Мағынаны тану | Көптік жалғауы Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де қолданыла береді. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар. Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар,-лер, -дар, -дер, -тар, -тер Көптік жалғауының басқы дыбысының түрліше болуы түбір сөздің соңғы дыбысына байланысты. Тәуелдік жалғауы Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді(меншікті)екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың біріне меншікті болып тұрады.Сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады. Мысалы: Жекеше түрі Көпше түрі І жақ –м, -ым, -ім І жақ –мыз, -ымыз, -міз, -іміз ІІ жақ –ң, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз ІІ жақ -тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің, -тарыңыз, - теріңіз, - дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз ІІІ жақ –сы, -сі, -ы, -і ІІІ жақ –сы, -сі, -ы, -і Сөздердің тәуелденуі өңаша тәуелдену және ортақ тәуелдену болып, екіге бөлінеді. Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену оңаша тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі. Бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі. Мысалы: Оңаша тәуелдену: Ортақ тәуелдену: Менің үй-ім, қалам-ым Біздің үй-іміз, қалам-ымыз Сенің үй-ің, қалам-ың Сендердің үй-лерің, қалам-дарың Сіздің үй-іңіз, қалам-ыңыз Сіздердің үй-леріңіз, қалам-дарыңыз Оның үй-і, қалам-ы Оның үй-і, қалам-ы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау |