kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балабақшамен отбасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы

Оразова Шынар Ешеновна,  «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы  МКҚК-ның  меңгерушісі

Тақырыбы:  «Балабақша  мен  отбасы»

              Мақсаты:    Ата-аналардың  тәрбие  мәселесіндегі  психологиялық                                 

 құзыреттілігін  арттырып,   баламен  тиімді  қарым-қатынас  орната  білу 

  қабілетін  дамыту,  ата-аналардың  өзара  қарым-қатынасын  жақсарту,    

  тәрбиешімен  дұрыс  қарым-қатынаста  болу.

   Көрнекілігі:      түрлі  шарлар,  сұрақтар  топшамалары,  слайд, музыка         

                            жазылған  үнтаспа, қағаз-қаламдар,  плакаттар,  алмалар, 

                            жүрекшелер.

      - Сәлеметсіздер ме,  құрметті  ата-аналар. 

            «Баланы  бұзуға, түзеуге себеп  болатын  бір шарт – жас  күнде  көрген       

   өнеге» деп  Жүсіпбек  Аймауытов  айтқандай, қоғам  үшін  әр  кезеңде, әр 

 отбасында  өсіп  келе  жатқан  өрімдей  ұл-қыздардың  дені  сау,  рухани  бай, 

 еңбекке,  білімге  құштар  болып  өсуі –ең  жоғарғы  тілек,  ең  биік  мақсат.

 Оның  қуат  алатын  қайнар  бастауы –отбасы. Балаға  ата-ана  тәрбиесінің  орнын   

ешнәрсе  алмастыра  алмайды.Отбасы – барлығының  басы, жан-жақты дамуының

негізі  болатын тәрбие  институты. Отбасының  балаға  тәрбие берушілік  

 қызметінің  мақсаты –баланың жасын,  жеке  ерекшелігін,  психологиялық 

дамуын  ескере  отырып жарасымды  жетілген  ұрпақ  тәрбиелеу.    Отбасы –бұл 

 баланың  өмір сүру  ортасы, қамқорлықтың  тұрақты  көзі, тәрбиелеу мен 

 қарапайым  біліммен  қаруландыру  және  шешім  қабылдай білуге  үйрететін ең 

жақын  адамдардың  мейірім шуағын  сезінетін  орта. Отбасында  тәлімді  тәрбие, 

өнеге  көріп  өскен  бала  жақсы  жетістіктерге  жетіп,  өзінің  даму әлеуетіне

көтеріле  алады.

      Отбасымен  педагогикалық  ынтымақтастық  -  баланың  жан-жақты  даму   

деңгейіне  әсер  етіп, тәрбиеші жұмысының  сапасын  арттырады. Ол  төмендегі 

жағдайларға  негізделеді:  өзара  сыйластық, әлемге  деген  түсіністік көзқарас

және  оның  тиімділік  ықпалын  ұзақ  уақыт  бойы сезіну,  бір-біріне  серіктестік

барлық  қатысушыларғы  жағымды  әсер  ететіндей болуы  тиіс,  сонда  ғана 

тәрбие  мен  білім  нәтижелі  болады.                           

      - Сәлеметсіздер ме,  құрметті  ата-аналар.  Бүгінгі  біздің  тренингіміздің        

 тақырыбы: «Балабақша  мен  отбасы ».  Тренингімізді  бастамас  бұрын  мен   

сіздерді  шаттық  шеңберіне   шақырамын.

   І.Шаттық  шеңбері.  

        Ата-аналар балаларымызбен  бірге  қолымыздан  ұстап,  шаттық  шеңберіне 

 тұрайық. Мен  сіздермен кездескеніме  өте  қуаныштымын.  Қане,  бәріміз  бір-

 біріміздің  қолымыздан  ұстап  шеңбер   құрайық.  Осы  дөңгелек  шеңберді  неге 

 шаттық,  жылулық  шеңбері деп  атаймыз? Қалай  ойлайсыздыр?

Шеңберге   тұрудың  үлкен  бір  қасиеті  бар.  Шеңберіміз  көктегі  жылу  беретін 

күн  сияқты  дөңгелек. Шеңберге  тұрып,  бір-бірімізді  жақсы  көре  аламыз, 

жақсылық пен  жылулығымызды  сыйлай  білуге  үйренеміз.  Міне,  сондықтан 

бұл  шеңберді  жылулық,  шаттық  шеңбері  деп  атаймыз. Енді  бәріміз 

жақсылық  тілеп,  шаттана  қуанып,  күн сияқты  күлімдеп, бір-бірімізге 

күлкімізді  сыйлайық.Балалар  орнымызға отырамыз.   2-ші   тренингіміз 

 «Амандасу»  тренингі  деп  аталады

2. Амандасу  тренингі.

Қарым-қатынас амандасудан  басталады. Ойыншылар  дөңгеленіп  тұрады. Барлығы  тақтаға  қарайды. Егер  тақтада  күлкі  бейнеленсе, онда  бір-бірімізге  күлімдей  қараймыз. Қол бейнеленсе қолымызды  қысамыз. Күн  бейнеленсе жақсы  ықыласпен  амандасамыз. Жүрек  бейнеленсе  құшақтасамыз

ІІІ.Танысу  жаттығуы. 

Мақсаты:  топта  ары  қарай  жақсы  қарым-қатынас  орнату  үшін  қолайлы  орта 

туғызу,  танысу.

Әр  ата-ана  өзін  таныстыру  керек,  өзінің  атына  екі-үш  сын  есімін  қосып 

таныстыру.  Мысалы:  Айдай  сұлу – Айсұлу  т.б.

ІҮ.  «Көңіл-күй»  түсі. Слайдтан  түсерді  көрсету

 Бүгінгі  көңіл-күйіңізді  қандай  түспен  бейнелейсіз?

Әр  қатысушы  өзінің  көңіл-күйінің  түсін  таңдап  алады.  Қатысушылардың 

бүгінгі  жиынға  қандай  көңіл-күймен  келгендігін слайдтан  көрсету.

Сары  -  өзін  де,  басқаны  да  қуантып  жүретін  адамдар.

Көк -  байсалдылық,  қанағаттанарлық  белгісі,  қонақжай  адамдар.

Жасыл -  жүрген  ортасында  белсенді  адамдар.

Ақ  -  мейірімді  адамдар.

Қызыл – алдына  мақсат  қойса  жетпей  тынбайтын  жігерлі  адамдар.

Қара -  ішімдегіні  тап  деп  отыратын  тұйық  мінезді  адамдар.

Ү. « Жанұя  шашуы»  ойыны

    Мұнда  баласы  шар  түсін  таңдайды.  Ата-ана  шарды  жарып,  сұраққа  жауап 

береді  және  тапсырманы  орындайды.

1.Балаңыздың  туған  күні

Қоянның  қимылын  салу.

2.Балаңыздың  сүйікті  тағамы

Балаңыздың  сізді  шектен  шығып тыңдамаған  кездегі  ашуыңызды   көрсетіңіз.

3. Балаңыз  қандай  өлшемді  аяқ  киім  киеді?

Балаңызды  еркелетіңіз.

4.Балабақшаға  неше  жасында  келді?

Таңертеңгі  балабақшаға жинақталуды  көрсетіңіз,  қандай  жылы  сөздер 

айтасыз?

 5.Балаңыздың  тәрбиешісі  кім?

Аюдың  қимылын  салыңыз.

 6.Балаңыздың  балабақшадағы  ең  жақын  досы  кім?

 Түлкінің  қимылын салыңыз.

ҮІ.Тренинг:  «Ағаш»

Енді  ата-аналар, «Табиғатсыз  адамдардың  күні  жоқ,  оны  айтуға  табиғаттың 

тілі  жоқ»  демекші,  адам  табиғатпен  тығыз  байланысты.  Табиғаттағы  ең 

маңызды  нәрсе  ағаш.  Енді  сол  ағаштың  несі  болар  едіңіз? Тамыры  ма,  әлде 

діңі ме,  әлде  жапырағы  ма?

Әркім өз  қалауы  бойынша  тамыр,  жапырақ,  діңі  болып  бөлінеді.

   Ал,  енді,  ата-аналар  тамырлар  бір  бөлек,  жапырақтыр  бір  бөлек,  діңдер  бір 

бөлек  отыруымыз  керек. Сіздер  не  үшін  тамыр    таңдадыңыздар,  сіздер  не 

үшін  діңін  таңдадыңыздар,  сіздер  не үшін  жапырақ  таңдадыңыздар,  соны 

тобыңызбен  келісе  отырып,  бір  келісімге  келіп,  топтан  бір  адам  шығып 

қорғайсыздар.  (Әр  топтың  сөзі  тыңдалады).

    Сіздердің  бұл  таңдауларыңыз  кездейсоқтық  емес,  психологиялық  сәйкестік. 

Тамыр  таңдағандар  істің  нәтижесіне  мән  беретін  адамдар.  Діңгекті 

таңдағандар  берік,  мықты,  біреуге  тірек  бола  алатын  адамдар.  Жапырақ 

таңдағандар  сұлулықты,  әсемдікті,  ұқыптылықты  қалайтындар.  Енді  ата-

аналар  мына  үлкен  қағазға  «Тамыр тобы» - тамырды, «діңгек  тобы» -діңгекті, 

жапырақ  тобы  жапырақты  саламыз.

       Тәрбиешілерге  деген  талап,  тілектеріңізді «тамыр  тобы» -тамырға,  «діңгек 

тобы» -діңгекке,  «Жапырақ  тобы»  -жапырақтарға  жазыңыздар. 

      Осы  ағаштың  тамыры  -  ата-ана,  діңгегі -  тәрбиеші,  жапырағы - 

балаларымыз.

Егер  тамырдан  нәр  алып,  діңгегі  мықты  болып,  бұтағы  жапырағын жайса 

ағашымыз  жемісін  береді. Халқымыз  «Ағаш  түзу  өсу  үшін  көшет  кезінде 

көмектесуге  болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп 

бекер  айтпаған.  Сондықтан  баланың бойына  жастайынан  ізгілік, 

мейірімділік,қайырымдылық, яғни  адамгершілік құнды  қасиеттерді  сіңіріп,  өз-

өзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде  отбасы  мен  педагогтер  шешуші  рөл  атқарады.

Енді  мына  алмаларды  алып  өз  балаларыңызға 

сыйлаңыздар.  Балаларыңыздың  қызығын  көріңіздер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балабақшамен отбасы»

ҮІІ.«Жан жүрек сыры» Қорытындылау.

Мақсаты тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен

балабақша арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты

талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.

-Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар! Ол тірі емес, дүрсілдемейді.

Біз оған қазір жан береміз. Қатысушыларға қағаздан жасалған жүрекшелерді

беріп, оған балаларына қандай жылы сөздер айтады соны жазу

тапсырылады.( айналайын, ботам, жұлдызым, т.б)

Қалай ойлайсыздар? Жанданды ма? Неліктен?

Ең бастысы сүйе білу керек, жылылық, мейірімділік керек. Әр уақытта

балаңыздың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ата-аналар

қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік, біз оларға үлгі болар

бейне екенімізді ұмытпайық! Әр ошақтың жылулығы түсінуден, денсаулықтан,

махаббаттан, сыйластықтан құралады.

  1. « Ашық айтсам» анкетасы.

Ата-ананың аты-жөні _____________________________

Меніңтренингбарысындатүйгенім________________________________

Бәрінендемағанмынажаттығу ұнады _____________________________

Мағанеңпайдалы, құнды болған ________________________________

Жүргізушігеұсыныс___________________________________________

Тренингжүргізушісізгеұнады ма? ________________________________

Тренингтіқорытындылау_______________________________________

Қолы ____________________________

«Ұстаз –бағбан, бала -гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы.

Осы қағиданы ата-ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша бала үшін

ең сүйікті мекенге айналар еді.Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен әдемі

болып өскені қажет, ата-ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен

әдепті болып есейгені қажеттірек.Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес,

сапасымен мақтанады, ата-ана да балсының әдептілігімен мақтануы тиіс.

Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді

айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Балабақшамен отбасы

Автор: Оразова Шынар Ешеновна

Дата: 02.05.2017

Номер свидетельства: 412710

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Осы сайтты? ?здік Баяндамасы - "Балаба?шамен отбасы ынтыма?тасты?ы" "
    ["seo_title"] => string(69) "osy-saittyn-uzdik-baiandamasy-balabak-shamien-otbasy-yntymak-tastyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "205242"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429845943"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "Баяндама: Отбасы мен балаба?шаны? бала т?рбиелеудегі ?арым-?атынасы"
    ["seo_title"] => string(65) "baiandamaotbasymienbalabakshanynbalatrbiielieudieghikarymkatynasy"
    ["file_id"] => string(6) "319922"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460978216"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) "Баяндама: «Балабақша мен мектептегі білім беру, тәрбиенің үздіксіздігі және сабақтастығы»"
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_balabak_sha_mien_miektieptieghi_bilim_bieru_t_rbiienin_uzdiksizdighi_z"
    ["file_id"] => string(6) "410688"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1492749680"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "«Еліміздің болашағы – дені сау отбасы мен бала бақытында»"
    ["seo_title"] => string(59) "ielimizdin_bolashag_y_dieni_sau_otbasy_mien_bala_bak_ytynda"
    ["file_id"] => string(6) "452853"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517048397"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "«Еліміздің болашағы – дені сау отбасы мен бала бақытында»"
    ["seo_title"] => string(61) "ielimizdin_bolashag_y_dieni_sau_otbasy_mien_bala_bak_ytynda_1"
    ["file_id"] => string(6) "452860"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517050342"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства