Просмотр содержимого документа
«"Төрт түлік" 5 сынып»
ҰМЖ:4 - бөлім “Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі”
“ Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп – балабақша” КММ
5- сынып, қазақ тілі
Карибаева Гулбану Каниевна
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар орындай алады:«Төрт түлік» тақырыбы бойынша
Барлық оқушылар орындай алады:
Көп мағыналы және омоним сөздерді сөздерді қолдана алады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіндіегі негізгі ойды анықтап, сұрақтарға жауап береді
Кейбір оқушылар орындай алады:мәтінге сәйкес құрылған жоспар негізінде әңгіме құрастырады
Бағалау критерийлері:
Көп мағыналы немесе омоним сөздерді табады
Диалог құрастыра алады.
Хат,хабарландыру құрастыра алады
Оқу мақсаты: 5. Т/А46 коммуникативтік жағдаятқа сай, көп мағыналы сөздерді еркін қолданып, диалогқа даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру; 5. Ж2. жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу
Алдыңғы оқу
Қазақ өміріндегі төрт түліктің қадірін біледі.
Төрт түлік туралы өлең,тақпақ,жұмбақ біледі
Талқылауға арналған сұрақтар :
Төрт түлікке не жатады?
Қазақ халқы неге малды қастерлеген?
Қазақта қандай жануарларды асырамаған?
Құндылықтарға баулу: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, төрт түлік қастерлеуге, еңбексүйгіштікке баулу
Пәнаралық байланыс : қазақстан тарихы,әдебиет
Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
«Шаттық шеңберін құру»
Мейірімді жүрекпен, (жүректерін ұстайды)
Ақ пейілді тілекпен, (қолдарын көкке көтереді)
Амандасып алайық, (бір-бірінің қолдарын ұстайды)
Бір жадырап қалайық . (бір-біріне қарап күлімдейді)
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық ! (бас бармақтарын көрсетеді)
Сабақтың басы
Топқа бөлу
2. Төрт түлік суретін таңдау арқылы, оқушылар 4 топқа бөлінеді
1-Топ : Шопан ата
2-Топ : Зеңгі баба
3-Топ : Қамбар ата
4-Топ : Ойсыл қара
Қызығушылығын ояту
Оқушыларға төрт түлік туралы жұмбақтар жасырылады.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар.
Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар.
Апан-апан ескі шапан
Иір қобыз
Жарық жұлдыз.
Бағалау: «Бас бармақ» әдісі
Үй тапсырмасын тексеру: Қазақстанда тіршілік ететін жануарлар туралы эссе.
Сабақтың ортасы
С.
Миға шабуыл: арқылы өткенге шолу жасалады (топ мүшелері осындай сұрақтар қою арқылы)
1.Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не?
2.Омоним сөздерге мысал келтір?
3.Көп мағыналы сөздерге мысал келтір?
Бағалау: смайликтер беру
ТЖ
4 – тапсырма мәтін. Топ мүшелеріне мәтін беріледі.
Мәтіндегі сөздермен жұмыс: Омоним туралы түсіндіру. Мәтіннен іріктелген сөздерге омоним сөздер бере отырып, омоним сөздердің мағынасын түсіндіру.
1-топ. Мәтіннен алынған сөздердің омонимін тауып түсіндір, әрқайсысына сөйлем құрап көр: ат, ақ, бас, ауыр, бөл, от, жас, қыс, тән, мал, қанат, қала, т.б..
2-топ. Мәтіннен алынған сөздердің синонимін тауып жаз: төзімді, ұшар басы, бағалы, жер бетіндегі, сусымалы, өзіне тән т.б.
3-топ.Тақырыпқа байланысты хат, хабарландыру құрастырады
ҚБ « Шапалақ» әдісі
С.Ж
«Допты лақтыру» Балалар бір-біріне доп лақтырады.Допты алған адам төрт-түлік туралы мақал мәтел айту керек.Мысалы:Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір.Ер қанаты-ат, Семіздікті қой ғана көтереді, Ат жаманы-сүріншек,ет жаманы-шеміршек, Ат тұяғын тай басар.т.б
ҚБ
« Шапалақ» әдісі
Сергіту сәті
Ж.Ж «Сезімнен шыққан өлең» әдісін қолданыңыз. 1.Белгілері қандай? (жуас, момын мал, үй жануары)
2. Қандай пайдасы бар? (жүнінен түрлі мата жасалады, терісінен былғары илейді)
3. Немен қоректенеді: жеміс-жидекпен, мал етімен, сұйық затпен.
ҚБ. «Кесте арқылы» бағалау
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
Рефлексия
«Блоб» ағашы
Сіз өзіңіздің бүгінгі сабақта түсінгеніңізді қаншалықты
бағалайсыз. Блоб ағашынан
өзіңізді таңдап белгілеңіз.
Қосымша мәлімет
Бағалау
Белсенді оқу
Саралау
Оқушыларды бағалау қол шапалақтау, бағдаршам арқылы жүзеге асады.
Көп мағыналы немесе омоним сөздерді табады
Белсенді оқыту, саралау, критериалды бағалау тиімділігін қолдана отырып, оқушылардың білімін ілгерілету, қажеттіліктерін қанағаттандыру
Диалог құрастыра алады.
Хат,хабарландыру құрастыра алады
«Блоб» ағашы
Сіз өзіңіздің бүгінгі сабақта түсінгеніңізді қаншалықты бағалайсыз. Блоб ағашынан