Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Қазақ ұлттық ойындар | Мектеп: Восход ЖОББМ | |
Күні: 04.12 | Мұғалімнің аты-жөні: Жумабаев З.С. | |
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Қазақтың қозғалмалы ойындары | |
Оқу мақсаттары | 4.2.7.1. Топтық және дербес дене қимылдарында патриоттық сезімін, өзара іс қимылдар мен адал бәсекелестікті көрсету | |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар жасайалады: Топтарда қауіпсіз жұмыс істеу; Денсаулықтың негізгі аспектілерін түсіну Барлық оқушылар қозғалыс кеңістігінде толық топ ретінде қауіпсіз жұмыс істеу | |
Жетістік критерийлері | Оқушылар Жаттығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтайалады. Командалық жарыстардағы қиындықтарды жеңу қабілетін көрсетеалады Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының байланысын анықтайды. | |
Құндылықтарды дарыту | - Сыйластық. Командалық жұмысты ұйымдастыру арқылы ынтымақтастықты дамыту. | |
Пәнаралық байланыстар | «Қазақ тілі» пәнімен қарым-қатынас, студенттердің материалдарын таныстыру, дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздік техникасы Физикамен байланыс - Домалауға бейімделген спорт құралдары. (Доп. т.б.) | |
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы | Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Сапқа тұрғызу. сабақ барысын түсіндіру. Қауіпсіздік және тәртіп ережелері. дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздікті сақтау туралы презентацияны қарауға шақырылады. Техника қауіпсіздігі Сапқа тұру Жүру. Саптық жаттығулар. Ж.Д.Ж. қозғалыста Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай Оң жақ иықпен адымдап секіру Сол жақ иықпен адымдап секіру Әрбір адымда секіріп жүгіру Аяқты артқа бүгіп жүгіру Тізені жоғары қөтеріп жүгіру Ж.Д.Ж.бір орында. | Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Әр оқушыға үлкен көбік доп. Доптар: түрлі мөлшер, текстура, түс, салмақ, т.б.
|
Сабақтың ортасы |
«Түйілген орамал». Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топта біреуі «жүргізуші» болып, шеңбердің ортасына, ал қалғандары оны қоршап тұрады. Жүргізушінің «Бір, екі, үш!» деген белгісінен кейін ойыншылар алаңда бір-біріне орамалды лақтырып, жүргізушіге ұстатпауға тырысады. Ал жүргізушінің міндеті – ойыншыны қуып жетіп, иығына қолын тигізіп орамалды алу. Жүргізуші қай ойыншыдан орамалды алса, сол ойыншы жүргізуші болады. Ойын осылай жалғасады. Кез келген орамалды алып, допқа ұқсайтындай түйіп байлаңыз.Ойыншылар орамалды тек жоғарыдан береді. Осы ережені бұзған ойыншы, жүргізушімен ауысады. Ойын кезінде ойыншылар шеңберден шықпауы керек, ол үшін ойын алаңын белгілеңіз. Орамалды лақтырып беруге болады. Берілген ойында мұғалім қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударуы қажет Сұраңыз: Берілген ойында жеңіске жету үшін ойыншылар қандай дене қасиеттеріне ие болу қажет?
| |
Сабақтың соңы
| Рефлексия Талқылаулар арқылы ойындардағы әріптестік ынтымақтастықтың пайдасы мен белсенді қызметтен денсаулық үшін әлеуетті пайданы қарастырыңыз. Дене шынықтыру дайындығының қандай компоненттері осы белсенділікті дамытады? (мысалы, төзімділік, жылдамдық). Дене жүктемесі денсаулыққа пайдалы ма? | |
Рефлексия Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |