kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдістемелік нұсқау "Саусақ ойындары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саусақ ойындары  жинағына әдістемелік нұсқау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдістемелік нұсқау "Саусақ ойындары"»

Саусақ ойындары жинағына әдістемелік нұсқау


Ұсынылып отырған нұсқауда мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйрету үлгілері берілген. Жалпы бұл жинақ қазіргі талаптарға сай жасалған, пәнаралық байланыстарды іске асыруға көмектеседі, сондықтан мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне әдістемелік көмек ретінде қолдану үшін ұсынуға болады. Тәрбишілерге  саусақ ойындарын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығуларға, барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері үстінде 

үнемі пайдалануды ұсынамыз. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл-қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай  дамиды. Саусақ жаттығулары мен ойындар балалардың мектепте жақсы білім алуына әсер етеді. Сол себепті қолдың саусақтарының қимылдарын қалыптастыру үшін  күнделікті ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерде, серуенде әртүрлі ойындар мен жаттығулар қолдануды ұсынамыз.


 

























Саусақ жаттығулары



1 «Көңілді саусақтар»


Бас бармақ –атам,

Балан үйрек - әжем,

Ортан терек - әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкентай бөбек – мен,

Міне, менің барлық отбасым.


2 «Қайық»



Алақандарды қырынан қойып,бас бармақты алақанмен қосып ұстау.

Төрт саусақтың ұшын бір-бірімен біріктіру



3 «Қуырмаш»


Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Бидай қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға бидай тары шаш.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.


Сен тұр, қойыңа бар!

Сен тұр, жылқыңа бар!

Сен тұр, тұйеңе бар!

Сен тұр, сиырыңа бар!

Ал, сен, алаңдамай

Қазанның түбін жалап

Үйде қал!



Мына жерде қант бар,

Мына жерде жент бар,

Мына жерде қатық бар,

Мына жерде қытық бар







4 «Жалауша»


Бас бармақты төмен,

алақанды өзіне қаратып,

төрт саусақты қосып ұстау




5 «Орындық»



Төрт аяғы, арқасы –

Мінеки орындық болды.











6 «Бау»



Саусақтармен ойнаймыз да

Бауды теріп аламыз.

Екі саусақтан дөңгелек жасап, сол дөңгелектен барлық саусақтарды

кезекпен өткізу.Осы жаттығуды орындағанда барлық саусақтар

қатысады.



7 «Құс»



Бас бармақтар – басы,

Алақандар – қанаты.


Алақандарды өзіне қаратып,бас бармақтарды айқастырып

ұстаймыз, бас бармақтар-басы болып, алақандар-құстың қанаты болады.

Басты тік ұстап, қанатты қағу



8 «Құлып»








9 «Қоян інде»



Ақ қоян-ау,ақ қоян,

Үркек қоян,сақ қоян,

Дыбыс шықса қашасың.




10 «Қоянның құлағы»

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.



Екінші, үшінші саусақтарды жоғары көтеріп, алға қарай немесе

жан-жаққа қимылдату. Қалған саусақтарды түйіп ұстау.







11 «Қаз»

Қазым-қазым қаңқылда.

Жем шашайын жейсің бе?





Шынтақ түзу, алақан тік бұрышты.

Саусақтарды қосып ұстап, құстың

тұмсығына ұқсату.




12 «Лақ»



Шөре-шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым!



Алақанды төмен қаратып,бас бармақпен екі ортаңғы саусақтарды

алақанға бастырып ұстау.




13 «Қораз»


Бұрап қойған сағаттай,

Айқалайды таң атпай.


Жұмбақ Қызыл сақалды,

Қызыл сәлделі,

Азаншы атамды

Көргенің барма?



Сұк саусақпен бармақты қосамыз.

Бұл қораздың «тұмсығы». Басқа

Саусақтар кішкене көтеріңкі.






14 «Мысық»



Мысығым-ау,мысығым,

Көзі сығыр мысығым.

Мысығымнан айналдым,

Пырылдаған пұшығым,

Мысығым-ау, мысығым.




Ортаңғы және төртінші саусақтарды бүгіп,

Ұштаыін бас бармақтың ұшымен қосыңыз.

Бұл «мысықтың тұмсығы».

Сұк саусақпен шынашақты көтеріңіз.

Бұл «мысықтың құлақтары».





15 «Шар»




16 «Қоңырау»



Сыңғырлайды қоңырау,

Сыңғыр-сыңғыр етеді.







Саусақтарды бір-бірімен айқастырып,алақанды астына қаратып ұстау. Оң

қолдың ортаңғы саусағын төмен түсіріп қимылда







17 «Себет»



Орманға барамын,

Бүлдірген теремін,

Себетке саламын.





Алақандарды өзіне қаратып,саусақтарды ішіне айқастыру,

шынтақтарды екі жаққа айыру.Саусақтардың арасында саңылау

пайда болады. Бас бармақтарсебеттің тұтқасы болады.

18 "Мысық"


Пеш түбінде мысық отыр,           

(Басбармақ, ортантерек, шылдыршүмек үшеуі жұмылады. Ортантерек)

Екі көзін қысып отыр.                

(Ортантерек пен кішкене бөбек көздері боп саусақтарды  қимылдатады)

Тышқан етін жегісі кеп,               

(Басбармақ, ортантерек, шылдыршүмек үшеуі бір-бірін қашай қозғалтады )

Тісі оның қышып отыр.



19 «Екі қырықаяқ»



 Екі қырықаяқ                          Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі.

Жолмен жүгірді.

Жүгірді, жүгірді.

Бір-бірімен кезікті                    Екі алақанды қосады.

Құшақтасқандары соншалық         Сұқсаусақтарды айқастырады.   

Құшақтасқандары соншалық         Ортаңғы саусақтарды айқастырады.

                                                           Алақандарды айқастырады.

Екеуін күштеп ажыраттық.            Қолдарды жібереді.



20 "Шынжыр"




 Оң және сол қолдағы басбармақпен  баланүйрек саусақтары түйісіп,  жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.





21 "Піл"



Оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыршүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.





22 "Доп"


Алақандар  бір-бірімен жабысады (доп пішінін жасайды)


Добым-добым домалақ

Добым-добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,      





23 "Гүл"



 Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады,  Саусақтар ашылады

Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады:

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаңда.

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.

Саусақты жаттықтыру ойындары


1

Тық-тық, тық-тық жұдырық балға сияқты соғады,

Тық-тық, тық-тық екі қолмен ұрамыз,

Тық-тық, тық-тық тақамен де соғамыз,

Тық-тық, тық-тық тақалармен тарсылдатып,

Тық-тық, тық-тық екі қолмен, екі аяқ.




2 Өрмекші

Өрмекші бұтақта өрмеледі,

Балалар да артынан ерді,

Жаңбыр жауып,

Өрмекшіні бұтақтан шайып жіберді,

Күн жылына бастап,

Өрмекші талға міне бастады,

Балалар ерді өрмекшімен,

Бұтақта серуендеуге.




3 Маймылдар

Маймылдар серуенге шығып,

Билей бастады,

Біреуі үйіне кетті,

Себебі ол шаршады.



4 Аралар

Бір қолда ағаш, екінші қолда араның үйі,

Араның үйіне қараймыз:

- Ара қайда?

- Көрінбейді.

Үйінің есігін қағамыз,

-1,2,3,4,5

-Ал, мен шыршаны қағамын

-Қайда, қайда аралар?

Кенеттен аралар ұша бастады,

-1,2,3,4,5



5 Торайлар

Біздің барлық саусақтар торайлар,

Олар билей біледі,

1 саусақ, 2 саусақ, 3 саусақ, 4 саусақ, 5саусақ

Барлығы бірге билейді.



6 Қозылар

Мына қозы күні бойы құйрығын бұлғандатты,

Ал мына қозы арқасын қоршауға сүйкеді,

Мә-мә-мә-мә-мә-мә-мә,

Қозыларды мен жақсы көрем,

Мына қозы аяқтарымен жерді қопарды,

Қопарды да өзі сурет салды,

Мә -мә -мә -мә -мә -мә -мә,

Қозыларды мен жақсы көрем,

Мына қозы ортаға тұрам деп,

Бүкіл ағаларын итеріп тастады.



7 Құрттар

1,2,3,4,5

Құрттар серуенге жүрді,

Бір уақытта қарға алдарынан шықты,

Басын шайқап иіле ,

-Менің түскі асым- деп,

Енді қараса құрттар жоқ.




8 Ұлу

Бір қолда гүл, екінші қолда ұлу

Ұлу мүйіздерін қозғайды,

Гүлге өрмелейді,

Жапырақтарды кеміріп,

Тығылады да ұйықтайды.




9 Балықтар

Кіп-кішкентай балықтар өзенде жүзеді,

Үп-үлкен ағаш жағада жатты,

Балық: «Мына жерде сүңгу оңай»- деп

Екіншісі «Жоқ, бұл жер терең»- деді,

Ал үшіншісі «Менің ұйқым келіп тұр»- деп,

Ал төртіншісі тоңа бастады,

Ал бесіншісі «Мында қолтырауын»- деп айғайлады,

-Жүзіндер мына жерден,

Әйтпесе жұтып қояды!




10 Маймыл

Жел қатты үрлейді пальманы,

Жан-жаққа шайқайды,

Пальманың астында маймыл отыр,

Саусақтарын санайды.




11 Шағала

Шағала су бетінде ұшып жүр,

Балықтардың соңынан сүңгуге,

Ал судың асты терең,

Түбінде қолтырауын жатыр.

12 Қолғап

Тышқан қолғап тауып алды,

Оның ішіне ұя салды,

Балаларын шақырып, нан қоқысын береді,

Ұйқыға жатқызып, бастарынан сипайды.






13 Мысық пен тышқан

 

Тышқан қашты мысықтан                    Еденде саусақтармен қашады.

Қатты –қатты жүгірді.                           Жылдам жүгіреді

Орын тапты қуыстан,                            Екі қолының саусақтарын айқастыра жұдырықтайды

Зәресін мысық ұшырды.

 

Қарады мысық тесіктен,                         Көздерімен жан-жаққа қарайды

Тышқанға бері шық,-деді.                       Қабағын түйеді

Еденді ұрды «Тук-тук» деп,                   Айқасқан жұдырығымен еденді ұрады

Тырналады, кетпеді.                                 Еденді тырналайды

 

Былай-былай тартады.                                 Айқасқан жұдырығын  екі жаққа тартады.

Бұза алмады қамалды.

Амалы құрып мысықтың,

Үйіне қарай қайтады.

 

Қуанып тышқан есікті,                                Айқасқан жұдырығына қарап үрлейді

Жәй ғана кеп үрледі.

«Алақай, есік ашылды»,-деп,                      Қолдарын айқара ашады

Ініне  қашып үлгерді.                                  Еденде қайта жүреді






14 Салат

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).


15 Кірпі

Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!


16 Достық

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).


17 Қимылды қайтала

Мақсаты : қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.

Жаттығу барысы :

Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген «фигураны» көрсетеді. ( кейбір саусақтар бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі қимылдар). Балалар сол қимылды тура солай қайталау керек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әдістемелік нұсқау "Саусақ ойындары"

Автор: Сатымбаева Айгуль Кайруловна

Дата: 28.10.2018

Номер свидетельства: 482387

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""?оз?алмалы ойындар", Эстафета ойындар "
    ["seo_title"] => string(38) "k-ozg-almaly-oiyndar-estafieta-oiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "175272"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424255891"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Әдістемелік жинақтар"
    ["seo_title"] => string(23) "distiemielik_zhinak_tar"
    ["file_id"] => string(6) "430852"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1507113824"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(206) "Техникалы? ?ауіпсіздік ережелері.Бір орында т?рып ж?не ?оз?алыста допты кеуде т?сында екі ?олмен ?абылдау ж?не беру."
    ["seo_title"] => string(138) "tiekhnikalyk-k-auipsizdik-ieriezhielieri-bir-orynda-tu-ryp-zh-nie-k-ozg-alysta-dopty-kieudie-tu-synda-ieki-k-olmien-k-abyldau-zh-nie-bieru"
    ["file_id"] => string(6) "309711"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458841041"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Конспект на тему ВОЛЕЙБОЛ ДОБЫН БЕРУ Ж?НЕ ?АБЫЛДАУ Т?РЛЕРІ "
    ["seo_title"] => string(66) "konspiekt-na-tiemu-volieibol-dobyn-bieru-zh-nie-k-abyldau-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "199946"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428679014"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Волейбол добын беру, доп қабылдау. 9 сынып"
    ["seo_title"] => string(43) "volieibol_dobyn_bieru_dop_k_abyldau_9_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "404846"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490836690"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства