kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Дарынды балаларды анықтау әдістемесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дарынды балалардың танымдық әрекетінің ерекшеліктері, дарындылық факторлары, дарындылықты анықтау диагностикасы және дарындылықты бағалау шкалалары туралы айтылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Дарынды балаларды анықтау әдістемесі"»

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Дарындылық деген не? Белгілі ғалым Н.С.Лейтестің анықтауы бойынша педагогика тәжірибесінде дарындылықты үш топқа бөлген: IQ жоғары балалар, белгілі бір бағытта жоғары нәтижеге жеткен балалар және креативтілігі жоғары балалар.

Дарынды балалардың танымдық әрекетінің даму ерекшелігі төмендегідей:

1.Білуге деген құштарлығы;

2.Ойлау қабілетінің жоғарылығы;

3.Терең ойлауы;

4.Жаңа ой тудыру қабілеттілігі;

5.Ассоциацияға жеңілдігі;

6.Болжамдылық қабілеті;

7.Зейіннің жоғарылығы;

8.Өте жоғары есте сақтау мүмкіндігі;

9.Қызығушылығы мен қабілеттілігі.

Қазіргі кезде «дарындылық» ұғымы өте кең көлемде қамтылған. Соның ішінде ең жаңашыл концепция американ ғалымы Дж.Рензуллидің концепциясы бойынша дарындылық негізгі үш бағыттан тұрады:

- Интеллектуалдық қабілеті(орта деңгейден жоғары);

- Креативтілік;

- Табандылық (белгілі бір міндетке бағытталған).

Сонымен бірге, Рензуллидің үлгісінде тәжірибе негізіндегі білімі және қоршаған орта қарастырылған.

Осыған байланысты мен өз тәжірибемде дарындылықтың төмендегідей үлгісін келтірдім:

Дарындылық факторлары: интеллектуалдық қабілеттілігі, креативтілігі, әлеуметтік компоненттілігі, психомоторлық қабілеттілігі.

Орта факторлары: жанұядағы микроклимат, өмірдегі төтенше жағдайлар.

Жеке бас қасиеттері: стрессті жеңе білуі, белгілі бір дәрежеге жету түрткісі, оқу стратегиясы, өзінe-өзі, өзгеге баға бере білуі.

Жететін дәрежелер: спорт, тіл, жаратылыстану ғылымдары, өнер (музыка, сурет өнері, т.б.), техника, математика, қоғамдық қатынастар.

Баланың қызығушылығы мен бейімділігін анықтау - басқа да психодиагностикалық жұмыстар секілді күрделі үрдіс. Баланың қызығушылығын, бейімділігін зерттеу барысында мұғалім төменгі сынып оқушылары жайлы алғашқы мағлұматтарды алады. Бұл өз кезегіндегі дарынды баланы анықтауға, оның бейімділігіне нақты баға беруге мүмкіндік ашады.

Төменгі сынып оқушыларының қызығушылық бағытын зерттеу кезінде, олардың осы жастағы қызығушылығы тұрақсыз болатындығына байланысты дамыту жаттығулары жүргізіледі. Бұл кезеңде баланың танымдық әрекетін дамытуға байланысты, психологиялық ерекшеліктерін (зейін, есте сақтау, қабылдау) дамытуға, нақтылауға байланысты әр түрлі жаттығулар жүргізіледі. Бұл жұмыс жалпы оқу-тәрбие үрдісінде үздіксіз жүргізіліп отырады.

Танымдық әрекеті мен психологиялық ерекшеліктері нақтылана түскеннен кейін, әр баланың жеке бас қасиеті диагонстика арқылы анықталып, олардың дарындылық факторында қандай қызығушылығы мен бейімділігі басым екендігі көрсетіледі. 3-4 сыныптарда әр баланың қызығушылығы мен бейімділігіне байланысты жеке жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар сыныптан тыс жұмыстарда, үйірмелерде, қосымша сабақтарда, тәрбие сағаттарында жүзеге асырылады.

Дарындылықты анықтау диагностикасында «интеллектуалдық портрет» әдістемесі балалардың ойлау қабілеті туралы толық мағлұмат бере алады. Беріліп отырған параметрлер дарынды балаларға тән негізгі ойлау операциялары мен мінездемелерін көрсетеді:

1.Танымдылық әрекеті.

Ойлау ерекшелігі. Күтпеген жаңа ойларды ұсына білу қасиеті. Баланың ойлауы мен тәртібінде, өз қатарымен немесе ересектемен қарым-қатынасында, оның барлық іс-әрекет қызметінде көрінеді. Мысалы, өз бетінше салған суреттерінде, шығармаларында, құрастыру жұмыстарында, т.б.

Ойлау жеңілдігі. Шешім қабылдауда жаңа жолдарды тез әрі жеңіл таба білу қабілеті.

Жемістілігі. Ойлау жылдамдығы. Мысалы, есеп шығаруда әр түрлі жолдарды таңдай біледі.

Анализ және синтезге қабілеттілігі. Логикалық тапсырмаларды шешу кезінде анық көрінеді.

Зейіннің жоғары болуы. Берілген тапсырмаға кедергілер болса да беріле кірісуі немесе қиын да ұзақ уақытты талап ететін тапсырмаларды орындауға қабілеттілігі.

Есте сақтауы. Баланың әр түрлі жағдайларды, абстрактылы таңбаларды, әр түрлі белгілерді тез есте сақтап қалуы – дарындылықтың басты белгісі.

2.Жеке даму әрекеті.

Тапсырма мазмұнына деген қызығушылық. Дарындылықтың бұл белгісін сыйлық алу үшін, жарыстарда жеңімпаз атану үшін, жауапкершілік сезімімен шатастырмау керек.

Перфекционалдылығы. Өзіндік жоғары бағаға сай келетіндей орындалған жұмысын жетілдіре білу мүмкіншілігі.

Әлеуметтік ерекшелігі. Өз көзқарасын дәлелдей білуге дайындылығы.

Лидер болу ерекшелігі. Адамдар арасында өзін еркін ұстай алуы, үлкендермен, балалармен оңай тіл табыса алуы, жауапты істі өзіне алуы.

3.Жарысқа деген бейімділігі.

Қызығушылық көлемінің кеңдігі. Әр түрлі бір-біріне ұқсамайтын шаралармен шұғылдануға деген ұмтылысы, өз күшін әр түрлі қызмет саласында сынағысы келеді.

Осы мінездемелер бойынша бала мүмкіндігі 5 балдық жүйемен бағаланады:

5 – аталған жеке қасиеттер жақсы дамыған, анық көрінеді;

4 – қасиеттер дамыған, үнемі көрініп тұрмайды;

3 – көрсетілген қасиеттер және оған қарама-қарсы көрсеткіштер теңдей;

2 – берілген қасиеттерге қарама-қарсы көрсеткіштер анық көрінеді;

1 – берілген қасиеттерге қарсы көрсекіштер баланың барлық іс әрекетінде анық көрінеді;

0 – бағалау үшін берілген қасиеттер туралы еш мағлұмат жоқ.

Дарынды балаларды анықтау жұмыстары жан-жақты жүргізіліп болғаннан кейін, әр дарынды балаға мінездеме беріледі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Дарынды балаларды анықтау әдістемесі"

Автор: Амангелдиева Балнұр Қалижанқызы

Дата: 16.03.2021

Номер свидетельства: 575599

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "?стаз парызы – дарынды жеке т?л?аны  ?алыптастыру "
    ["seo_title"] => string(53) "u-staz-paryzy-daryndy-zhiekie-tu-lg-any-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "199038"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428505716"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ы.Алтынсарин. Таза б?ла? "
    ["seo_title"] => string(24) "y-altynsarin-taza-bu-lak"
    ["file_id"] => string(6) "239283"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444752025"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "В.Сухомлинский «А? шаш», ?.Орманов «Ана»"
    ["seo_title"] => string(40) "v-sukhomlinskii-ak-shash-g-ormanov-ana-1"
    ["file_id"] => string(6) "297973"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456251787"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Коучинг.Работа с одаренными детьми.(на казахском языке)"
    ["seo_title"] => string(60) "kouchingh-rabota-s-odariennymi-diet-mi-na-kazakhskom-iazykie"
    ["file_id"] => string(6) "288645"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454660739"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "?стаз парызы "
    ["seo_title"] => string(11) "staz-paryzy"
    ["file_id"] => string(6) "106206"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1402980991"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства