kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ДҮНИЕТАНУ, 1- сынып, Сабақ тақырыбы: Күн тәртібі

Нажмите, чтобы узнать подробности

ДҮНИЕТАНУ 1- сынып Сабақ тақырыбы: Күн тәртібі Оқу мақсаты: Барлық оқушылар:күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіну; Оқушылардың басым бөлігі:.өз жеке күн тәртібін құрy. Кейбір оқушылар:өз жеке күн тәртібін әңгімелеп береді. Қосымша тапсырмалар: Шығармашылық жұмыс жүргізуге тапсырма беріңіз. Бұл суретпен берілген фоторепортаж немесе күн тәртібі болуы мүмкін екенін айтыңыз. Жаза алатын оқушылар үшін тапсырманы жазбаша орындауға беруге болады. Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану. «Кеңес бер» тапсырмасы «Адам» тарауымен байланысты. Математика. Жұмыс дәптеріндегі «Менің күнім» тапсырмасында оқушылар ұйқыға, серуендеуге және т.б. қанша сағат жұмсалатынын есептейді. Тірек сөздер: таң – утро – morning; күн – день – day; кеш – ночь – evening; күн тәртібі – режим дня – daily schedule; демалыс күні – выходной – weekend. Ресурстар: Қораптағы сағат, «КҮН» сөзі, «Т, Ә, Р, Т, І, Б, І» қима әріптері, М.Тынышбаев, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, И.Ильиннің портреттері бар таныстырылым, топ санына қарай күн тәртібі кезеңдері бейнеленген суреттер, әрқайсысына бір жағы қызыл, екінші жағы жасыл түсті дөңгелек сигнал белгілері салынған А3 парақтары. Сабақтың мақсаты: 1.1.2.4 күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру. Сабаққа байланысты деректі материалдар: Денсаулық сақтау мен нығайту шарттарының бірі– мүлтіксіз орындалатын күн тәртібі. Күн тәртібін сақтау кез-келген жұмысты анағұрлым жеңілдетеді, денсаулықты сақтау үшін адам ағзасының барлық мүмкіндіктерін көбірек қолдануға мүмкіндік береді. Күн тәртібі – бұл тәулік бойы қызмет пен демалыстың барлық түрлерін тиімді бөлу. Күн тәртібін сақтайтын адамдар көбірек іс тындырып,аз шаршайды. Күн тәртібі адамды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жауапкершілікке үйретеді. Бұған әйгілі адамдардың қызмет жетістіктері дәлел болады. Мысалы: қазақтың алғашқы теміржолшы-инженері Мұхаметжан Тынышбаев (1879 ж. 12 мамыр – 1937 ж. 21 қараша); ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров (1946 ж. 27 шілде) және Талғат Мұсабаев (1951 ж. 7 қаңтар); зілтемірші Илья Ильин (1988 ж. 24 мамыр) – екі мәрте олимпиада чемпионы (Пекин – 2008, Лондон – 2012). Оқыған және жұмыс істеген жылдары олар жұмыс және күн тәртібін сақтауға үйренді, соның нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізе алды. Күн тәртібінің негізгі элементтерінің бірі ұйқы болып табылады. Ұйқы – біздің өміріміздің қажетті бөлшегі. Ол ой мен денеге табиғи жолмен демалуға және өз қызметін қалпына келтіруге көмектеседі. Дұрыс ұйқы жұмыс қабілеттілігінің маңызды шарты. Күнде бір уақытта ұйқыға жатып, тез ұйықтап қалу әдетін қалыптастырған дұрыс. Ұйқының ұзақтығын қадағалау қажет: кіші сынып оқушылары ауасы тазартылған бөлмеде кем дегенде 10 сағат ұйықтауы қажет. Олай болмаған жағдайда қатты шаршайды, жүйке жүйелері бұзылады сыныптағы оқушылардан артта қалады. Егер зорығу созылмалы болса, ол баланың өсуіне және дамуына, жалпы денсаулығына кері әсер етеді. Сабаққа қатысты ескертпелер: Сабақты тосын сыйдан бастаңыз. Алдын ала сағат салынған қорап дайындаңыз. Оқушылар қорапта не бар екенін білмеуі тиіс. Оларға «құпиясы» бар қорапты көрсетіңіз және ішінде не бар екенін сұраңыз. Оқушылар оны жұмбақтың көмегімен табады: «Уақытты өлшеп, санап, таппайды бір тағат. Бұл не?» Оқушыларға бұл құпияның әуенін тыңдатыңыз. 1-2 оқушыға қораптағы сағаттың тықылын тыңдатыңыз. Бүкіл сыныппен «тық-тық» әуенін хормен айтқызуға болады. Оқушылар қорапта не бар екенін тапқаннан кейін сағатты көрсетіңіз және сағаттың не үшін қажет екенін сұраңыз. Сағаттың көмегімен уақытты өлшейді. Бұл сабақта бір күнгі уақытты ненің көмегімен дұрыс бөлуге болатыны туралы айтылатынын хабарлаңыз. Әңгіме құрастыр. Оқушыларға бұдан әрі барлық іске үлгеру үшін уақытты бағалай біліп, уақыт құпиясын түсіну маңызды екенін хабарлаңыз. Уақыттың негізгі құпиясын білгісі келетіндігі туралы сұраңыз. Сынып қабырғасында шашыратып ілінген «Т, Ә, Р, Т, І, Б, І» әріптері, тақтада «КҮН» сөзі ілініп тұр. Оқушылардың сөзді жинап, хормен оқуын сұраңыз. Күн тәртібі туралы не білетінін сұраңыз. Оқулықтың 6-бетіндегі мәтінді оқыңыз. Оқушылар оқулықтың «Әңгіме құра» тапсырмасындағы суреттерге қарасын және Асланның күн тәртібі туралы әңгімелеп берсін.Орындап көр. Оқушылардан қайсысының күн тәртібін сақтайтынын сұраңыз. Күн тәртібі не үшін қажет екенін өз сөздерімен түсіндірсін. Тақырыпты бекіту үшін топта осы айдардың тапсырмасын орындатуға болады. Оқушылар бұл жерде өз күн тәртібін құрып көреді. А3 көлеміндегі парақтарды, күн тәртібінің кезеңдері бейнеленген суреттер жинағын топтарға таратып беріңіз. Таймер орнатыңыз. Белгі бойынша жұмысты аяқтап, барлық плакаттарды «сөйлейтін» қабырғаға бекітіп қойыңыз. Оқушылар барлық плакаттарды қарап шықсын. Күн тәртібі сәттерінің орналасуында айырмашылық байқалса, сол топқа өз плакаттарын түсіндіруге және қорғауға сөз беріңіз. Жұмысты өз бетімен істеудің маңызды екенін естеріне салыңыз. Тайм-менеджмент сақтай отырып, бірлесе жұмыс істеу сабақтың тәрбиелік тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Оқушыларға уақытты құрметтеу қажетігін естеріне салыңыз. Оқушылар күн тәртібін сақтағанда барлық іске үлгеруге болатынын түсінуі қажет. Кеңес бер. Оқулықтықтағы «Кеңес бер» тапсырмасының суретін қарауды ұсыныңыз. Сұрақтарды оқыңыз. Осындай жағдайды кімнің кезіктіргенін сұраңыз. Оқушылар жұпта балаларға осындай жағдайға тап болмас үшін қалай көмектесу қажеттігі туралы кеңес ойлап тапсын. 1-2 жұптың жауаптарын тыңдап, олардың жауаптарын «келісемін», «келіспеймін» деп белгілесін. «Сен білесің бе?» айдарындағы мәтінді оқыңыз. Менің демалыс күнім. Кейіпкердің сүйікті істері туралы «Нехочуха» мультфильмінен үзінді көрсетіңіз. Аптаның қай күндерінде аттракциондар паркіне, киноға баруға болатынын сұраңыз. Оқулықтағы «Менің демалыс күнім» тапсырмасын орындау үшін «Әңгіме құрастыр» тапсырмасындағы суреттерге тағы да қарап шығып, баланың күн тәртібінде не өзгеретіні туралы жауап беруін сұраңыз. Содан кейін бір-екі сөзбен өздері демалыста немен айналысатынын айтсын. Оқулықтағы демалыс күні туралы мәтінді оқыңыз. Сабақтың қорытындысы: Сабақ қорытындысын шығарған кезде уақыттың ең басты құпиясы – күн тәртібін сақтау қажет екенін естеріне салыңыз. Барлық оқушыларды шеңбер құрып, күн тәртібі туралы қандай шешім қабылдағанын қысқаша айтып берсін. «Сөйлейтін қабырғаға» назар аудартып, «Біз тәртіпті қалаймыз, күн тәртібін сақтаймыз!» деген сөздерді хормен айтқызыңыз. Бағалау Оқушылар – күн тәртібі туралы айта алады; – жұмыс және демалыс уақытын дұрыс бөле алады. Оқушылар – күн тәртібін құрастыруды үйренді; – күн тәртібін сақтау маңыздылығын түсінді. Бағалау үшін «Дұрыс жауабын таңда» тапсырмасын ұсыныңыз. Оқушылар сигнал белгісі түріндегі дөңгелектерді пайдаланып, жауаптардың дұрыстығын бағалайды: жауап мағынасы жағынан дұрыс болғанда дөңгелектің жасыл жағы, дұрыс емес болғанда қызыл жағы көрсетіледі. Күн тәртібі тек балаларға ғана қажет. Мен күн тәртібін сақтаймын. Демалыс күні күн тәртібін сақтау қажет емес. Сағат онға дейін ұйықтау қажет. Демалыс күні – бұл ойнайтын және көңіл көтеретін күн. Қорытынды бағамдау 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ДҮНИЕТАНУ, 1- сынып, Сабақ тақырыбы: Күн тәртібі»

Астана қаласы

81 «Astana English school» гимназиясының

Бастауыш сынып мұғалімі

Аштаева Гулжан Махановна




ДҮНИЕТАНУ 1- сынып

Сабақ тақырыбы: Күн тәртібі

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіну;

Оқушылардың басым бөлігі:.өз жеке күн тәртібін құрy.

Кейбір оқушылар:өз жеке күн тәртібін әңгімелеп береді.

Қосымша тапсырмалар: Шығармашылық жұмыс жүргізуге тапсырма беріңіз. Бұл суретпен берілген фоторепортаж немесе күн тәртібі болуы мүмкін екенін айтыңыз. Жаза алатын оқушылар үшін тапсырманы жазбаша орындауға беруге болады.

Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану. «Кеңес бер» тапсырмасы «Адам» тарауымен байланысты.

Математика. Жұмыс дәптеріндегі «Менің күнім» тапсырмасында оқушылар ұйқыға, серуендеуге және т.б. қанша сағат жұмсалатынын есептейді.

Тірек сөздер: таң – утро – morning; күн – день – day; кеш – ночь – evening;

күн тәртібі – режим дня – daily schedule; демалыс күні – выходной – weekend.

Ресурстар: Қораптағы сағат, «КҮН» сөзі, «Т, Ә, Р, Т, І, Б, І» қима әріптері, М.Тынышбаев, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, И.Ильиннің портреттері бар таныстырылым, топ санына қарай күн тәртібі кезеңдері бейнеленген суреттер, әрқайсысына бір жағы қызыл, екінші жағы жасыл түсті дөңгелек сигнал белгілері салынған А3 парақтары.

Сабақтың мақсаты: 1.1.2.4 күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар: Денсаулық сақтау мен нығайту шарттарының бірі– мүлтіксіз орындалатын күн тәртібі. Күн тәртібін сақтау кез-келген жұмысты анағұрлым жеңілдетеді, денсаулықты сақтау үшін адам ағзасының барлық мүмкіндіктерін көбірек қолдануға мүмкіндік береді. Күн тәртібі – бұл тәулік бойы қызмет пен демалыстың барлық түрлерін тиімді бөлу. Күн тәртібін сақтайтын адамдар көбірек іс тындырып,аз шаршайды. Күн тәртібі адамды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жауапкершілікке үйретеді. Бұған әйгілі адамдардың қызмет жетістіктері дәлел болады. Мысалы: қазақтың алғашқы теміржолшы-инженері Мұхаметжан Тынышбаев (1879 ж. 12 мамыр – 1937 ж. 21 қараша);

ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров (1946 ж. 27 шілде) және Талғат Мұсабаев (1951 ж. 7 қаңтар); зілтемірші Илья Ильин (1988 ж. 24 мамыр) – екі мәрте олимпиада чемпионы (Пекин – 2008,

Лондон – 2012). Оқыған және жұмыс істеген жылдары олар жұмыс және күн тәртібін сақтауға үйренді, соның нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізе алды.

Күн тәртібінің негізгі элементтерінің бірі ұйқы болып табылады. Ұйқы – біздің өміріміздің қажетті бөлшегі. Ол ой мен денеге табиғи жолмен демалуға және өз қызметін қалпына келтіруге көмектеседі. Дұрыс ұйқы жұмыс қабілеттілігінің маңызды шарты. Күнде бір уақытта ұйқыға жатып, тез ұйықтап қалу әдетін қалыптастырған дұрыс. Ұйқының ұзақтығын қадағалау қажет: кіші сынып оқушылары ауасы тазартылған бөлмеде кем дегенде 10 сағат ұйықтауы қажет. Олай болмаған жағдайда қатты шаршайды, жүйке жүйелері бұзылады сыныптағы оқушылардан артта қалады. Егер зорығу созылмалы болса, ол баланың өсуіне және дамуына, жалпы денсаулығына кері әсер етеді.

Сабаққа қатысты ескертпелер:

Сабақты тосын сыйдан бастаңыз. Алдын ала сағат салынған қорап дайындаңыз. Оқушылар қорапта не бар екенін білмеуі тиіс. Оларға «құпиясы» бар қорапты көрсетіңіз және ішінде не бар екенін сұраңыз. Оқушылар оны жұмбақтың көмегімен табады: «Уақытты өлшеп, санап, таппайды бір тағат. Бұл не?» Оқушыларға бұл құпияның әуенін тыңдатыңыз. 1-2 оқушыға қораптағы сағаттың тықылын тыңдатыңыз. Бүкіл сыныппен «тық-тық» әуенін хормен айтқызуға болады. Оқушылар қорапта не бар екенін тапқаннан кейін сағатты көрсетіңіз және сағаттың не үшін қажет екенін сұраңыз. Сағаттың көмегімен уақытты өлшейді. Бұл сабақта бір күнгі уақытты ненің көмегімен дұрыс бөлуге болатыны туралы айтылатынын хабарлаңыз.


Әңгіме құрастыр. Оқушыларға бұдан әрі барлық іске үлгеру үшін уақытты бағалай біліп, уақыт құпиясын түсіну маңызды екенін хабарлаңыз. Уақыттың негізгі құпиясын білгісі келетіндігі туралы сұраңыз. Сынып қабырғасында шашыратып ілінген «Т, Ә, Р, Т, І, Б, І» әріптері, тақтада «КҮН» сөзі ілініп тұр. Оқушылардың сөзді жинап, хормен оқуын сұраңыз. Күн тәртібі туралы не білетінін сұраңыз. Оқулықтың 6-бетіндегі мәтінді оқыңыз. Оқушылар оқулықтың «Әңгіме құра» тапсырмасындағы суреттерге қарасын және Асланның күн тәртібі туралы әңгімелеп берсін.Орындап көр. Оқушылардан қайсысының күн тәртібін сақтайтынын сұраңыз. Күн тәртібі не үшін қажет екенін өз сөздерімен түсіндірсін. Тақырыпты бекіту үшін топта осы айдардың тапсырмасын орындатуға болады. Оқушылар бұл жерде өз күн тәртібін құрып көреді. А3 көлеміндегі парақтарды, күн тәртібінің кезеңдері бейнеленген суреттер жинағын топтарға таратып беріңіз. Таймер орнатыңыз. Белгі бойынша жұмысты аяқтап, барлық плакаттарды «сөйлейтін» қабырғаға бекітіп қойыңыз.

Оқушылар барлық плакаттарды қарап шықсын. Күн тәртібі сәттерінің орналасуында айырмашылық байқалса, сол топқа өз плакаттарын түсіндіруге және қорғауға сөз беріңіз. Жұмысты өз бетімен істеудің маңызды екенін естеріне салыңыз. Тайм-менеджмент сақтай отырып, бірлесе жұмыс істеу сабақтың тәрбиелік тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Оқушыларға уақытты құрметтеу қажетігін естеріне салыңыз. Оқушылар күн тәртібін сақтағанда барлық іске үлгеруге болатынын түсінуі қажет.

Кеңес бер. Оқулықтықтағы «Кеңес бер» тапсырмасының суретін қарауды ұсыныңыз. Сұрақтарды оқыңыз. Осындай жағдайды кімнің кезіктіргенін сұраңыз. Оқушылар жұпта балаларға осындай жағдайға тап болмас үшін қалай көмектесу қажеттігі туралы кеңес ойлап тапсын. 1-2 жұптың жауаптарын тыңдап, олардың жауаптарын «келісемін», «келіспеймін» деп белгілесін.

«Сен білесің бе?» айдарындағы мәтінді оқыңыз.

Менің демалыс күнім. Кейіпкердің сүйікті істері туралы «Нехочуха» мультфильмінен үзінді көрсетіңіз. Аптаның қай күндерінде аттракциондар паркіне, киноға баруға болатынын сұраңыз. Оқулықтағы «Менің демалыс күнім» тапсырмасын орындау үшін «Әңгіме құрастыр» тапсырмасындағы суреттерге тағы да қарап шығып, баланың күн тәртібінде не өзгеретіні туралы жауап беруін сұраңыз. Содан кейін бір-екі сөзбен өздері демалыста немен айналысатынын айтсын. Оқулықтағы демалыс күні туралы мәтінді оқыңыз.

Сабақтың қорытындысы: Сабақ қорытындысын шығарған кезде уақыттың ең басты құпиясы – күн тәртібін сақтау қажет екенін естеріне салыңыз. Барлық оқушыларды шеңбер құрып, күн тәртібі туралы қандай шешім қабылдағанын қысқаша айтып берсін. «Сөйлейтін қабырғаға» назар аудартып, «Біз тәртіпті қалаймыз, күн тәртібін сақтаймыз!» деген сөздерді хормен айтқызыңыз.

Бағалау

Оқушылар

– күн тәртібі туралы айта алады;

– жұмыс және демалыс уақытын дұрыс бөле алады.

Оқушылар

– күн тәртібін құрастыруды үйренді;

– күн тәртібін сақтау маңыздылығын түсінді.

Бағалау үшін «Дұрыс жауабын таңда» тапсырмасын ұсыныңыз. Оқушылар сигнал белгісі түріндегі дөңгелектерді пайдаланып, жауаптардың дұрыстығын бағалайды: жауап мағынасы жағынан дұрыс болғанда дөңгелектің жасыл жағы, дұрыс емес болғанда қызыл жағы көрсетіледі.

Күн тәртібі тек балаларға ғана қажет. Мен күн тәртібін сақтаймын.

Демалыс күні күн тәртібін сақтау қажет емес. Сағат онға дейін ұйықтау қажет.

Демалыс күні – бұл ойнайтын және көңіл көтеретін күн.

Қорытынды бағамдау

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ДҮНИЕТАНУ, 1- сынып, Сабақ тақырыбы: Күн тәртібі

Автор: Аштаева Гулжан Махановна

Дата: 03.01.2017

Номер свидетельства: 375134

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "ДҮНИЕТАНУ, 1- сынып, Сабақ тақырыбы: Менің үйім"
    ["seo_title"] => string(46) "duniietanu_1_synyp_sabak_tak_yryby_mienin_uiim"
    ["file_id"] => string(6) "375139"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483457962"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Тақырыбы: "Күн тәртібі""
    ["seo_title"] => string(21) "tak_yryby_kun_t_rtibi"
    ["file_id"] => string(6) "455039"
    ["category_seo"] => string(19) "okruzhayushchiy-mir"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1517891530"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Дүниетану пәні. Сабақ тақырыбы: Адамдар не үшін еңбек етеді? 3- сынып"
    ["seo_title"] => string(66) "dunietanu_p_ni_sabak_takyryby_adamdar_ne_ushin_enbek_etedi_3_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "480268"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1539190607"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Та?ырыбы: Т?рт т?лік"
    ["seo_title"] => string(20) "tak-yryby-tort-tulik"
    ["file_id"] => string(6) "320883"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461164940"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Тақырыбы: Адамдар ғарышты қалай зерттеді?"
    ["seo_title"] => string(45) "tak_yryby_adamdar_g_aryshty_k_alai_zierttiedi"
    ["file_id"] => string(6) "454794"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517811697"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства