Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау). 1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.2.1.1. Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану. 1.4.1.1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасау. |
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: Түстерді (ақ, қара, қызыл, сары, жасыл, қоңыр, көк) атай алады және түстерді сабақта меңгерген зат атауларымен байланыстыра қолдана алады (қызыл қарындаш, жасыл доп). |
Сабақтың ортасы (6-30) | (МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар қандай? деген сұрақ үлгісімен танысады: - Бұл қандай доп? - Қызыл доп. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы диалог негізінде қызыл сөзінің орнына ақ, қара, сары, жасыл, көк, қоңыр сөздерін қолдануға жаттығады. (МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар түстерді басқа заттармен байланыстыра қолдануды үйренеді. Берілген үлгі бойынша қарындаш, доп, текше туралы айтады. Үлгі: Бұл – қарындаш. Бұл – қызыл қарындаш. Яғни, біріншіден, оқушылар заттың атын атайды, екіншіден, оның түсін айтады. Осы тапсырмада осыған дейін үйренген дәптер, кітап, қалам сөздерін де қолдануға болады. Сергіту сәті. Ұзын құлақ, сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлерден Ықтып-ықтып жүгірді. (МК, Ұ) 3-тапсырмада мұғалім оқушыларды жаңа сөйлем үлгісімен таныстырады: Менде доп бар. Осы сөйлемдегі доп сөзін қарындаш, кітап, дәптер, қалам сөздерімен алмастырып қолдануға үйретеді. Содан кейін затты түсімен айта алуға жаттықтырады. Мысалы: Менде жасыл доп бар. Ол үшін оқушылар осы заттармен байланысты постер дайындайды. Яғни, балалар өздері қалаған заттардың (доп, кітап, дәптер, текше, қалам, шар) суретін салады, оны өздері қалаған түске бояйды. Содан кейін осы жұмыстары бойынша үйренген үлгіге қарап сөйлейді. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. | Оқулық Аудиодиск: 1.4.1.; 1.4.4. №1жұмыс дәптері |