Баянова Л?ззат Оразбай?ызы Батыс ?аза?стан облысы, ?арат?бе ауданы, ?оск?л ауылында д?ниеге келдім. 2002-2007 жылдар аралы?ында Батыс ?аза?стан мемлекеттік университетіні? "Педагог-психолог" маманды?ы бойынша бітірдім. ?азіргі та?да ?оск?л жалпы орта білім беретін мектебінде психолог болып ?ызмет ат?арамын. Е?бек еткен жылдар аралы?ында к?птеген жетістіктерге жеттім. Ма?алаларым ауданды?, республикалы?, облысты? газеттерге шы?ты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Психолог болаша?ты? маманды?ы" »
Психолог – болашақтың мамандығы
(Шығармашылық эссе)
Өзгеріске толы заманда,
Мейірімділік қажет ғаламға.
Жан-дүниені түсінер,
Психолог керек әмәнда.
Ертеде бір қарт теңіз жағасына шығып қалған «теңіз жұлдызшаларын» еңкейіп алып, теңізге кері лақтырып жүреді.Ол бұл әрекетін күн сайын қайталайтынын көріп жүрген бір бала: «Ата,мұндай жұлдызшалар мың-мыңдап, толып жүр гой теңізде, несіне әуре боласыз? Сіздің кері лақтырғаныңыздан не пайда,оның қандай мәні бар?» - депті.Сонда қарт:
- «Оның мына жұлдызша үшін мәні бар»,-деп кезекті жұлдызшаны суға жіберіпті.Мінекей,осы оқиғадан көріп тұрғанымыздай, әрбір бала – бір жұлдызша екенін естен шығармауымыз абзал. Оның болашақ көгінде жарқырай беруіне көмектесу-біздің,яғни психологтардың төл міндеті деп есептеймін.
- «XXI» ғасыр – психология ғасыры деп А.Эйнштейн бекер айтпаған. Бүгінгі таңда егеменді еліміздің алға қойған негізгі мақсат-міндеттерінің бірегейі – білікті,білімді және еңбекке қабілетті тұлға қалыптастыру болып табылады.Осы жолда психолог маманның атқарар рөлі өте зор. Қай сала болмасын психологиямен тығыз байланысты,өйткені адамдармен қарым – қатынаста шиеленіс туындап отыратыны сөзсіз. Психологияның шығу тарихы ерте кезде басталғанмен, психологтарға деген мұқтаждық біздің елімізде әлемдік даму үрдісіне көшкен кезде пайда болды деуге болады,сондықтан елде олқылықтың орнын толтыру мақсатында Үкіметтің қаулысымен оқу орындарына психолог мамандығын ендірді. Сол жылдары мені осы мамандық қатты қызықтырды. Ойладым,аз ғана болса да, барлық ұжым мүшелерімен тікелей қарым – қатынас жасайтын қызмет атқарыппын, неге енді психолог қызметін таңдамасқа? Университетке тапсырып, педагог-психолог мамандығын игердім. Психолог мамандығының қыр–сырларын меңгеру үшін біліктілік-арттыру курсында білімімді жетілдіріп, аудандық,облыстық семинар-тренингтерге қатысып білімімді шыңдадым. Мектеп ұжымында қандай да бір күрделі мәселе туындаса,мектеп психологының көмегі қажет. Мектеп психологы оқушыларды өз мәселелерінде «іштей тынбауға» үйретеді, ұстаздарға кеңестер береді, ал ата-аналарға өсіп келе жатқан ұрпаққа тәрбие беру барысында қолдау көрсетеді. Негізінен біздің жұмысымыз баланың жан дүниесі мен ішкі сезімін түсіне білуден бастау алады,оның бет-әлпеті, іс-әрекеті, тәртібі, адамдармен қарым-қатынасы бәрі-бәрі назардан тыс қалмауын қадағалап отыруымыз қажет. Иә,психологтың жанары бала бойындағы кез-келген ерекшелікті мүлт жібермей,терең де, тыңғылықты баға бере алады. Ол педагогикалық тәжірибеге ғана емес,өмірлік тәжірибеге де сүйенеді. Сондықтан әр баланың өз болашағын айқындап,мақсат қоя білуі біз үшін үлкен жетістік. Біздің мамандық-өскелең өре,адамдық келбет,рухани биіктік мамандығы. Психология бұл-болашақтың мамандығы. Мен өзімді осы мәртебелі мамандықтың иесі екендігімді мақтан етемін және ізденіспен алға ұмтыла беру-менің негізгі мақсатым.