kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Семинар "Мазасыздану,үрейлену" дегеніміз не?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Семинар тақырыбы:

 «Мазасыздану, үрейлену дегеніміз не?»

 

Сабақ мазмұны

  1. Кіріспе

Сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгінгі кездесуіміз «Мазасыздану, үрейлену дегеніміз не?» деген өте маңызды тақырыпқа арналмақ.

«Джунглидегі жаңбыр» психологиялық жаттығуы

Семинарымызды бастамас бұрын, шеңберге тұрып, «Джунглидегі жаңбыр» психологиялық жаттығуын орындаймыз. Бұл жаттығу иық, мойын, омыртқа  аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жоюға, босаңсуға, шаршағанды басуға арналған. Жаттығуды топта мазасыздығы жоғары балалармен бұлшықеттегі қысымды жою үшін, арнайы түзету жаттығуы ретінде өткізуге болады.

Қанекей, шеңбер жасап, бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел тұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасында қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз). Міне, нөсер басталды (саусақтарымен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз). Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басталды. Сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Ал, енді 180 градусқа айналып, ойынды жалғастырыңыздар.

Топқа бөліну.

Енді үстел басына шақырамын. Үстел үстіндегі әр түрлі түстегі геометриялық фигураларды таңдаңыздар.

Таңдаған фигуралар арқылы 3 топқа бөлінейік.

1 — топ - Дөңгелектер тобы. (қызыл түс)

2 — топ - Төртбұрыштар тобы. (көк)

3 — топ - Үшбұрыштар тобы. (жасыл түс)

Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар — кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар.

Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай – ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.

Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар.

Мазасыз баланың ашық хаты

Үш топқа бір-бір конверт таратылады. Конвертте мазасыз баланың хаты жазылған.

Мазасыз баланың ересек адамға деген ашық хаты оқылады. Енді конвертті қоя тұрып, баяндама барысында хатқа жауап жазып, осы жағдайдан шығу жолдарын қарастырасыздар.

  1. Негізгі бөлім

«Мазасыздану, үрейлену дегеніміз не?» баяндама

«Мазасыздық» сөзі сөздіктерде 1771 жылдардан бастап көрсетіледі. Бұл терминнің пайда болуын көрсететін көптеген нұсқалары бар.

Психологиялық сөздікте мазасыздыққа мынадай анықтама берілген: бұл «түрлі өмірлік жағдайларда болады деп ойламайтын, мазасызданудың аса жоғары болуымен көрінетін индивидуалды психологиялық ерекшелік».

Алаңдауды мазасызданудан ажыратып алу қажет. Егер де алаңдау – бұл баладағы қобалжу, мазасыздаудың анда-санда көрініс беруі болса, мазасыздану – тұрақты жағдай болып табылады. Мысалы, бала мерекеде көпшіліктің алдына шығар кезде немесе сабақта жауап берген кезде толқитын жағдайлар кездеседі. Бірақ бұл мазасыздық үнемі көріне бермейді, кейде дәл сондай жағдайларда ол сабырлық сақтап жүре береді. Бұл – алаңдаудың көрінісі. Егер де алаңдау бірдей жағдайларда жиі қайталана беретін болса, сондай-ақ басқа жағдайларда мұндай көрініс орын алса (таныс емес ересектермен, балалармен қарым-қатынас жасаған кезде; сабақ кезінде сұраққа жауап бергенде және т.б.), онда мазасыздану туралы әңгіме қозғауға болады

Алаңдаудың физиологиялық белгілері:

  • Жүрек қағысының жиілеуі;
  • Тыныс алудың жоғарылауы;
  • Ауыздың құрғауы;
  • Тамақта бір нәрсе тұрып қалғандай сезіну;
  • Аяқтарының әлсіздігі;

Алайда физиологиялық белгілерінен басқа мазасыздықтың пайда болуының мінез-құлықтық белгілері де бар:

  • Бала тырнағын тістей бастайды;
  • Орындықта тербеле бастайды;
  • Үстелдің үстінде саусақтарымен тықылдатады;
  • Шаштарын жұлмалайды;
  • Қолында түрлі заттарды айналдырады және т.б.

Аздаған, яғни жиі туындамайтын алаңдаудың көрінуі тұрақты жағдайға ауысып кетуі мүмкін, ол «мазасыздану» деген атқа ие болды. Мазасыздану қандай да бір белгілі бір жағдаймен байланысты емес және де ол үнемі көрініс береді. Мұндай жағдай адамның іс-әрекетінің кез келген түрінде болады. Адам қандай да бір нақты бір нәрседен қорқатын болса, біз қорқыныш туралы айтамыз. Мысалы, қараңғыдан қорқу, биіктіктен қорқу, жабық кеңістіктен қорқу.

Тәжірибелі педагог балалармен танысқан кезде кімде мазасыздық бар екендігін бірден біледі. Мазасыз балалар аса қатты үрейленуімен ерекшеленіп тұрады, олар жиі жаман жағдай болады деп қорқады. Олар өздерін әлсіз сезінеді, жаңа ойын ойнаудан, іс-әрекеттің жаңа бір түріне кірісуден қорқады. Олардың өздеріне қоятын талаптары өте көп, олар өздерін өте қатты сынайды.

Алаңдау жағдайын үнемі негативті жағдай ретінде қарастырмауға болады. Кейде дәл сол алаңдау потенциалды мүмкіндіктерді жандандырудың себебі болады. Қуғыншыдан қашып келе жатып, адам жүгіру қарқынын әдеттегі, жай күнге қарағанда жылдамырақ етіп дамыта алады.

Соған байланысты олардың мынандай түрлері болады:

  • Жұмылдырушы алаңдау – қосымша импульс береді;
  • Босаңсытушы алаңдау – адамға ештеңе істеуге мүмкіндік бермейді.

Адамда алаңдаудың қандай түрі болатындығы көбінесе балалық шақтағы тәрбиелеу стиліне байланысты болады. Егер де баланы үнемі ештеңе істей алмайтындығына сендіре берсе («сен өзің істей алмайсың.», «сенің қолыңнан келмейді.», «мен істей салайын.» және т.б.), онда ары қарай белгілі бір уақытта ол босаңсытушы алаңдауды басынан кешіреді. Егер де, керісінше, ересектер кедергілерді жеңу арқылы жетістікке жетуге бағыттаса, онда жауапты кезеңде бала жұмылдырушы алаңдауды басынан кешіреді.

«Қорқыныш» пен «алаңдау, үрей» терминдерінің айырмашылығы келесідей түсіндіріледі: алаңдау – бұл бірнеше эмоциялардың жинытығы, ал қорқыныш – олардың тек біреуі ғана, немесе қорқыныш – шынымен де қауіпті деген жағдайларға күшті физиологиялық, ақыл-ой және эмоциялық түрде жауап қайтаруы. Алаңдау адамға өзіне елестегенінен сондай қауіпті емес немесе мүлдем қауіпсіз жағдайларға қорқынышпен жауап қайтаруы. 

Әрбір балаға белгілі бір қорқыныш тән. Алайда, егер олар өте көп болса, онда баланың мінезінде қорқыныштың пайда болуы туралы айтуға болады.

Қазіргі уақытқа дейін мазасыздықтың туындау себептері туралы нақты көзқарас жоқ. Көптеген ғалымдардың есептеуінше, мектепке дейінгі жастағы мазасыздықтың туындауының негізгі себептердің бірі бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың бұзылуында дейді.

Мазасыздық баладағы ішкі қақтығыстың болуы әсерінен дамиды деп есептеледі, ол мына себептерден туындауы мүмкін:

1. Ата-аналарының немесе ата-ана мен балабақша қоятын қарама-қарсы талаптардан

2. Адекватты емес талаптар (жиі тым жоғары)

3. Баланы қорлап, оны тәуелді жағдайға қоятын негативті талаптар. Мысалы, тәрбиеші балаға: «Егер сен мен жоқ болған кезде, кім бұзықтық жасағанын айтсаң, мен сенің анаңа сенің төбелескеніңді айтпаймын» дейді. Мамандардың ойынша, мектепке дейінгі жас пен кіші мектеп жасында ұл балалар мазасыз болып, ал 12 жастан кейін - қыз балалар мазасыз болады. Қыз балалар басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасау мәселесі бойынша қобалжыса, ал ұлдарды көбіне күш көрсету мен жазалау мазалайды. Қандай да бір «жаман» іс-әрекет жасаса, қыздар анасы немесе тәрбиешісі олар туралы жаман ойлап қалады, ал құрбы қыздары олармен ойнаудан бас тартады деп қорқады. Дәл осы жағдайда ұлдар ересектер оларды жазалайды немесе қатарластары соғады деп қорқатын болады.

Баланың мазасыздығы көбіне оны қоршаған ересек адамдардың мазасыздық деңгейіне байланысты болады. Педагогтың немесе ата-ананың мазасыздығының жоғары болуы балаға беріледі. Жағымды қарым-қатынас орнаған отбасындағы балалар жиі қақтығыс болып тұратын отбасыларына қарағанда мазасыздығы төменірек болады.

Ата-аналарының айырылысуынан кейін, отбасындағы жанжал бітсе де, баланың мазасыздық деңгейі төмендемейді, керісінше, күрт өседі. Сондай-ақ, психологтар мынандай заңдылықты анықтады: балалардың мазасыздығы, егер де ата-аналары өз жұмысына, тұрғын үй жағдайына, материалдық жағдайына қанағаттанбаса жоғарылайды деген. Мүмкін, сол себептен қазіргі уақытта мазасыз балалар саны артып келеді.

Ата-аналық тәрбиелеудегі авторитарлы стиль отбасындағы баланың ішкі тыныштығын сақтай алмайды.

Оқу мазасыздығы мектепке дейінгі жастан бастап қалыптаса бастайды деген пікірлер бар. Бұған тәрбиешінің жұмыс стилі, сондай-ақ балаға жоғары талаптар қою, оны үнемі басқа балалармен салыстыруы себеп болуы мүмкін. Кейбір отбасыларында бір жыл бойы, мектепке барар алдында, баланың көзінше «жақсы» мектеп, «жақсы» мұғалім таңдау туралы әңгіме жүргізеді. Ата-аналарының абыржуы балаға да беріледі. Сондай-ақ, ата-аналар балаға көптеген мұғалімдерді жалдайды. Олармен сағаттар бойы тапсырмалар орындайды. Жеткілікті күш жиналмаған, әлі ондай қарқынды оқуға дайын емес баланың ағзасы кейде шыдай алмайды, бала ауыра бастайды, оқуға деген ынтасы жоғалады, ал алдағы оқуға қатысты мазасыздығы одан әрі өседі.

Мазасыздық неврозбен немесе басқа да психикалық бұзылыстармен қабаттасуы мүмкін. Мұндай жағдайларда медициналық қызметкерлердің көмегі қажет.

Мазасыз баланың портреті (келбеті)

Балабақшадағы топқа бала кіріп келеді. Ол айналадағының барлығына қысыла қарап, ұялып, тіпті дауысын шығармай сәлемдесіп, жақын арадағы орындықтың шетіне ыңғайсызданып отырады. Ол қандай да бір жағымсыз жағдай болатынын күтіп тұрғандай  көрінеді.

Бұл мазасыз бала. Мұндай балалар балабақшада аз емес және де олармен жұмыс істеу оңай емес, басқа категориядағы «мәселелері бар» балаларға қарағанда олармен жұмыс істеу қиын болып келеді, өйткені гиперактивті, агрессивті балалар үнемі назарда жүреді, ал мазасыз балалар өз мәселелерін өздерінің ішінде сақтауға тырысады. Ондай балалардың уайымы көп болады, сонымен қатар, кейде олар жағдайдың өзінен емес, бір түрлі күйлерден, жағдайдың болуынан қорқады. Олар жиі жағдайдың ең жаманы болады деп күтеді. Олар өздерін әлсіз сезінеді, жаңа ойын ойнаудан, іс-әрекеттің жаңа бір түріне кірісуден қорқады. Олардың өздеріне қоятын талаптары өте көп, олар өздерін өте қатты сынайды. Олардың өзін-өзі бағалау деңгейі төмен, ондай балалар өздерін басқалардан барлық жағынан төмен, өздерін ең ұсқынсыз, ең ақылсыз, ең ұқыпсызбыз деп ойлайды.

Олар ересектерден істеген барлық істері үшін мақтау, қолдау күтеді.

Мазасыз балаларда соматикалық мәселелер: іштің ауруы, бас айналу, бастың ауруы, тамақ ауруы, тыныс алудың қиындауы және т.б. болуы мүмкін. Мазасыздық туындаған кезде оларда жиі ауызы құрғап, тамағына бір нәрсе тұрып қалғандай болады, аяғында әлсіздік пайда болып, жүрек қағысы жиілейді.

Мазасыз баланы қалай анықтаймыз?

Соңғы қорытындыны шығару үшін, аптаның әр күні іс-әрекеттің барлық түрінде күдік туғызатын баланы бақылау қажет.

Баланы түсіну үшін, оның неден қорқатынын білу үшін, сауалнама бланкісін толтыруларыңыз сұралады. Жауаптары жағдайды анықтап, отбасы тарихын білуге көмектеседі. Ал баланың мінез-құлқын бақылау сіздің болжамыңызды растайды  немесе теріске шығарады. Ал бұған бізге П. Бейкер, М. Алвордтың «Баладағы мазасыздықты анықтау критериилері» сауалнамасы көмектеседі.

Мазасыз баланы анықтау мақсатында, сондай-ақ Г.П. Лаврентьева,                        Т.М. Титаренконың «Мазасыздық белгілері» сауалнамасын қолдануға болады.

Балабақшада балаларда жиі ата-анасынан айырылып қалу қорқынышы болады. 2-3 жаста мұндай қасиеттер болатыны және де оның түсінікті жағдай екендігін ұмытпауымыз керек. Алайда, егер де бала даярлық тобында да үнемі айырылысқан кезде жылайтын болса, терезеден көз алмай, әр сәт сайын ата-анасының келуін күтсе, онда бұған ерекше назар аудару қажет.

Айырылысу қорқынышының болуын келесідей П. Бейкер, М. Алвордтың «Айырылысу қорқынышын анықтау критериилері» критериилері арқылы анықтауға болады.

Егер де баланың мінез-құлқы төрт апта арасында үш сипатта көрінсе, онда балада шынымен де қорқыныштың осы түрі байқалады деп болжауға болады.

Ересектік өмірде де мазасыздық соған бейім адамдарда болып тұрады. Қолдау болмай қалғанда немесе жаңа стресс-фактор пайда болған кезде жағдай күшейеді. Мысалы, жеткіншектік жастағы тәуелсіздікке деген ұмтылыс осы уақытқа дейін толығымен ата-ананың қолдауын күтіп үйренген мазасыз балалар үшін нәтижесіз болуы мүмкін. Алайда, өзіне қажетті жеңу дағдыларын дамытқан бала үшін, қиын жағдай жеңе алмайтындай болып көрінбейді. Сонымен қатар, бұл жағдай үйренген жеңу дағдыларын тексеру белгісі болуы мүмкін жаңа дағдыға ие болады. Жаңа жағдайды жеңген сайын, баланың өз күшіне деген сенімділігі нығайып, үнемі туындап тұратын мәселелерге адекватты жауап қайтаруға және толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді.  

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Семинар "Мазасыздану,үрейлену" дегеніміз не?»

Семинар тақырыбы:

«Мазасыздану, үрейлену дегеніміз не?»


Мақсаты: «мазасыздық» түсінігі, мазасыздықтың пайда болу себептері және балалармен алдын алу жұмыстарының тәсілдерімен таныстыру, балалармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдеріне үйрету.

Семинар жоспары:

  1. Кіріспе бөлім:

Сәлемдесу.

«Джунглидегі жаңбыр» психологиялық жаттығуы

Топқа бөліну

Мазасыз баланың ашық хаты

  1. Негізгі бөлім:

«Мазасыздық, үрейлену дегеніміз не?» баяндама

Мазасыз баланың ашық хатына жауап

«Ассоциациялар» жаттығуы.

3. Қорытынды:

«Психологиялық бейне» жаттығуы


Сабақ мазмұны

  1. Кіріспе

Сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгінгі кездесуіміз «Мазасыздану, үрейлену дегеніміз не?» деген өте маңызды тақырыпқа арналмақ.

«Джунглидегі жаңбыр» психологиялық жаттығуы

Семинарымызды бастамас бұрын, шеңберге тұрып, «Джунглидегі жаңбыр» психологиялық жаттығуын орындаймыз. Бұл жаттығу иық, мойын, омыртқа  аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жоюға, босаңсуға, шаршағанды басуға арналған. Жаттығуды топта мазасыздығы жоғары балалармен бұлшықеттегі қысымды жою үшін, арнайы түзету жаттығуы ретінде өткізуге болады.

Қанекей, шеңбер жасап, бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел тұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасында қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз). Міне, нөсер басталды (саусақтарымен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз). Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басталды. Сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Ал, енді 180 градусқа айналып, ойынды жалғастырыңыздар.

Топқа бөліну.

Енді үстел басына шақырамын. Үстел үстіндегі әр түрлі түстегі геометриялық фигураларды таңдаңыздар.

Таңдаған фигуралар арқылы 3 топқа бөлінейік.

1 — топ - Дөңгелектер тобы. (қызыл түс)

2 — топ - Төртбұрыштар тобы. (көк)

3 — топ - Үшбұрыштар тобы. (жасыл түс)

Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар — кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар.

Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай – ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.

Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар.

Мазасыз баланың ашық хаты

Үш топқа бір-бір конверт таратылады. Конвертте мазасыз баланың хаты жазылған.

Мазасыз баланың ересек адамға деген ашық хаты оқылады. Енді конвертті қоя тұрып, баяндама барысында хатқа жауап жазып, осы жағдайдан шығу жолдарын қарастырасыздар.


  1. Негізгі бөлім

«Мазасыздану, үрейлену дегеніміз не?» баяндама

«Мазасыздық» сөзі сөздіктерде 1771 жылдардан бастап көрсетіледі. Бұл терминнің пайда болуын көрсететін көптеген нұсқалары бар.

Психологиялық сөздікте мазасыздыққа мынадай анықтама берілген: бұл «түрлі өмірлік жағдайларда болады деп ойламайтын, мазасызданудың аса жоғары болуымен көрінетін индивидуалды психологиялық ерекшелік».

Алаңдауды мазасызданудан ажыратып алу қажет. Егер де алаңдау – бұл баладағы қобалжу, мазасыздаудың анда-санда көрініс беруі болса, мазасыздану – тұрақты жағдай болып табылады. Мысалы, бала мерекеде көпшіліктің алдына шығар кезде немесе сабақта жауап берген кезде толқитын жағдайлар кездеседі. Бірақ бұл мазасыздық үнемі көріне бермейді, кейде дәл сондай жағдайларда ол сабырлық сақтап жүре береді. Бұл – алаңдаудың көрінісі. Егер де алаңдау бірдей жағдайларда жиі қайталана беретін болса, сондай-ақ басқа жағдайларда мұндай көрініс орын алса (таныс емес ересектермен, балалармен қарым-қатынас жасаған кезде; сабақ кезінде сұраққа жауап бергенде және т.б.), онда мазасыздану туралы әңгіме қозғауға болады

Алаңдаудың физиологиялық белгілері:

  • Жүрек қағысының жиілеуі;

  • Тыныс алудың жоғарылауы;

  • Ауыздың құрғауы;

  • Тамақта бір нәрсе тұрып қалғандай сезіну;

  • Аяқтарының әлсіздігі;

Алайда физиологиялық белгілерінен басқа мазасыздықтың пайда болуының мінез-құлықтық белгілері де бар:

  • Бала тырнағын тістей бастайды;

  • Орындықта тербеле бастайды;

  • Үстелдің үстінде саусақтарымен тықылдатады;

  • Шаштарын жұлмалайды;

  • Қолында түрлі заттарды айналдырады және т.б.

Аздаған, яғни жиі туындамайтын алаңдаудың көрінуі тұрақты жағдайға ауысып кетуі мүмкін, ол «мазасыздану» деген атқа ие болды. Мазасыздану қандай да бір белгілі бір жағдаймен байланысты емес және де ол үнемі көрініс береді. Мұндай жағдай адамның іс-әрекетінің кез келген түрінде болады. Адам қандай да бір нақты бір нәрседен қорқатын болса, біз қорқыныш туралы айтамыз. Мысалы, қараңғыдан қорқу, биіктіктен қорқу, жабық кеңістіктен қорқу.

Тәжірибелі педагог балалармен танысқан кезде кімде мазасыздық бар екендігін бірден біледі. Мазасыз балалар аса қатты үрейленуімен ерекшеленіп тұрады, олар жиі жаман жағдай болады деп қорқады. Олар өздерін әлсіз сезінеді, жаңа ойын ойнаудан, іс-әрекеттің жаңа бір түріне кірісуден қорқады. Олардың өздеріне қоятын талаптары өте көп, олар өздерін өте қатты сынайды.

Алаңдау жағдайын үнемі негативті жағдай ретінде қарастырмауға болады. Кейде дәл сол алаңдау потенциалды мүмкіндіктерді жандандырудың себебі болады. Қуғыншыдан қашып келе жатып, адам жүгіру қарқынын әдеттегі, жай күнге қарағанда жылдамырақ етіп дамыта алады.

Соған байланысты олардың мынандай түрлері болады:

  • Жұмылдырушы алаңдау – қосымша импульс береді;

  • Босаңсытушы алаңдау – адамға ештеңе істеуге мүмкіндік бермейді.

Адамда алаңдаудың қандай түрі болатындығы көбінесе балалық шақтағы тәрбиелеу стиліне байланысты болады. Егер де баланы үнемі ештеңе істей алмайтындығына сендіре берсе («сен өзің істей алмайсың ...», «сенің қолыңнан келмейді ...», «мен істей салайын ...» және т.б.), онда ары қарай белгілі бір уақытта ол босаңсытушы алаңдауды басынан кешіреді. Егер де, керісінше, ересектер кедергілерді жеңу арқылы жетістікке жетуге бағыттаса, онда жауапты кезеңде бала жұмылдырушы алаңдауды басынан кешіреді.

«Қорқыныш» пен «алаңдау, үрей» терминдерінің айырмашылығы келесідей түсіндіріледі: алаңдау – бұл бірнеше эмоциялардың жинытығы, ал қорқыныш – олардың тек біреуі ғана, немесе қорқыныш – шынымен де қауіпті деген жағдайларға күшті физиологиялық, ақыл-ой және эмоциялық түрде жауап қайтаруы. Алаңдау адамға өзіне елестегенінен сондай қауіпті емес немесе мүлдем қауіпсіз жағдайларға қорқынышпен жауап қайтаруы.

Қорқыныш адамның кез келген жасында дамуы мүмкін: бір жастағы баладан үш жасқа дейінгі аралықта қараңғыдан қорқу, 2 жасында кенеттен болатын дыбыстардан, жалғыздықтан қорқу, ауырсынудан қорқу (бұл қорқыныш медициналық қызметкермен байланысты) ең жиі көрініс табатын қорқыныштар. 3-5 жасқа дейінгі балалар үшін жалғыздықтан, қараңғыдан және жабық кеңістіктен қорқу қорқыныштары тән. 5-7 жасқа дейінгі балаларда өлімнен қорқу қорқынышы басты болып табылады. 7-11 жасқа дейінгі балалар көбіне «ол туралы жақсы айтып, құрметтеп, бағалап, түсінбейтін адам боламыз ба» деген қорқыныш. (А.И. Захаров).

Әрбір балаға белгілі бір қорқыныш тән. Алайда, егер олар өте көп болса, онда баланың мінезінде қорқыныштың пайда болуы туралы айтуға болады.

Қазіргі уақытқа дейін мазасыздықтың туындау себептері туралы нақты көзқарас жоқ. Көптеген ғалымдардың есептеуінше, мектепке дейінгі жастағы мазасыздықтың туындауының негізгі себептердің бірі бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың бұзылуында дейді.

Мазасыздық баладағы ішкі қақтығыстың болуы әсерінен дамиды деп есептеледі, ол мына себептерден туындауы мүмкін:

1. Ата-аналарының немесе ата-ана мен балабақша қоятын қарама-қарсы талаптардан

2. Адекватты емес талаптар (жиі тым жоғары)

3. Баланы қорлап, оны тәуелді жағдайға қоятын негативті талаптар. Мысалы, тәрбиеші балаға: «Егер сен мен жоқ болған кезде, кім бұзықтық жасағанын айтсаң, мен сенің анаңа сенің төбелескеніңді айтпаймын» дейді. Мамандардың ойынша, мектепке дейінгі жас пен кіші мектеп жасында ұл балалар мазасыз болып, ал 12 жастан кейін - қыз балалар мазасыз болады. Қыз балалар басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасау мәселесі бойынша қобалжыса, ал ұлдарды көбіне күш көрсету мен жазалау мазалайды. Қандай да бір «жаман» іс-әрекет жасаса, қыздар анасы немесе тәрбиешісі олар туралы жаман ойлап қалады, ал құрбы қыздары олармен ойнаудан бас тартады деп қорқады. Дәл осы жағдайда ұлдар ересектер оларды жазалайды немесе қатарластары соғады деп қорқатын болады.

Баланың мазасыздығы көбіне оны қоршаған ересек адамдардың мазасыздық деңгейіне байланысты болады. Педагогтың немесе ата-ананың мазасыздығының жоғары болуы балаға беріледі. Жағымды қарым-қатынас орнаған отбасындағы балалар жиі қақтығыс болып тұратын отбасыларына қарағанда мазасыздығы төменірек болады.

Ата-аналарының айырылысуынан кейін, отбасындағы жанжал бітсе де, баланың мазасыздық деңгейі төмендемейді, керісінше, күрт өседі. Сондай-ақ, психологтар мынандай заңдылықты анықтады: балалардың мазасыздығы, егер де ата-аналары өз жұмысына, тұрғын үй жағдайына, материалдық жағдайына қанағаттанбаса жоғарылайды деген. Мүмкін, сол себептен қазіргі уақытта мазасыз балалар саны артып келеді.

Ата-аналық тәрбиелеудегі авторитарлы стиль отбасындағы баланың ішкі тыныштығын сақтай алмайды.

Оқу мазасыздығы мектепке дейінгі жастан бастап қалыптаса бастайды деген пікірлер бар. Бұған тәрбиешінің жұмыс стилі, сондай-ақ балаға жоғары талаптар қою, оны үнемі басқа балалармен салыстыруы себеп болуы мүмкін. Кейбір отбасыларында бір жыл бойы, мектепке барар алдында, баланың көзінше «жақсы» мектеп, «жақсы» мұғалім таңдау туралы әңгіме жүргізеді. Ата-аналарының абыржуы балаға да беріледі. Сондай-ақ, ата-аналар балаға көптеген мұғалімдерді жалдайды. Олармен сағаттар бойы тапсырмалар орындайды. Жеткілікті күш жиналмаған, әлі ондай қарқынды оқуға дайын емес баланың ағзасы кейде шыдай алмайды, бала ауыра бастайды, оқуға деген ынтасы жоғалады, ал алдағы оқуға қатысты мазасыздығы одан әрі өседі.

Мазасыздық неврозбен немесе басқа да психикалық бұзылыстармен қабаттасуы мүмкін. Мұндай жағдайларда медициналық қызметкерлердің көмегі қажет.


Мазасыз баланың портреті (келбеті)

Балабақшадағы топқа бала кіріп келеді. Ол айналадағының барлығына қысыла қарап, ұялып, тіпті дауысын шығармай сәлемдесіп, жақын арадағы орындықтың шетіне ыңғайсызданып отырады. Ол қандай да бір жағымсыз жағдай болатынын күтіп тұрғандай көрінеді.

Бұл мазасыз бала. Мұндай балалар балабақшада аз емес және де олармен жұмыс істеу оңай емес, басқа категориядағы «мәселелері бар» балаларға қарағанда олармен жұмыс істеу қиын болып келеді, өйткені гиперактивті, агрессивті балалар үнемі назарда жүреді, ал мазасыз балалар өз мәселелерін өздерінің ішінде сақтауға тырысады. Ондай балалардың уайымы көп болады, сонымен қатар, кейде олар жағдайдың өзінен емес, бір түрлі күйлерден, жағдайдың болуынан қорқады. Олар жиі жағдайдың ең жаманы болады деп күтеді. Олар өздерін әлсіз сезінеді, жаңа ойын ойнаудан, іс-әрекеттің жаңа бір түріне кірісуден қорқады. Олардың өздеріне қоятын талаптары өте көп, олар өздерін өте қатты сынайды. Олардың өзін-өзі бағалау деңгейі төмен, ондай балалар өздерін басқалардан барлық жағынан төмен, өздерін ең ұсқынсыз, ең ақылсыз, ең ұқыпсызбыз деп ойлайды.

Олар ересектерден істеген барлық істері үшін мақтау, қолдау күтеді.

Мазасыз балаларда соматикалық мәселелер: іштің ауруы, бас айналу, бастың ауруы, тамақ ауруы, тыныс алудың қиындауы және т.б. болуы мүмкін. Мазасыздық туындаған кезде оларда жиі ауызы құрғап, тамағына бір нәрсе тұрып қалғандай болады, аяғында әлсіздік пайда болып, жүрек қағысы жиілейді.


Мазасыз баланы қалай анықтаймыз?

Соңғы қорытындыны шығару үшін, аптаның әр күні іс-әрекеттің барлық түрінде күдік туғызатын баланы бақылау қажет.

Баланы түсіну үшін, оның неден қорқатынын білу үшін, сауалнама бланкісін толтыруларыңыз сұралады. Жауаптары жағдайды анықтап, отбасы тарихын білуге көмектеседі. Ал баланың мінез-құлқын бақылау сіздің болжамыңызды растайды немесе теріске шығарады. Ал бұған бізге П. Бейкер, М. Алвордтың «Баладағы мазасыздықты анықтау критериилері» сауалнамасы көмектеседі.

Мазасыз баланы анықтау мақсатында, сондай-ақ Г.П. Лаврентьева, Т.М. Титаренконың «Мазасыздық белгілері» сауалнамасын қолдануға болады.

Балабақшада балаларда жиі ата-анасынан айырылып қалу қорқынышы болады. 2-3 жаста мұндай қасиеттер болатыны және де оның түсінікті жағдай екендігін ұмытпауымыз керек. Алайда, егер де бала даярлық тобында да үнемі айырылысқан кезде жылайтын болса, терезеден көз алмай, әр сәт сайын ата-анасының келуін күтсе, онда бұған ерекше назар аудару қажет.

Айырылысу қорқынышының болуын келесідей П. Бейкер, М. Алвордтың «Айырылысу қорқынышын анықтау критериилері» критериилері арқылы анықтауға болады.

Егер де баланың мінез-құлқы төрт апта арасында үш сипатта көрінсе, онда балада шынымен де қорқыныштың осы түрі байқалады деп болжауға болады.

Ата-аналарды олардың балалары кейін өздерінің шексіз мазасыздануынан құтыла ала ма немесе осы мазасыздық одан әрі күшеюі мүмкін бе деген сұрақтар қызықтырады.

Балалық қорқыныш – бұл «өсу мәселесі» және де уақыт өте келе бала заңды түрде өсіп, бұл кезеңнен өтеді деген пікірлер қате болып келеді. Ата-аналарының бұл «түйеқұстық» позициясы, баланың жасы өскен сайын мазасыздық оның мінез-құлқына айналатындығына әкеліп, оның ары қарайғы өміріне әсер етеді.

Өз қорқыныштарынан теріс айналып үйренген балалар мәңгілікке түрлі мазасыздық күйінде қалып қоюы мүмкін және де бұл ары қарайғы өмір жолында мінез-құлықтың қалыптасуына әсер етеді.

Ересектік өмірде де мазасыздық соған бейім адамдарда болып тұрады. Қолдау болмай қалғанда немесе жаңа стресс-фактор пайда болған кезде жағдай күшейеді. Мысалы, жеткіншектік жастағы тәуелсіздікке деген ұмтылыс осы уақытқа дейін толығымен ата-ананың қолдауын күтіп үйренген мазасыз балалар үшін нәтижесіз болуы мүмкін. Алайда, өзіне қажетті жеңу дағдыларын дамытқан бала үшін, қиын жағдай жеңе алмайтындай болып көрінбейді. Сонымен қатар, бұл жағдай үйренген жеңу дағдыларын тексеру белгісі болуы мүмкін жаңа дағдыға ие болады. Жаңа жағдайды жеңген сайын, баланың өз күшіне деген сенімділігі нығайып, үнемі туындап тұратын мәселелерге адекватты жауап қайтаруға және толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді.


Мазасыз баланың ашық хатына жауап

Әр топ конверттегі хатқа жазған жауаптарын оқиды, хатты талдайды.


«Ассоциациялар» жаттығуы

Мақсаты: педагогтарға мазасыздық түсінігін білуге көмектесу.

Нұсқау: жүргізуші қағаз беттерін таратады да, әрбір топ мазасыздық (сол сөзді естігенде қандай сезімде болатындары) сөзіне өз ассоциацияларын жазу ұсынылады. Жұмыс істеуге 1-2 минут беріледі. Содан кейін әрбір топ өзінің жазған ассоциацияларын келесі топқа беріп, бір-бірімен жазғандарын алмастырады да, басқа топтың жазған ассоциациясына мазасыздықты шешу жолдарын қарастырып, өз пікірлерін білдіреді.


  1. Қорытынды

«Психологиялық бейне» жаттығуы

Мақсаты: мазасыздық түсінігін кеңейту, эмпатияны дамыту.

Нұсқау: әрбір топқа мазасыздықтың өзіндік психологиялық бейнесін құру ұсынылады. Әр адам өздерінің қорқыныштарын қағаз бетіне түсіреді. Жұмыс істеуге 4-5 минут беріледі. Суретті салып болғаннан кейін, қорқыныштарынан арылу үшін, қағазды жыртып немесе умаждап мыжып қоқыс шелегіне салу ұсынылады.

Қатысушыларға сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Олардың қандай сезімде болғандары сұралып, осы жаттығуды орындағаннан кейін жеңілдеп, қорқыныштарын арыла алғандары сұралады.


Семинар соңында мазасыз балалармен жұмыс істеу ережесі, жұмыс істеуге арналған ұсыныстар, ойындар, жаттығулар жазылған лифлеттер таратылады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Семинар "Мазасыздану,үрейлену" дегеніміз не?

Автор: Калиева Меруерт Ерлановна,Шакенова Гаухар Ильясовна

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391629


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства