Просмотр содержимого документа
«"Ананың алақаны балаға - алтын қоныс" тренинг»
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№ 13 бөбекжай – бақшасы» МКҚК
“Ананың алақаны-балаға айдынды қоныс”
(тренинг)
Жантанушы: Токумбаева Ш.Ж..
Мақсаты:
Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін,
олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің
жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты
жақсарту
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың
балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.
бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
Тренинг бағдарламасы:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
1.”Мен үшін қымбат...”(Ой қозғау)
2.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)
3.”Жүректен шыққан жылы сөз”:
А)”Мейірімділік шуағы”;
4.”Жағымсыз қылықтар”
5.”Жақсы қасиеттер”
6.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
7.“Кеш қалмаңыз”
8.Жаттығу “Тілек шырағданы”
9.Ойтолғаныс
І. Кіріспе бөлім:
-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар!
Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.
Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған
тренингтің тақырыбы: «Ананың алақаны –
балаға айдынды қоныс» деп аталады.
Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.
Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары
жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы
болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.
Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы
саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты
–қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж
етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен
жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле
алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады,
қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны
іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала
отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар
баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді,
еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы ,
жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын
тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл
бөлуді ешқашан естен шығармайық.
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.
Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»
А.С.Макаренко
“Адамдық негізі – ол - әйел”.
“Ана – отбасының ұйытқысы”.
ІІ.Негізгі бөлім 1. “Мен үшін қымбат..”
Ананың
Аялы алақаны
күлкісі
мейірімі
Ананың
Ыстық жүрегі
Мейірімді көздері
Жан жылуы
махаббаты
2.“Бала деген кім?”туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады
Бала
Болашағымыз
Асыраушым
Бауыр етіміз
Бала
Көмекшім
Үмітіміз
Ақылшым
Өмірімнің
жалғасы
А) «Мейірімділік шуағы»Ғалымдардың айтуынша,
баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы –
бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.
Сізбалаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
Балаңыздың тәтті қылықтары
Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы.
«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.
Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
Жағымсыз
қылықтар
Тәкәппарлық
Еріншектік
Мақтаншақтық
Жағымсыз
қылықтар
Сараңдық
Дөрекілік
Ызақорлық
Жалқаулық
Жақсы
қасиеттер
Еңбекқорлық
Жақсы
қасиеттер
Адамгершілігі мол
Сыпайылық
Инабаттылық
Тіл алғыш
Мәдениеттілік
Тәртіптілік
Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
«Балаңыз бала-бақшадан шағым айтып келді. Енді бала-бақшаға барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
«Балаңыз ұялы телефон
алып бер деп жылады.
Сіз: «Шамалы шыдай тұр,
уақытында алып беремін» - дедіңіз.
Балаңыз тыңдамай есікті
тарс жауып кетіп қалды.
Сіздің әрекетіңіз?»
«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, бала-бақшаға бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?
“Кеш қалмаңыз”
“ Тілек ш ырағданы ”
Отбасы,ұшқан жанұя-жылылықтың,
жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Ой-толғаныс
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!