетеді, өз өрісіне қалай бейімделеді – бұл да бір үлкен мәселе. Ал адамның жеке басына тән психикалық қасиеттердің бәрі – оқу-тәрбие арқылы, тіршілік ортасы мен қоғамдық жағдайға байланысты дамып, қалыптасып отыратыны ақиқат.
Көкірек таза болмаса, көз тазасы не керек?
Жаның таза болмаса, тіл тазасы не керек –
дейді халық даналығы.
Шынымен таза болу дегеніміз – бұл сыртқы түріңнің немесе киген киіміңнің әсемдегі мен тазалығы емес, нағыз тазалық жүрек тазалығында, ақыл мен ой тазалығында жатыр. Ал осы бір тазалықты сақтау немесе оған қол жеткізу әрбір адамның қолынан келе бермейді. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы әр баланың ашылуына, оның өзіне ғана тән қасиеттерінің дамуына жағдай туғызады. Баланың бойында өзіне деген сенім, өзіне деген құрмет, өзі жасаған қылықтарына деген жауапкершілік сезімдері пайда болады. Өзіне деген сенімі бар бала өзінің ішкі ойын, өзіндік пікірін ешбір бүркемелеусіз, ашық сыртқа шығара алады. Ш. Амонашивили осы еңбегінде балаларды қалай жақсы көру керектігі жайында айта келе былай дейді: «Балаларды бар жүрегіңмен жақсы көру керек, ал оларды осылай жақсы көру үшін, махаббаты қалай көрсету керектігін олардан үйрену керек. Мектептегі әрбір күнді, әрбір сабақты педагог ол балаға сыйлық болатындай ұйымдастыруы тиіс. Баланың өз ұстазымен араласқан әрбір қарым-қатынасы оған қуаныш пен оптимизм сыйлауы керек». Осы еңбегінде ол балаларды жақсы оқуға үйрету жайында айта келе ол: «Егер сенің сыныбында балалардың көпшілігі оқығысы келмесе, онда сен – жаман ұстаз болғаның, ал сыныпта балалардың көпшілігі оқығысы келсе, онда сен жақсы ұстазсың, ал егер сенің сыныбындағы балалардың барлығы оқығысы келсе, онда сен жақсы ұстаз ғана емессің, сонымен қатар жақсы тәрбиешісің»- дейді.
Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, көп түрлі мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамытуға баса назар аударылып отыр.
Білімді жаңартудың мәдени-әлеуметтік маңыздылығы жалпы адамзаттық құндылықтарға басымдылық берілетін бірегей әлемдік қауымдастық құру болып табылады.
Өз ойына, сөзіне, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, табысты еңбек етуге дайын үйлесімді адамды тәрбиелеу аса маңызды.
Әлемдік білім беру практикасын дамытудың жетекші үрдісі білімнің компетенттілік бағытын қаматамасыз ету бағдары, яғни нақты өмірлік міндеттерді шешу және қоғамға қызмет ету үшін білім алушылардың меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын және іс-әрекет тәсілдерін пайдалану қабілеттері мен дайындықтарын қалыптастыру болып табылады.
ХХІ ғасырдағы адамның руханилығы, оның шығармашылық интеллектісі, жаңалықтарға ашықтығы қоғамның негізгі капиталы ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес адамның тұлғалық және кәсіби шыңдалуына қол жеткізу мақсатында білімнің компетенттілік бағытын жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасалуда.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағдарланғаны анық. Адамгершілік адамның жалпы мәдениетінің көрсеткіші ретінде оның абыройын, жалпы адамзаттық құндылықтарды ұстануын білдіреді. Руханилық – адамның материалдық емес, адамгершілік құндылықтар басымдығына негізделген адам мен адамзат өмірінің рухтық – сезімдік жақтары, адамдардың өзгеше ойлау бейнесі мен тіршілік әрекеті.
Әлемді құндылық тұрғысында ұғыну барысында өзін-өзі танудың ролі шексіз арта түседі. Мұның өзі жеке тұлғаның өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орнын түсінуіне көмектеседі. Рухани – адамгершілік білім беру жеке тұлғаның әлеуметін барынша ашуға, өзін-өзі тану процесінде жақсы адамды тәрбиелеуге бағдарланған.
Қазіргі таңда біздің мекемеде осы мәселені қолға алу мақсатында, қызметкерлермен психопрофилактикалық, психотерапиялық, консультациялық, релаксациялық іс-шаралар және аутогендік, арттерапиялық жаттығулар және мінез-құлықты анықтау мақсатында тест, анкета, сауалнама, тренинг, әңгімелесу әдістемелері өткізілуде. Сонымен қатар, қызметкерлердің жеке басына түскен мәселелерді шешу кезінде кеңес беру және түрлі әдістемелер арқылы шешілуде.
Адамды ең жоғары құндылық ретінде ұғыну мектеп бейнесін және педагогикалық теория мен практика әдіснамасын түбегейлі өзгертеді. Білімге мәдени – жасампаздық функциялар қайта оралуда. Жеке тұлғаны әлеуметтендіру мен дамыту процесінде білімнің қолдаушы ролі күшейе түсуде.
«Өзін-өзі тану» интегративті пәні Қазақстан мектептерінің білім беру кеңістігінде түйінді рөл атқару міндетіне ие бола отырып, гуманистік дүние таным негіздерін қалайды. Табиғи болмыс адамшылдықпен, материалдық руханилықпен, макрокосмостық микрокосмостықпен, жалпыадамзаттық тұлғалықпен үздіксіз байланыста болатын барлық басқа білім беру салалары тұтас гуманитарлық білімнің бөлігі болып табылады. Осы бағыт адамның сөзсіз құндылық екендігін, оның жоғары деңгейдегі өзіндік санасын, өз абыройын, өзін-өзі құрметтеуге, пікір дербестігін сезінуге, өзін-өзі жетілдіру қабілеттеріне, рухани әлемдегі және қоршаған өмірдегі жағдаяттарда бағдарлай алу іскерлігін, өз бетінше шешім қабылдай алуға және өз әрекеттері үшін жауапты болуға тәрбиелеуді көздейді.
Өскелең ұрпақ өзін-өзі танудың нәтижесінде адамзаттықтың құндылықтары мен адамгершіліктік идеалдарына тартылады, оқушылардың өзін-өзі жағымды қабылдауы қалыптасады, адамның өмірлік мұратын саналы түрде ұғына бастайды.
Балалар ар-ұят пен абыройды бағалауға, жаңалықты қабылдауға әзір болуға, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениетті дамытуға, рухани байлыққа ұмтылуға үйренеді.
«Өзін-өзі тану» пәні ретінде жеке тұлғаның рухани – адамгершілік тұрғысынан дамуында түйінді рөл атқарады. Қазақстан қоғамында өскелең ұрпақтың рухани -адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық, этномәдени және тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағдарланған. Осы құндылықтар адамның өзін толық іске асыруына, өмірдегі өз рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет етуіне мүмкіндік береді.
«Адам тұлғасының даму үдерісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Осыған сәйкес өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі іске асыру қабілет өмір бойы қалыптасады: адамның басқа қарым-қатынас тәжірибесі неғұрлым көп болса, ол тұлға ретінде өзі туралы солғұрлым көбірек ақпарат алады, іс жүзінде өзі туралы өз пікірін басқалардың пікірлерімен байланыстыруларына тура келеді. Өз әрекетін қылығын дұрыс қабылдау және бағалау қабілеті тезірек және белсендірек дами түседі. Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеу, іске асыруда бала үшін маңыздысы: шындық пен «мен» және «ол» арасындағы байланыс өзіндік «меніне» жақындауы өзін-өзі дұрыс анықтап, реттеп, іске асырғанда, дұрыс бағалау қабілеті дамыған кезде ғана жүзеге асады..
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, баланың өзін-өзі бағалауын, өзін-өзі іске асыруын елемей тастауға болмайды, оны елемеу мынадай теріс құбылыстарға алып келеді.
-баланың психикалық дамуының тежелуі;
-оқытудағы психологиялық және мағыналақ кедергілер;
-жаман мінездің қалыптасуы;
Бұл жасөспірім жастағы тұлғаның дамуына мағыналық кедергі жасайды. Жалпы мұндай енжарлық өмірге немқұрайлыққа апарып соғады. Нақ осы жаста баланың қандай да бір үдерістерге, құбылыстарға көзқарасы қатынасы қалыптасады. Күнделікті практика жүзінде орта білім беретін оқу орындарында сабақ беру, тығыз жұмыс жасау барысында бұл жағдайлармен кездесесің. «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» – деп қазақ халқының ғұлама ғалымы Әл-Фараби айтқандай өзінді жетілдіру, өз бойына жақсы мінез-құлықтарды қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталса керек. Өйткені, өзіңді өзің кім екеніңді білмесең, қандай екеніңді түсінбесең, өзіңді жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретіні, қандай мінез-құлық қалыптастыру қажеттілігін қайдан білеміз. Ал мұның өзі білімі саласында ғана емес, бүкіл өмірде болып жатқан өзгерістерді түйсіне білуді талап етеді. Бала тәрбиесі әрқашанда өзекті мәселе болып келеді. Бала дүниеге келгенде-ақ оның өз орны айқындалады. Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да кез келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады, білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі
« Әр адам тумысынан шексіз мүмкіндіктер әлеміне ие. Оны өзінің санасын кеңітіп,өзінің ерік-жігері мен психикасы күшіне сенген кезде ғана аша алады. Ал ата-аналар мен ұстаздар ше? Олар әр сәбидің бойындағы талантты көре білуге, сөйтіп, бейнелей айтқанда, қолбасшы адамның жас кезінде хореография үйірмесіне емес, кадет корпусына түсуіне, болашақ ұлы суретшіге футбол добының орнына бала кезінде қылқалам мен бояуды тарту ету мүмкіндік жасау керек» (С.А.Назарбаева «Өмір әдебі»)
Бар қазақтың ұлы данышпаны, ақыны Абай Құнанбаев өзінің көптеген өлеңдерінің бірінде:
Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек, – деген екен.
Шынымен, өзгермелі өмірдің түрлі соқпақтарынан жүріп өтіп, «адам» деген құрметті атқа кір келтермей, керісінше өзінің игі істерімен көпшілікке танылып, ақыл мен парасаттылықтың, инабаттылық пен имандылықтың, мәдениеттілік пен әдептіліктің, сыйластық пен достықтың асыл үлгісі болу үшін әрбір адамның жүрегіне үлкен қайраттылық керек. Жүрек қайраттылығы адам баласына көздің қызығушылығының жетегінде жаман әрекеттер жасамауына, осындай қызығушылықтарға қарсы тұрып, ізгілік қасиеттер үшін ерлік істер жасауға себеп болады. Елінің, жерінің, Отанының, туған-туыс, бауырларының амандығы үшін талай ерлік істерге барған батыр ұл-қыздарымыздың әрекеттерінен олардың қайратты жүрек иелері екеніне көз жеткізуге болады. Дегенмен, адамның барлық қылықтарын, тіпті қайратты да жүректі адамның санасын ақыл басқарады. Міне, өмірдегі адамның қолымен жасалатын барлық істердің жақсы немесе жаман болуы осы ақылдың сәулелі болуына байланысты. Сәулелі ақылдың иесі болған адам жақсылық жасасам, мейірім төксем, махаббат сепсем, әлемді танысам деген ойда болады. Осындай ғажайып ойдың иесінен барша ғаламға жақсылық нұры төгілмек.
Менің жүрек қалауым
Лекция-әңгіме
Ұлы адамдар өз ескерткішінің тұғырын
Өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады.
В.Гюго
Сабақтың мақсаты: студенттердің өздерінің болашақ кәсібін, бейімділігін бағалай білу іскерлігін қалыптастыру.
Міндеттері:
өзінің нақты бейімділігін табуға ұмтылысын дамыту;
«бейімділік», «икемдік» ұғымдарының мәнін ашу;
өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін адекватты бағалау іскерліктерін қалыптастыру.
– Адамның өмірінде дер кезінде өзінің бейімділігін, бір нәрсеге икемділігін, өзінің жолын тауып, дұрыс бағытын анықтауы өте маңызды. Өзін неге, қандай іске арнағанын біреу ерте, біреу кеш түсінеді. «Осы өмірден менің немен айналысқым келеді және менің неге икемім, ебім бар?» Біреулер бұл сұраққа 10-12 жасынан бастап жауап іздей бастаса, кейбіреулер қырыққа келгенде ғана көңіл аударады екен. Бірақ сіз қанша жаста болсаңыз да, өз өміріңізді жақсы жаққа бұруға ешқашан кеш болмайды. Тек қана тура жолды, өмір жолын таңдауды адамның өзі жасайды: оның өзі әрқашан кім болуға талаптанса, сол болады. Бірақ кейде жас жігіттер де, бойжеткендер де өз өмірін неге арнап, бағыттайтынын әлі білмейді, өмір жолын айқындамайды. Олардың таңдауы өте көп, қайсысысн жүректері қалайтынын өздері де анық сезінбейді. Не болмаса, керісінше, олар өздерін ешнәрсе қолынан келмейді деп есептеп, не істерін білмейді. Бұл жағдайда не істеу керек? Жастарға өз таңдауын жасап, өмірден өз орынын табуына қалай көмектесуге болады?
Ең алдымен, әркімнің есінде болатын нәрсе – әр істің мақсаты туралы ойлаған дұрыс, ал өмірдің мақсаты – алға ұмтылу ғой. «Өмірдің мәні мақсатқа жету жолындағы әрекеттің парасаттылығы мен пәрменділігінде, ендеше тұрмыс-тіршіліктің әрбір сәтінде алда үлкен мақсат тұруға тиіс», – деп А.Горький айтқандай, мақсатымыз – өмір жолын табу үшін оқу мақсат, өзіңмен жұмыс істеу мақсат, өзіңді тәрбиелеу мақсат. Көпжылдық ізденіс пен қажырлы еңбектің нәтижесінде ғана белгілі бір нәтижеге жетіп, белестен асуға мүмкіндік туады.
Жүрек қалауымен мамандық таңдауда сізге ата-анаңыз, мұғалімдер мен өз саласы бойынша тәжірибесі мол мамандар көмек көрсете алады. Бірақ ең тәжірибелі деген кісінің өзінің де сіздің жасайтын таңдауыңызды шешеуге құқығы жоқ. Ең басты, шешуші мәселелер, мысалы, мамандық таңдау, өмірлік серігіңізді таңдауды сіз өзіңіз ғана жасап, сол үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алуыңыз керек.Егер қателессеңіз, соңында ол қатені өзіңіздің түзетуіңізге тура келеді, ал енді басқа біреу қателессе, сөз өз өміріңізді, өз бақытыңызды сарп етіп, құрбан етіп, өзгенің қатесін түзетуге мәжбүр боласыз.
Өмір жолындағы таңдауда өзіңіздің ішкі даусыңызыды тыңдағаныңыз жөн, ол көп жағдайда анағұрлым қателеспейтін жетекші болады. Жай ғана уақытты өтікізіп өмір сүруге болмайды, «уақытты малайларша өткізбеуге жағдай жасау керек, себебі адамның қолында – іс, басында – ой болмаса, тап сол сәтте-ақ жүрегі де, адамшылығы да бүліне бастайды. (К.Д.Ушинский). Бүгініміз – өткеннің нәтижесі, әрі болашақтың бастамасы болғандықтан, «ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көз жұмушы болма» (Пифагор).
Егер сіз таңдауыңызды жасасаңыз, әрқашан ойланыңыз: сіз оған адал, берілгенсіз бе, өміріңіздің аяғына дейін артатын жүгіңіздің салмағын сезесіз бе? Әрбір мамандық пайдалы және игілікті, ал әрбір адам өз мамандығына байланыссыз өмірде лайықты, керек, өз орны бар адам, азамат бола алады. Бейімділік тек мамандық таңдаумен ғана щектеліп қоймайды. Ең соңында әр адам өз орынында адамдардың жүрегіне жол таба алатындай, жердің нәрі және әлемнің жарығы болып, тек қана жақсы істер жасауы тиіс. Сондықтан сіздердің болашақта немен айналысып, өздеріңізді неге арнайтындарыңызды анықтап, бағдарлауға әлі де болса кеш емес.
Өмірдегі орныңызды тауып, жүрегіңіз қалайтын іспен шұғылдану неліктен қажетті деген сұраққа қосымша мынадай себептер бар:
1. Сүйікті ісіңізбен айналыса отырып, сіз оған бар уақытыңызды арнап, тез арада өз салаңызда озық маман боласыз, өз ісіңіздің шебері атанасыз.
2. Сүйікті ісіңізбен айналысу сізге күш-жігер беріп, қуатыңызға қуат қоысп, өзіңізді жігерлі, қуанышты, мықты және сергектік сезінесіз.
3. Сіз мейірімді, ақжарқын болып, агрессивтік дегеннің не екенін сезінесіз.
4. Сіз өзіңізді мақсаттарыңызға жеткен адам және өзіңізге сенімді сезінесіз.
5. Ең ақырында, тек сүйікті ісіңізбен шұығлдану арқылы сіз шын мәніндегі қолыңыз аузыңызға жеткен, қамсыз адам боласыз.
Ә дегеннен өзіңіздің сүйікті, ұнайтын ісіңізді таба алмасаңыз, уайымдамаңыз. Ештеңеден қорықпаңыз. Есесіне тәжірибе жинақтайсыз. Ал тәжірибе дегеніңіз – ең қымбат тауар. Мүмкін сіз екінші, үшінші жұмыста өзіңізді сынап көрерсіз. Бірақ нәтижесінде өз мүмкіндіктеріңізді толық ашатындай, көңіліңізге ұнайтын істі табарсыз. Сондықтан, міндетті түрде ізденіңіз, ойланып, таразылаңыз. Ешқашан берілмеңіз, табанды болыңыз, ұнжырғаңызды түсірмей, сеніммен қараңыз және міндетті түрде сеніміңіз, үмтіңіз, дұрыс таңдауыңыз сізді алдамайды, көздеген межеден шығатын боласыз.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Сіздіңше, адамның өмірінде бейімділік, икемдік, әуестіктің орны мен маңызы қандай?
2. Сіз бұл ұғымды қалай түсінесіз?
3. Сіздің өмірдегі мақсатыңыз, жүрек қалауыңыз, таңдауыңыз қандай?
4. Өз мұратыңыз, арман-мақсатыңызға жетіп, қабілеттеріңізді ашу үшін сізге не қажет?
Студенттермен шығармашылық әрекет жасау.
1-тапсырма. Айтылымдар бойынша өз пікірлерңізді білдіріңіздер.
2-тапсырма. Тест-жаттығу «Жүрек қалауын іздеуде»
Даналық тағлымы.
1-тапсырма. Хрестоматиядан ұлы адамдардың өмірі туралы материалдарды оқыңыздар.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Осы адамдардың тағдырларынан ортақ нені байқадыңыздар?
2. Сіздің сезіміңізді қай кейіпкер қозғады, неге?
3. Ғылым, мәдениет, өнер немесе тарих қайраткерін өмірде өз орнын тауып, өзін-өзі толық іске асырған деп айта аласыз ба?
4. Ол тұлғаларды атаңыз.
2-тапсырма.
Студенттер үш топқа бөлінуі керек. Әрбір шағын топ Р.Энтонийдің «Өзіне-өзінің сенімділігінің құпиялары» кітабынан алынған үзіндінің біреуін оқып, талқылайды. Содан кейін хабарламаның тезисі жасалып, бүкіл топ алдында тыңдалады.
Рефлексия.
Оқытушының қорытындылауы.
Адам өміріндегі басты нәрсе – өз жүрек қалауын, өмірлік ісін табу, яғни, «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан». Адам өміріндегі табыстары, жетістіктері, адам бақыты, әл-ауқаты мен ырыс-берекесі кәсіпті, мамандықты дұрыс таңдауына байланысты. Халық даналығында айтылғандай, «Таңертең жұмысына асығып, кешке үйіне қайтуға асыққан адам –бақытты».
Рефлексия.
Ойлан
Әй, жас ұлан, бір сәт құлақ түр маған,
Қор болмайды іні ағаны тыңдаған.
Саған айтар уайым бар, мазалап,
Көкірегімді көк шеңгелдей тырнаған.
Басымызға түскенде сол сорлы сын,
Берісе алмай бір-біріне қол ұшын,
Қаны қатып, жаралы жан суынып,
Қалды ұмытып мейірімін, борышын.
Содан шығар, ажырап қап арамыз,
Шын жақындар бүгін сырттап барамыз.
Сен түсіңді, мен ішімді суыттым,
Ойлансақ, бұл – ауыр сынар жарамыз!
Моп-момақан түлегі едік даланың,
Жанымызда жоқ еді еш нала-мұң.
Қалаға кеп, тағалы аттай тарпаңдап,
Үйіріңе сен осқыра қарадың!
Моп-момақан түлегі едік даланың
Жанымызда жоқ еді нала-мұң.
Қалаға кеп, қағаз қажап жүйкені,
Үйіріме мен қабарып қарадым! ..
Екеуміз де екеуміз де екі тағдыр, қарағым,
Екеуміз де түлегіміз дананың.
Тағы ұмыта бастадық-ау қасиетті
Ақ сүтімен ақ тілегін ананың!
Ащы жұтып, ардың жыртып, пердесін,
Көргендерге арамдықтың кермесін,
Көрмегенсіп, білмегенсіп, бұғынып,
Мен да айтпадым
Айтпай жүрсің сен кесім!...
Мынау шулы кіріп алып қалаға,
Сен де, мен де шықпас болдық далаға.
Сен ұмыттың дейтін сөзді: «Жан аға!»
Мен ұмыттым деуді: «Жаным садаға!»
Ойлан, ойлан! Ойлап көрші, қарағым.
Мұрат па құр асыраған тамағың?
Тал бойыңда қаның тулап тұрғанда,
Мін емес пе мүлгігені сананың?!
(Нүкеш Бәдіғұл)
Қорыта айтқанда, «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол!» деп ұлы Абай айтпақшы бұл пән әрбір жасқа ой салатын пән. Осы пәннің қағидаларымен таныс болу жас ұрпақты рухани тазартуға тәрбиелеп, әлемдік білім кеңістігіне сай ойлай білуге үйретеді. Ендеше бұл пәннің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы үшін маңызы зор дегіміз келеді.
«Менің жан дүнием»
СОӨЖ-1
Өз жанына көп үңілген жан қателігін тез сезеді, еріксіз салмақты болады, бәрін білем демейді, көкірек кермейді.
К.Гельвеций
Сабақтың мақсаты: адамның рухани дүниесін бағалай білу қабілетін қалыптастыру.
Міндеті:
- өзіндік таным мен өз-өзін рухани жетілдіру талпынысын дамыту;
- әр адамның ішкі жан дүниесінің ғажайып екендігі туралы көзқарасты кеңейту және тереңдету;
- рефлекстік қабілеті мен өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту.
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық –
Бұл қайраттан шығады, білсек керек.
Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады өлең.
Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
(Абай)
«Менің жан дүнием» ұғымын қалай түсінесізде? Өздерін дұрыс түсіну, жағымды қасиеттерін ашу жолында үшін жас адамдарға не көмектеседі? Неліктен адам өз-өзін түсінуі, қабылдауы және жақсы көруі қажет? Күнделікті өмірде біз осындай сұрақтарға мән бермейміз. Ең маңызды және қызықты нәрсенің өзіміздің бойымызда, ішімізде жатқанын ұмытамыз да, қоршаған дүниені көбірек тануға тырысамыз.
Өзіңді қабылдау
Кемшіліктеріне қарамай өз-өзіңді қабылдау, жақсы көру оңай емес. Көптеген мәдениттерде бұл қасиет ұлы мейірімділік ретінде бағаланады. Бұл туралы ежелгі қытайдың «Сюнь-цзы» трактатынан алынған оқиғада әңгімеленеді:
Конфуций бірде өз шәкірті Цзы Луға мынадай сұрақ қойыпты: қандай адамды мейірімді тұлға деуге болады (жэнь чжэ)?. Цзы Лудың жауабы: «Мейірімді тұлға – басқаларды жақсы көруге ниеттендіретін адам. Конфуций: «Ондай адамды білімді деуге болады (ши)».
Цзы Гул кіргенде Конфуций сұрағын қайта қойды. «Басқаларды жақсы көретін адам – мейірімді тұлға» (ай жэнь) – деген жауап қайтарылды. Бұған Конфуцийдің қосқаны: «Ондай адамды керемет тәрбиеленген адам деп айтуға болады».
Осы кезде Янь Юань кіріп келеді, оған да Конфуций тағы да өз сұрағын қойды. Янь Юаньнің жауабы: «Мейірімді адам – өз-өзін жақсы көретін адам» (цзы ай). Бұған Конфуцийдің айтқаны: «Ондай адамды шынайы білімді адам деуге болады».
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіздер Конфуцийдің және оның шәкірттерінің пікірімен келісесіздер ме?
Өзін жақсы көретін адам неліктен мейірімді болып саналады?
Конфуций не себептен өзін жақсы көретін адамды шынайы білімді деген?
1 тапсырма. Ішкі жан дүниенің «төлқұжаты».
Талқылауға арналған сұрақтар:
Жан дүние «төлқұжатын» толтыру қиынға түсті ме?
Қай бағанды толтыру қиынырақ болды және неліктен?
Төлқұжатында не жазылғанымен бөліскісі келетіндер бар ма?
Бірінші бағанда қандай қасиеттеріңізді жаздыңыздар? (жағымды не жағымсыз).
Ойлап көріңіз, не себепті екінші бағанда сіз көрсеткен қасиеттеріңізді адамдар жиі байқайды?
Үшінші бағанда көрсеткен қасиеттерді өз бойыңызда қалыптастыруыңызға тырысасыз ба және нәтижеге жеттіңіз бе?
1-жаттығу «Сыйлық»
Ұсынылған жаттығу қатысушыларға екі маңызды мүмкіндік береді: біріншіден, өзін адамның жан дүниесінің білгірі ретінде сынақтан өткізу. Екіншіден, қоршаған адамдар бізді қаншалықты дұрыс түсініп, бағалайтыны жөнінде ақпарат алады.
Тапсырманы орындау үшін топ алты-алтыдан бөлінеді және әр шағын топ кішкене шеңбер құрады. Шағын топтарда студенттер саны өзгеше болуы мүмкін, бірақ алтыдан аспағаны жөн. Әр шағын топ мүшесі бірден алтыға дейін номер алады. Бұл жаттығуды бүкіл топпен ортақ шеңбер құрып өткізуге болады. Бірақ уқытты үнемдеу және үлкен топты жалықтырмау мақсатында алты адаммен жұмыс істеген дұрыс.
Керекті көңіл-күй туғызу үшін баяу ойнаған лирикалық әуен қою қажет. Бұл мәтін мысал ретінде алынған, әр оқытушы оны қзінше өзгерте алады:
«Қане, келіңіздер, қиялдап көрейік. Бүгін бәрімізде мереке, бәріміздің туған күніміз. Бұндай күн әрқашан маңызды. Бұл белгілі біп шекараны білдіреді, оны өткен адам өз өмірінде және өз бойында бір нәрсені өзгерте алады. Туған күнде туған күн иесіне сыйлық беру рәсімі қалыптасқан. Бүгін бұл сыйлықтар адамды жақсы жаққа өзгеруіне көмектесетін, адамға нағыз керекті және өзіне бағалы сыйлық болсын. Жақсы сыйлық ұсыну оңай емес. Қайсымыз осындай мереке күні жақынымызға не сыйлық ұсыну туралы басымызды қатырған жоқпыз? Қайсымыз дүкендерді аралап «керемет нәрсені» іздеген жоқпыз? Бүгін дүкеннен ешнәрсе іздеу керек емес. Ол жерден керекті ешнәрсе таба алмаймыз да. Есіңізде болсын: сіз ешнәрседен шектелмегенсіз. Қалағаныңызды сыйға тартыңыз: Ұлы Леонардоның қылқаламынан шыққан суреттен нақты жеке-дара ұасиеттерге дейін, Багам аралында Вилладан мыңжылдықты өткерген ежелгі сыйқйршылардың даналығын сақтаған манускриптерге дейін; кеуіп қалған өткен жылғы гүлден мәңгілік өмірге дейін. Сыйлықты таңдауға асықпаңыз.
Алдымен бірінші номерлер туған күн иесі болады. Бұл адамға анықтап қараңыз. Бұл адамның қандай өмірлік тәжірибесі бар екенін ескеріңіз. Ол өз өмірінде не танып, не білді? Ол әлемде ең басты нені бағалайды? Ол кімді жақсы көреді? Ол нені армандайды? Оған ең басты не қажет, түсінуге тырысыңыз? Ол сізден сыіға не алғысы келеді? Қазір сіз сыйқыршысыз. Сіз ол адамға керектісін бере аласыз...
Ал, енді туған күн иелері, көңіл аударыңыздар! Туған күнде сыйлықтар ұнағаны, ұнамағанына қарамастан ешбір сынсыз қабылданады. Бірақ бүгін ерекше күн. Ұсынылған сыйлыұтарға үңіліп қараңыз, өзіңізді өзіңіз тыңдап, әр сыйлықтың өзіңізге керектігін бағалап, ұсынушы адамға сыйлықты таңдауда қаншалықты дәл түскенін шын айтуға тырысыңыз. Өзіңіздің пікіріңізді нақты дәлелдеңіз. Ұсынылған сыйлықты алғыңыз келмесе, ұсынған адамды ренжітпей неліктен алмайтыныңызды түсіндіріңіз. Жолдастарыңыздың әрқайсысына жауап қайтарыңыз.
Сыйлық ұсынушылар туған күн иелерімен үзілді-кесілді келіспесеңіздер де бәстеспеңіздер. Бүгін әрқайсыңыздың туған күніңіз болады. Әрқайсыңыз бес сыйлық ұсынсаңыздар, бес сыйлық аласыздар.
Бірінші номерлер сыйлықты бағалағаннан кейін, екінші номерлер алады және тағы да сол сияқты. Ал енді, кірісіңіздер! Іске сәт! Туған күндеріңізбен!
Шағын топтың әрбір мүшесі өзінің бес сыйлығын алғаннан кейін, оқытушы олардың жалпы шеңбер құрып тұруын өтінеді.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қай қатысушы туған күн иелерінің бәрі ризашылықпен қабылдаған сыйлық таба білді? Басқаша айтқанда, кім жолдастарының ішкі дүниесін түсіне білді? Олар оған қалай қол жеткізді?
