kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен та?да?ан маманды?" ма?ала

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ма?алада маманды? та?дауда кездесетін ?иынды?тар, соны? ішінде ?стаз маманды?ыны? ?о?амда?ы р?лі туралы жазыл?ан. ?стаз болу  - ?о?ам алдында?ы жауапты да, м?ртебелі ж?мыс екендігі жазыл?ан. Білім мен т?рбие беруде м??алім маманды?ыны? тигізер ы?палы зор. ХХІ ?асыр – білімділер ?асыры. Ал сол білімділер ?асырын жасайтын ?стаздар ?андай болу керек? ХХІ ?асырды? ?стазы – ?азіргі заман?а сай білім ал?ан, о?ытуды? жа?а технологияларын толы? ме?герген, ой-?рісі дамы?ан, ерекше талантты, ?з к?сібіні? білікті маманы, ізденімпаз, шы?армашыл,  жа?ашыл, жан-жа?ты а?параттандырыл?ан, педагог-психолог, ш?кіртін с?йетін, ??рметтейтін, бойына барды? адами ?асиеттерді жина?та?ан адам болу керек. М??алімдер ?о?амны? ?арапайым ж?мысшысы емес, олар болаша?ты ??рушылар, адамзатты? с?улетті болаша?ын т?рбиелеушілер болып табылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен та?да?ан маманды?" ма?ала»

«Жетібай селосының № 8 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі















Мен таңдаған мамандық...













Дайындаған: Меңдіқұлова С.А.

Мекен-жайы: Өскінбаев 56-1

Ұялы тел: +77785717281













2015-2016 оқу жылы













































Мен таңдаған мамандық...

Мектеп қабырғасында: «Менің қазір алға қойған мақсатым оқуымды ойдағыдай бітіру. Қалаған маман иесі болу. Ол үшін адамда сол мамандыққа деген ерекше махаббат пен өзіне деген сенім болуы қажет», - деп жазған шығармамды қолыма алдым. Қызық... Ол кезде мамандық таңдау, өз ісінің уздік маманы болу дегенді жете түсінбеген шығармын. Бірақ бала күнгі арманым мені алдамаған екен.

Мектебімнің үздік ұстаздарынан білім нәрін сусындап, олар берген тәлім-тәрбиені бойыма сіңіре отырып, бала күнімде «мұғалім», «ұстаз» деген атқа лайықты болу үшін өз-өзімді тәрбиелеуді қолға алдым. «Арман адамға - қанат», - демекші мұғалім болу жолында көп еңбектендім, көп оқыдым. Сол еңбегімнің нәтижесі Ұлттық Біріңғай Тестілеуді ойдағыдай тапсырып, «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқуға грантқа түстім. Студенттік күндердің өзінде «мұғалім» деген ұлы мамандықтың қыр-сырын оқып, меңгердім. Алғаш еңбек жолымды Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ауылды қолдау мақсатында «Дипломмен ауылға» атты жобасы бойынша туған ауылымнан бастадым. Әрине, басында бәрі қиын болды, бірақ оқушыларға деген махаббат, ұстаз болу деген арман – мені сол қиындықтарға қарсы тұрып, маман болуыма септігін тигізді.

Әр адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Ал сол мамандық жүрек қалауымен таңдалса нұр үстіне нұр болар еді. Өз ісінің нағыз маманы болу екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандыққа деген махаббат керек. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Қандай мамандық болмасын ерекше құлшыныспен кірісетін, жұмысынан ләззат алатын, жұмысының қыр-сырын білетін адам – бақытты адам.

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім де сондай боп шығарын түсінем. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында», - дегені бәрімізге белгілі. Олай болса. Қазақстанның болашағы – жастардың қолында, менің қолымда, менен білім алатын шәкірттерімнің қолында. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан көрініп жатса, қоғамымызды білімді, саналы, зиялы азаматтар басқарып отырса, ұстаз еңбегінің еш кетпегені, ұстаз еңбегінің жемісі дер едім.

«Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, Мұхтар Шаханов айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.

Жас ұрпақты білім нәрімен нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстазда емес па? Ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған аын да, қарапайым жұмысшы да, бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ал сол білімділер ғасырын жасайтын ұстаздар қандай болу керек? ХХІ ғасырдың ұстазы – қазіргі заманға сай білім алған, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, ой-өрісі дамыған, ерекше талантты, өз кәсібінің білікті маманы, ізденімпаз, шығармашыл, жаңашыл, жан-жақты ақпараттандырылған, педагог-психолог, шәкіртін сүйетін, құрметтейтін, бойына бардық адами қасиеттерді жинақтаған адам болу керек. Мұғалімдер қоғамның қарапайым жұмысшысы емес, олар болашақты құрушылар, адамзаттың сәулетті болашағын тәрбиелеушілер болып табылады. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды солай ардақтауға міндеттіміз» деген.

Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екенідігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдармен ұтымды ттехнологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізетін мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Оқушы сабағынан ешқашан жалықпауы керек.

Менің мамандығым әлемдегі ең қажетті мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын. Болашақта мұғалім мамандығы ең беделді. Ең жоғары ақы төленетін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп, талмай еңбек ету керек. Мен таңдаған мамандық ешқашан өшпек емес. Ұрпақ сабақтастығы ұстаз еңбегімен тікелей байланысты, сондықтан қоғам бар жерде ұстаз есімі ешқашан аласармақ емес.

Мен қазіргі таңда Жетібай селосы, №8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімімін. Үйретуден жалықпаған ардагер ұстаздар мен тәжірибе алмасып, кеше ғана оқу орнын бітіріп келген жас мамандармен ой бөліме отырып, мұғалім мамандығының қиындықтарын жеңіп келемін. Мектеп ауласына аяқ басқаннан, күнделікті өмірдің күйбең тіршілігін ұмытып, «мектеп» атты білім ордасынан бала үні, бала күлкісі естілгенде, алдымнан оқушыларымның «апайлап» шыққанын көргенде, таңдаған мамандығымның дұрыс екеніне тағы бір мәрте көзімді жеткіземін. Абай атамның:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» - деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым. Күндердің күнінде шәкірттерімнің білімімен, солардың жеңісімен мақтан тұтатын ұстаз болатыныма сенемін. Сол жолда аянбай еңбек етуге, білгенімді үйретуден жалықпауға барымды да, нарымды да саламын.


























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Мен та?да?ан маманды?" ма?ала

Автор: Мендикулова Салтанат Амандыковна

Дата: 03.02.2016

Номер свидетельства: 287553


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства