Оқушылардың психологиясын қалыптастыру барысында, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері үлкен рөл атқарады. Сондықтан осы мақалам тұлғалық ерекшелікке негізделген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың психологиясын қалыптастыру»
Оқушының тұлғалық даму ерекшеліктері
Оқушыт негізгі әрекеті - оқу, яғни мақсатты түрде жүйелі, тыңғылықты білім алуға, кәсіби дағдыларды үйренуге ұмтылуы. Оқушытік шақты (негізінен 18-25 жас аралығы) адамның басқа жас кезеңдерінен бөліп алып, өзінше әлеуметтік-психологиялық қауымдастық ретінде терең әрі ауқымды зерттеген профессор Б.Г. Ананьев бастаған психологтар мектебі.
Оларды зерттеу нәтижелері бұл шақта адам интеллекті ең күшті даму кезеңі болатындығын, оның аса күрделі әрі әр адамға тән ерекшелігі және өзгермелі келетіндігін көрсетеді. Мысалы, 18-20 жастағылардың көру, есту, қимыл-қозғалыс сезгіштіктері ең жоғары дәрежеде (оптимизм) болады.
Көру кеңістігінің көлемі 20-29 жас аралығындағы өзінің максимум (ең жоғары толысу) жетеді.
Зейіннің көлемі, ауысуы (бұрылуы) талғағыштығы 18 жастан 33-ке дейін қарқынды өсіп - дамып, 34 жастан кейін олар төмендей бастайды.
Ал зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын болар-болмас ғана өзгереді екен. Қысқа мерзімді сөздік жадының ең жоғары өрлеуі 18-30 жас аралығында деп келсек, өзара мерзімді сөздік жадыға ол 18-ден 35-ке дейінгі кезеңге сәйкес келеді.
Ал, бейне жадысының адам жасының өзгеруіне тәуелді болымсыз болып келеді. Логикалық ойлау қабілетінің ең күшті кезеңі 20 жаста байқалады. Содан кейін ол біртіндеп төмендей береді. Егер осы қабілет деңгейін 20 жаста 100 пайыз деп алсақ, ол 30 жаста 4 пайыз төмендейді, 40-та 13 пайыз, 50-де 20 пайыз, 60-та 25 пайыз, 70-ке келгенде 40 пайызға төмендейді екен.
Оқушылардың негізгі сипаттарының бірі өз ырығымен таңдап алған кәсібіне құштарлық, сол кәсіпке толық ие болам деп бар ой-санасын, әрекетін бағыттау және осы бағытындағы тұрақтылық қасиеті. Егер оқушы болашақ кәсібін дұрыс таңдай алса, ұнатса, сүйсе оның оқуға деген ынта-ықыласы да құштарлығы да жоғары болады.
Ал бұл жолда қателессе, болашақ мамандығы туралы мағлұматтары аз болса, онда оқуға деген ынта-ықыласы да төмен болады. Көптеген зерттеу нәтижелері негізінен оқушылардың оқуға деген ынта-ықыластарының жоғары деңгейде болатындығын көрсетеді.
Әлеуметтік-психологиялық аспектіде оқушылардың басқа әлеуметтік топтармен салыстырғанда білім деңгейі, танымдық мотивтері жоғары болады әрі олар мәдениет мұраларын игеруде үлкен белсенділік танытады.
Жалпы, оқушытер тобына тән нәрсе әлеуметтік белсенділіктің жоғары деңгейде болуы. Сонымен қатар, олар байқалатын интеллектуалды және әлеуметтік толысудың гормониясы. Оқушылардың осындай ерекшеліктері ұстаздардың әрбір шәкіртіне сүйіспеншілікпен қарауға, оларды тұлға ретінде қабылдауға итермелейді.
Оқушы шақ - адам баласының кісі болып, тұлға болып қалыптасуының негізгі кезеңі. Бұл шақта жастардың алуан түрлі нәрселерге ынта-ықыластарының артуы шыңына шығады, олардың әр істе үлкен табыстарға жетуі байқалады (спортта, өнерде, ғылымда, техника салаларында және т.б.).
Болашақ қайраткерлер, кәсіп иесі - маман ретінде оқушы жастардың әлеуметтену процесі өте қарқынды өтеді. Адам өмірі үшін рухани қажеттіліктің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.
Сонымен қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі. Педагогикалық әдебиеттерде “мотив” ұғымы әртүрлі мағынада түрткі, ниет, ынта, ықылас т.б. ұғымдар арқылы берілген. Біз оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін сараптау барысында оқушытің білім алуы үшін ең қажетті процес “түрткі” ұғымын толығырақ қарастыруды жөн көрдік.
Ал, түрткі бір әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты. Түрткі орындалу барысында адамда қызығушылық пайда болады. Өйткені, түрткі дегеніміз белгілі бір қажеттілікті өтеуге әсер ететін тұлғаның іштей құлшынысындағы белсенділігі.
Мұның өзі іс-әрекетте, қарым-қатынаста, мінез-құлықта көрінеді. Ал, түрткінің сапасы мұратқа ұмтылу, қызығушылық, сенім, әлеуметтік тәртіп саласындағы құндылықтардан көрінеді. Ізденуге себеп болатын бағдар - таңдаған әрекетті мойындап, оны тауып, қажеттілікті өтеудегі ынта-ықылас. Мұның мән-мағынасы қажеттілікпен байланысты деп білсек, қажеттілікті өтеу - тұлғаны белсенділікке ұмтылдыратын қозғаушы күш деп түсінуге болады. Сонда түрткі адамды ынталандырады, ізденуге, оны табуға ықпал етеді.
Былайша айтқанда түрткіні тұлғаның мінез-құлқы мен әрекетіндегі белсенділігін реттейтін жетекші фактор деп танимыз. Түрткі жөнінде және оған анықтама беруге байланысты ұсынылған пікірлер баршылық. Мысалы: түрткі психологиялық құбылыс, іс-әрекетке деген ынта-ықыласты қозғаушы күш, қызығушылық; түрткі әрекеттенуші тұлғаның таңдауына лайықты болған себепке байланысты қарым-қатынас; түрткі өзінің қажеттілігін өтеудегі бағдары және іс-әрекет пен қарым-қатынастағы адамның санасындағы түрткінің көрінісі т.б. Ал, оқыту түрткілері - бұл оқушының әрекетіне әсер ететін әртүрлі бағыттарының жиынтығы. Мысалы: егер оқушының таланттылығы өзі оқитын объектінің жұмысына бағытталған болса, онда танымдық түрткілер жоғарылай түседі. Егер оқушының таланттылығы, білімділігі оқуға басқа адамдармен қарым-қатынасында байқалса, онда танымдық түрткілермен қатар әлеуметтік түрткілер де пайда болады.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты үлгеруіне ықпал етеді де, терең білімді алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары адамда да оқу түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.
Оқушы жастарда қызығудың жөнді көрінбеуі, олардың өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда олар енжар болып іші пысады, зерігіп берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктеріне байланысты. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады.
Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, оның бірде біреуіне нақты тұрақтамайды. Мұндай “көрсе құмар” әуесқойлық қасиеттер адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл - үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтеруге жәрдемдеседі.
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай Қ.Б. Жарықбаев, Ә.Алдамұратов т.б. бір топ ғалымдарымыздың пікірінше материалдық, қоғамдық саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық т. б. болып келеді.
Бұл қызығушылықтардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары: оқуға, ғылымға (математика, химия, биология, философия т.б.), ал кәсіпке қызығуларға салалы кәсіптің түрлеріне, мамандықтарға байланысты болып бөлінеді.
Эстетикалық қызығулар: кино, театр, музыка, бейнелеу өнеріне тағы басқаларға сәйкес жіктеледі. Адам объектіге түрлі мақсатты көздеп қызығады, осы тұрғыдан қызығуды тікелей және жанама деп екіге бөлуге болады.
Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады да, жанама қызығу – бұл әрекеттің түрткі нәтижесінен қажетсінуінен туындайды. Мұндай қызығу барысында адам көздеген мақсатқа біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге т.т. қызығу. Жанама қызығу тұрақты болып келетін болса, адамның ісі оңға басып, ол әр нәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы артып отырады.
Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мысалы: бір адамдар саяси мәселелерге қызығатын болса, екінші біреулер эстетикаға, әдемілікке қызығады. Ал, үшінші біреулері ғылыми теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады.
Мектеп жасындағы балаларда қарапайым танымдық қызығушылықтарымен қатар спорттық, оқырмандық қызығулары да кездеседі.Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей бір әрекеттермен айналысуы қажет. Мұғалім не тәрбиеші балалардың қызығуын тәрбиелеуде олардың өзіне әлі де мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру үшін әрекет жасауы керек.
Сонда ғана бала рухани өмірге бай, зерігуді білмейтін, жан - жақты, қабілетті адам болып шығады Жалпы педагогикалық ғылыми еңбектерде қызығу, қызығушылық ұғымы деп қарастырылуда. Ал, педагогиканың тәжірибелік аспектісінде қызығушылық деп қолданылғандықтан екі сөз мағыналас, бұған екі сөздің мағынасы өзгермейтіндіктен, біз ғылыми еңбегімізде қызығушылық деп қолдандық. Қызығушылық қалыптасуы үшін адам бойында сенімділік туындауы керек. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана өз мақсатыңа жетуге мүмкіндік туады.
Оқушы өмірінде оқу – іс әрекеттің негізгі саласы. Оқу – сабақ, сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Оқыту, тәрбиелеу, білім беру, дамыту, қалыптастыру – бірге жүретін үрдістер.
Оқудың міндеті – оқушыларға ғылымның негізгі ілімін, ақыл-ой еңбегінің дағдысы мен әдісін үйренуден тұрады. Тәрбиелік міндеттер оқушылардың дүниетанымына, ғылыми ілімнің негізіне, табиғат заңдылықтары дамуының жүйелік көзқарасын, өзінің сендіру мүмкіндігін құрайды және сендіру мүмкіндігін арттырады. Олар оқу үрдісінде оқушыларды еңбек сүйгіштікке, еркіндікке, тұрақтылыққа, мақсатқа ұмтылушылыққа, саналылыққа, істі аяғына дейін жеткізуге, шындыққа, өзіне деген сындық қатынасқа, іскерлік пен жауапкершілікке уағыздайды.
Дамушы міндеттер – оқушылардың интенсивтік құрылымын талап ете отырып, психикалық (сезіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, еркін, сөйлеу) логикалық және бейнелі, көркем ойлау үрдісінің түрі, кез келген шығармашылық міндеттің шешімі, сезім мен ерікте мәдениеттіліктің пайда болуы.
Білім беру - ұлттық және жалпы адамзаттың қазыналары, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Білім беру, оқыту, тәрбиелеу – еңбек ету үрдісімен бірге жүреді.
Еңбек үрдісі нәтижелі болу үшін, қажетті білімді, дағды мен іскерлікті, икемді жүйелі түрде меңгеру, оқу арқылы бала қоғамдағы ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дағды тәжірибесін өз бойына сіңіреді. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой мен дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді.
Білімді меңгеру - ұзақ уақытты керек ететін күрделі үрдіс. Білімді игеру үлкен сапалылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Мәселен, баланың жасы өскен сайын оқуға деген қызығушылықтарының, түрткілерінің де мазмұны өзгереді. Түрткімен бірге қызығу, дағды және икем де бірге қалыптасады.
Дағды адам әрекетінің қай-қайсысын да ерекше маңызға ие болады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді, іс-әрекетке жақсылап дағдылану арқылы адам өндіріс құралдарын, дене шынықтыру, ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға жетеді. Адам әсіресе, өзінің негізгі мамандығына, алдына қойған мақсатына жетуге күш-қуатын пайдаланады. Ал икемділік - адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеттілігі. Икемділік білім мен тәрбиеге негізделеді.
Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады дейді Қ.Б.Жарықбаев. Адамның қызығуы әртүрлі істерді өз дәрежесінде орындауға ұмтылудан туады. Ал, түрткі сол істерге итермелейтін күш. Сонымен, түрткі – адамның белгілі қажеттіліктерін қанағаттандырудағы іс-әрекетіне байланысты психологиялық көңіл-күйі. Қажеттілік адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш болса, білімге, оқуға итермелейтін оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда түрткілердің маңызы зор.
Оқушылардың оқуға деген негізгі екі түрлі мотивтері болады:
1 Табысқа жету;
2 Танымдық мотив.
Танымдық мотив оқу - танымдық әрекеттің, яғни ойлау іс-әрекетінің негізін құрайды. Бұл іс-әрекет проблемалық ситуация кезінде пайда болады да оқушылар мен оқытушылардың қарым-қатынасының дұрыс жағдайда өрбуіне өсіп, дамиды. Ал, табысқа жету мотивтері оқыту процесінде танымдық және кәсіби мотивтерге бағынышты болады. Оқушылардың даму ерекшеліктерін зерттемес бұрын адам, жеке тұлға ұғымдарын қарастырып, анықтама беріп өтсек.
А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша “Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі” деп қарастырады.
Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады.
Оқушы шақ - жастық шаққа кезең. Жастық шақ адам өміріндегі көптеген өзгерістермен анықталады. Өмірдің бұл кезеңінде физиологиялық жетілу процесі аяқталады. Адам қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік статусты игереді. Бұл кезеңдегі жастардың негізгі проблемаларының бірі - өзіндік сана сезімімен тұлғалық дамуын айтуға болады.
Бұл кезеңде адамның жеке тұлға болып қалыптасуына жанұясы, қоршаған ортасы, тәрбие, салт-дәстүрлер әсер ететіні мәлім. Даму процесі өте күрделі процесс болып табылады. Адамның өмірінде белгілі бір дамудың жалпы заңдылықтары қалыптасқан. Жеке адамның даму процесін қарастыратын болсақ, бұл ’’процесс’’ латын тілінен аударғанда алдыға қарай қозғалу, өзгеріс деген сөзді білдіреді.
Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың,адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек. Дүниетаным - ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси, діни болуы мүмкін. “Дүниетаным - адамның табиғат,қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығынан және берік сенімінен туады.
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы”деп қарастырады З. Серікқалиұлы.. Аталған тұжырымдарға орай отандық психолог С.М.Жақыпповтың “Танымдық іс-әрекет психологиясы” еңбегінде оқу-тәрбие процесінің тиімділік, дәстүрлік оқыту жүйесімен жаңаша оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекеттің жолын ұсынды. Ғылыми еңбектерді сараптай келе танымдық іс-әрекеттің жүргізілу жолдарын төмендегідей бағыттарда қарастырылған.
Бағыттылық - жеке адамның маңызды қасиеті, адамның қоғамдық тірі ағза ретінде дамуының динамикасы.
Қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі.
Мотивтер немесе түрткілер - бұл әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты.
Түрткілер - қажетті қанағаттандыра алатын қабілеттің материалдық немесе идеалды объектісі және оның қанағаттану қабілетін әкелетін қимыл-қозғалыстар.
Мотивация - бұл түрткілердің біршама тұрақты және қайталанбайтын жүйесі. Темперамент - индивидтің психикалық әрекетінің жүйкелік динамикалық ерекшелігі жағынан мінездеме беру.
Қабілеттілік - қандай да бір немесе бірнеше әрекетті жемісті атқарудағы психикалық қасиет. Қалыптасатын негізгі, өзекті қасиеттер.
Мінез-құлық - адамның өміріндегі қарым-қатынасты оның барлық қимыл-қозғалыстары мен қылықтарының танылу ерекшеліктері немесе белгілері.
Белсенділік - қоршаған ортадағы ақиқат шындық пен өзара қимылының өлшемі, кез-келген әрекеттің немесе қимыл-қозғалысы орындалуындағы өнімділігі және қарқындылығы.
Өзін-өзі реттеу сферасы - жеке адам өзінің жүріс-тұрысы мен әрекетін реттеуге бағытталған.
Адам - өзінің қажеттерін орындау үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Қажеттерін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттіліктердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш - сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады.
Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен мақсатқа жетуге тырысады. Ал, қажет дегеніміз- адамның ойлану қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі. Олай болса адамдардың қажеттері іс-әрекеттерінің негізгі түрткілері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы.
Қажеттілік - өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер табиғи қажеттілік өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да жануарлар да тіршілік ете алмайды.
Ғылыми әдебиеттерде “мотив” ұғымы әртүрлі мағынада түрткі, ниет, ынта, ықылас т.б. ұғымдар арқылы берілген. Мотив дегеніміз - белгілі бір қажеттілікті өтеуге әсер ететін тұлғаның іштей құлшынысындағы белсенділігі. Мұның өзі іс-әрекетте, қарым-қатынаста, мінез-құлықта көрінеді. Ал, түрткінің сапасы мұратқа ұмтылу, қызығушылық, сенім, әлеуметтік тәртіп саласындағы құндылықтардан көрінеді. Ізденуге себеп болатын бағдар - таңдаған әрекетті мойындап, оны тауып, қажеттілікті өтеудегі ынта-ықылас.
Мұның мән-мағынасы қажеттілікпен байланысты деп білсек, қажеттілікті өтеу - тұлғаны белсенділікке ұмтылдыратын қозғаушы күш деп түсінуге болады. Сонда түрткі адамды ынталандырады, ізденуге, оны табуға ықпал етеді. Былайша айтқанда мотив тұлғаның мінез-құлқы мен әрекетіндегі белсенділігін реттейтін жетекші фактор деп танимыз.
Сонымен қатар, педагогикалық-психологиялық зерттеулерді сараптай келе түрткілерді екі топқа бөлуге болады:
Танымдық түрткі:
1 оқушылардың жаңа білімді игеруге және ұғыну тәсілдеріне бағыттау түрткілері;
2 өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу түрткілері;
Әлеуметтік түрткілер:
1 кең мағынадағы әлеуметтік түрткілер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу);
2 тар мағынадағы әлеуметтік түрткілер(отбасы, ұжым және жолдастарының, құрбы-құрдастарының арасындағы бедел т.б.);
3 ынтымақтастық әлеуметтік түрткі оқу-тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.
Адам бойында түрткі яғни мотив туындаған кезеңде қызығушылық пайда болады. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты үлгеруіне ықпал етеді,білімді алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары оқушыларда оқу түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.
Оқушылардың ақыл-ойына келсек, мұның өзі жасөспірімдік кезеңге қарағанда сапа жағынан да, көлем жағынан да біршама қалыптасып қалған. Қалыптасуда мынадай екі тетік бар: біріншіден, бұлар өзі қоршаған әлеумет ортасынан соның ішінде жеке адамдар арасында кездесетін неше түрлі қатынастың мәнісіне түсініп, әр нәрсенің себебіне және одан шығатын нәтиженің мәнісіне түсініп, әр нәрсенің дүниеде себепсіз нәтиже болмайтынын ұғына бастайды.; екіншіден, егер бұл кезеңде ересек уақытының көбін мұң, фантазия сияқты нәтижесіз объектілерге жіберетін болса, енді сол фантазиядан нәтиже шықпайтынын біліп, күші мен жігерін шындық нәрсені меңгеруге жұмсайды. Осының өзі ақыл-ойдың дамуындағы үлкен жетістіктің бірі .