kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Дін дегеніміз не?»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дін - адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өөзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі – адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшек екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Дін дегеніміз не?»»

Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебі






«Дін дегеніміз не?»
















Психолог: Жұмаева Н.С.



Дін - адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өөзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі – адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшек екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын іс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 – 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылықта қолданылған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ , діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдейді. Діннің шығуы адам ақыл—ойында теориялық ойлау және ойдың шынайы өмірден ажырау мүмкіндігінің пайда болуы деңгейімен де байланысты. Адамзат тарихында өн бойында дін адам сенімінің сипатына және халықты қамтуына байланысты сан түрлі күйде болады. Бірінші жағдайда қатысты оның тотемизм, анимизм, натуризм,




шаманизм, фетишизм, политезм (көптәңірлі), онотеизм (біртәңірлі), т.б. түрлері пайда болды. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау барлық

діндерге тән емес. Ол қазіргі діндерден, мәселен, ислам, христиан, иуда діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық – халықтық және ұлтаралық немесе әлемдік түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т.б. Діннің екі сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік діндерге ортақ, діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ, ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Діннің имандылық сипатын қабылдайтындар бүкіл болмыстың себебінің, заңдылықтарының бар екенін толық түсініп, оларды танып-біліп, бойына сіңіріп және бұлжытпай орындауға ұмтылады. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты – бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт – рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен , әлемдік үш дінді ислам, христиандық, будда ұстанады.Осы әлемдік діндердің бірі ислам дініне тоқталып өтсек.
Ислам діні — бүкіл әлемге ортақ құндылық. Ол бір ұлтқа немесе тек мұсылмандарға ғана жіберілген дін емес. Сондықтан, Құран Кәрімде қаратпа сөздер «ей, арабтар» немесе «ей, бәдәуилер» деп айтылмайды, «ей, адам ұрпақтары», «ей, адамзат баласы» және «ей, мүминдер» деп жалпыға ортақ атаулар ретінде қолданылады. Бұл-қасиетті кітаптың бүкіл адамзатқа, тіпті, бүкіл жаратылысқа жолдауы екенін көрсетсе керек. Сондай-ақ, Құранда Алла Тағаланың соңғы елшісі Мұхаммед Мұстафаны (с.ғ. у.) бүкіл әлемдерге рахмет — мейірім пайғамбары ретінде жіберілгені айтылады. 























































Тренингтік сабақ: «Отбасында қатігез қараудан қорғану құқығы»

(«Отбасында зорлық-зомбылықты тоқтатамыз» республикалық акция шеңберінде)

Мақсаты: отбасында қатігез қарау және әртүрлі зорлық-зомбылық түрлерінен қорғану жасөспірімдерді қорғау сұрақтары құқықтық сауаттылық жоғарылату деңгейлерін құру

Қатысушылар: 12-18 жас аралығындағы балалар, жасөспірімдер

Сабақтың барысы:

  1. «Таныстыру»

Тренингтің әрбір қатысушысы өзінің есімін баға жетпейтін құнымен айтып шығады.

Жаттығудың мақсаты-жаттықтырушы мен қатысушыларға бір-бірімен танысуына және топта позитивті көңіл-күй құруына мүмкіндік беру керек.

      2. Тақтада «Қатігез қарау бұл...» «Мидың батыл әрекеті»

3. Бүгінгі тренингтің мақсаты: отбасында қатігез қарау мен әртүрлі зорлық-зомбылық түрлерінен өзін қорғауға үйренуге және облыста балалар құқығын қорғау негізінде өзіміздің білімізді заңды түрде жоғарылату. ҚР Конституцияна сәйкес адамның ар-намысы толассыз. Ешкім де зорлық-зомбылық басқа да озбырлықтарға көнуге немесе адамның абыройын жаза немесе үндеу арқылы таптауға құқығы жоқ. Бала құқығы туралы конвенция, «ҚР бала құқығы туралы» ҚР Заңдары және басқа да заңдар балаға қатысты мәселелермен құқықтарын қорғайды.  Барлық балалар сондай-ақ ата-аналардан жәбір көріп отырған балалар өздерінің құқықтарын қорғауға мүмкіндігі бар.

Егер баланың құқығы бұзылып, ата-аналары өздерінің міндеттерін орындамаса, тәрбие, білім берілмесе, бала өз бетімен қамқоршылық-қорғаншылық бөлімдеріне, ал 14 жасқа толғанда  сотқа жүгіне алады. Ата-аналар балалардың денсаулығына психикалық және физикалық зиян келтірмеуі керек. Балаларды тәрбиелеу әдісінде кемсітушілік, қатігездік, дөрекілік, адамның абыройын түсіретін үндеулер, қорлау немесе эксплуатацияларға тиым салыну керек. Белгіленген заңдық тәртіп бойынша ата-аналар балаларына үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Отбасында зорлық-зомбылықтан  балаларды қорғауды қамтамасыз етуде және құқыққа қарсы әрекет жазасыздығын болдырмау жөнінде, 2009 жылы «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заң қабылданды. 

Бұл Заң әрбір отбасы мүшелеріне қатысты.

Физикалық немесе психологиялық жарақат алғандар, зорлық-зомбылық немесе басқа да заңсыз әрекеттерге тап болған балалар әлеуметтік адаптация мен денсаулығын жақсартуда көмектер көрсетілу керек.

4. Балалармен сұхбат: Кім біледі, отбасындағы зорлық-зомбылық деген не және қатігездік пен мейірімсіздіктен қандай айырмашылығы бар?

5. Пайда болған түсініктерді практикалық түрде бекіту (топтық жұмыс).

Қатысушылар 3 топқа бөлінеді. Әрбір топ келесіні толтыру керек: зорлық-зомбылық пікірлік деңгейі мен қандай бағанаға жатанынын анықтап кестені толтыру керек (қатысушылар бұл тапсырманы орындамас бұрын қосымша 1-ге  әрбір термин түсінігі кіретінін  берілген түсініктер шектеп келісу керек). 





Бұл тапсырманы орындау үшін балалары 4 топқа бөлу керек (сонда әрбір топ берілген терминдерге ұсынылған варианттарды таңдайды).

Барлық таблицаны әрбір топқа толтыруға ұсыныңыз.

мейірімсіздік

Зорлық-зомбылық

Дөрекілік

басқалар





Бекітілген ұсыныстар:

Жәбірлеу

Сұрақты жауапсыз қалдыру

Шапалақ, ұру-соғулар

Қорлау, айғайлар

Балаға күлу

Машина басып кетпес үшін баланы итеріп жіберу

Жазасы үшін үйден шығармайды

Айғайлар, қауіп-қатерлер

Балаларды қараусыз қалдыру

Жыныстық қатынасқа күштеу

Еріксіз еңбек

Баланы тамақсыз қалдыру

Тәттіден айыру

Күнделікті ұсақ шығындардан айыру

Физикалық кемсіздігін нұсқап, кемсітіп ат қою

Ата-аналардың темекі тартып арақ ішуі

Төбелес

Пікір-таластарды алмастыру:

- Зорлық-зомбылық пікірлік деңгейін анықтауда қандай қиыншылықтар кездесті?

-  Қалай ойлайсыздар, мейірімсіз қарау қайдан пайда болады? Маңызды! (балаға қатысты қатігез қарау бастаушысы туралы болса, тек қана үлкен адамдар, ата-аналар, көршілердің туыстары және т.б. ғана емес, бастаушы болып өздерінің арасынан әртүрлі балалар болуы мүмкін). Сондықтан да егер топта ондай варианттар ұсынылмаса, онда айтылған пікірлерге итермелеу керек. Маңызды! Адамның жеке тұлғаға өтуіне болмайды. 

6. Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық туралы бейнеролик көру. Талқылау

7. Рефлексия

Осы сабақтан кейін алғашқы нұсқадағы «зорлық-зомбылық» түсінігіне қайтадан оралып, берілген түсініктерде қандай да бір өзгерістер бар ма екенін салыстыру. Осыдан кейін топқа алғыс білдіріп, егер сен отбасында зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаң, тез арада қандай шара  қолдану керек екенін, зорлық-зомбылықтың құрбаны болғандарды қандай заң қорғайтыны жөнінде Сенім телефоны туралы ақпарат беру, сабақты бір-біріне қол соғу арқылы аяқтау.

Тренингтің тақырыбына сай буклеттер, закладкалар ұсыну.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Дін дегеніміз не?»

Автор: Жұмаева Нұрия Сафиоллақызы

Дата: 26.03.2017

Номер свидетельства: 403276

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) ""Жа?сылы? деген не, жаманды? деген не?" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(62) "zhak-sylyk-dieghien-nie-zhamandyk-dieghien-nie-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "215476"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432709531"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Семинар "Мазасыздану,үрейлену" дегеніміз не?"
    ["seo_title"] => string(48) "sieminar_mazasyzdanu_urieilienu_dieghienimiz_nie"
    ["file_id"] => string(6) "391629"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1487062934"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Бас иеміз - ана деген тәңірге""
    ["seo_title"] => string(34) "bas_iiemiz_ana_dieghien_t_n_irghie"
    ["file_id"] => string(6) "399158"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489215094"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Жа?сы деген немене, жаман деген немене? "
    ["seo_title"] => string(52) "zhak-sy-dieghien-niemienie-zhaman-dieghien-niemienie"
    ["file_id"] => string(6) "134049"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1416657971"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Конспект урока на тему Сыйынар ем Ана деген т??ірге!"
    ["seo_title"] => string(50) "konspiekturokanatiemusyiynariemanadieghientnirghie"
    ["file_id"] => string(6) "303100"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457429303"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства