kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біздің өміріміз – ең басты құндылығымыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамгершілік- адам бойындағы ең басты құндылық. сол құндылықты сақтау- өз қолымызда

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біздің өміріміз – ең басты құндылығымыз»

Адамгершілік құндылықтарды жеке тұлға бойында қалыптастыру
Тақырып: Адами қарым - қатынас ізгіліктері

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік, мәдениеттілік, сыпайлық

Сыныбы: 6

Сабақ мақсаты: Оқушыларға адами қарым - қатынаста дұрыс әрекет жасау туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- адами қарым - қатынас мәдениеттілігін түсіндіру;

- адами қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- адами қарым - қатынас жасауда әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу; Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқу құралдарына назар аудару.

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептердің рөлі
С. Ғаббасов «Халық педагогикасының негіздері» тақырыбындағы жинағында.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек деген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.

Біздің өміріміз – ең басты құндылығымыз

Мақсаты: өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарын ояту,

өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру,өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.

Өтілу түрі: ойталқы.

Көрнекіліктер: өмір туралы қанатты сөздер, слайд.

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, психология, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері: Оқушыларды жыл мезгілдері арқылы 3 топқа бөлу.

Кіріспе сөз: — Саламатсыз ба, балалар! Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ӨМІР жайлы болмақ. Сол себепті бүгінгі сабағымды күні кеше ғана дүниеден озған ҚР халық жазушысы, біздің жерлесіміз Қ.Мырзалиевтің өмір жайлы мына өлеңімен бастағым келіп отыр.

Адам жылап туады

Ағайынын қуантып.

Және жылап өледі

Өзгені де жылатып.

Жылайтыны туарда

Жамандар бар қинайтын,

Жылайтыны өлерде

Жақсылар бар қимайтын.

Ия, шындығында адам өмірге жылап келіп, жылап кетеді. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Сол өмірді қалай етіп өткізем деу адамның өз қолында. Өмірде адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді-өзің тану, өзіңді-өзің сыйлау, өзіңді- өзің қадірлеу.

Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы.. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың” деген екен. Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз Олай болса, Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.

Ой қозғау: Оқушыларға ауызша сұрақтар беріліп, сол жөнінде оқушылардың ойы тыңдалады.

Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?

Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

Өмір адамға несімен қымбат?

Топтық тапсырма:

І топ. (Өз ойларын ортаға салады)

Өмір деген тұрмайды: қап — қарадан.

Өмір деген тұрады:ақ — қарадан,

Ақ — Қара,екі арасын ашып өтіп,

Арымен өз бақытын тапқан Адам

Ақын «АҚ»және «ҚАРА»деп нені меңзеп отыр?

Қай уақытта адам өмірі «аққа»толы болады?

Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?

ІІ топ. (Әпсана-әңгіме арқылы ой қорытады.)

ІІІ топ. «Өмір – бұл…» ойтолғау жазу.

Өмірдің кедір-бұдыр жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбей, жасқанбай, өту-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге мойымай, өзіңе сенімді болсаң, қиындықты жеңсең – сол бақыт.

Жаратқанның адамға берген ең үлкен игілігі-өмір болса, сол өмірге өкпелеуге еш хақымыз жоқ.

Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді.

«ӨМІР» туралы слайд тамашалау.

Қорытынды:

Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді.» дегендей


«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілісттер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді.

Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.

Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Біздің өміріміз – ең басты құндылығымыз

Автор: Хаусова Айсулу Елтаевна

Дата: 17.04.2017

Номер свидетельства: 409648

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз!»"
    ["seo_title"] => string(38) "t_uielsizdik_ien_basty_k_u_ndylyg_ymyz"
    ["file_id"] => string(6) "377880"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1484119075"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Елімізді? еркіндігі- Т?уелсіздік"
    ["seo_title"] => string(37) "ielimizdin-ierkindighi-t-uielsizdik-1"
    ["file_id"] => string(6) "287205"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454436418"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Елімнің бақытын тербеткен, Тәуелсіздік !"
    ["seo_title"] => string(39) "elimnin_bakytyn_terbetken_t_uelsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "622992"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1673595303"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(179) "Разработка внеклассного занятия на тему: "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» (мерекелік кеш)""
    ["seo_title"] => string(80) "razrabotka_vnieklassnogho_zaniatiia_na_tiemu_ielimnin_bak_ytyn_tierbietkien_t_ui"
    ["file_id"] => string(6) "386949"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486036881"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Ел тәуелсіздігіне 25 жыл""
    ["seo_title"] => string(29) "iel_t_uielsizdighinie_25_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "375861"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483689368"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства