Саба?ты? ма?саты: С?з таптары туралы ?ткенді пысы?тау. Зат есімні?, етістікті?, сын есімні?, сан есімні? с?йлемдегі ?ызметі, с?ра?тары туралы ?айталау. О?ушыларды? сауатты жаза білу да?дысын ?алыптастыру. Шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту, жа?а технологияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. О?ушыларды д?рыс с?ра? ?оя білуге ?йрету, с?здік ?орын байытып, байланыстырып с?йлеуін дамыту.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока на тему "С?з таптары"»
Сабақтың тақырыбы:Сөз таптарын қайталау
Сабақтың мақсаты: Сөз таптары туралы өткенді пысықтау. Зат есімнің, етістіктің, сын есімнің, сан есімнің сөйлемдегі қызметі, сұрақтары туралы қайталау. Оқушылардың сауатты жаза білу дағдысын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. Оқушыларды дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету, сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ- жауап, пікірлесу, әңгімелеу, көрнекілікпен жұмыс
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың формасы: сыныптағы сабақ
Көрнекілік: суреттер, тапсырмалар, жұмбақтар, логикалық тапсырмалар, ойындар
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
ә) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;
Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым ,бақытым,дара тілім!
-Міне ,балалар қазір,кемеңгер ғұлама ақындарымыздың туған тілі,біздің тіліміз-қазақ тілі сабағы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Түбір дегеніміз не? (Сөздің одан әрі өзгермейтін мағыналық бөлігі.)
2. Қосымша дегеніміз не? (Түбір сөзден кейін жалғанған бөлігін қосымша дейміз.)
3. Қосымша неше түрге бөлінеді?
Қандай? –паз, -хана жұрнақтарын қандай сөздерге қосып жаңа сөздер жасауға болады
4. Жұрнақ пен жалғау қызметтері қандай?Дәріханада сөзін сөз құрамына талда.
(Жұрнақ сөз мағынасын өзгертеді,жалғау сөз бен сөзді байланыстырады.)
5. Туынды сөз дегеніміз не?Менің ұшқыш болғым келеді.Туынды сөзді тап.
(Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.)
ІІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру сәті.
Қазақ тіліндегі сөздер мағынасына,тұлғасына және сөйлемде атқаратын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді,осы топтарды сөз таптары дейді.
Сызба бойынша жұмыс.
Зат есім
Сын есім Нені білдіреді ?Қандай сұрақтарға жауап береді?
Сан есім
Етістік.
ЕРЕЖЕ.
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сұрақтары: қандай? қай?
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сұрақтары: қанша? неше? нешінші?
ІV. Жаңа сабақты меңгерту
3-жаттығу
Сөздерді оқы.Оларға сұрақ қойып, мағыналарына қарай кестеге орналастырыңдар.
Жұлдыз,тау,ата,көк,екі,оқыды,үлкен,ақын, жуынды, жеті, отыз, адам, құс, жүзді, биік, жасыл.
4-жаттығу.
Сөздерді оқы.Қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта.