Просмотр содержимого документа
«?арым- ?атынас ізгіліктері»
«Қарым- қатынас ізгіліктері»
Мақсаты: Ұстаздар арасындағы қарым- қатынасты нығайту, қиын жағдайдан шыға білуге және өзін өзі тануға баулу;
Данышпан философ Фалес айтқан екен:
Дүниеде ең үлкен нәрсе- кеңістік.
Бәрінен жүйрік- ой.
Бәрінен дана- уақыт.
Бәрінен жеңіл- басқаға ақыл айту.
Бәрінен қиын- өзіңді өзің тану- деген екен. Сондықтан бүгінгі кездесуімізді бір- бірімізге жылы сөз айтудан бастаймыз.
І. Ұйымдастыру тренингі«Комлимент»
Мақсаты: ұстаздардың өз- өзін қалапты бағлауға, өз менін көтеруге, жақсы тілектер тілей білуге дағдыландыру;
Мінеки байқағандарыңыздай бір- бірімізбен қарым- қатынас жасау арқылы біз үлкен де, жылы шеңберімізді, қорғанымызды құрдық. Бүгінгі кездесуімізде, біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін- өзі тәрбиелеу жолдарын оқушылармен, әріптестермен қарым- қатынас жасау жолдарын анықтаймыз және өзімізді терең тани білуге тырысамыз.
«Басқа пәле- тілден». Тіл арқылы байланысу, қарым- қатынас жасау- адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да қолданатынымыз жасырын емес. Кейде «Аңдымай сөйлеп, ауырмай өлеміз». «Жақы сөз- бұлттан шыққан күндей боп, көңілді жадыратады». «Жаман сөз- жаныңа мұң құйып, қабырғаңды бір- бірлеп сөгеді» деген, ДЕМЕК сөзден қорқыңыздар, оны абайлап, аялап орнымен пайдалану керек, ғалымдардың зерттеуінше, былапыт жаман сөздер хромосомдарды өлтіріп, сол сөз иесіне сәтсіздік, жаманшылық ауыру шақыратынын анықтаған.
Өздеріңізге белгілі, ұстаз мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда өте стресстік жағдайларға жиі душар болатындығы белгілі. Себебі мұның бәрі адам баласының психикасына әсер етіп, эмоцияналдық күй- жағдайы бұзылады. Ал мұндай күй- жағдайға ұшыраған, ол өзінің профессионалдық ұстанымын жоғалтпай қандай жағдай болса да, эмоцияға берілмеуі тиіс. Әсіресе күз, көктем мезгілінде ұстаздар өте шаршағыш, эмоцияналық күй- жағдайлары өте төмен болады.
Сондықтан қазір біз сіздермен әр кезде көтеріңкі көңіл- күйде болу үшін, бірнеше жаттығу жасап үйренеміз. Денеңізді бос ұстап отырыңыз. Деміңізді мұрныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауысыңызбен
«А» дыбысын айтасыз- ол бүкіл денеңіздің сауығыуына көмегін тигізеді.
«Е» щитовиттік безіңізге әсер етеді.
«И» миыңызға, көзіңізге, мұрныңызға, құлағыңызға.
«О» жүрегіңіз бен өкпеңізге.
«У» қарныңыздың маңындағы дене мүшелеріңізге
«Х» денеңіздің тазаруына /Очищение организма/
«ХА» көңіл- күйлеріңіздің көтерілуіне.
Пікірталас сұрақтары:
Қарым- қатынас деген не?
Кикілжің, дау- дамай деген не?
Кикілжің, дау- дамай қайдан пайда болады?
Қақтығыстан қалай шығуға болады? (Жазбаша немесе ауызша жауап беру).
Меніңше, әркім өзін- өзі тани білуі керек. Өзіне нақты баға бере біліп, менен қандай қателік кетті деп бір мезет өз қатесін таба біліп, кешірімді болуға үйрену керек.
4. «Өзіңді білгің келсе» проективті әдістемесі.
- Мұғалімдерге тау, күн, үй, ағаш, жылан, жол, судың суреттерін салу ұсынылады. Кейңн интерпретациясы айтылады.
Тренинг «Үш ұқсастық, үш айырмашылық»
-Мұғалімдер жұптаса тұрып, бір- бірінің үш ұқсастықтарымен, үш айырмашылықтарын айтады. Тренинг соңында алған әсерлерімен бөліседі.
Мінеки ұстаздық еңбектеріңіз, қарым- қатынасыңыз табысты, жемісті болуы үшін бүгінгі айьылған кеңестерге көңіл бөліп, әрқайсысымыз бұл дүниеде тек қонақ екенімізді ұмытпай сыйластықпен, жақсы қарым- қатынаста болып, кемшіліктерімізді ақылмен түзете біліп, өз қателігімізді мойындай білсек, бір- біріміздің жақсы қасиеттерімізді көбірек көре білсек, сонда ғана еңбектеріңіздің жемісін көріп, алға жылжисыздар.
Бүгінгі кездесуге бағаларыңызды беріңіз. Ой- пікірлермен бөлісу.
БҚО, Казталов ауданы, Жаңатаң ауылы
Мирон негізгі жалпы білім беретін мектебінің педагог- психологі