kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жа?сылы? деген не, жаманды? деген не?" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?тау ?аласы №3 жалпы білім беру мектебіні? психологі  Саудабаева.А.?. 8 сыныптарына ж?ргізген сынып са?аты.

     Саба?ты? та?ырыбы:  «Жа?сылы? деген не, жаманды? деген не?»

     Саба?ты? ма?саты:    «Жа?сылы? – жарым ырыс»-  дегендей  жас?спірімдерді

                                           жа?сылы??а жетелеп, жа?сы мен жаманны? жігін

                                           ажырату?а  баулу. Жаман ?ылы?, жаман  ?деттен          

                                           аула? болу?а т?рбиелеу.

 

     Саба?та пайдаланатын ??ралдар: слайд, 4-топ?а б?тман ?а?аздар,

                          т?рлі- т?сті ?а?аздар ж?не фломастерлер, желім, ?айшы;  т.б.

 

   Саба?ты? ж?рісі:   Аудиторияда  4 топ?а ж?мыс орындары дайындал?ан.

                             О?ушылар те? 4 топ?а б?лініп, орындарына жай?асады.

      Д?йекс?з:   «Біреуге жа?сылы? етсе?, ол жа?сылы?ы?ды міндет етпе»                                                 

                                                                                           Ыбырай  Алтынсарин

 

     Сахналау :                    Д?ниеде жаманды? неден?

     Д?ниеден безіп, тыс?а шы?ып кеткен бір а?ж?рек шал ?алы? ну орманды мекендейді. Орманда?ы а? м?нан ?оры?пайды. А?мен с?йлесіп ??ысатын болады.

   Бір а?ашты? т?дінде а?ж?рек шал жатыр еді. Сол жерге т?немек болып ?ар?а, к?к кептер, б??ы, жылан жиылады. Олар: «Д?ниеде жаманды? деген не?» - деп ке?ес ??рады.

  •       Д?ниедегі жаманды? т?бі- ашты?. Тама??а ?бден тойса?, бір б?та?тан бір б?та??а ?онасы?. «?ар?-?ар? !»деп ?ле? айтасы?. Т?ла бойы? тол?ан ?ызы?, ?уаныш, не к?рсе? со?ан ?уанасы?. Ал енді бірер к?н аш болса?, к?зі?е к?рінгенні? б?рін итті? етінен жек к?ресі?, ?айда барары?ды білмейсі?, бір жа??а жо?алып кеткі? келеді де т?рады. Бір жерден екінші жерге ?онасы?, са?ан тас атып, тая?пен ?рады. Ит, мысы?ты? жемтігі боласы?. Жаманды?ты? б?рі ашты?тан,- деп ?ар?а айтады.
  •     Д?ниеде жаманды? ашты?тан емес, жаманды?ты? т?бі- махаббат. Біз жал?ыз-жал?ыз ?мір с?рсек, уайым-?ай?ы жо? болар еді. Ж?птасып ж?ру таби?атты? за?дылы?ы, сонды?тан ж?птасып ж?ріп, ж?птасып ?мір с?реміз. Жары?ды ?зі?нен арты? к?ресі?, жары?ды ойлап сенде тынышты? жо?. То? па, аш па, суы??а то?ды ма?- деп, сорлайсы?. Жары? бір жа??а б?лек ?шып кетсе, не болады деп ойлап, ?уре-сарса? боласы?. ?аршы?а к?зін ш??ып алды ма деп, ?зі? ?ша ж?нелесі?. С?йтіп, ?а??ып ж?ріп, ?аршы?а?а тап боласы?, не т?за??а т?сесі?. Жары? ?лсе, жары? жо?алса, д?ние де т?кке т?рмай кетеді. Д?ниеде еш н?рсе? ?алмай, т?к ішпей, жемей сорланасы?. Жаманды?ты? б?рі махаббаттан – депті к?к кептер.
  •      Жо?, жаманды? ашты?тан да, махаббаттан да емес. Жаманды? т?бі- жаман мінезден. Біз тату ж?рсек, ?асты? ойламаса?, кекшіл болмаса?, жа?сы болар еді. Бір н?рсе ?ізі? ойла?андай болмаса ашуланасы?,д?ниені т?к ??рлы к?ресі?. К?зі?е не т?ссе, б?рін жек к?ресі?. Ойла?аны? – біреуден кек алма?. Біреуді ша?па? болып ыс?ырып, іздеп, иіріліп ж?ргенде, ашуланып, ?зі?ді-?зі? ?мытып кетесі?, ешкімді аямайсы?. Д?ниедегі жаманды?ты? б?рі ?араж?ректіктен, - деп, жаманды? иесі жылан айтады.
  •      Жо?, жаманды? ашты?тан да емес, махаббаттан да емес, ?араж?ректіктен де емес, ?ор?а?ты?тан. ?оры?пайтын болса, д?ниеде жа?сылы? жау?андай болар еді. ?уат к?п, мы?ты жаудан ?ашып ??тыласы?, ?лсізді с?зіп ??тыласы?. Біра? ?оры?пас?а болмайды. Сырт етіп бір б?та? сынып кетсе, бір жапыра? сылдырласа, ?ор?ып селкілдеп кетесі?. Ж?регі? тас т?бе?е шы?ады, б?та? сынса, жау келіп ?алды ?ой деп т?ра ж?нелесі?. Ж?гіріп ж?ріп д?л жауды? ?зіне кез келесі?. Ол болмаса, иттен ?ашам деп а?шы?а  со?ты?асы?. ?ор?ып ж?гіре ж?нелесі?. ?айда ?ашып бара жат?аны?ды білмейсі?, ??з?а шы?ып кетіп, ??лап ?лесі?.?йы?та?анда да бір к?зі?мен ?ана ?йы?тайсы?, ты? ты?дап жатасы?. Б?рі ?оры??анны? азабы.. Еш тынышты? жо? Жаманды? ?ор?а?ты?тан, - деп момын б??ы айтты.
  •     Жо?, жаманды? ашты?ты?тан да, махаббаттан да, жаман мінезден де, ?ор?а?ты?тан да емес, бізді? к?ріп ж?рген азабымызды? б?рі,, жаманды?ты? б?рі- бізді? т?німізде. Ашты?, махаббат, жаман мінез, ?ор?а?ты? – б?рі т?нге байлаулы. Жа?а?ы жаманды? деген н?рсені? б?рі т?ннен ?сіп-?неді. Олар т?нні? асырап ?сірген балапаны. Сонды?тан т?німізді, жанымызды таза ?стауымыз керек, деп а?ж?рек а?са?ал ??гімесін ая?тапты. 

 

Талдау :   1. Сонымен, д?ниедегі жаманды? неден екен?

             2. Т?німізді, жанымызды таза ?стауымыз керек дегенді ?алай

                  т?сінесіздер?

 

      ?р топ?а  тапсырма беріледі.   

                           «Мен болаша?ымды жа?сылы?пен к?ркейтемін»

  Топ- 1 «Отан»;       топ- 2 «отбасы»;     топ- 3 «мектеп»;     топ-4 «сынып».

         О?ушылар ?здеріне тапсырыл?ан тапсырмаларын ?ор?айды.

ПсихологАлдары?ызда шарлар жиыны т?р. енді сендер кезекпен орта?а шы?ып, шарларды жарып ая?талма?ан ойлары бар с?ра?тар?а  жауап берулері?ді с?раймын.Жауаптары?ызды осы та?ырып?а байланыстырасыздар.

Ая?талма?ан с?йлемдер

-  Б?л ?мір ма?ан  –..  

-  ?мір мен ?шін -...

-  ?мір с?ру -...

-  ?мірді? м?ні -..

-  Мен ?мірге -..

-  ?мірдегі ?уанышым -..

  ?мірше?дік ережесі: ?р адамны? ережесі-?з ж?рек ?алауымен ж?ру ж?не батыл ?рекет жасау, Сол сия?ты иы?ы?ды тіктеп, жар?ын к??ілмен іштей табыс?а жетуге талаптанып, ?мірше?дік ережесін айтайы?:

  1. Жігер деген-  Мен.
  2.  К?ш деген –  Мен.
  3.  Махаббат деген-  Мен.
  4.  Кешірім деген-  Мен.
  5.  ??дірет деген-  Мен.
  6. Жас?спірім деген-  Мен.
  7. Адамгершілік  деген-  Мен.
  8. Денсаулы? деген-  Мен.
  9.  Адалды? деген –  Мен.
  10.  Жар?ынды? деген-  Мен.
  11.  Бар ?ажайып деген-  Мен.
  12.  Жа?сылы? деген – Мен.

 

   Хормен:   Б?рі ма?ан байланысты, б?рі мені? ?олымда,

                                                          ?р?ашанда жа?сылы?   жанымда ж?реді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жа?сылы? деген не, жаманды? деген не?" т?рбие са?аты »

Ақтау қаласы №3 жалпы білім беру мектебінің психологі Саудабаева .А.Қ. 8 сыныптарына жүргізген сынып сағаты.

Сабақтың тақырыбы: «Жақсылық деген не, жамандық деген не?»

Сабақтың мақсаты: «Жақсылық – жарым ырыс»- дегендей жасөспірімдерді

жақсылыққа жетелеп, жақсы мен жаманның жігін

ажыратуға баулу. Жаман қылық, жаман әдеттен

аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақта пайдаланатын құралдар: слайд, 4-топқа бәтман қағаздар,

түрлі- түсті қағаздар және фломастерлер, желім, қайшы; т.б.


Сабақтың жүрісі: Аудиторияда 4 топқа жұмыс орындары дайындалған.

Оқушылар тең 4 топқа бөлініп, орындарына жайғасады.


Дәйексөз: «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»

Ыбырай Алтынсарин



Сахналау : Дүниеде жамандық неден?


Дүниеден безіп, тысқа шығып кеткен бір ақжүрек шал қалың ну орманды мекендейді. Ормандағы аң мұнан қорықпайды. Аңмен сөйлесіп ұғысатын болады.

Бір ағаштың түдінде ақжүрек шал жатыр еді. Сол жерге түнемек болып қарға, көк кептер, бұғы, жылан жиылады. Олар: «Дүниеде жамандық деген не?» - деп кеңес құрады.

  • Дүниедегі жамандық түбі- аштық. Тамаққа әбден тойсаң, бір бұтақтан бір бұтаққа қонасың. «Қарқ-қарқ !»деп өлең айтасың. Тұла бойың толған қызық, қуаныш, не көрсең соған қуанасың. Ал енді бірер күн аш болсаң, көзіңе көрінгеннің бәрін иттің етінен жек көресің, қайда барарыңды білмейсің, бір жаққа жоғалып кеткің келеді де тұрады. Бір жерден екінші жерге қонасың, саған тас атып, таяқпен ұрады. Ит, мысықтың жемтігі боласың. Жамандықтың бәрі аштықтан,- деп қарға айтады.

  • Дүниеде жамандық аштықтан емес, жамандықтың түбі- махаббат. Біз жалғыз-жалғыз өмір сүрсек, уайым-қайғы жоқ болар еді. Жұптасып жүру табиғаттың заңдылығы, сондықтан жұптасып жүріп, жұптасып өмір сүреміз. Жарыңды өзіңнен артық көресің, жарыңды ойлап сенде тыныштық жоқ. Тоқ па, аш па, суыққа тоңды ма?- деп, сорлайсың. Жарың бір жаққа бөлек ұшып кетсе, не болады деп ойлап, әуре-сарсаң боласың. Қаршыға көзін шұқып алды ма деп, өзің ұша жөнелесің. Сөйтіп, қаңғып жүріп, қаршығаға тап боласың, не тұзаққа түсесің. Жарың өлсе, жарың жоғалса, дүние де түкке тұрмай кетеді. Дүниеде еш нәрсең қалмай , түк ішпей, жемей сорланасың. Жамандықтың бәрі махаббаттан – депті көк кептер.

  • Жоқ, жамандық аштықтан да, махаббаттан да емес. Жамандық түбі- жаман мінезден. Біз тату жүрсек, қастық ойламасақ, кекшіл болмасақ, жақсы болар еді. Бір нәрсе өізің ойлағандай болмаса ашуланасың,дүниені түк құрлы көресің. Көзіңе не түссе, бәрін жек көресің. Ойлағаның – біреуден кек алмақ. Біреуді шақпақ болып ысқырып, іздеп, иіріліп жүргенде, ашуланып, өзіңді-өзің ұмытып кетесің, ешкімді аямайсың. Дүниедегі жамандықтың бәрі қаражүректіктен, - деп, жамандық иесі жылан айтады.

  • Жоқ, жамандық аштықтан да емес, махаббаттан да емес, қаражүректіктен де емес, қорқақтықтан. Қорықпайтын болса, дүниеде жақсылық жауғандай болар еді. Қуат көп, мықты жаудан қашып құтыласың, әлсізді сүзіп құтыласың. Бірақ қорықпасқа болмайды. Сырт етіп бір бұтақ сынып кетсе, бір жапырақ сылдырласа, қорқып селкілдеп кетесің. Жүрегің тас төбеңе шығады, бұтақ сынса, жау келіп қалды ғой деп тұра жөнелесің. Жүгіріп жүріп дәл жаудың өзіне кез келесің...... Ол болмаса, иттен қашам деп аңшыға соқтығасың. Қорқып жүгіре жөнелесің. Қайда қашып бара жатқаныңды білмейсің, құзға шығып кетіп, құлап өлесің......Ұйықтағанда да бір көзіңмен ғана ұйықтайсың, тың тыңдап жатасың. Бәрі қорыққанның азабы. ... Еш тыныштық жоқ Жамандық қорқақтықтан, - деп момын бұғы айтты.

  • Жоқ, жамандық аштықтықтан да, махаббаттан да, жаман мінезден де, қорқақтықтан да емес, біздің көріп жүрген азабымыздың бәрі, , жамандықтың бәрі- біздің тәнімізде. Аштық, махаббат, жаман мінез, қорқақтық – бәрі тәнге байлаулы. Жаңағы жамандық деген нәрсенің бәрі тәннен өсіп-өнеді. Олар тәннің асырап өсірген балапаны. Сондықтан тәнімізді, жанымызды таза ұстауымыз керек, деп ақжүрек ақсақал әңгімесін аяқтапты.

Талдау : 1. Сонымен, дүниедегі жамандық неден екен?

2. Тәнімізді, жанымызды таза ұстауымыз керек дегенді қалай

түсінесіздер?


Әр топқа тапсырма беріледі.

«Мен болашағымды жақсылықпен көркейтемін»

Топ- 1 «Отан»; топ- 2 «отбасы»; топ- 3 «мектеп»; топ-4 «сынып».



Оқушылар өздеріне тапсырылған тапсырмаларын қорғайды.

Психолог: Алдарыңызда шарлар жиыны тұр. енді сендер кезекпен ортаға шығып, шарларды жарып аяқталмаған ойлары бар сұрақтарға жауап берулеріңді сұраймын.Жауаптарыңызды осы тақырыпқа байланыстырасыздар.


Аяқталмаған сөйлемдер


- Бұл өмір маған –..........

- Өмір мен үшін -...........

- Өмір сүру -..............

- Өмірдің мәні -..........

- Мен өмірге -..........

- Өмірдегі қуанышым -.........


Өміршеңдік ережесі: Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау, Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережесін айтайық:

  1. Жігер деген- Мен.

  2. Күш деген – Мен.

  3. Махаббат деген- Мен.

  4. Кешірім деген- Мен.

  5. Құдірет деген- Мен.

  6. Жасөспірім деген- Мен.

  7. Адамгершілік деген- Мен.

  8. Денсаулық деген- Мен.

  9. Адалдық деген – Мен.

  10. Жарқындық деген- Мен.

  11. Бар ғажайып деген- Мен.

  12. Жақсылық деген – Мен.

Хормен: Бәрі маған байланысты, бәрі менің қолымда,

әрқашанда жақсылық жанымда жүреді.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жа?сылы? деген не, жаманды? деген не?" т?рбие са?аты

Автор: Саудабаева Алтынзер Кудасовна

Дата: 27.05.2015

Номер свидетельства: 215476


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства