К?тілетін н?тиже: ?нер т?рлері туралы толы??анды м?лімет алып, жо?алтпайтын м?ра екендігін а??арып, оны ?здеріне игеру ар?ылы ата-баба м?расын са?тап, жал?астыратынды?тарын т?сінеді.
Шараны? барысы:
Ашылуы(?аза? к?йлері ойнап т?рады) Сыныпта?ы поэзияны серік ететін бір топ о?ушы кешті ашады.
Просмотр содержимого документа
««Халы? ?нері – асыл ?азына» »
Тақырыбы: «Халық өнері – асыл қазына»
Мақсаты: а) Ата-баба мұрасы асыл қазына екендігін түсіндіру,өнер түрлерін жанымен сезініп, аңғаруға үйрету;
ә) Шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума-талант, табиғи дарындарын анықтау, өзіндік«Менін» қалыптастыру.
б) Алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйретіп,ұлтына, тіліне құрмет көрсетуге, өнерге баулу.
Шараның түрі: пікір алысу кеші
Әдіс-тәсілдері: өлең оқу, сұрақ-жауап, шығармашылық бағытта іздендіру
Көрнекілігі:Cлайдтар,
Күтілетін нәтиже: Өнер түрлері туралы толыққанды мәлімет алып, жоғалтпайтын мұра екендігін аңғарып, оны өздеріне игеру арқылы ата-баба мұрасын сақтап, жалғастыратындықтарын түсінеді.
Шараның барысы:
Ашылуы(қазақ күйлері ойнап тұрады) Сыныптағы поэзияны серік ететін бір топ оқушы кешті ашады.
1-оқушы: Ассалаумағалейкум, Алаш жұрты!
2-оқушы: Қайырлы күн,қазақ елі!
3-оқушы: Армысыздар, текті халықтың рухты ұрпақтары!
4-оқушы: Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр алқап қазақ жұртының бағзыдан бері ірге тепкен ата қонысы.
5-оқушы: Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы қазақтың алтын бесік ата жұрты.Дос болғанға құшақ ашық туыспыз, қас қылғанға қиып түсер қылышпыз!
3-оқушы: Асыл тегі,қаны таза,заты игі,
Бауыр еткен алыс үйді, жат елді. Ол – қазақ.Менің ер халқым!
1-оқушы: Мен-қазақ,қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
2-оқушы: Мен – қазақпын,мың өліп,мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Мен мың да бір тірілдім,мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді,айта бергім.
5-оқушы: Иә,Қазақ – рухы биік, тәні бекем, ол бір – қайсар халық екен, тірліктен де артық қойған бірлікті.
3-оқушы: Халқымыз сан алуан өнердің қыр-сырын меңгерген,озық дәстүрін көрсете білген халық. Осынау киелі мұра бізге қашан да асыл қазына болмақ! Ендеше,қымбатты қонақтар 9б сыныбының ұйымдастыруымен «Халық өнері –асыл қазына» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Тағыберді, Бабалар мұрасы дегенді қалай түсінесің?
2-жүргізуші: Туған жер,ата-баба шежіресі,салт-дәстүр, ұлттық өнер түрлері. Жарайсың! Елінің тарихын білер рухты ұрпақ екенсің.
1-жүргізуші: Кешіміз барысында халық өнері туралы сөз қылмақпыз.
2-жүргізуші: Өнер түрлері – зергерлік,қолөнер,музыка өнері, сөз өнері.
1-жүргізуші:Халқымыз жаратылысынан сөз өнеріне бейім халық. Мақал-мәтелдер,шешендік сөздер,тұрмыс-салт жырлары, ақындық өнер түрлері.Кеш барысында Сөз өнеріне, қолөнер мен Музыка өнеріне тоқталмақпыз.
2-жүргізуші: Алғашқы сауал, қазақ тарихындағы сөз шеберлері кімдер? (бірнеше оқушы сөз өнерінің шығу тарихына тоқталады)
1-жүргізуші: Ортамызға сөз өнерін насихаттап жүрген сыныбымыздың сөз майталмандыры мен сыныбымыздың қобызшысы Мадинаны «Күзгі әуен» туындысымен шақырамыз.(күй орындалады)
2-жүргізуші: Кешімізді одан әрі жалғастырсақ.Ендігі сауалымыз кешімізге келіп отырған ата-аналарға арналады.
1. «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші күнделікті тұрмыста жиі қолданатын мақал-мәтелдеріңіз бар ма?
2.Cіздің ойыңызша, сөз өнерінің бала тәрбиесіне әсері қандай?
1-жүргізуші:
Жан жүректі жадаулықтан емдеген,
Ән болмаса,тірлікте мән,сән де кем.
Жүрегінің діріліндей халықтың,
Қарап тұрсаң құдірет қой, ән деген! Ән орындалады.
2-жүргізуші: Кешіміздің келесі бөлімі ұлттық қолөнеріміз бен музыка өнеріне арналады.
1-жүргізуші:
1.Қазақ оюлары сипатына қарай қалай бөлінеді?
2.Ең негізгі өрнек?
3.Олардың ерекшеліктері қандай? (оқушылар ойларымен бөліседі)
2-жүргізуші:Қазақ даласында ән-күй өнері ертеден халқымызбен жасасып келеді.Сыныбымызда ақындық, бишілік өнерімен қоса әншілік өнерді өмірлік серік еткен Әсел есімді құрдасымыз бар.
1.Әсел,халық әндерінің ерекшелігі неде?
2.Қандай түрлерін білесің?
1-жүргізуші: Күй өнері – құдіретті өнер.Қазақ күйшілері өте көп.Ендеше,күйдің,домбыра өнерінің сырын ақын,домбырашы сыныптасымыз Фаризадан білсек.
-Қазақ күйлерінен үзінді келтірсеңіз.
2-жүргізуші: Дәстүрлі өнердің бір түрі–би. Бидің әр қимылы философия («Шолпан» бишілер тобымен сынып қыздары қазақ билерінен Попури билейді).
1-жүргізуші: Кештің қонағы сазгер Әбдіғапар ағайымыз бен ауылымыздың әншісі Мәншүк апай.(Өнер иелеріне сұрақ қойылады, қыздары күй ойнайды.)