6 сыныпқа арналған "Тұйық буын" сабақ
            
                Просмотр содержимого документа
                
                «Тұйық буын.»
            
            
                                                              Сабақтың тақырыбы:  Тұйық  буын.
  Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
                                       тұйық буынды   түсіндіру, сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;
                                        ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,  
                                       қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын  
                                       қалыптастыру;
                                        б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді   
                                       құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;
  Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы
  Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жұптық  жұмыс, жұбыңды тап
  Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік,  кеспелер
  Пәнаралық байланыс: орыс тілі
  Күтілетін  нәтиже: тұйық буынды  меңгеру, қазақ тілі сабағы  жөнінде өз пікірін айта    
                                     білу;
  Сабақтың  барысы:
            І. Ұйымдастыру  бөлімі
  - Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі
           ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру
  1 – тапсырманы сұрау. Сөйлемдерін тексеру.
           ІІІ. Жаңа  сабақ
   1 – тапсырма. «Қазақ тілі сабағы» мәтіні бойынша жұптық жұмыс.
       1. мәтінді оқиды
       2. мәтін бойынша сұрақ құрайды
       3. мәтінді мазмұндайды
       4. көршісінің жауабын бағалайды
  2 – тапсырма. Бірінші бағандағы сөздерді екінші бағандағы сөздермен мағынасына қарай  
                           сәйкестендіріңіз.  
  3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді буынға  бөліп жазып, ашық және тұйық буындарды  
                           табу.             
           «Жұбыңды тап» ойыны ( кеспелерден сөз тіркесін құрау)
       | қазақ тілі | мәтінді | жасаймыз | шешеміз | 
  | оқимыз | талдау | мақал-мәтелдерді | мәтін | 
  | өлең | жұмбақтар | сабағы   | аударамыз | 
  | жаттаймыз | сөйлейміз | түсіндіреміз | қазақша | 
 
   
       ІV. Бекіту бөлімі
  Сұрақтар  қою арқылы  бекіту.    
                V. Үйге тапсырма
  Тақырып бойынша  5 сөйлем жазу.
                VІ. Бағалау бөлімі
  Сабаққа қатысы бойынша  бағалау.   
                VІІ. Сабақты  қорытындылау