kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Психология – болашақтың мамандығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Психология – болашақтың мамандығы 
Эссе 

«ХХІ ғасыр – психология ғасыры» - деп Эйнштеин бекер айтпаған. Бүгінгі таңда егеменді еліміздің алға қойған мақсаттарының бірегейі, білікті, білімді және еңбекке қабілетті тұлға қалыптастыру негізгі міндет болып табылады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Психология – болашақтың мамандығы»

Психология – болашақтың мамандығы 
Эссе 

«ХХІ ғасыр – психология ғасыры» - деп Эйнштеин бекер айтпаған. Бүгінгі таңда егеменді еліміздің алға қойған мақсаттарының бірегейі, білікті, білімді және еңбекке қабілетті тұлға қалыптастыру негізгі міндет болып табылады. Осы жолда психолог маманының атқарар рөлі өте зор. Сондықтан, психология бұл – болашақтың мамандығы. Қай сала болмасын психологиямен тығыз байланысты, өйткені адамдармен қарым-қатынаста шиеленіс туындап отырады. Қазіргі тұрақсыз адами дағдарыс кезінде психологиялық шабуылдардан қорғану, қашу психологиялық көмекті қажет ететіні сөзсіз. Күнделікті жұмыста, отбасында, қоғамда адамдар түрлі психологиялық кедергілерге тап болып, агрессивті мінез-құлық көрсетеді және жеңудің орнына әлсіздік танытып жатады. Стресс, депрессияға жиі ұшырайды. Дегенмен, мемлекетіміздегі психологияның қажеттілігі оның болашақ ұрпақ үшін маңыздылығын ойласақ мынадай сұрақтар туындайды. 
Психология дегеніміз не? Біздің ұлтымыз үшін, сондай – ақ Қазақстан елінде жасап жатқан барлық халықтар үшін психолог мамандығы қажет пе? – деген сұрақтар төңірегінде терең ойлана отырып, өз тәжірибемде кездескен кейбір жағдайларды ой елігінен өткіздім. Он алты жылдық тәжірибемде көптеген жеке тұлғалармен жұмыс жүргіздім. Кез-келген адамның ішкі жан дүниесіне үңіле білсең, оның ішкі түйінін шешу үшін «түрткі» (мотив) таба білу керек екен. Жеке кеңеске келген А.Ө. есімді оқушымның анасының қайтыс болуына байланысты стресс алып, ол үшін жанұяның басқа мүшелері, құрдастарымен араласу қызық болмай, тек жеке өзі қалғысы келіп, қоршаған ортадан өзін алыс ұстай бастаған, ешкімді көргісі келмейді. Ол тек анасы кеткен жақты ойлайды. Өмір қызық емес сияқты, болашағы бұлыңғыр. Оқушымен жеке кеңес-тренингте бойындағы қорқу, мазасыздық, стрессті шығару техникасын қолданып, медитация жүргіздім. Нәтижеде бала бойындағы кедергілерден арылып, күлімдеп, рахметін айтып өз ризашылығын білдірді. 
Осы оқушының бастан кешкен, өзін қинаған осы жағдайдан да басқа көптеген адамдардың да түрлі келеңсіз жағдайларға кез келіп жатқаны ескерсек, қазіргі кезде әрбір жанұяға психологтің көмегі керек десем, артық айтқандық емес. Оны күнделікті тәжірибемде кездестіргендіктен, толық сеніммен айта аламын. 
-Мен бұл қиындықты қалай жеңемін? Оны жеңу қолымнан келер ме екен? – деп өз – өздеріне сенімсіз болып келген оқушылармен сұхбат жүргіздім. Нәтижесінде олардың қиындықты жеңгенінің куәсі болдым. 
Өз – өзіне қол салып, өмірден қыршын кетіп жатқан жастар аз емес. Олармен дер кезінде психолог маманы сұхбат жүргізсе, ондай келеңсіз жайттар болмаған болар еді. Осы орай айта кететін жайт, адамның бірінші жауы кім десе, өзі деп жауап беруге болады екен, себебі, өзін женген адам ғана барлық кедергілерді жеңіп, жеңіске жетеді екен. Ол үшін қоғамда адамдар арасында психологиялық мәдениетті дұрыс қалыптастыру қажет деп білемін. 
Мемлекетіміздің «Мәңгілік ел» болу үшін психологияның маңыздылығы зор деп ойлаймын. Қазақ халқына психология ғылымы керек пе? Десек, психология қазаққа жат ғылым емес. Себебі, Иассауи, Әл - Фараби, Абай, Шәкәрім сынды қазақ ғұлама, ақындарының еңбегінен байқауға болады. Олардың философиялық, психологиялық ой - тұжырымдарының барлығы адамзат арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына, жақсы өмір сүруге бағыттаушы таптырмайтын құрал. 
Психологияның шығу тарихы сонау ерте кезден басталғандығы айқын. Ал, қазіргі Қазақстандық психологтардан Алдамұратов, Жарықбаев, Намазбаеваның еңбектерін де атап өтуге болады. Яғни, психология бұл өткен ғасырларда да, қазіргі таңдағы және болашақтағы таптырмас мамандық. Өйткені мен оны өз тәжірибемнен анық көріп отырмын. Мектептегі психологиялық қызмет әлі де даму үстінде, соңғы уақытта жеке кеңеске келушілер саны артты. Бірі достарымен ренжісіп қалғанына өкініп, олармен араласқысы келсе де, бас игісі келмегенін арқау етсе, енді бірі жанұядағы келеңсіздіктерді қалай шешуге болады деген сұрақтың жауабын таппай мазасызданады. Ата-аналардың да психологиялық мәдениеті артып, өз балаларын да кей кезде түсінбей қалатындығын алға тартып, психологиялық көмек сұрайды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық қарсаңында психологиялық көмектің ауадай қажет екендігі соңғы бес жылда айқын сезілді. Оны өз тәжірибемде талай куәсі болдым. Қазіргі заманның күрделі проблемаларының бірі, дұрыс рухани діни өмірден ауытқу, адасудың бір түрі-экстремизм болса, оның алдын алу үшін бұл мәселенің рухани-психологиялық негіздерін дер кезінде аңғарып, психологиялық көмек көрсету қажет деп білемін. Бір оқушым Ақтөбеге спорттық жарысқа барып қайтып келе жатқанда пойызда жастар арасында әңгімелесіп отырып, «жын» туралы сөз болған, сонда бір діни уағыздаушы жігіттің айтқан оқиғалары қыздың санасына әбден орнығып алып, үйге келген соң қорқынышты түстер көріп, ұйықтай алмайтындығын айтып, көмек сұрап келді. Дер кезінде жеке жұмыс жүргізіп, нәтижесінде оқушым бір аптадан соң келіп мойынымнан құшақтап, жарқын жүзбен рахметін айтты. 
Абай - «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық» - дей отыра жастардың алдында тұрған зор міндет – ғылым екендігін атап айтқандай, ақын адамның ең қымбатты кезі – жастық шақты оқуға, ғылымға жұмсауды еске салады. Ойын-сауықты кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, ғалымдардан үйрен, үлгі ал, олардай болуға тырыс деп айта келеді де: 
Дүние де өзі, мал да өзі, 
Ғылымға көңіл бөлсеңіз – деп қорытады. 
Сондықтан да мен еліміздің , «Мәңгілік ел» болу үшін психология мамандығы аса қажет деп ойлаймын. Өйткені, «Психология – болашақтың мамандығы» мұны Шәкәрімнің мына бір ой тұжырымынан – ақ білуге болады, «Психология терең ойдың білімі, оны құрғақ пәлсафа бос сөз екен деп ойламаңыздар. 
Жан сыры деп жазылған, 
Психология деген пән»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Психология – болашақтың мамандығы

Автор: Акимова Галина Айтжановна

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419263

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "« Психолог – болаша?ты? маманды?ы» "
    ["seo_title"] => string(34) "psikhologh-bolashak-tyn-mamandyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "132084"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1416285043"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Эссе "Психология - болаша?ты? маманды?ы" "
    ["seo_title"] => string(43) "essie-psikhologhiia-bolashak-tyn-mamandyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "193964"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427715340"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Та?ырыбы: "Психолог болаша?ты? маманды?ы" "
    ["seo_title"] => string(44) "tak-yryby-psikhologh-bolashak-tyn-mamandyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "241921"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445345946"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "ЭССЕ Тақырыбы: "Психологиялық-болашақтың мамандығы""
    ["seo_title"] => string(51) "esse_takyryby_psikhologiialyk_bolashaktyn_mamandygy"
    ["file_id"] => string(6) "536775"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1579600709"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Мен та?да?ан маманды?"  ма?ала"
    ["seo_title"] => string(32) "mien-tan-dag-an-mamandyk-mak-ala"
    ["file_id"] => string(6) "287553"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454501854"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства