Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қосымшалардың қызметтері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы алған білімдерін кеңейту, пысықтау.
Дамытушылық: Бірлесіп жұмыс жасай отырып, өз ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу. Алған білім, білігін қолдану дағдыларын дамыту. Оқушылардың сөздік қорын байыту;
Тәрбиелік:.Оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кесте, суреттер, сөзжұмбақ, алма, алмұрт ағашы,
Сабақтың әдіс - тәсілдері: суретпен жұмыс, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын, талдау, жинақтау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабаққа назарын аудару
Сыныпта жағымды ахуал тудыру:
Сыныпта біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Сабақты біз бастаймыз
- Ал, қазір біз Гүлдерді таңдау арқылы 2 топқа бөлінеміз,Қызыл гүлдер – жұрнақтар тобы. Сары гүлдер – жалғаулар тобы.
Кезекті сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Әр топтан бір оқушыдан 301 – жаттығуды оқыту. Дәптерлерін ауыстыру.
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болып өтеді, Өйткені, байқайсыңдар ма біздің білімімізді көруге ұстаздар қонаққа келіп отыр.
ІІІ.Өткен сабақты қайталау
Ендеше, бар зейінімізді сабаққа аударып, ден қоялық.
Ендеше біз «Ұшақ» ойыны арқылы өзіміздің осы уақытқа дейін өткен тақырыптарымызды қайталап жіберейікші.Ойынның шарты : Парақшаларға сұрақтар жазып, ұшақ жасап, бір топ бір топқа ұшырамыз да, сұрақтарға жылдам жауап береміз.
«Ұшақ » ойыны
1. Сөз неден құралады?
2. Буын неден құралады?
3. Сөйлем неден құралады?
4. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
5. Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
6. Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?
7. Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
8. Түбір дегеніміз не?
9. Қосымша дегеніміз не?
10. Сөйлем неден құралады?
11. Сөйлем нешеге бөлінеді?
12. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
13. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
14. Лепті сөйлем дегеніміз не?
Өткен сабақты қайталау.
- Балалар өткен сабақты еске түсіру үшін мына сөзжұмбақты шешейік.
Сөзжұмбақ
Қ
О
С
Ы
М
Ш
А
І топ
1. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде (қалам)
2. Төрт қырлы өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ.(бор)
3. Жылт - жылт еткен
Жырадан өткен(су)
ІІ топ
4. Көлдің беті көк әйнек.
Сырғанауға тым әйбәт (мұз)
5. Жазда да, қыста да,
Өзгермейтін бір түсте (шырша)
6. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады (қар)
ІV. Жаңа сабақ- Міне, балалар олай болса, бүгін біз сендермен қосымша туралы білімімізді кеңейтейік.
Қане бірге бәріміз,
Көзімізді жұмамыз.
Өтіп - тау мен өзеннен
Бір елге жетіп қонамыз.
Қосымша деп аталар.
Бұл елде мүлде бейтаныс.
Біз білмейтін, балалар,
Қосымшаның түрі бар.
Жаң сөздер жасайтын
Жұрнақ атты ұлы бар.
Сөз бен сөзді қосатын.
Жалғау атты қызы бар.
(Тақтаға сызбаны іліп қою)
V. Оқулықпен жұмыс
Күн ретін, көркем жазуды жаздыру.
302 – жаттығу. (ауызша )
Өлеңді мәнерлеп оқы. Әр топтан бір – бір оқушыға оқытып,өлеңді оуызша оқушылармен бірлесе отырып талдап өту, қарамен жазылған «Шекарашы», «сақшы» сөздерін топтарға бөліп беріп, талдату. Талдаған сөздерді тақтаға іліп тексеру.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз
Бір отырып, бір тұрып
Тынығып дем аламыз
303 – жаттығу (өз беттерінше жұмыс) Мақалды оқып, жатқа жаз. Жұрнақ пен жалғауды тиісті белгімен белгіле.
2 оқушыға мәнерлеп оқыту, 1 минут уақыт беру жаттауға. Кітаптарын жапқызып қойып, 2 оқушыдан жатқа сұрау. Содан кейін дәптерлеріне жазғызу. Кітапқа қарап қателерін тексерту. Тақтаға талдату.
Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең.
304 – жаттығу (тақтамен жұмыс) Сөздерге тиісті жалғау жалғап, сөйлем құрап жаз. Жалғаулардың сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндір. Әр топтан кезек – кезек шығып тақтаға жазады.
VІ. Қорытынды.
305 – жаттығу. (топпен жұмыс) Жұрнақ пен жалғаудың бір – бірінен өзгешілігін мысал ақрқылы дәлелде.
Әр топқа алма мен алмұрт таратылып, алмаға – жұрнақ жалғанған сөздер, алмұртқа – жалғау жалғанған сөздер жазып алма мен алмұрт ағаштарына ілу.
Үлгермеуші оқушымен жұмыс
«Күйшінің», «оқушылар» деген сөздерді сызба арқылы талдату
Ал ендеше балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылау мақсатында «Бір айналым » ойнынын ойнайық. Ережесі : қазір мен мына табаны сендерге беремін, сендер музыка ырғағымен бір – бірлеріңе айналдыра бересіңдер,музыка тоқтаған кезде таба кімде болады, сол табадан бір сұрақ алып, соған жауап береді.
А)жаңалық
Ә)күй
Б)құрлысшы
А)қосымша
Ә)түбір
Б)жалғау
3. Қосымшаның неше түрі бар?
А)4
Ә) 2
Б) 3
4. Түбірге жұрнақ пен жалғаудың қайсысы бірінші жалғанады?
А) жұрнақ
Ә)жалғау
Б)қосымша
5. Жалғау жалғанған сөзді тап
А)гүлді
Ә)қобызшы
Б) күйші
6. Жұрнақ жалғанған сөзді тап
А)көлдер
Ә)оқушы
Б)тақтада
Рефлексия.
VІІІ. Үйге тапсырма
306 – жаттығу. 110 бет
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт