1.Ұйымдастыру кезеңі сынып ішінде психологиялық ахуал қалыптастырып аламын. «Көңіл – күй – ол күн. Күн – адамның жан дүниесін жылытады. Барлық жақсылық табиғатқа – күннен, ал өмірдегі жақсылық – адамнан». Оқушылар хормен айтады. Қызығушылықтарын ояту. «Мозайка» әдісі арқылы топтарға бөліну. «Мозайка» әдісі арқылы 3 топқа бөледі. (Мозайкаға тақырыптарға сәйкес 3 сурет ұсынуға болады) 1-Тапсырма. Ой қозғау. Бұл жерде оқушыларға жануарлардың суретерін көрсетемін. Оқушылар берілген суреттердің көмегімен жаңа тақырыпты болжайды, олар жайлы ойларын 2 минут уақыт ішінде жұпта бір-біріне әңгімелейді. Оқылым алдындағы тапсырма. «Solo» әдісі бойынша жұптар берілген сурет негізінде сұрақтарға жауап береді. Кім? | Не? | Қашан? | Қайда? | Қалай? | Неліктен? | | | | | | | Суретте бейнеленген жануарлардың қайсысы төрт түлік малға жататындығын анықтайды. -Иллюстрациялар мен тірек сөздердің мағынасын дұрыс қолданады; / 1балл/ -Түсінігіне сай болжам жасайды./ 2 балл/ Бағалау түрі: Қолпаштау, мадақтау. Тапсырма-2. Оқылым тапсырмасы Оқылым мәтіні Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгеге иесіне сыйлық беретін болған. Сиыр малы момақан, қазақ халқы үшін көбінесе тамаққа жараған, сүттен айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік сияқты тағамдарды дайындаған. Түйе мен жылқыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді. Қой – төрт түлік малдың ішіндегі ең сүйіктісі. Өзі момақан, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Ешкі де өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Жылқының жалынан арқан, сиыр мүйізінен тарақ жасаған, қой жүнінен киіз, текемет, сырт киім, түйе жүнінен шекпен тоқыған. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз балаларын да «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп еркелетіп отырған. Бұл жерде оқушылар мәтін мазмұнын толық меңгереді. Оқушылар жұпта меңгерілген мәтін бойынша берілген ақпарат көзінен тақырыпқа қатысты мәліметтерді анықтау үшін кестемен жұмыс істейді. «Ривин кестесі» бойынша мәтінмен жұмыс Мәтін атауы | Тірек сөздер | Негізгі ақпарат | Қосымша ақпарат | | | | | Оқушылар топта өздерінің жұптық жұмыстарымен бірін-бірі таныстырады және стикер арқылы бір-бірінің жұмысына кері байланыс береді. Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті; Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. Бағалау. Қолпаштау, мадақтау Сабақтан алған әсерін қортындылайды, сабақ барысын бағалайды. |