kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтты? т?рбие - ата жол

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лтты? т?рбие – ата жол Ма?саты: ?асырлар санына еленіп, ?рпа?тан-?рпа??а жал?асып келе жат?ан хал?ымызды? салт-д?ст?рлері, жау?азын жырлары, хисса – дастандарыны? т?лім-т?рбиелік мол т?жірибесі негізінде жас?спірімдерді ?лтты? рухта т?рбиелеу. К?рнекілігі. «Біз осы д?ст?рді жойып жібермей, са?тап ?алуымыз керек» С.?арабаев «?лт болаша?ы - ?рпа?тан» (?она?тар келген с?тте, Т?ргешті? к?йі «К??іл ашар» ойналып т?рады) 1- ж?ргізуші. Ассалаума?алейкум, айбыны ас?а? елді? азаматтары! 2- ж?ргізуші: Армысыздар, аяулы ?стаздар мен ел ерте?і – жастар! 1-ж?ргізуші. Бір халы? бар аспан текті, к?н кепті Енді бірі иман ж?зді келбетті ?р халы?ты? ?зіне т?н салты бар ?лтты? ?нер сонысымен ??рметті. 2-ж?ргізуші. Дархан к??іл, дала дидар салып ?н, Б?гін бізді б?кіл ?лем таны?ан. ?рпа?ыны? ерте?іне жол сал?ан Ата-аба ?асиеті дары?ан. 1-ж?ргізуші: ?ай заманда болмасын адамзат алдында т?ратын ?лы ма?сат-міндеттерді? е? бастысы – ?зіні? ісін, ?мірін жал?астыратын салауатты, саналы ?рпа? т?рбиелеу. 2-ж?ргізуші. Келешек ?о?ам иелерін жан-жа?ты жетілген, а?ыл-парасаты мол, м?дени-?ылыми ?рісі озы? азамат етіп т?рбиелеу – а?а ?рпа?ты? ?о?ам алдында?ы борышы. 1-ж?ргізуші. ?зге халы?тар сия?ты, ?аза? еліні? де бала т?рбиесі ж?нінде атам заманнан бергі жиып-терген мол т?жірибесі бар. А?а буын ?з бойында?ы ізеттілік, ?айырымдылы?, кішіпейілділік, ?дептілік, елін-жерін, Отанын с?юшілік секілді е? асыл ?асиеттерін жас ?рпа??а к?нделікті т?рмыста ?немі ?йретіп, ?аны мен жанына сі?іріп келеді. 2-ж?ргізуші. Адамзатты? б?кіл ??мыры мен іс-?рекеті, ?арым-?атынасыны? барлы?ы – салт-д?ст?рден ?зекті орын алып, адамны? д?ниетану к?з?арасын ?алыптастыратын т?рбие мектебі. 1 – ж?ргізуші. ?з ?рпа?ыны? «сегіз ?ырлы, бір сырлы» ?негелі ?нерлі болып ?суін ма?сат еткен ата-бабамыз ?з бойында?ы бар асыл ?асиеттерін ?лденеше ?асырлар бойы ?ле? – жырмен насихатта?ан. «?аза?ты? д?ст?рлері – ай» М.?теген Арман. И?, Динара елімізді? ежелден д?ріптеп, ?астерлеп келген ?лтты? ?нерді? тегін тектеу, болмысын тану, оны? асылын, тарихты? рухани к?ш-керуеніне ілестіріп отыру ар?ылы б?гінгі ж?не болаша? ?рпа? ?амын ?амдау – ?скеле? ?мір талабы деп ??амын. Динара. ?рине, ?рпа? т?рбиесіндегі ежелден ?алыптас?ан хал?ымызды? жа?сы д?ст?рлері мен та?ылымдарын о?ып ?йреніп, ?неге т?тпай т?рып, жастарды ізгілік пен парасаттылы??а баулу м?мкін емес. «?ткенді жа?сы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз ?ара??ыда с?рлеу – со?па? іздеп адасумен пара-пар» депті данышпан. Арман. ?лтты? руханият мы?да?ан жылдар бойы ?рпа?тан-?рпа??а беріліп, ?р адамны? бойына ана с?тімен бірге сі?еді. Олай болса, «бір ?олымен бесікті, екінші ?олымен ?лемді тербеткен» ана ??діретіне бас имейтін жан болмас сір??! Б?гінгі бізді? т?рімізде отыр?ан а? жаулы?ты аналарымыз?а бас иіп, та?зым етейік? «Ана» Т.Айбергенов. О?итын – Орынбек Назерке. Динара. ?ор?асындай бал?ы?аны не мынау?! Б?бек келу – керемет бір ?мір-ау. ?? ашылып, оттай к?зі жалтырап, А? уыз?а толып кетті омырау! Арман. И?, Динара «Ана» деген ??діретті ?н естілсе, «бала» деген «болаша?» к?лім ?а?ады емес пе?! Динара. ?ара б?лт ?аптаса да аспан, айды Т?ссе де найза?айдай бас?а ?ай?ы ?деріп ?рленіп, к?шкенде де, Ж?ртына ?аза? бесік тастамайды. Арман. Сонды?тан сан к?бейген, ?сіп халы? Жау тисе, жан ?ор?ау?а машы?танып, Алтынын к?міп кетіп, Ата-бабам К?шіпті балалар мен бесік алып. ?.Ахметова К?рініс: «ТО?ТА, БАЛАМ, АТА? КЕЛЕДІ АРТЫНДА» М.Ма?атаев Динара. Біз б?дан нені ??ты?? Арман: ?рине, Динара б?л бізді? ?з ?олымызда?ы барды ?адірлей білейу керектігі. Динара. Ендеше жастар ?зімізді? Отан алдында?ы ж?не ата-ана алдында?ы борышымызды ?мытпау керектігін естен шы?армайы?. Арман. Ойланам жылды жылдар асы?тырса, ?анибет – халы? басы ?сіп т?са! ?аза?ты? ерте?іне ?міті зор – ?йінде тербетілген бесік т?рса. ?н «С?ндет той» М. Андасбек Динара.?аза? хал?ында ?лтты? ойындарымыз к?п бол?ан. Мысалы атап айтатын болса?: К?кпар.  Аударыспа?.  ?ыз ?уу.  К?рес.  Мойын ар?ан.  Те?ге ілу.  Алтын ?аба? (жамбы ату).  Асау ?йрету.  А? с?йек.  Са?ина салу.  Тымпи.  Баста??ы.  Ине жасырма?.  Алты ба?ан.  То?ыз ??мала?.  Асы? ойыны ж?не т.б. ?аза?ты? ?лтты? ойындарыны? ішінде со??ы кездері ойындарды? ?атарынан ?алыс ?алып келе жат?ан асы? ойынына то?талса?. Асы? ойыны негізінен ер балалар?а т?н. Асы? ойнау ?шін керекті ??ралды? е? негізгісі – са?а. ?детте оны ?лкен о??ай  асы?тан шіге жа?ынан ?ор?асын ??йып ауырлатып, т?йке жа? табанын, шіге жа? бетін тегістеп, о? ?ол?а ?стап асы? ату?а ы??айлап жасайды. Асы? ойынын жазды к?ні та?ыр жерде ойнайды. Бір-біріне ?арсы екі бала не бірнеше бала екі топ?а б?лініп ойнаулары м?мкін. Ойынны? негізгі шарты бір-бірінен асы? ?ту. Асы? ойыныны? ?штабан ж?не алтыатар деп аталатын ?те ке? тара?ан т?рлері бол?ан ?штабан ойнау ?шін та?ыр жерге к?лдене? сызы? сызылады да, о?ан ?р ойыншы бір бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді.Содан со? ойнаушы балаларды? барлы?ыны? са?аларын біреуі  жиып иіреді. ?імні? са?асы шы?са сол бірінші болып са?асын к?ннен алысыра? жерге иіреді. Са?асымен тігулі кенейді атып, ?штабаннан арты?тау жерге жіберуі керек ?ш табаннан кем, я болмаса са?асы кенейге тимей кетсе, ойынды са?асы шы??ан келесі ойыншы бастайды. Ойын к?ндегі кенейді ?тып біткенше созылады. ?. Мырзалиев «?аза?тарды шетелдік ?она?тар?а таныстыру» Орныдайтын: Аралбаева Айзат. (?н кезінде бауырса? таратылып жатады.) ?аза? киімдері іштік, сыртты?, сулы?, бір киер делініп т?рт топ?а б?лінеді. Іштік киімдерге — к?йлек, дамбал, желетке, ?амзол, к?зекей, сыртты? киімдерге — шапан, к?пі, тон, шидем, сулы? киімдерге — шекпен, ?аптал шапан, кебенек, кенеп, сыртты? жатады. Бір киер киім деп ?ымбат маталардан ?шекейлеп тігілген, той-думандар?а, жиын-топтар?а бар?анда, жат елге сапар шы??анда киетін с?нді киімдерді ата?ан. ?аза?ты? «таны?ан жерде бой сыйлы, таныма?ан жерде тон сыйлы» дейтін м?телі де осыны а??артады. ?аза? салтында ер жігіт егеске т?серде, со?ыс?а барарда киімдеріні? е? жа?сы к?рнектісін киетін. Арман. Елбасы Н.Назарбаев ?зіні? с?зінде, «бізге ?зімзді? балаларымызды, жастарымызды ?згелерді ты?дау?а ж?не т?сінуге, бас?а ?лттарды? тілі мен дінін, салт-д?ст?рін ??рметтеуге, халы?тар досты?ын – к?зді? ?арашы?ындай са?тауымыз керектігін, онсыз ?азіргідей жа?андану д?уірінде еш?андай жетістікке жете алмайтынды?ымыз, ?аза?станды? жастар ?з еліні? патриоты болулары керектігі, т?рлі экстремиятік сипатта?ы к?збояушылы?тар?а ?арсы т?рар иммуниттерін к?шейтулері ?ажеттілігін» айтты. ?лттар биі. Динара. Б?гін біз тілімізге тиек етіп отыр?ан халы? та?ылымы немесе салт-д?ст?р, ?деп-??рып жайлы пікімізді орта?а салса?. 1. Жігіт т?йе. Арыстан А?тол?ын 2. Аушадияр. Ыс?а?ов Н?рбек 3. ?ынаменде (?рын келу). Амантай Даулет 4. ?а?па салар. ?за?бай Н?рбек Арман. Талайлы та?дыр, т?нтімін са?ан Осындай Отан сыйлады? ма?ан Осында туып, осында ?скен, ?улие ?жем, Ба?ад?р бабам. Жаннаттан арты? ?ажабым мені? – М??гілік ма?тан ?аза?ым - Елім. Динара Дариядай тасыр д?улеті? ерте? Ш??ыладай жайнар с?улеті? к?ркем.. Тебіренте ж?рек терімді т?гем, Болардай ырза ?улеті? ерте?! Жаннаттан арты? ?ажабым мені? – М??гілік ма?тан ?аза?ым - Елім. «Атамекен» Орындайтын: ?теген Мадина.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтты? т?рбие - ата жол»

Ұлттық тәрбие – ата жол

Мақсаты: ғасырлар санына еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың салт-дәстүрлері, жауқазын жырлары, хисса – дастандарының тәлім-тәрбиелік мол тәжірибесі негізінде жасөспірімдерді ұлттық рухта тәрбиелеу.

Көрнекілігі.

«Біз осы дәстүрді жойып жібермей, сақтап қалуымыз керек»

С.Қарабаев

«Ұлт болашағы - ұрпақтан»

(Қонақтар келген сәтте, Түргештің күйі «Көңіл ашар» ойналып тұрады)

1- жүргізуші. Ассалаумағалейкум, айбыны асқақ елдің азаматтары!

2- жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар мен ел ертеңі – жастар!

1-жүргізуші.

Бір халық бар аспан текті, күн кепті

Енді бірі иман жүзді келбетті

Әр халықтың өзіне тән салты бар

Ұлттық өнер сонысымен құрметті.

2-жүргізуші.

Дархан көңіл, дала дидар салып ән,

Бүгін бізді бүкіл әлем таныған.

Ұрпағының ертеңіне жол салған

Ата-аба қасиеті дарыған.

1-жүргізуші: Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

2-жүргізуші. Келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу – аға ұрпақтың қоғам алдындағы борышы.





1-жүргізуші. Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.

2-жүргізуші. Адамзаттың бүкіл ғұмыры мен іс-әрекеті, қарым-қатынасының барлығы – салт-дәстүрден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі.

1 – жүргізуші. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең – жырмен насихаттаған.

«Қазақтың дәстүрлері – ай» М.Өтеген

Арман. Иә, Динара еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнердің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын, тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау – өскелең өмір талабы деп ұғамын.

Динара. Әрине, ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. «Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу – соқпақ іздеп адасумен пара-пар» депті данышпан.

Арман. Ұлттық руханият мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, әр адамның бойына ана сүтімен бірге сіңеді. Олай болса, «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» ана құдіретіне бас имейтін жан болмас сірә?! Бүгінгі біздің төрімізде отырған ақ жаулықты аналарымызға бас иіп, тағзым етейік?

«Ана» Т.Айбергенов. Оқитын – Орынбек Назерке.

Динара.

Қорғасындай балқығаны не мынау?!

Бөбек келу – керемет бір өмір-ау.

Өң ашылып, оттай көзі жалтырап,

Ақ уызға толып кетті омырау!

Арман. Иә, Динара «Ана» деген құдіретті үн естілсе, «бала» деген «болашақ» күлім қағады емес пе?!



Динара.

Қара бұлт қаптаса да аспан, айды

Түссе де найзағайдай басқа қайғы

Үдеріп үрленіп, көшкенде де,

Жұртына қазақ бесік тастамайды.

Арман.

Сондықтан сан көбейген, өсіп халық

Жау тисе, жан қорғауға машықтанып,

Алтынын көміп кетіп,

Ата-бабам

Көшіпті балалар мен бесік алып.

Қ.Ахметова

Көрініс: «ТОҚТА, БАЛАМ, АТАҢ КЕЛЕДІ АРТЫНДА»

М.Мақатаев

Динара. Біз бұдан нені ұқтық?

Арман: Әрине, Динара бұл біздің өз қолымыздағы барды қадірлей білейу керектігі.

Динара. Ендеше жастар өзіміздің Отан алдындағы және ата-ана алдындағы борышымызды ұмытпау керектігін естен шығармайық.

Арман.

Ойланам жылды жылдар асықтырса,

Ғанибет – халық басы өсіп тұса!

Қазақтың ертеңіне үміті зор –

Үйінде тербетілген бесік тұрса.

Ән «Сүндет той» М. Андасбек

Динара.Қазақ халқында ұлттық ойындарымыз көп болған. Мысалы атап айтатын болсақ: Көкпар.  Аударыспақ.  Қыз қуу.  Күрес.  Мойын арқан.  Теңге ілу.  Алтын қабақ (жамбы ату).  Асау үйрету.  Ақ сүйек.  Сақина салу.  Тымпи.  Бастаңғы.  Ине жасырмақ.  Алты бақан.  Тоғыз құмалақ.  Асық ойыны және т.б. Қазақтың ұлттық ойындарының ішінде соңғы кездері ойындардың қатарынан қалыс қалып келе жатқан асық ойынына тоқталсақ.

Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай  асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алтыатар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған Үштабан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді.Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі  жиып иіреді. Қімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан кем, я болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады.

Қ. Мырзалиев «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» Орныдайтын: Аралбаева Айзат. (ән кезінде бауырсақ таратылып жатады.)

Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа бөлінеді. Іштік киімдерге — көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киімдерге — шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге — шекпен, қаптал шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, жат елге сапар шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» дейтін мәтелі де осыны аңғартады. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдерінің ең жақсы көрнектісін киетін.

Арман. Елбасы Н.Назарбаев өзінің сөзінде, «бізге өзімздің балаларымызды, жастарымызды өзгелерді тыңдауға және түсінуге, басқа ұлттардың тілі мен дінін, салт-дәстүрін құрметтеуге, халықтар достығын – көздің қарашығындай сақтауымыз керектігін, онсыз қазіргідей жаһандану дәуірінде ешқандай жетістікке жете алмайтындығымыз, қазақстандық жастар өз елінің патриоты болулары керектігі, түрлі экстремиятік сипаттағы көзбояушылықтарға қарсы тұрар иммуниттерін күшейтулері қажеттілігін» айтты. Ұлттар биі.

Динара. Бүгін біз тілімізге тиек етіп отырған халық тағылымы немесе салт-дәстүр, әдеп-ғұрып жайлы пікімізді ортаға салсақ.

1. Жігіт түйе. Арыстан Ақтолқын

2. Аушадияр. Ысқақов Нұрбек

3. Қынаменде (ұрын келу). Амантай Даулет

4. Қақпа салар. Ұзақбай Нұрбек

Арман. Талайлы тағдыр, тәнтімін саған

Осындай Отан сыйладың маған

Осында туып, осында өскен,

Әулие әжем, Баһадүр бабам.

Жаннаттан артық ғажабым менің –

Мәңгілік мақтан Қазағым - Елім.

Динара

Дариядай тасыр дәулетің ертең

Шұғыладай жайнар сәулетің көркем.....

Тебіренте жүрек терімді төгем,

Болардай ырза әулетің ертең!

Жаннаттан артық ғажабым менің –

Мәңгілік мақтан Қазағым - Елім.

«Атамекен» Орындайтын: Өтеген Мадина.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?лтты? т?рбие - ата жол

Автор: Нуртазаева Гульдана Азирбаевна

Дата: 02.12.2015

Номер свидетельства: 261261


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства