Тренинг саба?: «?мірге бірге дауыс берейік!»
Тренинг саба?ты? ма?саты: О?ушыларды? ?з- ?здеріне деген сенімділіктерін ашу ар?ылы с?йіспеншілік ??ндылы?ын шы?ару.
?мір туралы ?з т?сініктерін ке?ейту.
Бір -бірін сыйлау?а, т?сінуге, д?рыс ?рекет жасау?а т?рбиелеу.
1.«Танысу» тренингі
Мазм?ны: Тренингке ?атысушылар аудиториямен амандасып, ?здеріні? есімдерін айтып, «?міріндегі е? ?ымбаттысы?» деген с?ра??а жауап беруі керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тренинг саба?: «?мірге бірге дауыс берейік!» »
Тренинг сабақ: «Өмірге бірге дауыс берейік!» Тренинг сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз- өздеріне деген сенімділіктерін ашу арқылы сүйіспеншілік құндылығын шығару.
Өмір туралы өз түсініктерін кеңейту.
Бір -бірін сыйлауға, түсінуге, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.
1.«Танысу» тренингі
Мазмұны: Тренингке қатысушылар аудиториямен амандасып, өздерінің есімдерін айтып, «өміріндегі ең қымбаттысы?» деген сұраққа жауап беруі керек.
Мысалы: Сәлеметсіздер ме! Менің есімім – Гүлім, мен үшін өмірдегі ең қымбаттысы – бұл ата-анам.
2. Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға өмір туралы келесідей тілектер жазылған парақтар үлестіріледі:
- өміріңіз шаттыққа толы болсын!
- өміріңіз тек жақсылықтардан құралсын!
- өмірде жетістіктерге жете беріңіз!
Оқушылар тілектерді оқып, «өміріңіз шаттыққа толы болсын!» тілегі түскен оқушылар 1-топ болып құрылып, орындарына отырады, келесі «өміріңіз тек жақсылықтардан құралсын!» тілегі түскен оқушылар 2-топ болып құрылып, орындарына отырады, келесі «өмірде жетістіктерге жете беріңіз!» тілегі түскен оқушылар 3-топ болып құрылады.
3.«Өмір дегеніміз не?» Оқушылар барлығыда өз ойларын жазып шығады.
Конфуцийдің мына сөзін ойларыңызға түйіп жүріңіз:
«Адамда өмір біреу және оның иелігіндегі ең қымбаттысы»
4.«Өмірге бірге дауыс берейік!» тақырыбында жоба құру
Мазмұны: Оқушылар өздеріне берілген құрал-жабдықтар арқылы тақырып аясында (сурет, өлең, нақыл сөз қолдану арқылы) жоба жасайды, сол арқылы барлық адамды өмірді жақсы көре білуге, «өмір» деген ұғымға дауыс беруге үндеу тастаулары қажет.
Дайындау уақыты: 5 мин;
Қорғау уақыты: 3 мин
Қажетті құрал-жабдықтар: плакат, түрлі-түсті маркерлер
5.«Жалғыз адам не істей алады?» тренингі
6.«Өмір несімен қымбат?» ой-талқы
Мазмұны: Оқушыларға осы сұрақ аясындағы бейнетаспа көрсетіледі және сол көрініс бойынша әр топтың және көрермендердің ойлары сұралады.
7.Рефлексия (ой қорытындылау)
«Аяқталмаған сөйлемдер»
Бүгінгі шарада менің түсінгенім...
Мен үшін белгісіз және жаңалық болғаны…
Бүгінгі шарада маған ұнағаны және ұнамағаны...
Оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтай отырып, шарадан алған әсерлерімен бөліседі.
- Балалар, шараға белсенділікпен, қызығушылықпен қатысқандарыңыз үшін алғыс айта отырып, шарамызды мына өлең жолдарымен аяқтағымыз келеді: