М??алім: Таби?ат-к?ллі тіршілік атаулыны? ??тты ?онысы, алтын ?я бесігі, ??т берекесі. Осы таби?атты? т?рт мезгіліні? ерекшелігі мен есте ?алатыны ?азан айы. Айнала сары т?ске боялып, сары алтындай жалтырап к?зді? жауын алары с?зсіз.
Олай болса,?аза?ты? ?лы а?ыны Абай ??нанбаевты? «К?з» ?ле?ін ты?дап к?рейік
Просмотр содержимого документа
«Берекелі алтын к?з »
Қажмағанбетова Гүлжанат Қаршығақызы
№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 1 санатты арнаулы сынып мұғалімі
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Берекелі алтын күз »
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру. Оқушылардың күз байлықтары:астық,көкөніс,жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту. Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру және табиғатты сүйюге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттың көрнекіліктері: Күз туралы суреттер күзгі ағаш, күз көкөністері, жеміс-жидектері, жапырақтар және слайд
Кіріспе
«Күз» бейнефильм көрсету. Қай жыл мезгілі бейнеленген
Мұғалім: Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігі мен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алары сөзсіз.
Олай болса ,қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңін тыңдап көрейік
Не туралы ?
Бүгінгі тәрбие сағатымызда күз туралы, күздің кереметі туралы болмақ.Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
Бүгін сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні.Күз айы ерекше берекелі,мерекелі ай.Әрбір үйдің дастарханын дәмге,еліміздің қоймасын дәнге толтыратын Алтын да,жомарт күзімізді жеміс-жидектерімен ортамызға шақырайық
1.Ән әуенімен күз кіріп келеді ( балалар қарсы алады )
-Сәлематсыздар ма балалар?
-Мен кіммін ?
-Күз
Күз мезгілінде неше ай қонақ болады?
Үш ай
Қандай айлар?
Қырқүйек , қазан , қараша
Күз:-Мен байлық пен молшылыққа толы мезгілмін.Өйткені:
Егінді ел жинайды,
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Енді оқушылар күз туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Перизат
Берекелі күз келді!
Мерекелі күз келді!
2-Асылжан
Күз жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз!
3-Зайнаб
Күздің қазан айында
Алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр түседі
4-Гүлназ
Сары алтындай Алтын күз
Алтын ,сары,қызыл,көк
Күзгі бақта күлімдеп,
Алтын күзді тойлаймыз
Мен сіздерге арнап бірнеше тапсырмалар алып келдім.
1.Тапсырма «Жапырақ теру» ойыны
Жапырақтардың артында бірнеше жұмбақтар бар шешіп көрейік
Соғым үшін сайлап қойдым,
Бордақылап байлап қойдым (қарбыз)
Үстіне тігіп көк шатыр ,
Астында қызғылт дәу жатыр (қызылша)
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (алма)
Аласа ғана бойы бар,
Қабат-қабат тоны бар. (қырыққабат)
Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма.(қызанақ)
Сонымен бірге балалар бүгін біздің ортамызға мектебіміздің психологы келіп отыр.Апайыңыз сіздерге тренинг өткізгелі отыр
Тренинг «Жаңбыр»
5-Гүлхан
Ерекше күз енді,
Айнала сары ала
Комбайн жүреді,
Толқыған далада
6-Азамат
Қосып білім нұрға-нұр,
Біздер бүгін жарқынбыз.
Басы оқу жылының,
Берекелі Алтын күз.
7-оқушы: Мадина
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
8-оқушы:Темірлан
Күзім-ау,күзім-ау,
Мінезің қызық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
2.«Қайсысы артық? » ойыны
Шарты: Бірнеше тапсырмалар беріледі.мысалы: мына суретте қайсысы артық?
2. Қыркүйек,қазан, қараша, наурыз
Мұғалім: енді балалар Алтын күзіміздің кереметтеріне куә болайық (Ортаға жеміс-жидектер,көкөністер шығып тақпақтарын оқиды.)
Жүзім:Зайнаб
Жұлып едім жүзімді,
Жүзі бірден үзілді.
Жүзінде жеп қойыппын,
Өзім әбден тойыппын.
Алма:Мадина
Бір тістеп өзін алғамды
Дәмі аузымда қалғанды.
Домалантып жеймін мен,
Күнде қызыл алмамды .
Қауын:Азамат
Жинап жатыр ауылым,
Сап-сары ала қауынын.
Алмақ едім үлкенін,
Ауырын-ай, ауырын.
Қияр: Абдуррахман
Қызықтың ба қиярға,
Алда жей бер ұял ма.
Көтергенше берейін,
Қапшығыңа сияр ма?
Өрік: Гүлхан
Уылжыған өрікпін,
Мен бау-баққа көрікпін.
Бал татыған дәмім бар.
Көктемде ерте гүлдеймін.
Піспей тұрған кезімде,
Менен аулақ жүр деймін.
Қызанақ:Гүлназ
Қып-қызыл боп қалғанда,
Ауызыңа салғанда.
Не жетеді шіркін-ай,
Қызанаққа жалғанда.
Қарбыз:Темірлан
Күннің нұрлы шуағы,
Шұғыла боп шылады.
Шөлің әбден қанады,
Көзің шамдай жанады.
Тамылжыған шырыны,
Таңдайымда қалады.
Алтын күз: Балалар өнерлерің көп екен көп рахмет!
Енді менің соңғы тапсырмам бар
3-тапсырмам «Қандай жеміс екенін тап» ойыны:
Ойын шарты:көздеріңді байлаймын содан соң мына әрбір жеміс пен көкөністерден дәм татасыңдар да қандай жеміс немесе көкөніс жегендеріңді айтасыңдар.
Мұғалім: жақсы балаларАлтын күзіміздің тапсырмаларын орындадық.
Енді Күзімізбен қоштасатын уақыты да жақын екен.
Олай болса біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз
3. Күзге байланысты тігілген сәндік киім үлгісін көрсету
Алтын күз:
Байлығымды жинадым,
Барымды мен сыйладым.
Балалар мен сіздерге өзімнің жемістерімнен дәм татыңыздар
Алға бастар жолым бар,
Аман –есен болыңдар.
Келесі жылға аман сау,молшылықта кездесейік
Мұғалім: Күзге рахметІ
Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары сіздерге арналған арнаулы сынып оқушыларының «Берекелі алтынкүз» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз аяқталды.Тыңдағандарыңызға көп рахмет!