kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлы жібек жолы, 8 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Даный  урок  предназначен  для  учащихся  8  класса.  Проходит  в  форме  путешествия

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлы жібек жолы, 8 сынып»



«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Введен орта мектебі» ММ
























Хусаинова Ботагөз Ауесханқызы


Туған жылы: 24 қазан 1968 жыл

Білімі: жоғары - З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ (2003 жыл)

Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Еңбек өтілі: 27 лет

Санаты: І















«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Введен орта мектебі» ММ





Сабақтың тақырыбы:



( Ашық сабақ)



Хусаинова Б.А.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаламі




2015-2016 оқу жыл




Сабақ өткізуші: 

Біліктілігі жоғары деңгейдегі

бірінші санатты

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Хусаинова Ботагөз Ауесханқызы

Күні:  ......

Сыныбы: 9 “Б”   

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Жібек жолы»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Оқушыларды Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру.Ұлы Жібек жолының маңызын,халықтар бірлігі мен мәдениетінің өзара алмасуына әсерін сезіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту.

2.Тәрбиелік:Отанын,елін сүю,қазақ тарихын білуге тәрбиелеу

3.Дамытушылық:Шығармашылық ойлау қабілетін шындау, қиялдарын байытып,сөздік қорын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Түрі:саяхат сабақ

Көрнекіліктер:дербес компьютер-1,бейнепроектор-1,ActivBoard, АctivPen, Pover Point бағдарламасының слайд,дәмдеуіштер, карта,үлестірмелі қағаздар,жануарлардың суреттері,қайшы, әр түсті қағаз.

Ойынның шарты:

Әр топ белгілі бір түстермен берілген әріптермен «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген сөз құрастырылады. Әрбір тапсырманы орындаған соң жеңіске жеткен топ өз әріптерін Еуразия картасына орналастыру қажет.Саяхат соңында «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген атау шығады және қай түстегі әріптер картада көбірек болса,сол топ жеңіске жеткен болып саналады.

Жоспары тақтада:

ҰӘңгіме тыңдап, дала жануарлары мен құстардың атауларын жазу

ЛЖол, сауда, базар, ақша жөнінде мақал-мәтел

Ықала (Испиджаб) -анықтауыштық қатынас жасау

ЖТауарларын өткізу

Іқала (Тараз) – картадан көне қалаларды көрсету

Б“Дұрыс- бұрыс” ойыны

Еқала (Отырар) –ою қию

К“Сергіту сәті”

Жқала (Баласағұн) – каточкамен жұмыс

О“Сөз тудыру” ойыны

Лқала (Яссы, Түркістан) – дәмдеуіштерді анықтау

ЫҰлттық ойын ережесін таныстыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) Сәлемдесу

Ә) Сабаққа назар аудару: мақсаты мен саяхаттың шартын жариялау.


ІІ. Жаңа сабақ:

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Жаздың ыстық күндері сырттай қарағанда даладан ешбір тіршілік нышанын байқай алмайсың.Анда- санда бұта түбінен пыр етіп ұшқан бозторғай мен аспанда қалықтаған бүркіттен басқа ештеңе көзге түсе қоймайды. Сонымен қатар даланың нағыз сәні- дуадақ.

Шөл даланы мекендейтін тасбақа, кесіртке, тышқан, саршұнақ, қоян сияқты жануарлар азықтың құрамындағы ылғалмен сусындайды. Құлан, бөкен ,сияқты желдей жүйрік жүретін жануарлар суды жер-жерді шарлап,

іздеп,тауып ішеді.

Тапсырма:Мұғалімнің әңгімесін тыңдап, дала жануарлары мен құстардың атауларын жаздыру.


2.Бір көпестің саудасапарын орта ғасырлық Шығыс ақыны Фирдауси былай деп суреттейді:

Таңдаулы мыңға жуық түйе тізген,

Жүк артқан келе жатыр бай керуен.

Жүз жирен түйесіне дирхем артқан,

Тағы да қырық түйе динар артқан.

Мускус пен таңдаулы алой теңдері бар,

Қызықтырып сәндікпен жібектер сал.

Осыларды Шын мен Мысыр, Иран сатып,

Керуенге ерген отыз түйе алған артып (Анисимов Сергей )

-Иә, керуен жолдары,базар алаңдарындағы сауда мен ақша айналасы

бізге тек ақындар мен жазушылардың шығармалары арқылы ғана емес, өмірден түйген ойлары халық даналығы - мақал- мәтелдер түрінде де жеткен.

Әлем айнасы –Шығыс базарларында түрлі халықтардың өкілдері бір-бірімен түсінісу үшін тілмаштарың көмегіне жүгінген. « Жеті жұрттің тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген мақал осы кезеңнен туындаған болса керек.

( мұғалім сөзі)

Тапсырма: Олай болса, «жол, базар,сауда,ақша жайлы» мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндігімізді сынап көрелік. ( үй тапсырмасы)


3. Біздің ХҮІІІ ғ дейін өмір сүрген - бұл қала тарихи –археологиялық нысанның бірі ретінде « Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына енді.Ірі

қалалық орталық болған бұл қала 629 жылы Сюань Цзянның сапарнамасында

«Ақ өзен бойындағы қала» ретінде аталады.( Бандоля Максим)

Тапсырма: Анықтауыштық қатынас жасаңдар.

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ


4.Ұлы Жібек жолында қызықты жайлар көп,бастысы базарлар еді. Шығыста

базар басты тіршілік орталығы болып табылды.Тіпті көшелер де базарға келіп тірелетін. Базардан небар тауардың түрін кезіктіруге болатын: шыны, жібек, айна, ыдыстар,әр түрлі тастар, кілемдер, алтын- күміс әшекейлер,

жасмин суы... Бұлардың бәрін санап, атау мүмкін емес еді. Таңның атысымен көпестер өз тауарларын жайғастырып, осыншама заттарын тұтынушыға жеткізу үшін мақтай жөнеледі.(Вигель Лариса)


Сіздерге мынадай ТАПСЫРМА: кез келген 2 тауарды таңдап алып, оны

сатып алатындай етіп мақтауларың қажет.(Көшбасшыларға)


5. Бұл қала жазба деректерде VI ғ. Бастап белгілі. VII ғ. Өзінде -ақ қала Ұлы Жібек жолының торабындағы орталық ретінде маңызды роль атқарған. Қала

алдымен Түргеш,кейін Қарлұқ қағанатының орталығы болған.( Никитина Юля)

Картамен жұмыс : көне қалаларды көрсету


6. Көпестердің тауарларының ішінде экзотикалық хош иісті заттар –жасмин суы,амбра иіс майы,кардомон астатымы,мұсқат жаңғақтары, сонымен қатар женьшень , дәрі - дәрмек, киім- кешек, бояулар, бағалы асыл тастар, қару- жарақ, т.б. заттар болған. Шығыс қалалары Батыс пен Солтүстікте кездесе беремейтін дәмдеуіштерімен атақты еді. (Ильницкая Александра)

ТАПСЫРМА: « ДҰРЫС- БҰРЫС» ойыны – 66 бет (оқулық)


7. Керуен жолдарының түйіскен жерінде орналасқан бұл қаланы VIII ғ. Араб

географы Якут «Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд» деп атаған. (Таня Дунаева)

Мұндай Отырарлық тәрізді өркениет із түзсіз кетпейді. Мамандардың есептеуі бойынша мұнда ширек миллион халық тұрған. Базар алаңдарында жиналған әр түрлі халықтың киімдерінде өзіндік ерекшеліктер де болған.

(Дыкин Артем)

ТАПСЫРМА: ТАРАТЫЛҒАН ТҮСТІ ҚАҒАЗДАН ОЮ ҚИЮ.

СЕРГІТУ СӘТІ!

8. Қаланың аты алғаш рет салжұқ уәзірі Низам әл- Мулуктің дерегінде аталады. Х ғ. Аяғында Әл- Макдисидің дерегі бойынша « игі жақсылығы көп үлкен елді- мекен»дейді.

1218 ж. Бұл қаланы моңголдар соғыссыз басып алады, «Гобалық»- «жақсы қа-

ла» деген атау алады. (Щетинин Денис)

ТАПСЫРМА: « СӨЗ ТУДЫРУ» ойыны.

ТАПСЫРМА: карточкамен жұмыс.-Марат пен Дениске

Карточка

Екі бағанадан мағыналық жағынан тіркесе алатын сөздерді табыңдар:

Экономикалық қосады

Ықпал жолы

Үлес етті

Сауда байланыс

Жалпы дәуіріміз

Біздің ұзындығы


9. Бұл қала ХVI-XVIIIғ. Қазақ хандарының резиденциясы болған

Бұл қалада сопылық жолмен жүрген, белгілі ақын, дін уағыздаушысына

ХIVғ. оның мүрдесінің үстіне Әмір Темір Бұйрығымен ұлағатты кесене

салынды. (Вигель Лариса)

ТАПСЫРМА: Дәмдеуіштерді анықтау.

10. Біз тағы да қаланың жұмыс орталығы базар алаңына келіп жеттік. Базарда

тек сауда жасалып қоймай, жылдамдықты, ептілікті шыңдайтын сайыстар өткізіліп отырды. (мұғалім)

ТАПСЫРМА: « Жұмбақ сұрақтар»- топтар бір- біріне сұрақ қояды.


ІІІ. Қорытынды: -Саяхат соңында «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген атау шығады

және қай түстегі әріптер картада көбірек болса, сол топ жеңіске жеткен болып саналады.

IV. Бағалау

Үй тапсырмасы: 65 бет 5 тапсырма –жоспар бойынша әңгімелеңдер.
































Ойынның шарты:

Әр топ белгілі бір түстермен берілген әріптермен «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ»

деген сөз құрастырады. Әрбір тапсырманы орындаған соң жеңіске жеткен топ өз әріптерін Еуразия картасына орналастыру қажет. Саяхат соңында «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген атау шығады және қай түстегі әріптер картада көбірек болса, сол топ жеңіске жеткен болып саналады.



Сабақтың жоспары:


Ұ – Әңгіме тыңдап, дала жануарлары мен құстардың атауларын жазу

Л – Жол, сауда, базар, ақша жөнінде мақал-мәтел

Ы – қала (Испиджаб) -анықтауыштық қатынас жасау

Ж – Тауарларын өткізу (көшбасшылар)

І – қала (Тараз) – картадан көне қалаларды көрсету

Б – “Дұрыс- бұрыс” ойыны

Е – қала (Отырар) –ою қию

К – “Сергіту сәті”

Ж – қала (Баласағұн) –

О– “Сөз тудыру” ойыны

Л – қала (Яссы, Түркістан) – дәмдеуіштерді анықтау

Ы – Ұлттық ойын ережесін таныстыру







Карточка

ТАПСЫРМА:Екі бағанадан мағыналық жағынан тіркесе алатын сөздерді табыңдар:

Экономикалық қосады

Ықпал жолы

Үлес етті

Сауда байланыс

Жалпы дәуіріміз

Біздің ұзындығы



Карточка

ТАПСЫРМА:Екі бағанадан мағыналық жағынан тіркесе алатын сөздерді табыңдар:

Экономикалық қосады

Ықпал жолы

Үлес етті

Сауда байланыс

Жалпы дәуіріміз

Біздің ұзындығы





Тапсырма: Анықтауыштық қатынас жасаңдар.

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ


Тапсырма: Анықтауыштық қатынас жасаңдар.

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ



Тапсырма: Анықтауыштық қатынас жасаңдар.

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ

... ЖОЛ ... ЖОЛ ... ЖОЛ

Сабаққа өзіндік талдау жасау

«Введен орта мектебі»ММ

Сабақ өткізуші: Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хусаинова Ботагөз Ауесханқызы

Күні:  ......

Сыныбы: 9 “Б” 

 Пәні: Қазақ тілі

Оқушы саны_8_

Сабаққа қатысқаны__8_____

Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Жібек жолы»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Оқушыларды Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру.Ұлы Жібек жолының маңызын,халықтар бірлігі мен мәдениетінің өзара алмасуына әсерін сезіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту.

2.Тәрбиелік:Отанын,елін сүю,қазақ тарихын білуге тәрбиелеу

3.Дамытушылық:Шығармашылық ойлау қабілетін шындау, қиялдарын байытып,сөздік қорын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Түрі:саяхат сабақ

Мұғалім пікірі

Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?

Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.

Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?

Саяхат сабағы. Сабақта Ұлы Жібек жолымен саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды.

Бұл сабақ – жаңа сабақты меңгерті.

Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?

А) білімділік: Оқушыларды Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру.Ұлы Жібек жолының маңызын,халықтар бірлігі мен мәдениетінің өзара алмасуына әсерін сезіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту.

Ә) дамытушылық: Шығармашылық ойлау қабілетін шындау, қиялдарын байытып,сөздік қорын дамыту.

Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?

Бұл алған міндеттер байланысып бірін - бірі толықтыры тұрды.

Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?

Ұлы Жібек жолымен саяхат жасай отырып, оқушыларды көне қалаларды білуге жетелеп, жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсәлдермен, ойындар өткіздім.

Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс

болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?

Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.

Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.

Ш.А. Амоношвилидің “Ойын арқылы оқыту”, В.В. Давыдовтың “Дамыта оқыту”, сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, сын есімнен өткенді қайталауда оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды”.

Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?

Әрбір қалаға саяхат жасай отырып, Щетинин Денис пен Мухамедқалиев Марат сияқты ойын жеткізуге қиналатын оқушыларға жеке тапсырма берілді, себебі саяхатқа ілесу үшін үлестірмелі арнайы карточка таратылды.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)

Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар қала-қаладан түскен тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.

Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?

Сабақта дербес компьютер-1,бейнепроектор-1,ActivBoard, АctivPen, Pover Point бағдарламасының слайд,дәмдеуіштер, карта,үлестірмелі қағаздар,жануарлардың суреттері,қайшы, әр түсті қағаз.пайдаланды.

Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.

Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және намысшылдыққа, ұйымшылдыққа, қазақ тарихын білуге тәрбиелеу Отанын,елін сүйуге тәрбиеленді. Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін көрсету басшылыққа алынды.

Үй тапсырмасын беру

Үйге : 65 бет 5 тапсырма –жоспар бойынша әңгімелеу берілді.

Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?

Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.

Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?

Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Саяхат сабақта ойын “ Сөз тудыру”, “Дұрыс- Бұрыс”,“Жұмбақ сұрақтар”

сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ұлы жібек жолы, 8 сынып

Автор: Хусаинова Ботагоз Ауесхановна

Дата: 24.03.2017

Номер свидетельства: 402880

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "?лы жібек жолы, ма?ызы "
    ["seo_title"] => string(26) "u-ly-zhibiek-zholy-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "205177"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429809233"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Конспект по казахскому языку по тему "Ұлы Жібек жолы""
    ["seo_title"] => string(59) "konspiekt_po_kazakhskomu_iazyku_po_tiemu_u_ly_zhibiek_zholy"
    ["file_id"] => string(6) "448637"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515485023"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ұлы Жібек жолы 6 сынып"
    ["seo_title"] => string(24) "uly_zhibek_zholy_6_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "563055"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1605032519"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ұлы Жібек жолы 7 сынып"
    ["seo_title"] => string(26) "u_ly_zhibiek_zholy_7_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "414116"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494415641"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Ұлы Жібек жолының мәдениет дамуындағы алатын орны"
    ["seo_title"] => string(56) "u_ly_zhibiek_zholynyn_m_dieniiet_damuyndag_y_alatyn_orny"
    ["file_id"] => string(6) "376372"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483859231"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства