Пән: Қазақ тілі Бөлімі:Сәулет Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы: | 16 сабақ.Түбір және туынды сөз |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату 3.3.6.1кеңжолдыдәптердебасәріппенкіші әріптіңбиіктігіменмөлшерінсақтапкөлбеу,үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету. |
Сабақтың мақсаттары: | Оқушылардың барлығы: түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды; кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады. |
Оқушылардыңкөбі: туынды сөздердің құрамына ажырата алады; кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады; |
Оқушылардыңкейбірі: туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады; кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады |
Бағалау критерийлері | негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату |
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер Шіл, өнерпаз, дәріхана, сазгер, құрылысшы, отыншы, аспаз, ұстаз Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: 1. Түбір сөз дегеніміз не? 2. Қосымшаның түрлерін ата 3. Туынды сөз қалай жасалады? |
Құндылықтар | Арыстан баб кесенесі туралы мағлұмат беру арқылы өз еліне деген патриоттық тәрбие қалыптастыру. |
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, интерактивті тақта. |
Бастапқы білім | Оқушыларда сөздің құрамы, түбір сөздер туралы білімі бар. |
Сабақ барысы |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 1-5 минут 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал Балалар, сабаққа дайынбыз ба? Онда, қане, көңіл-күйімізді реттеп алайық. Армысың, алтын күн! Армысың, жақсы дос! Бос өтпей әрбір күн Білімге білім қос! | |
Сабақтың ортасы 5-35 минут 5 минут 5-7 минут 1минут 10 минут | 3.4.2.1(МК; Ө; ЖЖ) Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату Мәтінді түсініп оқы. Түбір сөздерді тап. Шіл – үй кептерінен сәл үлкендеу сұр түсті құс. Үсті – басында қара, қоңыр, қызғылт, ақшыл дақтар мен жолақтары көп. Құйрығы қысқа әрі дөңгелене біткен. Төбесінде қозғалып тұратын қауырсын айдары бар. (ЖЖ) Сөздерді оқы. Олардың қайсысы түбір сөз, қайсысы туынды сөз екінін айт. Жазушы, өнер, ек, ертең, жарыс, сарғыш, іскер, ертеңгі, көңілді, іс, егін, жаз, балапан. (ЖЖ) Сөйлемдерді көшіріп жаз. 1.Өнерпаз болсаң, арқалан. 2. Шәмші Қалдаяқов – сазгер. 3.Дәріханада дәрі көп. Қарамен жазылған туынлы сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстыр. Мағыналарын түсіндір. Туынды түбір сөз бен негізгі түбір сөздің айырмасы қандай? (Ө) Мәтінді оқы. Ерлан жасынан тіл алғыш. Үлкендерге еліктегіш. Киімдері мен оқулықтарына ұқыпты. Үстіне кір жуытпайды. Әрқашан кітапханадан шықпайды. (Ө) Өлеңді мәнерлеп оқы. Бақыт деген не? Құрылысшы: - Халыққа жылы үй салу! Отыншы: - Үйлердің отын жағу! Дәрігер: - Жұрт денсаулығын сақтау! Аспаз: -Дәмді етіп тамақ баптау! Ұстаз: - Балаға тәлім беру! Шәкірт: - Білімнің дәнін теру! Туынды сөздерді тауып, сөз құрамына талда. Бұл сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстыр. Мағыналарын түсіндір. | Қима қағаздар |
Қорытынды бөлім 35-40 минут 5 минут | Қорытынды Рефлексия. Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы №2, ешнәрсе түсінбедім деген оқушы №3 суретті көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды. Үйге тапсырма: Мақалды оқып, жатқа жаз. Білімдіден ақыл шығар, Ақылды қарттан нақыл шығар. Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талда. | |
Қосымша ақпарат |
Саралау -оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қиюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Тапсырма көлемі бойынша саралау, сұраулы сөйлемдерді топтастыру барысында; Үй тапсырмасы бойынша мүмкіндігіне қарай таңдау | Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу Жазба жұмысын «Бағалау бағдаршамы» негізінде ұйымдастыру Өзін-өзі бағалау кестесі | Белсенді қимыл іс-әрекеттер, сергіту сәтін ұйымдастыру. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |