Алматы облысы
Жамбыл ауданы
Сұраншы батыр ауылындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Джасыбаева Лязат Алимовна
Сабақ жоспары
Пәні
Қазақ тілі
Мектеп:Сұраншы батыр ауылындағы орта мектеп
Мдшо кмм
Күні
16.01.17
Мұғалім:Джасыбаева Л А
Сынып
2 (екінші)
Қатысқандар саны:
қатыспағандар саны:
Сабақтың атауы
Түбір мен қосымша
Мақсаты
1) білімділік: қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту;
2) тәрбиелік: ана тілін қадірлеуге, білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу;
3) дамытушылық: фонетика, лексика тараулары бойынша алған білімдеріне сүйене отырып сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, дұрыс сөйлеуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың өту әдісі: сұрақ - жауап, ұжымдық талдау, танымдық ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, тақырыпқа арналған кесте, суреттер.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Қоңырау біздің сиқырлы,
Сыңғырлап тағы ән салды.
Шақырды түріп ұйқыңды,
Шеңберге тұр, – деп баршаңды!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Эдвард де Боно “6 ойлау шляпасы”технологиясы бойынша өтілген сабақты қорыту.
Ақ қалпақтың сұрағы Түбір дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не?
Сары қалпақтың сұрағы: Мына сөздерге қосымша жалғап айт. Етік, егін, қар.
Қызыл қалпақтың сұрағы Мақалды оқы қарамен жазылған сөздерді салыстырып
ерекшелігін айт.
Еңбек ер атандырады.
Еңбектің түбі - рахат.
Жасыл қалпақтың сұрағы Өлеңді мәнерлеп оқы.
Мен ғарышкер боламын
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын!
Ғарышкер сөзінің түбірі мен қосымшасын тап.
Қандай ғарышкерлерді білесің?
Көк қалпақтың сұрағы Түбірге қосымша не үшін жалғанады? Мысал келтір.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Түбір дегеніміз - сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігі.
Мыс: қала, орман, көше, жұлдыз
Түбір сөздің белгісі -.
Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз: қала - ға, орман - да, көше - мен, балық - шы
Кубизм әдісімен. Оқулықтағы жаттығулар орындалады
Өзіндік жұмыс.
1-тапсырма жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
Қосымшалы сөз --түбір ---қосымша
адалдық ----адал ---дық
Ой сергіту.
“Доп лақтыру” ойыны арқылы
1 – қатар
“Ай” сөзінен басталатын қыз балалар есімдерін ата.
2 – қатар
“Ер” сөзінен басталатын ұл балалар есімдерін ата.
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой толғаныс
Сурет бойынша әңгімелеу.
Әр күнің ашық болсын!
Жүздерің жарқын болсын!
Талаптарың таудай болып,
Сарқылмайтын білім болсын!
Үйге тапсырма
Дәптермен жұмыс
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады