kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адам өмірі-басты құндылық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адам өмірі- басты құндылық. Өмір ол адамға бір-ақ рет беріледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адам өмірі-басты құндылық»

Құрметті: оқытушылар мен оқушылар! Бүгіннен бастап бір апта бойы өтетін «Бақыттымыз -бәріміз» атты әлеуметтік- психологиялық апталығымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі апалығымыз «Адам өмірі –басты құндылық» деп аталады.

Мақсаты :өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету;

- адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту;балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.

Көрнекілік: нақыл сөздер, әуен, парақ, қалам

  1. Апталықтың ашылуы

  2. «Өмір және адами құндылықтар туралы» пікірлесу

  3. «Сөйлемді жалғастыру» ой қозғау

  4. «Менің мақсатым» тренинг

Психолог сөзі : Өмір – ол адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый . Осындай сыйды саған сыйлаған кім ?...Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата – анаң .Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек , айтады – ғой, “Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да борышыңды өтей алмайсың” -деп. Себебі , біріншіден ол саған “өмір” сыйлады, саған жарық дүние көрсетті, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйді, суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады, тәрбиелеп өсірді .Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің.Өз өмірің, өз әлемің өз қолыңда! Біреуге ренжіп, біреуді кінәлап, мін тағу дұрыс емес. Өмірдегі қайғыны, қиындықты, сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа , жақсы ойлар ойлау керек.

Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады . Міне өмірдің өзі біле – білсең сонысымен қымбат. Енді осы өмір туралы ойларымызды тренинг – жаттығу жасау арқылы жалғастырайық .

Өмір және адами құндылықтары туралы» пікірлесу. ( сұрақ – жауап түрінде )

- Өмір дегеніміз не , қалай түсінесің?

- Өмір сүру жақсы ма ,әлде жаман ба?

- Сен бақыттысың ба?

- Сені не қобалжытады , сондай кездерің болады ма?

- Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса , сен не істейсің?

- Сенің мінезіңнің жаман , жақсы жақтары қандай?

- Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің?

Психолог сөзі : Сонымен өз ойларыңмен бөлісіп , пікірлестіңдер, өмір сүру үшін күйретуші ойлардан аулақ болуымыз керек екенін ұқтыңдар. Мазасыз жаман, жағымсыз, мағынасыз ойлар адамды психикалық , тәндік жарақатқа шалдықтырып, тіпті өлімге әкеліп соғады.Өздерің ойлаңдаршы? Сонда не өзгереді? Одан сен не ұтасың? Оның кімге пайдасы, кімге зияны тиеді ?..Ештеңе де өзгермейді, ештеңе де ұтпайсың, еш пайдасы жоқ, керісінше өзіңе жақын адамдарыңа зияныңды тигізесің. Әрине, дұшпаныңа күлкі, достарыңа, ең қымбат адамыңа, ата – анаңа, бауырларыңа орны толмас қайғы, қасірет әкелесің, одан басқа ештеңе жоқ. Өмірдегі кездесетін сәтсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп, не істесең де ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы, шыдамды, төзімді болуды үйрен.Өмірде бәрі де өткінші екенін ұмытпа. Ерте ме, кеш пе ол дүниеге бәрі-бір барарымыз анық, сондықтан асықпа . Сол өлшеулі уақытқа дейін бәріне төзуіміз керек. Мысалы, дінде “ Алла саған өмір берді, сол Алланың бұйрығымен өміріңді Алла ғана алады.” делінген. Өз-өзіне қол жұмсау кешірілмес үлкен күнә болып есептелінеді. Міне сондықтан ондай ойлардан аулақ болайық.

“ Сөйлемді жалғастыр ” ой қозғау.(жазылған сөйлемді өз сөзімен толықтырып жазып , ой қорту )

- Жақсы өмір - бұл .....

- Бақытты адам - ол ......

Психолог сөзі : Әрине өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес .

Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,

Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,

Сондықтан да, өз - өзіңе абай бол,

Өмір сені сонда ғана шыңдайды . - деп ақындар жырлағандай, Өмір - арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес, ол үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуің мүмкін. Ал енді біреулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін . Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық , көре алмаушылық танытпа, өз мақсатың үшін күресе біл. Өзіңнің күшті жақтарыңды көрсет , әлсіздік , шарасыздық танытпа . Сен өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің . / “Екі бақа” аңызы мысалға келтіріледі./

Екі бақа

Ертеде екі бақаның баласы секіріп ойнап жүріп, қораға кіріп кетеді, ол жерде бір қаймақ салынған банкі ішіне екеуі бірдей секіріп түсіп кетіпті. Бірінші бақа ол жерден шыға алмайтынын біліп, ешбір қарсылық көрсетпей, ешбір әрекет жасамай өліп кетіпті, ал екінші бақа болса өзінің шыға алмайтынын түсінсе де, сезсе де, бір орында тұрмай секіре беріпті, секіре беріпті. Бақа секірген сайын қаймақ қоюланып, қатайыпты, сол кезде екінші бақа секіріп, банкіден шығып кетіпті.Бақа да өз өмірі үшін күресіп ақыры жеңіске жетті.Адам өзін - өзі тәрбиелеуі, алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып , “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстауы қажет.

Біз өмірде өзімізге мақсат қоя білеміз бе, осыны тренинг жаттығу жүргізу арқылы тексеріп, дәлелдеп көрейік .

Менің мақсатым” тренинг. Психолог сөзі : Осы мақсатымызға, арманымызға жету үшін не істеуіміз керек.? Ол үшін ең бастысы денсаулығымызды сақтауымыз керек. Ендеше бір парақ бетке өзіміздің жақсы, жаман қасиеттерімізді жазайық, соңына алға қойған мақсатымызды жазып, оны қорғаймыз.

Психологиялық кеңес. Қызықты да әдемі өмір сүру үшін ...

- ай сайын жаңа кітап оқы , оқығандарыңды көңіліңе тоқы ,

- икемің бар іспен айналыс , мыс. (ән айту , би билеу , шеберлік істер )

- әрбір демалыс күніңе жоспар жасап, қызықты өткізуге тырыс ,

- ертеңгілік жаттығу жаса , сергек жүресің ,

- ата – анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа көмектесіп тұр.

- әр айдың бір күнінде өзіңді басқа біреудің орнына қойып көр , содан өзгеше ойлап тәлім алуға тырыс ,

- әр күні кешке “ мен бүгін не істедім?” деп өзіңе есеп беріп үйрен ,

- күнделік жазуға дағдылан , ол сенің ең сенімді серігің бола алады .

Қорытынды.Осымен біздің бүгінгі тренингімізде аяқталды. «Адам өмірі- басты құндылық» тақырыбында қандай әсер алдыңыздар, не үйрендіңіздер өз пікірлеріңді ортаға салуларыңызды сұраймын.(Оқушылар өз пікірлерін айту)


Назарларыңызға рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Адам өмірі-басты құндылық

Автор: Нигметова Бибитгул Айткалиевна

Дата: 26.12.2020

Номер свидетельства: 568585

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Адам ?мірі - басты ??ндылы?. "
    ["seo_title"] => string(27) "adam-omiri-basty-k-u-ndylyk"
    ["file_id"] => string(6) "238652"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444618087"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Басты құндылық –адамгершілік. Сыныптан тыс жұмыс"
    ["seo_title"] => string(53) "basty_k_u_ndylyk_adamghiershilik_synyptan_tys_zhu_mys"
    ["file_id"] => string(6) "379100"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484368815"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Біздің өміріміз – ең басты құндылығымыз"
    ["seo_title"] => string(41) "bizdin_omirimiz_ien_basty_k_u_ndylyg_ymyz"
    ["file_id"] => string(6) "409648"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492412483"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Баяндама "?лтты? ??ндылы?тар- т?рбиені? т?п ?азы?ы ""
    ["seo_title"] => string(56) "baiandama-u-lttyk-k-u-ndylyk-tar-t-rbiienin-tup-k-azyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "303966"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457626558"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""??ртты? адам а?засына пайдасы" жоба "
    ["seo_title"] => string(38) "k-u-rttyn-adam-ag-zasyna-paidasy-zhoba"
    ["file_id"] => string(6) "167938"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423152015"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства