Ал о?ушылар б?гінгі та?ырыпты білу ?шін мына ж?мба?тарды шешу ар?ылы біз саба?ымызды? та?ырыбы белгілі болады. Б?л ж?мба?тарды о?ай шешеді деп ойлаймын, себебі ол сіздерді? ?йлері?ізде бар ж?не к?ріп ж?рсіздер.
1-слайд ж?мба?тарды о?ушылар шешеді.
1.Кішкене ?ана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (?ой)
2. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. ( сиыр)
3. ?амыс ??ла?, тоста?ан т?я?,
Мінсе? ?анат, с?ті д?рі, еті тама?. (жыл?ы)
4. Басында тая?ы бар,
Т?рт ая?ы бар.
Екі ??ла?ы бар,
Иегінде са?алы бар. (ешкі.)
Жарайсы?дар балалар ж?мба?ты? шешуін тез тапты?дар. Сонымен та?ырыбымызды? аты ?алай аталады екен? ?й жануарлары. Т?рт т?лік. Бізді? балалар ?й жануарларын ?те жа?сы к?реді екен.
Хал?ымызды? тарихы осы т?рт т?лік малмен тікелей байланысты.
<<Ат-ерді? ?анаты>> деп айтатын дана хал?ымыз жыл?ыны ?те ?астерлеген. Жыл?ы мінсе? к?лік, жесе? ет, ?азы-?арта, жал-жаясыз бірде-бір ?аза? жан?ясын біз к?ре алмаймыз. Сиыр жесе? ет, кисе? киім, айран, с?ті, ?айма?ынсыз ?аза? баласы ?спейді.
Т?йе малы-на?ыз к?лік, ?ымыран мен ш?баты дертке дауа. ?ой шаруашылы?ы –?аза?станны? мал шаруашылы?ыны? басты саласы. Хал?ымызды? мамандан?ан ата к?с?бі.
II. Үй тапсырмасын сұрау. Үй құстарымен таныстық. Жаңа сөздермен сөйлем құрау. Ереже жаттау.
1. Үйге қандай тапсырма берілді?
2. Етістік дегеніміз не?
3. Қандай сұрақтарға жауап береді?
4. Мысал келтір.
5. Тұйық етістік қалай жасалады?
6. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?
7. Мысал келтір
8. Жаттығу жұмысын тізбектеп тексеріп оқытып шығамын.
III. Жаңа сабақ.
Ал оқушылар бүгінгі тақырыпты білу үшін мына жұмбақтарды шешу арқылы біз сабағымыздың тақырыбы белгілі болады. Бұл жұмбақтарды оңай шешеді деп ойлаймын, себебі ол сіздердің үйлеріңізде бар және көріп жүрсіздер.
1-слайд жұмбақтарды оқушылар шешеді.
1.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
2. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. ( сиыр)
3. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)
4. Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Екі құлағы бар,
Иегінде сақалы бар. (ешкі.)
Жарайсыңдар балалар жұмбақтың шешуін тез таптыңдар. Сонымен тақырыбымыздың аты қалай аталады екен? Үй жануарлары. Төрт түлік. Біздің балалар үй жануарларын өте жақсы көреді екен.
Үй жануарлары жайлы қандай мақалдар білесіздер?
1. Мал өсірсең-қой өсір,
Өнімі оның көл көсір.
?
2. Төлден мал өседі,
Шыбықтан тал өседі.
3. Жылқы малдың патшасы,
Түйе малдың қасқасы.
Сабақьың тақырыбы: үй жануарлары яғни төрт түлікпен танысамыз.
Сабақтың ұраны: Жұма сәтті күн болсын,
Қайырлы күн болсын.
Сабаққа жақсы қатысып,
Алғанымыз бестік болсын,
Мінгеніміз тұлпар болсын.
Сабақтың мақсаты: төрт түлліктің түрлерімен, төлдерімен, пірілерімен, дыбысшығару және пайдасымен, оларды дұрыс айтуға үйренеміз.
Осыны оқимын Слайдтарды көрсету арқылы.
Халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты.
деп айтатын дана халқымыз жылқыны өте қастерлеген. Жылқы мінсең көлік, жесең ет, қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір қазақ жанұясын біз көре алмаймыз. Сиыр жесең ет, кисең киім, айран, сүті, қаймағынсыз қазақ баласы өспейді.
Түйе малы-нағыз көлік, қымыран мен шұбаты дертке дауа. Қой шаруашылығы –Қазақстанның мал шаруашылығының басты саласы. Халқымыздың маманданған ата кәсәбі.
3-тап. Кітаптағы 105-бет. Оқып етістіктерді тұйық етістікке айналдыру.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Төменде берілген етістіктерді тұйық етістікке айналдырып жаз.
Жатып, ұйықтап, көрді, кетіп, ұстап, алып, апарып, сатып, алған, өсіріп, жүр, айқайлап, жіберіп, шошып, оянып, кіріп, кетіп.
2-тапсырма. Мына тұйық етістіктерді септе және сөйлем құра.
Сөйлеу, шығу, келу, бару, алу.
Атау септік.не? сөйлеу
Ілік септік. ненің? сөйлеудің
Барыс септік. неге? сөйлеуге
Табыс септік. нені? сөйлеуді
Жатыс септік. неде? сөйлеуде.
Шығыс септік. неден? шығудан
Көмектес септік немен? шығумен
3-тапсырма. Шторкада жауаптары тұрады.
Жақша ішіндегі керекті сөздерді қойып жаз.
1. Түйе-өте (ірі, кіші) мал. 2. Қой-ең пайдалы (мал, кітап).
3. Ешкінің (сүті,суы) дәмді. 4. Жылқының сүтінен (қымыз, айран) жасайды.
5. Сиырдың майы (пайдалы, пайдасыз.)
Жауаптары:
1-ірі. 2-мал. 3-сүті. 4-қымыз. 5-пайдалы.
4-тапсырма.
Малдарды төлдерін сәйкестендіріп жаз.
Сиыр- қозы
Қой-құлын
Жылқы-лақ
Ешкі-бұзау
Түйе-бота
5-тапсырма.
Сүттен не жасайды?
Сиыр сүтінен: айран, қаймақ, құрт, ірімшік.
Жылқы сүтінен: қымыз.
Түйе сүтінен: щұбат.
Ешкі сүтінен: құрамы жағынан ананың сүтімен бірдей.
IV. Бекіту:
Сөзжұмбақ шешу. Төрт түлік деп аталады.
1. Шөлге төзімді, шұбаты сусын қандай түлік?-түйе
2. Төрт түлік қайда өседі?-өрісте
3. Екі айнасы бар, екі найзасы бар?-сиыр
4. Түйенің төлі-бота
5. Түйенің сүтінен не жасалады-шұбат
6. Баласын боташым деп қай түлік еркелетеді?-түйе
7. Тұлпар болып жүгіретін түлік-жылқы
8. Лақтың анасы-ешкі
9. Қой шөптің қай түрін жейді?-ебелек
Қандай сө з жұмбақ шықты?
V.Қорытындылау:
1. Оқушылар қандай тақырыппен таныстық?
2. Олардың түрлерін, төлдерін атаңдаршы.
3. Төрт түлік жайлы қандай мақалдар білесіңдер.
4. Төлдеріңізді қалай еркелетесіздер? –Боташым, құлыным,,қошақаным.
5. Сонымен бүгінгі тақырып түсінікті ме?
VI. Үйге.
Төрт түлік жайлы шығарма жазу.
VII.Бағалау:
Тай-4 деген баға
Тұлпар-5 деген баға.
Бүгін тай мінгендеріңіз келесі жолы тұлпар мінулеріңіз керек деген ойдамын.