kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Монолог «Психологтың ғажайып әлемі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас маман психологтарға және конкурсқа қатысушы психологтарға көмек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Монолог «Психологтың ғажайып әлемі»»

Монолог

«Психологтың ғажайып әлемі»


Міне, бүгін тағы да бір адамының ризалшылығына бөлендім. Кәсіби білімімнің арқасында айналама көтеріңкі көңіл күй сыйлау, әріптестерімнің жаңаша қырынынан көрінуіне қолдау көрсету, шығармашылық ой-қиялдарына шабыт беру менің күнделікті жақсы көріп айналысатын ісім. Бұл дегенің керемет қой. Олай дейтінім қазір мен мектепте психолог бола жүріп, әрбір күн сайын, кездесетін қиыншылықтармен, проблемалармен бетпе-бет кездесіп өз білімімді шыңдау, іздену үстіндемін. Адамдардың риза жүздерін көргенде еңбегімнің, жұмысымның жемісі деп білемін.

Мен неге психолог болуды таңдадым? Иа бұның себебі:

Кішкентай кезімде адамдардың көздерінен көрген мұңды, үлгермей жатқан шаруаларын көргенде қалай көмектессем болады деп кішкентай қолдарыммен, жүгіріп жүріп болысып, кішкентай ғана жүрегіммен жылы сөз айтып мұң басқан көздеріне күлкі, жүздеріне қуаныш кіргізуге тырысатынмын. Отбасыма келіп дастархан басында отырғанда жасаған іс-әрекетімнің бұрыс-дұрысын айтып ой бөлісемін, сол сәтте әкемнің айналайын жарайсың деген сөзіне марқайып қалатын едім. Міне осы бойымдаға қасиет мені осы мамандыққа жетеледі. Бұл қандай мамандық? Психолог деген кім? Не істейді? Несімен ғажайып?

Психолог-өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін, өзін терең түсіне жүріп, өзгелердің жан–дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог–жәрдемші, психолог–көмекші. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан – дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлемін шарлап, жанына дауа іздейтін ізгі жан. Менің осы мамандықты таңдауым, адамдарға жақсылық жасағанды бар жан-дүниеммен қаладым.

«Мен дәрігерден гөрі тәрбиешілердің көп болғанын қалаймын, себебі дәрігер денеңді сауықтырса, тәрбиеші өне бойынды сауықтырады» деп қазақтың бір туар ұлы Мағжан Жұмабаевтың көрегендігіне ешбір күмәнім жоқ.

«Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла – деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры емес пе? Ең маңызды қасиет ол мәселені шығармашылықпен шешетін терең интуицияның болуы. Менің қоршаған ортадағы өмірім балалар, ата-аналар, мұғалімдермен біртұтас.

Психология–жан туралы ғылым. Яғни, ғажайып қырлары мен сырлары бар. Психолог әлемі ғажайыпқа толы.

Мен өмірге ғашықпын! Мен өмірді сүйемін! Мен өзімнің кәсіби мамандығымды жақсы көремін! Ісің пайдалы болса құрметтейді, бағалайды іздейді, өзіңнің біреуге қажет екеніңді білгенің қандай жақсы, мерейің өсіп, кәсібіме деген махаббатым арта түсті. Мен осы мамандықты таңдағаныма ешқашан өкінбеймін, ризамын!

Мені іздеп жатқан сияқты, достарыма барып көңілдеріне сенімділік, іс-әрекеттеріне шабыт, жүректеріне жылулық нұрын себейін.





Шығыс Қазақстан облысы

«№45 бейімделген орта мектебі» КММ









«Үздік жыл психологы - 2016»

Республикалық конкурсына


Монолог

«Психологтың ғажайып әлемі»










Дайындаған: Ахтанова Ж. Ж.

Педагог-психолог

















Өскемен қаласы - 2016жыл



Рефлексия

Үлестірмелі материалдар











Топқа бөлуге арналған

таратпалы материалдар


Ұлттық аспаптар түрлері


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Монолог «Психологтың ғажайып әлемі»

Автор: Ахтанова Жадыра Жумагалиевна

Дата: 31.01.2017

Номер свидетельства: 385963


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства