Тренинг тақырыбы: «Отбасы –жылулықтың белгісі»
Мақсаты : Ата-аналармен жұмыс жасау арқылы бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» Адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек діңдер бір бөлек отыруымыз керек.Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік:
Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.
Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар
Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.
- Есіміңіз кім-Балаңыздың есімі- балаңыздың жағымды қылығы
«Отбасылық оқиға» жаттығуы.
«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасымен жайғасады. Олар отбасындағы рөлдерін анықтап алады да,жетекші оларға қандай да, бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады,
мысалы, 1 отбасыға -«Сіздерді, ата-аналар, мектепке балаңыздың тәртіп бұзушылығына байланысты шақырып жатыр. Екеуіңізде жұмыстасыздар. Мектепке кім барады? Жағдайды білмей жатып,ең бірінші әрекетіңіз: директорға барасыз немесе сынып жетекшіге жолығасыз не болмаса балаңызды шақырып жеке сөйлесесіз»
2 отбасыға – «Балаңыз сабақтан кейін кешігіп жатыр. Сыныптастарына қоңырау шалдыңыз, олар үйіне бір сағат бұрын келгені анықталды.Сіздің іс әрекетіңіз. Анасының әрекеті? Әкесінің әрекеті?
Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кім,«ата-аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма,келісімге келе алды ма,сол сияқты мәселелерге көңіл бөлуі қажет.
«Тілек айта білемін»
Ата-аналарға баласына, мұғалімдерге игі тілектерін жолдайды.(ақ параққа жазып тақтаға ілеміз)
- Өмірдегі бар жақсылықты тілеймін!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Бәріміз еліміздің мақтанышы болайық!.
Қорытындылау. Баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.
Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпа
:
Сегізсай негізгі орта білім беретін мектебі КММ
Тренинг
««Отбасы –жылулықтың белгісі»»
Өткізген:
Педагог- психолог Кенжебаева
Айгуль Бахтыгалиевна
2018-2019 оқу жылы