№ 6 орта мектебі
«Мен өзгелердің көзімен»
(тренинг-сабақ)
Өткізген: М.Ермаханова
Шалқар, 2014 жыл
Сыныбы: 6 б Бекітілді
Қатысқаны: 20 оқушы
Тренинг тақырыбы: «Мен өзгелердің көзімен»
Тренинг мақсаты: Өзіндік талдау жасауға үйрету,өзін-өзі жетілдіруге ынтасын ояту,бір-бірін қабылдауға,құрметтеуге,жолдасына сеніммен қарауға бейімдеуге,жолдастарымен бірігіп шешім қабылдауға үйрету.
«Мен концепсиясының» айқындалуы,өзінің және айналасындағы адамдардың психологиялық сипаттамаларын анықтай және талдай алуын дамыту.
Тренинг міндеттері:
-адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсіну;
-өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу,тузетуге көмектесу;
-сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
-сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі,ниетті қалыптастыру.
Қажетті құралдар: слайд,ойыншықтар,видеороликтер,аққағаздар(А4) фломастерлер, түрлі-түсті қарандаш, журнал, желім, қайшы.
Қолданылған әдістер: тренинг, коллаж
Тренинг құрылымы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ.Негізі бөлім.
А)Релаксациялық жаттығуы.
Б) «Мен өзгелердің көзімен» жаттығуы
В) «Мен - Күнмін» тренингі
Г)«Мен – идеалмын» тренингі
Ғ)«Мен қазір қандаймын? Мен қандай болуға тиіспін?» тренингі
Д)«Мен және менің отбасым» жаттығуы
Е)«Мен сізге ризамын» тренингі
Ж)«Мен» тренингі
З) Әуентерапия. «Армансыз күнім болмайды»
Рефлекция.
Тренингтің жүру барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі/амандасу,тренингке келгендерге алғыс айту/
ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
Релаксациялық жаттығуы
-Бүгінгі сабағымыз көңілді өту үшін көңіл-күйімізді көтеретін жаттығудан бастайық.(Жағымды баяу музыканың ырғағымен)
Денеміді бос ұстап ыңғайлы отырамыз.
Көзді жұмып,тыныштанып бүкіл денемізді ойша шоламыз.
Денемізді бос ұстап,өз-өзімізді жағымды және көңілді сезініп,өмірдегі барлық жағымды сәттерді еске алайық...
Өзімізді әлі күлтелерін ашпаған гүл деп сезінейік.Сол гүл күлтелері баяу ашылып,күнге қарай ұмтылуда.Денемізді бос ұстап жоғары көтерілеміз,көзімізді ашып қолымызды сілкілейміз.Балалар,ыңғайлы отырып,бір-бірімізге қарап, әдемі жымиып,күлейік.Әрқашан осылай көңіл-күйіміз көтеріңкі болсын.
Балалар,ыңғайлы отырып,бір-бірімізге қарап,әдемі жымиып,күлейік.Әрқашан осылай көңіл-күйіміз көтеріңкі болсын.
Балалар,енді кезекпен кезек барлық адамзатқа арналған жақсы тілектер айтайықшы:
Мысалы: Денсаулық –адамның басты байлығы,сондықтан денсаулықты сақтай білейік.Күлкі+-адам өмірін ұзартады,ешқашан жүзімізден күлкі кетпесін.Көңіл-күйіміз әрқашан көтеріңкі» болсын.
«Мен - Күнмін» тренингі
Мақсаты: адам бойындағы жақсы қасиеттерді таныстыру.
Барлық балаға бір ақ парақтан таратылады. Балалар берілген параққа күннің бейнесін салып, күннің ішіне өз есімдерін жазып, ал күннің әр-бір шуағына өздерінің бойындағы өздері бағалайтын ең жақсы деген қасиеттерін жазуы керек. Әр бала өз қасиеттерін жазып болған соң, оны дауыстап оқиды.
«Мен – идеалмын» тренингі
Мақсаты: балаларға болашақта өздеріне керекті жақсы қасиеттерді жинақтауға үйрету.
Балалар бір ақ параққа адамның, жай ғана адамның бейнесін емес, идеалды адамның бейнесін жасауы керек. Яғни, парақта салынған адамның бейнесін ең керекті деген идеалды адамның қасиетеріне толтыруы керек.
Осы тренингтен соң жүргізуші балалардан «Идеалды адам қандай болады?», «сенің бойында идеалды болу үшін қандай қасиеттер жетіспейді?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы балалардың ойларын біледі.
«Мен қазір қандаймын? Мен қандай болуға тиіспін?» тренингі
Мақсаты: оқушыларды өзінің бойындағы ең жақсы деген қасиеттер мен жаман қасиеттерді айыра білуге үйрету.
Оқушылар ақ парақты екіге бөледі. Бірінші бетіне «Мен қазір қандаймын» деген сұраққа өз бойларындағы барлық жақсы да жаман қасиеттерді жазуы тиіс. Ал, екінші бетке «Мен қандай болуға тиіспін?» деген сұраққа жауаптар жазуы керек.
Тренинг барысында куратор оқушылардан тек шындықты жазуды өтінеді. Жазып болған соң, оқушылар түгелдей жазғандарын оқиды. Оқығандарын талқылайды.
«Мен және менің отбасым» жаттығуы
Қатысушыларға«Мен және менің отбасым»тақырыбында коллаж жасау ұсынылады.
Коллажбен жұмыс жасау үшін үлкен көлемді парақтаржәне әртүрлі қағаз,түрлі-түсті газеттер,журналдар,ашық ескі кітаптар таратылады.
Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстарын таныстырып,оның мазмұнын әңгімелеп береді.
«Мен сізге ризамын» тренингі
Мақсаты: оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартуға, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге үйрету.
Оқушылар шеңбер бойына бой түзеп, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып, «Мен сізге ризамын, себебі...» деп өз ойлары мен тілектерін айтулары керек. Осылай барлық оқушы бір-бірінің барлық жақсы қасиеттерін атап өтуі керек.
«Мен» тренингі
Мақсаты: оқушылардың өз менің, өзінің жеке тұлғасының мәнін, қадірін түсіне білуге баулу.
Жігер деген – МЕН!
Сенім деген – МЕН!
Күш деген- МЕН!
Сезім деген- МЕН!
Жастық шақ деген- МЕН!
Махаббат деген- МЕН!
Денсаулық деген- МЕН!
Ақыл деген- МЕН!
Дарын деген- МЕН!
Бар ғажайып деген- МЕН!
Бар байлық деген- МЕН!
Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда!
Әуентерапия. «Армансыз күнім болмайды»
Рефлекция.
Қорытынды: Сонымен қорытындыласақ, біз әрқашан тәртіпті де, мейірімді, ақылды, кішіпейіл бола білейік. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
«Cиқырлы піл » танысу жаттығуы
Мақсаты: қарым-қатынасты дамыту, жағымды көңіл-күй сыйлау.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер бойынша орналасады және өз есімдерін ертегі кейіпкерлер арқылы таныстырады .
«Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы
Қатысушыларға«Менің отбасым қазір және болашақта»тақырыбында коллаж жасау ұсынылады.
Коллажбен жұмыс жасау үшін үлкен көлемді парақтаржәне әртүрлі қағаз,түрлі-түсті газеттер,журналдар,ашық ескі кітаптар таратылады.
Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстарын таныстырып,оның мазмұнын әңгімелеп береді.
«Мен және менің отбасым» психологиялық карта.
Мақсаты: отбасылық қарым-қатынасты анықтау, бақылау.
Қажетті құралдар: психологиялық карта.
Нұсқау: Қатысушыларға отбасылық мүшелер бейнеленген карталар таратылады. Қазір мен алдарыңызға карта тастаймын. Отбасы мүшелеріне қарай әрбір картаны таңдайсыз. Әрқайсыңыз картаны алып, отбасыңыздағы қарым-қатынасты және отбасылық бейнені құрастырасыз. Оған отбасы мүшелерінің барлығы қатыстырылуы керек.
Сергіту жаттығуы
Мақсаты:жағымды көңіл-күй сыйлау.
Қажетті құралдар:көңілді әуен, слайд.
Нұсқау: қатысушылар слайдқа қосылып билеулері тиіс.
Рефлексия. Тренингтің соңында қатысушылардың пікірлері сұралады.
№ 6 орта мектебі
«Мен қандаймын?»
Мектеп психологтері: М.Ө. Ермаханова
2014-2015оқу жылы
Қатысқаны:
Мақсаты: Оқушылардың өзін – өзі ұстауы, болашақта өздеріне керекті жақсы қасиеттерді жинақтауға үйрету.
Көрнекті құралдар: ақ парақтар.
1. Сабақтың барысы: Психолог оқушыларға сабақтың мақсатымен таныстырып, әр-бір оқушының бойына жақсы қасиеттерді насихаттау.
5 минут ішінде үш сөз арқылы «мен қандаймын?» деген сұраққа жауап дайындау керек.
2. «Мен - Күнмін» тренингі
Мақсаты: адам бойындағы жақсы қасиеттерді таныстыру.
Барлық балаға бір ақ парақтан таратылады. Балалар берілген параққа күннің бейнесін салып, күннің ішіне өз есімдерін жазып, ал күннің әр-бір шуағына өздерінің бойындағы өздері бағалайтын ең жақсы деген қасиеттерін жазуы керек. Әр бала өз қасиеттерін жазып болған соң, оны дауыстап оқиды.
3. «Мен – идеалмын» тренингі
Мақсаты: балаларға болашақта өздеріне керекті жақсы қасиеттерді жинақтауға үйрету.
Балалар бір ақ параққа адамның, жай ғана адамның бейнесін емес, идеалды адамның бейнесін жасауы керек. Яғни, парақта салынған адамның бейнесін ең керекті деген идеалды адамның қасиетеріне толтыруы керек.
Осы тренингтен соң жүргізуші балалардан «Идеалды адам қандай болады?», «сенің бойында идеалды болу үшін қандай қасиеттер жетіспейді?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы балалардың ойларын біледі.
«Мен қазір қандаймын? Мен қандай болуға тиіспін?» тренингі
Мақсаты: оқушыларды өзінің бойындағы ең жақсы деген қасиеттер мен жаман қасиеттерді айыра білуге үйрету.
Оқушылар ақ парақты екіге бөледі. Бірінші бетіне «Мен қазір қандаймын» деген сұраққа өз бойларындағы барлық жақсы да жаман қасиеттерді жазуы тиіс. Ал, екінші бетке «Мен қандай болуға тиіспін?» деген сұраққа жауаптар жазуы керек.
Тренинг барысында куратор оқушылардан тек шындықты жазуды өтінеді. Жазып болған соң, оқушылар түгелдей жазғандарын оқиды. Оқығандарын талқылайды.
«Мен сізге ризамын» тренингі
Мақсаты: оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартуға, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге үйрету.
Оқушылар шеңбер бойына бой түзеп, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып, «Мен сізге ризамын, себебі...» деп өз ойлары мен тілектерін айтулары керек. Осылай барлық оқушы бір-бірінің барлық жақсы қасиеттерін атап өтуі керек.
«Мен» тренингі
Мақсаты: оқушылардың өз менің, өзінің жеке тұлғасының мәнін, қадірін түсіне білуге баулу.
Жігер деген – МЕН!
Сенім деген – МЕН!
Күш деген- МЕН!
Сезім деген- МЕН!
Жастық шақ деген- МЕН!
Махаббат деген- МЕН!
Денсаулық деген- МЕН!
Ақыл деген- МЕН!
Дарын деген- МЕН!
Бар ғажайып деген- МЕН!
Бар байлық деген- МЕН!
Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда!
Қорытынды: Сонымен қорытындыласақ, біз әрқашан тәртіпті де, мейірімді, ақылды, кішіпейіл бола білейік. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
№ 6 орта мектебі
«Басқалар көзқарасымен...»
мұғалімдермен өткізілген ароматерапиялық жаттығу
№ 6 орта мектебінің психологтері
С.З.Есбосынов, М.Ө. Ермаханова
2013- 2014 оқу жыл
Қатысқаны: 11 мұғалім
Мақсаты: жағымды көңіл-күй сыйлау, хош иістерді пайдалана отырып, сәттілікке, шығармашылыққа жетелеу.
Өткізілетін уақыты: 1 сағат .
Керекті құралдар: иіс шығаратын мандалды шам, май шам, көңілді әуендер, құтыға құйылған су, байлық ,сәттілік , жағымды көңіл-күй шақыратын хош иісті майлар, ақ парақ, түрлі-түсті бояулар, бір адамдық кілемшелер.
-жаттығу
Шарты: қатысушылар қандай иісті және ненің иісін жақсы көретіндіктері сұралады.
«Хош иіс»
(музыка ойнап тұрады)
Көздеріңізді жұмып, үш рет терең тыныстаңыз. Өзіңіз ұнататын әсем табиғат орнын елестетіңіз. Бұл сізге таныс орын болуы мүмкін. Бүкіл жан- тәніңізбен әлгі жердің сиқырлы иісін сезесіз.
Сіздің мұрыныңызға тәтті иістің пайда болғаның сезесіз: ол иіс көкорай шалғын немесе әдемі немесе түрі иісті шөптер, және т.б
Сіз әрқилы иістерді сезесіз: кофенің, түрлі иісті майлардың, мүмкін жайқалып өскен гүлдің немесе әтірдің иістері.
Теріңізді майлармен сипалап, күн сәулесі жылытатынын сезесіз, өзіңізді жеңіл, еркін және керемет сезінесіз.
Мүмкін, Сіз раушан гүлдерінің немесе жазғы көкорайдың иісін сезініп, таудың самал ауасын сезетін боларсыз.
Тәтті әрі жұпар иістер сізді сергек қылып, көңіліңізді жақсата бастағанын байқайсыз.
Барлық сөздерді мұқият тыңдап болсаңыз, қолыңызды жоғары көтеріп, көзіңізді ашыңыз.
Талдау: әсерлері сұралады.
жаттығу
Шарты: қатысушылардың алдына А3 ақ парағы беріледі. Ақ парақтың жан-жағына хош иісті (байлық, сәттілік, жағымды көңіл-күйді шақыратын ) май шамдар қойылады. Түрлі-түсті бояуларды пайдалана отырып, ішінен қайсысы көбірек әсер еткенін парақ бетіне түсіруі керек.
Талдау нәтижесі:
Рефлексия:
Қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.
Үйден оқытылатын оқушы Махсұтова Жанатпен психологиялық жұмыстардың жүргізілгендігі туралы мәлімет
Қыркүйек айында Жанаттың үйіне барып, жаңа оқу жылымен құттықтап, оқулықтары тапсырылды.
Қазан айында баланың отбасындағы қарым-қатынасын және статусын диагностикалау мақсатында «Менің отбасым» әдістемесі жүргізілді. Жанат отбасын толық бейнеледі. Отбасы мүшесін түгелдей дастархан басына орналастыруға тырысты. Яғни, бұл суреттен отбасының татулық белгісін көруге болады. Жанат өз отбасынан мейірімділікті толық алатындығын байқауға болады.
Қараша айында ата-анасынан «Мұғалімге көңіліңіз тола ма?» атты сауалнамасы жүргізілді. Сонымен бірге мұғалімдерге жеке кеңестер беріліп, қорытынды жұмыстармен таныстырылды.
Қаңтар айында «Мүсін өнері» атты ермексазды терапиялық жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, Жанат ермексаздан сырға, сақина, білезік бұйымдарын жасады. Сақианы мамасына, сырғаны ұстазына, білезікті тәтесіне сыйлайтындығы анықталды. Бұл жұмыс арқылы бала бойынан шығармашылық қабілетті анықтауға болады. Сонымен қатар оқушының тұлғалық сапа деңгейін дамыту мақсатында арттерапиялық элементтері жүргізілді.
Ақпан айында Жанаттың үйіне барып, ата-анасымен байланыс жасалынды. Ал, оқушымен психологиялық ойын-жаттығулар жүргізілді.
Мектеп психологі: С.З. Есбосынов
№ 6 орта мектебі
Үйден оқитылатын оқушыларға арналған психологиялық ойындар
2013-2014 оқу жыл
Уақыты:
Мақсаты: үйден оқытылатын оқушылардың тыныс алу жолдарын кеңейту және танымдық қабілеттерін дамыту.
“Менің есімім” атты жаттығу
Мазмұны:Бұл жаттығу танысу үшін жасалынады- өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Бұл жаттығу белсенділікті және есте сақтау қабілетін дамытуға септігін тигізеді Мысалы: Сандуғаш сағат, Әсел әлем т.б.
Мақсаты: тыныс алуды дамыту
“Күрекше” ойыны
Мазмұны:
Жымиямыз. Аузымызды ашамыз. Тілді жалпақ күйінде астыңғы ерінге қоямыз. Осы қалыпта 5- ке дейін санап тұрамыз.
Бұл жаттығу барысында астыңғы ерін тістерге тимеу керек.
“Толық адам” ойыны
Мазмұны:
Күлімдеп тұрамыз, аузымызды ашамыз. Тілдің ұшын сағат тілі сияқты ары-бері қимылдатамыз. Астыңғы иекқимылдамау керек.
«Сақина» ойыны
Мақсаты: саусақ ептіліктерін дамыту.
Оң қолдың үлкен саусағы әрбір саусақпен қосылып сақина жасайды да сол қолдың әрбір саусағына кигізіледі: үлкен басқармақпен – басбармаққа, үлкен ортаншымен-ортаншыға т.б.с.с.
«Сиқырлы жұмыртқа» ойыны
Мақсаты: көріп қиялдауын дамыту.
Әр баланың қолына жұмыртқа тәрізді сопақша қиылған қағаз таратылып беріледі. Осы сопақша қағазды үлгі етіп, қағаз бетіне бірнеше бастырып жұмыртқаның суретін салып сол сопақша бейнеден өз қиялдарымен толықтырып, қалауы бойынша бірнеше бейне ойдан салуына болады.
“Анам мені не үшін жақсы көреді?” ойыны
Мақсаты: өзіндік бағаны дамытуға арналған .
Мазмұны: Барлық балалар шеңбер бойынша отырады. Әр балаға анасы оны не үшін жақсы көретінін айтып өтуді ұсынады. Топтың ішінен бір баладан қатысушы бала-анасы оны не үшін жақсы көретінін қайталауы қажет.
Ескерту: Балалар өзгелер үшін маңызды екендіктерін көрсеткісі келіп: анасы баланы ыдыс жуғандығы үшін, кітап жазуға кедергі келтірмегені үшін, кішкентай қарындасын ренжітпегені үшін жақсы көретінін айтады