Просмотр содержимого документа
«Психологтың ғажайып әлемі.»
Психологтің ғажайып әлемі.
Өмір-өте күрделі құбылыс.Өмірмен күресіп жеңгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар.Өмір-үлкен сынақ. «Нелер келіп не кетпес ер жігіттің басына» дегендей, адам өзінің қамшының сабындай қысқа өмірінде сан қилы тағдырды бастан кешеді.
Бірде жұмысқа келсем,есік алдында Жанар есімді бір оқушым есік алдында жылап отыр екен.
«Балапаным,жаным,Жанар, не болды»,-деп сұрап едім, мені көрген Жанар жылауын үдете түсті.Мен анамның бейітінен келемін. «Анашым мені неге тастап кеттің?»-деп айқайлап жылады.Қолында хаты бар екен.Ашып оқысам әлі сиясы кеппеген өлең шумақтары жазылған.
Мұңға орап жүрегім мен тәнімді,
Баяндасам баянсыздау халімді.
Кеудемде мекен еткен жас жүрегім,
Алай-дүлей болады жүрек жарам.
Қай жаққа,енді қайда бұрыла алам,
Өмірде жоқ қой, апай, орын маған.
Жанар үнсіз отыр екен.
«Жанар! Бұл ғаламда Адам болу да Тәңірден , Аман болуда Тәңірден.Жанаржан адам өмірі үшін күресу керек. «Алып бір сынаймын, беріп бір сынаймын» дейді ғой Аллаһ Тағала.Неге сонша қынжыласың,сенің осы күніңе зар болып жүрген жандар көп», -деп,сабасына түсірдім. «Жаратқан ата-анаңды алу арқылы алда жақсылықтар мен жетістіктерге жеткізер.Егер Алла маңдайыңа жазса, жетімдік қорқынышты нәрсе емес.Одан қорықпау керек.Бақыт батыл адамның жанында Бақыт батыр адамға бас иеді дейді.Қазақтың көзінде мұң болмау керек,қазақ қызының көзінде жарқылдаған от болу керек»-дедім де мына өлең ойыма еріксіз оралды:
«Алло, тыңдап тұрмын!» Үндемейді. «Жанар бұл сенбісің?Не болды, Жанарым ,ботам,?»-дедім.Жанар жылап жіберді.
«Апай, анам үндемесем сіз сияқты танымайтын шығар?»Жанардың бұл сөзіне менің көзіме еріксіз жас келеді. «Жанаржан неге олай дейсің , анаң сенің тынысыңнан да таниды».
«Жоқ, апай, менің шыдамым таусылды.Мен анамның қасына барғым келеді...Мен,мен....»
«Жанар, тастамашы!Ботам,Жанар, мен саған бір қызық айтайын деп едім»
«Алло,Жанар?»
Үндемейді,бірақ тынысын сезіп тұрмын.
«Шыда Жанар, шыдай түс, шыда тағы!»
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
Үміттің құлан иек құла таңы.
Әйтеуір бір атады, бір атады.
Өкінбе, өкпелеме бүгініңе.
Өмір, өмір болмайды түңілуге .
Мәңгі сені жазбаған түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып қақың бар жүгіруге!
Жанар, қазір жұмысыма келші»,-дедім.
Түстен кейін Жанар жұмысыма келді.Содан мен көңілін көтеру үшін өзімнің қолымнан келгеннің бәрін жасадым. «Көшеде жүрсем адамдар неге маған қарай береді?»-дегенінде «Сен –ханшайымсың, саған қарамаса сен ауырып қаласың» ,-дегенмін.Содан ол көшеде жүргенде үнемі өзін ханшайымша сезініп, көтеріңкі көңіл-күйде жүретінін айтып күліп жіберді. «Сіздің сөздеріңізден қуат алдым,мен енді тек алға ұмтыламын»- деді.Ол менің өмірлік ұстанымыма айналды.Өмір қандай болса мен оны сүйемін»,-деді ол.Егер осылай жұбатпағанда кім білсін,қазір сол қайғының тұңғиығына батып кетер ме еді.
Жұмыстан Жанармен бірге қайттым.Жанарым жарқылдап,бағанағының бәрі түсімдей , өте көңілді. «Апай,сіз болмасаңыз не істер едім?»-деп маған қалтасынан қолдан жасалған гүлін берді.Менің қуанышымда шек жоқ...Мен- бақытты анамын, мен өз кәсібінен бақыт тапқан маманмын!
Міне, сиқырлы психология әлемі деген осы болар.Халық ежелден- ақ «өзіме деген өшеді, өзгеге деген өседі» деген ұранды ұстанған ғой.
Адам жаратылысында жан-жағына жақсылық шапағатын шашу үшін, бір-біріне көмек көрсетіп, мейірлі болу үшін жаратылған ғой.Өзгенің қайғысын өз қайғыңдай көріп ортақтаса білу де-адам дықтың белгісі.Өмір тәжрибесі көрсеткендей , адамдардың бақыты үшін күресу – үлкен жүректі алыптардың ісі.Ал бір адамды ғана жақсы көріп,ол үшін барыңды аямау- бәріміздің қолымыздан келері хақ.