Қандай сыйлықтар болды?
Сыйлықтардың арасында адамгершілік қасиеттер бар ма? Оларды «Жан дүние төлқұжатында» үшінші бағанда жазылған қасиеттеріңізбен салыстырыңыз (өз бойыңызда қалыптастырғыңыз келетін қадір-қасиеттер).
Қайсысы ең сәтті болды?
Қандай сыйлық ең ерекше?
Барлық сыйлықты қабылдаған туған күн иелері болды ма?
Егер болса, олардың сыйлыққа келісуінің себебі сыйлық ұсынушыларды ренжітіп алмау емес пе?
Барлықтарыңыз шынайы бола алдыңыздар ма?
Қандай сыйлықтар қабылданбады және неліктен?
Сыйлықтан бас тарту қаншалықты қиын болды?
Бірде-бір сыйлық қабылдамаған туған күн иелері бар ма? Не себепті?
Сіздің сыйлығыңызды қабылдамағанда не сезіндіңіз?
2-тапсырма. «Сіздің темпераментіңіз» тесті
- Төрт бөлімнен тұратын кестені назар аударып оқыңыздар. Өзіңіздің күнделікті тәртібіңізге сай келетін тұжырымды белгілеңіздер. Жауап берерде көп ойланбай, оқығаннан алған алғашқы әсеріңізге көңіл аударыңыздар.
3-тапсырма. Түрлі темпераментті адамдарды көрсететін әзіл суреттерді қараңыздар. Осы эпизодтағы адамдарға қандай темперамент тән екенін анықтауға тырысыңыздар.
Өткізілген жаттығу бізге өзіміздің жеке қасиеттерімізді тануға мүмкіндік берді: бізде не бар және не керек; басқа адамдарға не көрсетуге тырысамыз, ал керісінше, басқалар біздің бойымыздан нені байқамайды. Сонымен қатар, маңызды және керекті сыйлық ұсына отырып, біз басқа адамдардың ішкі дүниесін ашуға тырыстық. Осыдан шығаратын ең негізгі қорытындымыз – біз бәріміз әр түрліміз және әрқайсымыздың керемет қасиеттеріміз бар. Біз өзімізді жақсы көруіміз және қабылдауымыз керек. Бірақ қол жеткенге тоқтап қалмай, үнемі өз-өзімізді жетілдіріп, одан да жақсы болуға тырысуымыз қажет.
«Айна»
Музыкалық материал: Оқытушының таңдалуы бойынша баяу музыка ұсынылады. (Т.Мұхаметжанов. «Балалық шақ»).
Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмып, денеңізді босатып, тынышталыңыздар. Іштей мына сөздерді қайталаңыздар: «Мен мүлде тынышпын». Сіздердің деміңіз бірқалыпты және алаңсыз. Ойыңызда санаңыздың таза экранын елестетіңіздер. Бұл экран айнаға айналады. Сіздер өз бет-әлпеттеріңіздің бейнесі мен сезіміне шоғырланыңыздар. Айнаға мұқият қарап тұрып, өздеріңіздің күнделікті жүздеріңізді көресіздер. Өздеріңізге бөтен адамға қарағандай қарауға тырысыңыздар.
Өздерізге мұқият зер салып қарап, мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
Сіздердің жүздеріңіздің күнделікті бейнесі қандай? Оның артында қандай көңіл-күй тұр?
Бұл көзқарас дүниеге не әкеледі?
Сіздердің жанарларыңыз сөніп қалмады ма?
Соңғы түнде қалай ұйықтадыңыздар?
Сіздер өздеріңізді бақытты сезінесіздер ме?
Өздеріңізге қызықпай да, сынамай да байыпты қараңыздар. Жай ғана бақылап, бұрын белгісіз жаңа сызықтарды табуға тырысыңыздар.
Біз өзімізге қандай болып көрінеміз және шын мәнінде біз қандаймыз?
Жан дүниеміздің тереңіне үңіліп, оған тік қарайық.
Сіздердің ішкі күштеріңіз неге бағытталған?
Сіздер өмірде неден қорқасыз?
Қай кезде қатты қуанасыздар?
Неге ашуланасыздар?
Қандай жағымсыз қасиеттеріңіз бен қылықтарыңыз бар?
Неден құтылғыларыңыз келеді?
Қандай адам болғыларыңыз келеді?
Қазір сіздер айнадан өздеріңіздің қандай болғыларыңыз келетінін көрдіңіздер. Жан дүниеңіздің тереңінен ең жақсы рухани күш пен қалыпты шығарып әкелдіңіздер, сіздердің бет-әлпеттеріңіз өзгеріп және ағарып келеді. Жан-дүниеңіздің көтерілгенін сезініп, көздеріңіз басқаша жайнайды: жайдарлы және көңілді. Сіздер өз жан дүниеңізде жақсылыққа бетбұрысты сездіңіздер.
Ал енді бет-әлпеттеріңіздің осы бейнесін еске сақтауға тырысыңыздар. Сіздердің бет-әлпеттеріңізге ішкі нұр құйылды, осыдан өздеріңізді игі ниетті және сұлу адам ретінде сезіндіңіздер. Өзіңізше қайталаңыздар: «Мен әрдайым осындай болғым келеді». Айнадағы бейнеңізге күлімсіреңіздер. Өздеріңіз жасаған осы әдемі бейнені есте сақтаңыздар. Өмірде ешнәрсе сіздерді қазіргі қалпыңыздан айырмайды. Сіздердің бейнеңіз естіп тұрған тамаша музыкамен үйлесімді болып тұр. Сіздердің ойдағы айналарыңыз әрдайым жағымды қасиеттеріңізді ашып, жақсы адамға айналдырып отырады. Өздеріңізді жақсы білген сайын, оған қол жеткізу де оңай болады. Күнде ұйықтар алдында өздеріңіздің ішкі айнаңызда өз бейнелеріңізді салыңыз және қалаған қасиеттеріңізді тізіңіз. Сіздер міндетті түрде өздеріңіз көрген бейнеге айналасыздар.
Өзіңізді жақсы көріңіз және бағалаңыз, сонда басқалар да сізді жақсы көреді және бағалайды.
(Петрушин В.И.)
МЕНІҢ ЖҮРЕК ҚАЛАУЫМ
Лекция-әңгіме
Ұлы адамдар өз ескерткішінің тұғырын өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады.
В.Гюго
Сабақтың мақсаты: студенттердің өздерінің болашақ кәсібін, бейімділігін бағалай білу іскерлігін қалыптастыру.
Міндеттері:
өзінің нақты бейімділігін табуға ұмтылысын дамыту;
«бейімділік», «икемдік» ұғымдарының мәнін ашу;
өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін адекватты бағалау іскерліктерін қалыптастыру.
СӨЖ-дің мақсаты: тарихтың субъектісі ретіндегі адамның рөлін бағалау.
Міндеттер:
тарихта із қалдырған адамдардың өміріне және қызметіне қызығушылығын дамыту;
тарихтағы тұлғалардың рөлі жөніндегі түсінігін тереңдету;
тарихтағы нақты бір тұлғаның елдің, ұлттың, халықтың материалдық және рухани мәдениетіне қосқан үлесін бағалай білуге үйрету.
Сабақтың жабдықталуы: БАҚ материалдары, отбасылық мұрағаттар т.б.
Тапсырма
Адамзат тарихы ұзақ уақыт кезеңін, дәуірді қамтиды. Тарихтың әрбір кезеңінде әлемнің түкпір-түкпірінде жеке тұлғалар өмір сүрді және олардың әрекеті арқылы бүкіл халықтың, мемлекеттің тарихы, шежіресі мен жылнамасы өзгеріп отырды. Олардың еңбегін ұрпақтары есте сақтайды, келесі ұрпақтарға мұраға қалдырып отырады. Осындай атақты адамдар қатарына кімдерді жатқызар едіңіздер? Белгілі бір тұлға туралы эссе немесе шығарма жазыңыздар. Өз жұмыстарыңызда кейіпкердің жақсы қасиеттерін, оның адамзат тарихына қосқан оң үлесін атап көрсетіңіздер. Сіздер белгілі бір тұлға жөнінде қалыптасқан пікірді қайта қарап, оның өмірі мен қызметін басқа арнада, басқа қырынан көрсете аласыздар. Тәжірибе жасаудан қорықпаңыздар.
МАХАББАТ – ЕР ЖҮРЕКТІҢ ҮРДІСІ
(СОӨЖ)
Махаббат құдіреті – жер жүзіндегі күллі ізгі, таза, риясыздық атаулының қайнар көзі.
Ж.Сталь
Мақсаты: өзінің және өзге адамдардың сезімін құрметтеуге баулу.
Міндеттер:
махаббатың өмірлік мәнді күшіне сенімін дамыту;
адам өміріндегі махаббаттың рөлі туралы түсінігін кеңейті және тереңдету;
махаббат жолында ізгі әрекет жасау қабілетін дамыту.
Хрестоматиядан некеге, отбасына және денсаулыққа қатысты материалдармен танысыңыздар.
Тапсырма. Төменде берілген тақырыптардың біреуіне эссе жазыңыздар.
Үй иесі әйел, Жұбай, Ана... Бұл қасиетті ұғымдар. (Осы әлеуметтік рөлдің әрқайсысында мен қандай боламын?)
Менің тағдырым шешілді ... Мен үйленемін ... (Мен өзімді жұбай және әке рөлінде қалай елестетемін?).
Жауап хат (темекі тартатын қызға хат немесе салауатты өмір салтына байланысты).
Жаңа өмірдің тууы. (Дүниеге бала келгенде менің өмірім қалай өзгерді? Мен қандай ата-ана боламын? Менің балам қандай болады?).
Менің өзімнің денсаулық кодексім.
Мен қазақ әйеліне қайран қалам
Мен қазақ әйеілен қайран қалам,
Жайнаған, жалындаған, жайраңдаған.
«Қатынның шашы ұзын, ақылы қысқа»
Дегенді айттың екен қайдан, бабам?
Айттың ба сақалыңнан алмағанға,
Оны сен – опасыз жар алдағанда?
Айттың ба әзәзілге көнбегенге,
Салғанда ақ сайтанын әлде оған да?
Айттың ба сатып алар пұлдай көріп,
Жүрген соң от-суыңа тұлдай көніп?
Айттың ба талай бейбақ қызға қарап
Жасаусыз қатын болған, жұрдай келіп.
Айттың ба әлде әзілдеп, ерке тантып,
Айттың ба не көсемсіп, сертке тартып?
Тағы бар: «Алтын басты әйелден де, -
Дегенің, – бақыр басты ерке артық...»
Жоқ, бұл сөз шеттен кірген, бұл өтірік,
Кел, баба, байытайық бір отырып.
Қалайша сен әйелді кемсітесің,
Әйелдің бір перзенті бола тұрып?...
Әжелер секілді бір батыр маған,
Ықпаған нажағайдан сатырлаған.
Қазақтың еш әйелі өз ырқымен
Ешкімге, еш алтынға сатылмаған.
Жоқ, оны жеңе алмады басыр заман,
Халықты босағадан асырмаған.
Алдында қалшылдаған хан тұрса да,
Шығыста солар – бетін жасырмаған.
Сарадай ақын болған, би де болған,
Динадай дана, дархан күй де болған.
Найза алып ұол бастаған, жауға шапқан,
Балбұлл гүл, бақта – бұлбұл, түзде – балуан.
Аз қызық ала білген шерлі күннен,
О, баба, бірдей терлеп терлігіңмен.
Құран да, хан да оған бермепті ерік,
Сыйлатқан әжем өзі ерлігімен.
Ас сұрап әлде бірде атын мінсін, –
Атамыз дейтін болған: «Қатын білсін ...»
«Алып та жаралады анадан» деп,
Айбынған айтудан да батыл бір сын.
... Сол қатын – ару, ана – асыл халық,
Басынан қанша сорлы асырды арып!
Аздырмай жеткізді олар ұрпақтарын
Осынау таңдай нұрлы ғасырға алып.
Мен қазақ әйеліне қайран қалам,
Жайнаған, жалындаған, жайраңдаған.
Сол менің жүрегімнің ханышасы,
Жыр шоғын ұсынамын Айдан да оған.
(Жұбан Молдағалиев)
МЕН және СЕН
(СӨЖ-2)
Жалғыздықты қай жүрек мақұлдады?
Жапан түзде гүлдемес ақыл бағы.
жеке-жеке шоқ едік жылтыраған,
жанымызды қостық та лапылдадық!
Қ.Мырзалиев
Сабақтың мақсаты: студенттердің адамның эмоционалдық өмірін бағалай білуін дамыту.
Міндеттер:
адамдардың өзара қарым-қатынастарының сұлулығын бағалауға ұмтылысты дамыту;
махаббаттың табиғаты мен оның қырлары жөніндегі түсінікті тереңдету;
сүйікті адаммен жағымды қарым-қатынастар жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың жабдықталуы: студент дәптері, «Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе» оқу құралы.
1-тапсырма.
«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе» құралынан жастық шақ және махаббат ұғымы туралы материалдарды оқыңыздар.
2-тапсырма. Төмендегі берілген тақырыптардың біреуіне реферат жазыңыздар:
Жастық шақтың басты ерекшеліктері.
Э.Фромм. «Сүю өнері. Махаббат табиғатын зерттеу».
Өзгелермен жағымды тұлғааралық қарысм-қатынастарды қалыптастыру және нығайту.
Студенттік өмірдің көкейтесті мәселелері.
Махаббат – «өзін-өзі тану» курсының негізгі ұғымдарының бірі.
Достық – «Өзін-өзі тану» курсының негізгі ұғымдарының бірі.
Кәсіптік өзін-өзі анықтау тренингтері
Педагог-психолог оқытудың мақсатына, міндетіне және сыныптың мотивациялық дайындығына қарай, еркін пікірталас, эвристикалық әңгіме, баяндап түсіндіру, нақты жағдайларды талдау және оқу-ойын іс-әрекетінің тәсілдерін байланыстыра алады. Жасөспірімнің жетістік мотивациясын қалыптастыруда, олардың өз күштері мен мүмкіндіктеріне сенімділігін нығайтуда, топ ішінде талқылауға және ұжымда жайлы эмоционалдық климаттың болуын жүзеге асырады.
Жасөспірімдерден кері байланысты алу кезінде және мәліметті түсіндіруде бағалаудың жағымсыз сипаттамасын қолдануға болмайды. Сонымен қатар өз сезіміңді ашық білдіруге және кері байланысты жүзеге асыру үшінжағымды ынталандыруды қолдануға болады. Стол және орындықтардың орнын ауыстырып, қозғалысты қажет ететін психотехникалық жаттығуды орындауда орын босату үшін сабақтың дыбыс өткізбейтін бөлмеде өткені дұрыс.
Топтағы адамгершілік қорғау мен қолдау көрсету жағдайында, жасөспірімдер болашақ мамандықпен байланысты жағдайларды талдауға, өз пікірлерін айтуға мүмкіндік алады.
Тренинг мансапқа жетуді ақылмен жоспарлауға көмектесе отыра, оқушылардың алдағы уақытта өзін-өзі анықтауындағы кәсіптік мүддесі мен бағдарын түзетін құралы болады.
Жүргізуші тренингті өткізуді жоспарлаған кезде, қатысушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып ойындарды таңдау үшін, оқушылар туралы барлық ақпаратты, олардың мамандықты талдаудағы психологиялық дайындығының деңгейін, нақты топтағы оқушылардың мансапты таңдаудағы жіберетін едәуір кең таралған қателіктерін талдап шығу керек.
Нақты жұмыс жоспарының болғанына қарамастан жасөспірімдермен өткізілетін сабақ тәсілін айқын бағдарламадан өзгеше де өткізуге де болады, себебі жоспарланған ойға өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Берілген әдістемелік тапсырмалар студенттің өз бетімен шығармашыл ізденуіне көмекші болады.
Ұсынылып отырылған тренингтер мазмұны Л.М.Митинаның «Психологическое сопровождение выбора профессии» ғылыми-әдістемелік құралынан алынған.
«Армандар»
Мақсаты: Топ жұмысына қолайлы жағдай жасау, тренингтің негізгі принциптерімен таныстыру.
Қатысушылар көздерін жұмып, шеңбер бойымен отырады. Олар өздерінің тілегіне құлақ түре отырып, келешек кәсібін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жақындарын елестетуге тырысады. 1,5 минут уақыт беріледі. Ақырын, жайлы музыа қойылады.
Әр қатысушы өзінің әсерлерімен бөліседі. Тренер айтылғандарды жинақтайды. Топтың әр қатысушысының өз арманы, мақсаты болатынын айтады.
«Жағымды сөздер»
Мақсаты: өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең дұрысы бір сөзден тұруы қажет.
«Өзін-өзі жарнамалау»
Мақсаты: Өзін-өзі ашу, өзін-өзі тану, өзінің психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
Ойынға қатысушылар жұмыс берушіге 25-30 минут ішінде өзінің көрсететін қызметін, психологиялық ерекшеліктерін, икемділігін, жетістігін көрсетіп хат жазады. Хатына қолын қойып оны жүргізушіге береді. Барлық хат жиналған соң, жүргізушу авторлардың есімін оқымай тек хаттың мазмұнын ғана оқиды. Шеңбер бойында хатты талдау жүргізіледі. Хаттың авторын табу керек.
Молекулалар және атомдар»
Мақсаты: өзінің және айналасындағы адамдардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
Қатысушылар «Біз атомбыз» деп айтуы қажет. Қатысушылар қолын шынтағынан бүгіп және қолын иығына қойып, тренер қандай да бір санды айтқанша бөлме ішінде қозғалып жүреді. Қандай сан аталса, сонша «атом» молекулаға бірігеді. «Атомдар» иықтармен түйісіп, шеңберде бір-біріне қарап тұрады. Біріккен кезде бір ойыншы молекуладан тысқары қалатындай сан айтылмау керек. Жаттығу соңында ойыншылар санына тең сан айтылады.
«Қарауыл»
Мақсаты: Әртүрлі мамандық туралы нақтырақ білу.
Ойыншылардың саны тақ болуы керек. Бәрі «бір-екіге» санап шығады. Екінші нөмірлер орындыққа отырады, біріншілер орындықтың артында тұрады. Жұпсыз қалған ойыншы бос орындықтың артында тұрады. Оның міндеті: сөйлемей, ыммен, отырғандардың біреуін өзіне шақыру. Орындықтың артындағы ойыншы «алдында» отырған ойыншының орнын ауыстырғысы келетінін біліп қойған мезетте, оның иығына қолын қойып, жібермеуі керек. Артқы ойыншы қолын үнемі отырған ойыншының иығының үстінде ұстап отырмауы керек.
«Ол кім, көрсет?»
Мақсаты: әртүрлі мамандық туралы нақтырақ білу.
Тақтаға топ ойыншыларына ұнайтын мамандықтардың 10-12 түрі жазылады. Жүргізуші ол мамандықтардың әрбіреуін көрсетіп, былай дейді: «Ол кім, көрсет?». Барлығы сол мамандыққа лайық ойыншыны көрсетеді.
«Микрофон алдында сөйлеу»
Мақсаты:әртүрлі мамандық туралы білімді кеңейту.
Оқу орнының бір өкілі (арнаулы орта, кәсіптік, жоғары) орта мектептеріне алдында тұрған мамандықты алуды ұсынады. Тыңдаушылар сөз сөйлеу тұсында сұрақтар қоюы мүмкін. Ойыншылардың әрі кезекпен оқу орнының өкілі ретінде сөз сөйлеп шығады. Ұсынылған мамандықтар талданады.
«Менің ішкі жағдайым»
Мақсаты: үнсіз, білім алу. Өзара сенімділікке, топтық ынтымақтастық сезімге, өз түйсігімізге зейін қою.
Ойыншылар бір-бірлерінің есімін атай отыра доп лақтырады. Допты алған ойыншы өзінің ішкі жағдайын бейнелейтін кейіпті көрсетеді, ал қалғандары сол кейіпті жаңғырта отыра, сол адамның жағдайын түсінуге, сезінуге тырысады. «Біздің әрқайсысымыздың жағдайымыз қандай деп ойлайсыз?» деген сұрақ қойылады. Әрқайсысына қатысты бірнеше жорамал айтылған соң, кейіпті бейнелеген адамға ішкі жағдайын айту сұралады.
«Жауырыңдағы жазу»
Мақсаты: өзара сенімділік, топтық ынтымақтастық сезіміне зейін қою.
Жүргізуші мамандықтың аты жазылған карточканы бір ойыншының арқасына түйреп қояды. Қалғандары сол мамандықты бейнелеп көрсетеді. Карточка түйрелген ойыншыны өзінің арқасында не жазылғанын табу керек.
«Қолтырауын»
Мақсаты: өзара сенімділікке, топтық ынтымақтастыққа назар аудару.
Топ екі командаға бөлінеді. Біріншісі қандай да бір мамандықта жасырады, екіншісі өзінің ойыншысын (оның келісімімен) бірінші командаға жібереді. Олар оған жасырған мамандығын айтады. Ал ол болса тек ишарамен оны бейнелеп көрсетеді, ал командасы қандай мамандық екенін түсінуге тырысады. Командалар кезекпен мамандықты анықтайды.
Талдау: тапсырманы меңгеруге не көмектесті және оны орындауға не қиындық келтірді?
Келесі орындалатын жаттығулардың мақсаты: өз көзқарасын дәлелді түрде айтуды үйрену, кәсіби мансабына қатысы мен көзқарасын дәлелді түрде айтуды үйрену, кәсіби мансабына қатысы мен көзқарасын, өзінің одан нені күтетінін сезіну.
«Мақтаншақ»
Шеңбер бойымен тұрған әр ойыншы ең мықты мақтаншақ қалғанша былай дейді: «Мен бәрінен де ... жақсы білемін, ... істей аламын».
«Мамандық туралы диалог – Иә, бірақ ... »
Ойыншылар жұпқа бөлінеді. Әр жұп өзінің бір ойыншысының келешектегі таңдаған мамандығын алады. Өзінің таңдаған мамандығын негіздеп, «Иә, бірақ...» пікірімен диалог құрайды:
1-ші: «Маған ... мамандығы ұнайды, себебі...»
2-ші: «Иә, бірақ...»
Таңдаған мамандық оның таңдаушысына қаншасына лайық екенін кім дәлел келтіре отырып дәлелдей алады? Содан кейін рөлді ауыстырады. Шеңбер бойында талдау. Өткізілген диалогтың әсері.
«Балуандар»
Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Жүргізушінің белгісі бойынша ортада кездесіп, алақандарымен бір-біріне тіреледі. Әріптесін қабырғаға сол қалпымен итеріп апарып жапсыру керек. Кенеттен қозғау салмау керек.
«10 жылдан кейінгі кездесу»
Ойыншылар жұпқа бөлінеді. Тренер: «Уақытты 10 жылға қарай алға қоямыз. Енді біз ... жылдамыз. Сіздің өміріңізде көп өзгеріс болды. Сіз қазір еңбек демалысындасыз. Жаз мезгілі. Өзіңіз оқыған мектеп орналасқан қалаға келдіңіз. Көшеде келе жатып, сыныптысыңызды кездестірдіңіз. Осы жылдар ішінде қандай өзгерістер болды, немен айналысатыңыз жөнінде араларыңызда қызу әңгіме өрбіді. Сіздерге 5 минут уақыт беріледі».
Әңгіме аяқталған соң, бәрі шеңбер бойымен отырады және әр қатысушыны топ алдында таныстырады. Қорыту.
«Қабылдау комиссиясы»
Мақсаты: сенімді мінез-құлық тәсілдерін жетілдіру.
Жүргізуші қатысушыларды нұсқаумен таныстырады: «Сіздер кейін оқуға – колледждерге, жоғары оқу орындарына барасыздар, жұмысқа тұрасыздар. Былай қиялдайық, оқуға түсу үшін ешқандай емтихан тапсырмаймыз, тек қабылдау комиссиясынан әңгімелесуден өтсе жеткілікті, ал олар сізді қабылдау, қабылдамауды шешеді. Қабылдау комиссиясы 5 адамнан тұрады. Көрейік, көпшілігі қабылданады ма екен?» Қабылданушы оқитын (жұмыс істейтін) оқу орнын немесе мекемесін айтады.
Дайындыққа 5-10 минут уақыт беріледі. Әңгімелесуден өту 5-тен 15 минутқа дейін. Қабылданушының комиссиясымен әңгімесі мен мінез-құлқы, сонымен бірге «қабылдау комиссиясы» мүшелерінің әрекеті талқыланады.
Психотехникалық жаттығу «Футболшы»
Мақсаты: сенімді мінез-құлық тәсілдерін жетілдіру.
Қатысушылардың біреуіне шеңбердің ортасына шығу ұсынылады. Оның көзін байлап, одан шамамен 1 метр қашықтықта үрленген шар қойылады. Футболшыны бірнеше рет орнында айналдырады. Бірнеше адым жасап және допты соғуды ұсынады.
«Өнімді жарнамалау»
Мақсаты: сенімді мінез-құлық ерекшеліктерін одан әрі жетілдіру.
Тренингке қатысушыларға 15 минут уақыт беріледі. Қандай да бір өнімді жарнамалап, оны топқа көрсету керек.
Талқылау. Сұрақ: Өнімді жарнамалау кезінде қандай қиындықтар туды? Қай өнімді жарнамалау ерекше есте қалды (ұнады) және неге?
«Ата-ананы «иландыр»»
Топ үшке бөлінеді: әке-ана-жасөспірім.
Тапсырма: өзінің кәсіби жоспарларының мақсатқа лайықтылығына дәлелді түрде иландыратындай ата-аналармен әңгіме өткізу.
«Шеңбер бойымен қозғалу»
Мақсаты: өз өмірінің құндылықтары туралы ойлану.
Бәрі шеңбер жасап бірінің артына бірі тұрып, алдында тұрған ойыншының иығына қолын салып тұрады. Көздерін жұмады. Жүргізуші көзін жұмбауы да мүмкін. Ол алдында тұрған ойыншыға қолының қандай да бір қозғалысын жеткізеді, ал осы қозғалысты шеңбер бойымен келесі ойыншыға жеткізеді және тағы сол сияқты. Соңынан кім қандай қозғалыс алғаанын және қай жерінде бұрмаланғанын талқылайды.
«Конверттегі сұрақ»
Мақсаты: өз өмірінің құндылықтары туралы ойлану.
Барлығы шеңбер бойымен отырады. Тренер емтихан кезіндегідей «билетті суырып», оны дауыстап оқып, жазылғанға қатысты өз пікірін айтуды ұсынады. Алдын ала тренингтің тақырыбына орай 30 сұрақ дайындалады. Мысалы «Сен үшін өмірдің мәні не болып табылады?» немесе «Көптеген адамдар не себепті мансабын жоғарылата алмайды? Бірнеше себебін ата», «Қандай мамандығы бар адамға тұрмысқа шыққын келеді?» және т.с.с.
«Көгілдір жағалар» сауалнамасы
Мақсаты: өз өмірінің құндылықтары туралы ойлану.
Топтың мүшесінің әрқайсысына нұсқау жазылған парақ беріледі. 1974 жылы америкада қоғамның барлық жігіндегі жастардың құндылықтарын зерттеу өткізілді. Біздің жаттығуда колледжді аяқтамаған және орташа қабілеттілік пен ақылды талап ететін жұмысты таңдаған мектеп түлектерінің жауаптарын қарастырамыз.
«Адам жұмыстан нені күтеді?» деген сұраққа, жастар келесі 14 ұстанымды көрсетті:
Өз еңбегінің нәтижесін көру.
Алдағы уақытта көп ақша табу мүмкіндігі.
Өзін шамадан тыс қинамау мүмкіндігі.
Ақылы қабілеттігін көрсету мүмкіндігі.
Қызықты жұмыс.
Ақысын төлемейтін жұмысты мен істеді деп менен күтпейді.
Болашақтағы іске қатысу.
Жақсы жалақы.
Күш қуатты қажет ететін ауыр жұмысты талап етпейді.
Қол өнерге үйрену мүмкіндігі өз қабілетінді дамыту.
Жақсы орындалған жұмысты мойындау.
қоғамдық пайдалы жұмыс.
Өндіріске қатысты шешімдерге қатысу.
Жақсы зейнет ақымен қамтамасыз ету.
Сіздің міндетініз – осы ұстанымдарды сіздердің замандастарыңыздың қандай ретпен орналастыратынын көрсету.
1-14-ке дейінгі сандарды қолданып, жоғарыдағы ұстанымдарды өзіңізге ұнайтындай етіп ұнайтынына қарай ретін анықтаңыз.
Топтың барлық мүшелері тапсырманы орындаған соң жүргізуші 6-7 адамды шақырады. Оларждан шешім қабылдау үшін команда құрайды. Команда 15 -20 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде осы ұстанымдарды қандай ретпен қоюға болатынын ақылдасып, бір ұйғарымға келеді.
Тапсырма орындалған соң жүргізуші кесте жасайды да, оған топтың жеке көрсеткіштерін осы зерттеуде алынған ұйғарымның командалық көрсеткішін енгізеді. (Тізім бойынша 3,8,13,4,1,14,10,2,5,7,11,6,9,12 ұстанымдар) командалардың шешімдері талқыланады.
«Асқар айтты»
Мақсаты:Мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңіл дағдыларын жаттықтыру.
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Тренер нұсқау береді: Біз әр түрлі қозғалыстар әрекеттер орындаймыз. Мынадай шартты сақтаймыз: Мен «Асқар айтты» деген сөз тіркестерінен басталатын әрекет туралы айтқанда ғана сол әрекет орындалады. Егер мен «Асқар айттыон қолдарынды көтеріңдер» десем, онда сіз бұл әрекетті орындайсыз. Егер мен былай десем : «қолдарынды көтеріңдер» немесе : «Мен сіздерден қолдарынызды көтеруді сұраймын десесм», онда бұл әрекеттерді жасамайсыздар.
«Кімнің пікірі, тап?»
Мақсаты:Мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңіл дағдыларын жаттықтыру.
Қатысушылардың біреуі есік сыртына шығады. Қалғандары параққа өз есімін және шығып кеткен адамдардың айналасына қарағанда ерекше бір көрініп тұрған сипатын жазады. Парақтар жүргізушіге өткізеді. Ол авторын айтпай парақтағы әр сөздерді оқиды. Оны кірген адам кім жазғанын табады.
«Темірдей даусыз дерек»
Мақсаты:Мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңіл дағдыларын жаттықтыру.
Тренердің нұсқауы: Барлық жолы болмағандардың бір ұқсастығы бар: олар сәтсіздіктерінің барлық себептерін біледі және өздері жетістіктерге жетпегені туралы сізге темірдей даусыз дерек айтады. Олардың кейбіреуі тапқырлықпен түсіндіріледі, тіпті дәлелді түрде расталады. Өзін ақтап шығу үшін үнемі қолданатын себепті келтірейік. Әрбір фразаны мына сөзден бастаймыз: «егер де .... ». мысалы «егерде менде ақша болса...», «егерде мен қолымнан келетінімді істей алсам» т.с.с
Бір психолог осындай 55 даусыз деректі санап шыққан.
Ал біз қаншасын білеміз?
Атап шыққан соң тренер өзіне мұқият қарауды ұсынады және қатысушылардың әрқайсысы аталған даусыз деректердің қаншасын қолданатынын ұсынады. Американдық ғалым Эльберт Хаббарт былай деген: «Адамдар өздерінің әлсіздігін көрсетпеу үшін даусыз деректер ойлап, өзін-өзі алдауға көп уақыттарын жұмсайтыны мен үшін ылғи жұмбақ күйінде қалады. Осы уақыт кемшіліктерді түзетуге жетер еді және даусыз дерек керек болмас та еді».
«Бір уыс кедергі»
Мақсаты: мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңіл дағдыларын жаттықтыру.
Қатысушылар тығыз шеңбер жасай отыра бір-біріне жақын және шеңбердің ортасына қарай қолдарын созып тұрады. Жүргізушінің белгі беруі бойынша барлығы бір мезгілде қолдарын ұстайды. Жанында тұрғанның қолын ұстауға болмайды. Тренер барлық қолдар жұбымен қосылғанына көзін жеткізген соң, қолдарды ажыратып айырып жібермей, қатысушыларға қолдарын тарқатуды ұсынады. Жаттығуды орындау барысында топта тапсырманы шешудің мүмкін еместігі үнемі алдан шығады. Осындай жағдайда тренер байсалды қалыппен, бұл шешілетін тапсырма, ылғи да тарқатуға болатынын айтады. Жаттығу үш нұсқанын біреуімен аяқталуы мүмкін.
Қатысушылардың барлығы бір шеңберде болады.
Топтың қатысушылары екі немесе одан да көп тәуелсіз қорытынды жасай отыра кейде шеңберлер жасайды.
Топтың қатысушылары тізбектелген буын тәрізді, бір-бірімен қосылған шеңбер жасайды.
Осы жаттығуды орындауға кететін уақыт әр түрлі болуы мүмкін. 3-5 минуттан 1 сағатқа дейін тренер біздің әрқайсымыз кішкене болса да кедергілерге тап болатынымызды айтады. Ақыл ой күші мен шыдамдылық арқасында кез келген кедергілерді жеңіл тәсілін табуға болады. Осы ойын жағдайында барлық қатысушылар «шатысқан» тапсырманы меңгеріп, байқап көреді және жеңіске жетеді.
«Қол алысу»
Мақсаты: мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңіл дағдыларын жаттықтыру
Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. 1-ші қатысушы кез келген қатысушыға жақын келіп оның қолын қысып бүгінгі шеңбер бойындағы жұмыста оның бойынан жаңа нені байқағанын айтады. 1-ші қатысушы барған адам өз кезегінде келесі қатысушыға барады және қатысушылардың әрқайсысы өзі туралы жағымды кері байланыс алғанша жалғаса береді.
«Жолға сандықты жинау»
Мақсаты: өзін өзі бағалауды нығайтуүшін жағымды кері байланысты алу.
Нұсқау: Біздің жұмысымыз аяқталуға жақын. Біз кетеміз. Кетпес бұрын сандық жинаймыз. Біз біріге жұмыс жасадық, сондықтан сандықты да бірге жинаймыз. Сандықтағы заттар да ерекше болады. Біз кәсіби өзін-өзі аяқтау проблемасымен айналыстық, олай болса біз оған тағы да әрқайсымызды ойландыруға көмектесетін ақылға салатын алғашында таңдаған мансап туралы өз шешімізді бағалайтынды саламыз.
Сандықты адамның қатысуынсыз жинаймыз. Аяқтаған соң оны шақырып сандықты береміз. Ол сұрақтар қоймай сандықты өзімен алып кетеді. Сандық жинай отырып, біз 4 ережені ұсынамыз.
Сандыққа мақсатқа жеткізетін, болжамға мамандықты алу үшін саны бірдей қажетті, бар және жоқ қасиеттерді салу керек.
Әр қасиет тек топтың барлығының келісімімен ғана сандыққа салынады. Егер жоқ дегенде бір адам келіспесе онда оны шешімнің дұрыс екендігіне көзін жеткізіп иландыруға тырысу керек немесе иланбаса, онда қасиетті сандыққа салудан бас тартылады.
Топ жұмысының барысында көрінген қасиеттерді ғана сандыққа салу керек.
Өзгеріске берілетін қасиеттерді салу керек.
Қатысушылардың әр біреуі «сандықты жинауға» кезекпен жетекшілік жасайды. Жинау ережесін ұмытпаныздар. Жолға бата бере отыра бір –бірілеріңізге мейірімді болыңыздар. Одан әрі жүргізуші бәріне қағаз таратады. Қатысуышлар оған өздерінің баталарын жазады. Қағаздар кімге арналып жазылса соған беріледі. Топтың қатысушыларынан жолдауды әрқайсысы алу керек.
Сабақ жоспары :
Оқытушы : Ә.М Исматуллаева.
Пәні : Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы : Отбасы өмір аясы . Ата-анаң алтын тұғырың.
Сабақтың түрі : Практикалық.
Сабақтың әдісі : Интерактивті әдіс.
Пәнаралық байланыс : Психология, педагогика.
Сабақтың мақсаты :
а )Отбасы тәрбиесінің адам өмірі үшін маңыздылығы ұғындыру.Отбасы мушелерімен тығыз байланыс жасауға баулу. Ата-ананың қадыр қасиетін түсіндіру.
Ә)Балалардың жан дүниесін түсіну, айналасындағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру мәдени сөйлеу білігін дамыту, өз ара жағымды қарым қатынасын арттыру, парасаттылық пен ұйымшылдық қабілеттерінің дамуына ықпал ете отырып, баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.
Б)Отбасы тәрбиесінің адам өмірі үшін маңыздылығы ұғындыру.Отбасы мушелерімен тығыз байланыс жасауға баулу. Студенттердің бойында жауапкершілік, өнегелік, дербестік мінездері қалыптасып, барлық адамды сүюді үйренеді.
Ұйымдастыру кезең :
1. Сәлемдесу,түгелдеу.
2. Шаттық шеңбері :
Балаларды шеңбер құрып , қол ұстасып тұрады. Оқытушы балалардың көңілін көтеру үшін жылы, мейірімді сөздер айтады:
-Сәлеметсіздер ме , балалар? Көңіл күйлерің жақсы ма ? Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін бәрің әдемі болып кетіпсіңдер. Мынау менің қолымдағы сақа жай сақа емес, естеріңде болса, Данышпан ата сендердің білімдеріңе риза болғандықтан сыйға тартқан «сиқырлы сақа». Әрбірің осы «сиқырлы сақаны» ұстап, өз достарыңа , құрбыларыңа, сыныптастарыңа адал ниеттеріңмен жақсы тілек айтсаңдар, сол тілектерің орындалады. Мысалы:
-Мен саған өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін.
-Мен сенің достарыңның көп болуын тілеймін.
-Сенің достарыңның саған адал болуын тілеймін және т.б.
3.Үй тапсырмасын тексеру :
Тексеру әдісі : Сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыстарын көрсету.
Жаңа сабақ :
Отбасы адамға бақыт, толық -мәнді тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай- үй болу қиын» дейді халық мақалы.Отбасының іргетасы ер-азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен басталады.Отбасының басты қазығы , алтын діңгегі - бала.Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі , өнегелі ынтымақты отбасның ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың , келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым -қатынасынан құралады. Отбасы берекелі , тату болу үшін, сыйластық мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер, әр адамның жүрегінен орын алуы керек.Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттердің бәрі, ата-анадан беріледі. Өйткені , инсани қасиеттердің көбісі -ананың тілі, ананың мейірбандығы, ананың махаббат сезімі, ізгілігі мен ізеттілігі , ақ-көңілмен адал ниеті адамға ана құрсағында жатқанда -ақ түйіндеп, бүршік жарып, ананың ақ-уыз сүтімен бойға сіңетінін ғылым дәлелдеп отыр.
Рольдік ойын : «Ұяда не көрсең ұшқанда соны көресің» - атты тақырыпта.
Студенттер рольге түсіп ойнап, көріністен алған әсерлерін ортаға тастап өз пікірлерін айтады.
Сұрақ-жауап :
1.«Отбасы», «Отау», отағасы, отау йесі, деген ұғымдпрды қалай түсінесің ?
2. Отбасы негізі неде деп ойлайсыздар ?
3. Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыз ?
4.Сіз отбасы құруға дайынсыз ба ?
5.Отбасы берік болуы үшін ерлі-зайыптылырдың арасында қандай қасиет болуы керек деп ойлайсыз ?
6. Отбасындағы әкенің және ананың орны қандай ?
7. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Ата- дәстүрді құрметте, сақта», «Жақсы сөз жарым ырыс», «Отбасындағы сыйластық».
Сабақтың дәйек сөзі :
1.Әке - асқар тау, ана ағып жатқан -бұлақ,
Бала - жағадағы құрақ .
2.Қыз- ақыды ескермес, ана үлгісін көрмесе,
Ұл- жарылқап ас бермес әке үлгісін көрмесе.
3 Ұлт болашағы - аналардың қолында.
4. Жанұя- адамның маңызды да жауапты ісі.
5. Жанұя- өмірді кемеліне келтіреді.
6. Жанұя- мемлекеттік маңызды іс болып табылады.
Тапсырма: «Отбасы - өмірдің тұтқасы» - деген тақырыбында пікір алмасу. Кеспе қағазбенен үлестіріп берген нақыл сөздерменен сұрақтарға жауап беру.
Тренинг өткізу. Мақсаты: Студенттердің ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ананың асыл қасиетіменен қадыр-қасиетінің қымбат екендігін ұғындыру.
Ұлттық отбысылық тәрбиеге баулу.
«Отбасы бақытын» қалай түсінесіңдер:
Бақыт- біздің сиқырлы шеңберіміз
Бақыт – біздің достарға сенгеніміз
Бақыт- анамыздың күлген Бақыт- біз сіздерге шын жүректен сыйлаймыз. . Бақытты болу үшін қуаныш, мейірім, денсаулық, ойын сауық қажет және ең бастысы отбасы бақытының құпиясы- баланың пәк күлкісі екені болып табылады.
Сабаққа қатынасқан студенттерді мадақтау.
Үй тапсырмасы : «Ата-анам берік қорғаным» атты тақырыпта эссе жазу.
Отбасылық тәрбиеге байланысты материалдар жинақтап - қорғап беру.
Пәні : Өзін-өзін тану.
Сабақтың тақырыбы : «Махаббат-өмір нәрі».
Сабақтың мақсаты: Студенттерге махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
«Махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру.
Шығармашылық ойлауларын,сүйіспеншілік,мейірімділік қарым-қатынастарын,танымдылық қабілеттері дамыту.
Студенттерді өз Отанын, туған жерін, ата-анасын сүюге,махаббаттың құндылықтарын бағалай білуіне тәрбиелеу.
Оқушылар бір-біріне қолдарындағы күнді беруі арқылы жылы лебіздерін білдіреді. Елімізде тыныштық болсын, аналарымыз аман болсын, отбасымыз аман болсын, мұғалімдеріміз аман болсын, жер бетіндегі барлық бала әрқашан қуанышта өмір сүрсін, адамдар бір-біріне мейірімді болсын.
Оқытушы : өте жақсы балалар, осы айтылған тілегіміздің барлығы орындалатынына сенемін.
2.Әңгімелесу.
Оқушыларға сұрақ қою арқылы сүйіспеншілікпен махаббаттың адам өміріндегі ең бағалы құндылық болып табылуын түсіндіру.
Ойланайық-пікірлесейік :
1- сұрақ. «Бәрінің бастауы-махаббат» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2- сұрақ. Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады деп ойлайсыңдар?
3- сұрақ. Жер бетіндегі ең әдемі сөз не балалар?
4 -сұрақ. Анаға деген сүйіспеншілктеріңді қалай білдірер едіңдер?
5 -сұрақ. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілік сезімдерің өзіміздің жылы сөзімізбен жеткізейікші.
Оқытушы : Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдылық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Өмірді сүю, Отанды.,туған жерді сүю, білімге құштарлықта сүйіспеншілікке байланысты болады.
3.Дәйексөз.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесін» деген халық мақалын түсіну арқылы, отбасы тәрбие баспалдағы екенін түсінеді (слайд арқылы көрсету).
Оқытушы : мысалы үйімізде ата-анамыз «жарайсың», «ақылдым менің», «қолғанатым менің», «айналайын, құлыным!» деген жақсы сөздердің балаға деген сүйіспеншілікпен көбірек айтып отырса, балада сол сөздерді пайдаланып, достарын, ата-анасын, Отанын жылы жүрекпен сезініп, соған лайықты болуға тырысады.
4.Сахналау.
Тапсырмаларды рөлдермен бөліп орындау арқылы адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасын, мейірімділігін көрсете біледі.
1.Үлкен мен кішінің бір-біріне ізет-құрметі,
2.Ата болып ақыл айтуы.
3.Әже болып ертегі айтуы,
4.Әке болып еркелетіп,
5.Ана болып мейірімділік төгуі,
6.Аға болып үлгі көрсетіп,
7.Іні болып көмек көрсетуі.
8.Әпке болып мейіріммен аялап,
9.Қарындас болып бауырыңда саялап.
Мұғалім: Сонда балалар қандай кезде де біз бір-бірімізге қол ұшын беріп, көмектесіп, қолдап мейірім шуағын төгіп жүруіміз керек екен.
5.Өзіммен-өзім
«Соқыр ана» -атты өлең проектордан айтылып тұрады.
6.Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар топқа бөлініп, 1 топ: Отанына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік сезімін өлең жолдарын шығару арқылы білдіреді.
2 топ: Туған жер, ата-анасына, туыстарына, достарына деген сүйіспеншілігін салған суреті арқылы көрсете біледі.
болады.
7.Жүректен жүрекке.
Студенттер бір-біріне тілектерін тілейді.
Пән : Өзін-өзі тану Сабақтың тақырыбы : «Туған жерді сүйемін» Сабақтың мақсаты : * Студенттердің туған жер ,туған ел,Отан туралы түсініктерін кеңейту. * Танымдылық белсенділіктерін кеңейте отырып,шығармашылықтарын,ойлай алуға,өз беттерінше пікірлесе алуға,өздіктерінен шешім қабылдауға баулу *Отанға ,туған елге деген патриодтық сезімдерін арттыру,жоғары мәдениеттілікке ,елжандылыққа,жан-жақты саналарын белсендіре отыра қоршаған әлемдеріне оң көзқараспепен сүйіспеншіліктеріменен қарауға дағдыландырып тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері : Қ.Р-ның әнұранын айту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңкымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай!
Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!
Оқушылар бір-біріне қолдарындағы күнді беруі арқылы жылы лебіздерін білдіреді. Елімізде тыныштық болсын, аналарымыз аман болсын, отбасымыз аман болсын, мұғалімдеріміз аман болсын, жер бетіндегі барлық бала әрқашан қуанышта өмір сүрсін, адамдар бір-біріне мейірімді болсын.
Оқытушы : өте жақсы балалар, осы айтылған тілегіміздің барлығы орындалатынына сенемін.
2.Әңгімелесу.
Оқушыларға сұрақ қою арқылы сүйіспеншілікпен махаббаттың адам өміріндегі ең бағалы құндылық болып табылуын түсіндіру.
Ойланайық-пікірлесейік :
Махаббатсыз өмір бос» деген пікірмен келісесіз бе ?
«Құлай сүю –ерлік »- деген сөзге қандай ой айта аласыз ?
Махаббаттың адам өміріне ,оның айналасындағыларына әсері қандай ?
Сүйікті жаныңыз отбасын құруға ұсыныс жасаса , сіз отбасында адал жар немесе адал жолдас болуға дайынсыз ба ?
Қандай адаммен отбасын құрғыңыз келеді ?
Отбасын құру үшін,ата-ананың келісімі керек пе ?
«Отбасы », «Отау» , «отағасы», «отау йесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз ?
Отбасы негізі неде деп ойлайсыз ?
Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыз ?
Отбасы берік болуы үшін ерлі –зайыптылар бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз ?
1.Бойжеткен қызға той жасап,жеңгелерімен бірге шығарып салу
3. Туыстарымен көпшіліктің арасында жаңа түскен келінді таныстыру
4.Ерлі –зайыптылырдың заң алдындағы ең бірінші міндеті
5.Қыз күйеуге тиген соң , күйеу жігітпен бірге ең алғаш рет қыздың ел-жұртына шақырлыуы
6.Келіннің және күйеу жігіттің ата-аналарының міндеттерінің бірі
7.Қыз күйеуге тиерде қызға берілетін дүние –мүліктер
8.Қайтадан қыз алысып , қыз берісіп құдалықты жалғастыру
9.Келінді көруге ,қуанышпен бөлісуге келген көршілермен тиуған-туыстары келінге арнап ....... шашады.
Оқытушы : Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдылық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Өмірді сүю, Отанды.,туған жерді сүю, білімге құштарлықта сүйіспеншілікке байланысты болады.
3.Дәйексөз
Адамшылдықтың алды – махаббат ,ғаделет,сезім
Абай
5.Өзіммен-өзім
Демалу
Жайлы әуенмен бірге жаттығу орындау.
7.Жүректен жүрекке.
Студенттер бір-біріне тілектерін тілейді.
Пайдаланған әдебиеттер.
Ү. Асылов «Даналардан шыққан сөз» - Алматы 1987ж.
Жү Баласұғын «Құтты білік» Алматы жазушы баспасы 1986ж.
Р.В. Овчарова «справочная книга школьного психолога» М. 1993г.
А.Г. Ковалев «самовоспитания школьников»М. 1967г.
В. Клайн «Как подготовить ребенко к жизни» М. 1991г.
С.М. емельянов «Практикум по конфлктологий»ЗАО. ИЗД. Дом «ПИТЕР»,2004г.
А. Құдиярова «Психоанализ әліппесі»Алматы 2006ж.
Р.С. Немов «Практическая психология» М. Владос 2002г.
Ұлағат «Ғылыми психологиялық басылым»2001№13бет, 2003№414бет, 2007№595бет.
Т. Р. Нұрмаханбетова «Тәжірибелік психология» І, ІІ, ІІІ том. Шымкент -2006ж.
Л. К. Көмекбаева «әдістемелік психология» алматы 2002ж.
«Өзіндік таным, Познай себя» Ғылыми басылым.
Алпысқызы Сара. Өмір әдебі: Әдебі эссе; толғаныстар.-
Алматы, 2003.-104 б.
14. Назарбаева С.А. Ұстаздан ұлағат.-Алматы: Атамұра, 2000.-40 б.
15. Ақыл кені. Алматы: «Көшпенділер» баспасы. 2003,244 б.
16. Ақиқатты тани біл (Ғибрат толғамдары): V кітап/ Қурастырушы
Сейтақов А.– Алматы, 2004.-320 б.
17. Ақиқатты тани біл: VII кітап. Даналық – әр күнде/Құрастырушылар: Сейтақов Айболат Самиғоллаұлы, Игенбаева Бижан Құрманғалиқызы.-Алматы, 2005.-112с.
18. Өзін-өзі тану пәні бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты. Государственный общеобязательный стандарт среднего образования Республики Казахстан по предмету «Самопознание». -Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2006.-74 бет.
19. Өзін-өзі тану пәніне арналған әндер жинағы; А.Мұқан – Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2007.-133 б.
Выготский Л.С. Развитие высших психических функций.-М., 1960