2 ж?ргізуші: Ойынымызды? ?ту барысы туралы ?ыс?аша м?лімет бере кетейік.Сіздерді? алдары?ызда сайыс?а ?атысатын «Жалын» тобы мен «Жігер» тобы ?ошеметтеп ?ойы?ыздар
Просмотр содержимого документа
«Интеллектуальная игра "Моя Родина" »
«Рудный қаласының №13 орта мектебі»ММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері:
Есентемірова Б.Т.
Сәрсембина К.Ш.
«Білгірлер байқауы» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: басқа ұлт өкілдерінің балалары мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін байқау.Оқушылардың сөздік қорын молайту,алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық : әр түрлі сұрақ-жауап тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,оқушылардың ынтымақтастығын,бірлігін нығайту.
Қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,ойын
Көрнекілігі: кестелер, слайдтар
Байқаудың барысы:
1 жүргізуші: Құрметті мұғалімдер,оқушылар!Біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Қазақ тілі апталығына арналған «Білгірлер байқауы» атты сайысымызды бастаймыз
1 жүргізуші: Құрметті мұғалімдер,оқушылар!бүгінгі интеллектуалды байқауымызды « » әнімен бастайық.
2 жүргізуші: Ойынымыздың өту барысы туралы қысқаша мәлімет бере кетейік.Сіздердің алдарыңызда сайысқа қатысатын «Жалын» тобы мен «Жігер» тобы қошеметтеп қойыңыздар
1 жүргізуші
I Бөлім «Ойдың көркі -тіл»
Әр топқа 10 сұрақ қойылады. Әр сұрақ 1 ұпай болып есептелед
«Жалын» тобының сүрақтары
Қазақстанның елбасы кім?
Қазақстан республикасының астанасы қай қала?
Шоқан Уәлихановтың шын аты?
Төл теңгеміз қай жылы шықты ?
Қазақстан тарихында неше астана болған?
Алтын адам Қазақстанның қай жерінен табылды?
Тоқтар Әубәкіров кім?
«Қара алтын»деп нені атайды?
Бірінші астанамызды ата
«Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім?
2 жүргізуші«Жігер» тобының сүрақтары
1.Қазақтың музыка аспаптарын атаңдар
2.Әкеңнің әкесі саған кім болады?
3. Астана қаласының бұрынғы атауы?
4.Тудың түсі қандай,онда не бейнеленген?
5.Сен қай қалада тұрып жатырсың?
6. Әбілхан Қастеев кім?
7. 50 теңгеде кімнің суреті?
8.Мемлекеттік әнұранның авторлары кімдер?
9. Қостанай облысы неге бай?
10.Жаңа әнұран қай жылы бекітілді?
II Бәлім «Полиглот»
1 топ.Государство, здание,памятник,ученик, Родина
2топ. Граница ,космонавт,независимый, библиотека, столица (сөздерді қазақ тіліне, ағылшын тіліне аудару)
III Бөлім «Көкпар» 1-2 жүргізушілер /әр топтың сайыскерлері кезектесіп сұрақтарға жауап береді/
Категориялар:
Тіл 10 20 30 40 50 60
Фонетика 10 20 30 40 50 60
Синтаксис 10 20 30 40 50 60
Морфология 10 20 30 40 50 60
Әр түрлі 10 20 30 40 50 60
Бөлім «Тіл»:
10 ұпай. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.
20 ұпай. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
ҚР-ның мемлекеттік тілі -қазақ тілі
30 ұпай.
Тіл туралы мақал мәтел айт
• Өнер алды –қызыл тіл.
*Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.
*Тәрбие басы- тіл.
40 ұпай.
Қазақстан халықтарының тілдері күні қашан?
Қазақстан халықтарының тілдері күні 22 қыркүйек.
50 ұпай. Сөздерді қазақ тіліне аударыңыз
1) Родина ( отан)
2) независимость (тәуелсіздік)
3) суверенный (егеменді)
4) государство (мемлекет)
60 Ұпай. «Полиглот» дегеніміз не?
Көп тіл білген адамды «Полиглот» деп атайды
Бөлім «Фонетика»
10 ұпай.Буынның түрлері нешеу?
Буынның түрлері үшеу:ашық,бітеу,тұйық.
20 ұпай. Дыбыстар неше топқа бөлінеді?
Дыбыстар 2 топқа бөлінеді: дауысты,дауыссыз
30 ұпай. Дауыссыз дыбыстардың түрлері қандай?
Дауыссыз дыбыстардың түрлері: қатаң,ұяң, үнді.
40 ұпай. Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
Үндестік заңы екіге бөлінеді: дыбыс үндестігі,буын үндестігі
50 ұпай. «Болашақ» сөзін аудар және неше дыбыс,буын,қандай буындар екенін айт.
60 Ұпай Үндестік заңына бағынбайтын жалғаулар мен жұрнақты ата?