kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таңдаған мамандығы туралы түсінік. Сөйлеу.Әңгіме.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мамандықты қалай таңдау керек?

кім болғың келеді?» – бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Міне, сенің де қай мамандықты таңдайтының және оны таңдаған кезде қателеспеу керек екенін ойлайтын кез келді. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.

.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таңдаған мамандығы туралы түсінік. Сөйлеу.Әңгіме.»

Күні: Пәні: Кәсіби қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Таңдаған мамандығы туралы түсінік. Әңгіме, сөйлеу.

Сабақтың мақсаты : а) Мамандық туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптасты

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа ауда

ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Мамандық туралы оқушылардың білімдерін тексеру

б) Мамандықты қалай таңдау керек?

кім болғың келеді?» – бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Міне, сенің де қай мамандықты таңдайтының және оны таңдаған кезде қателеспеу керек екенін ойлайтын кез келді. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.

Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп ал. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.Кәсіби қызметтің нәтижесі – кез келген жұмыстың негізі. Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Әрине, мамандық таңдағанда маманға тек қана білімі мен іскерлігі ғана емес, сондай-ақ оның қабілеті мен жеке қасиеттерін дамыту деңгейі жағынан да қандай талаптар қойылатынын білу маңызды.Мұндай ақпараттарды қайдан алуға болады? Өз мамандығы туралы кәсіби маман ғана жақсы айтып бере алады. Мамандық таңдау алдында кез келген жасөспірім белгілі бір мамандықтың иесі болып табылатын ересек адамдардың қасында болады. Олардың өз мамандықтары туралы қызықты әңгімелері жасөспірімді қызмет саласындағы белгілі бір қызығушылықты дамытудың себепкері болуы мүмкін.

Сонымен қатар, мамандарды  ЖОО-да, колледждерде, техникумдарда және басқа да мамандарды дайындайтын кәсіби оқу орындарынан табуға болады. Олармен қалай кездесу керек? Ең қарапайым тәсіл – ашық есік күндеріне келіп, өзіңді қызықтырған факультет деканатының, кафедраның қызметкерлерінен тиісті ақпарат алу. Сонымен қатар, ЖОО-ның кәсіби қызмет туралы, сол мамандық бойынша оқудың ерекшеліктері туралы нақты ақпарат бере алатын қызметкерлерімен жеке кездесу жөнінде келісуіңізге болады.

Енді таңдалған мамандықтың бағыты туралы түсінік. Бірнеше мамандық бойынша осындай түсінік алып, өзіңе не ұнайтынын, ненің ұнамайтынын, немен сәттілікке жететініңді, немен жете алмайтындығыңды шешесің. Мамандықтар туралы ақпаратты қаншалықты көп жинасаң, өлшесең, соғұрлым таңдауың нақты және түсінікті болады.

Мамандық таңдаудың тиімді тәсілдерінің бірі – мектептегі демалыс уақытында кәсіпорындарда тәжірибеден өту. Бұл тәсіл мамандық туралы шынайы түсінік алуға мүмкіндік береді.

Айтпақшы, сен өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдамас бұрын тағы да бір өте маңызды сұраққа жауап беруге тиіссің: «Бұл жұмыс маған не береді?». Көпшілігі жоғарғы еңбекақы алғылары келеді. Шындығында, кейде ол да жұмыстан адам күткендей қуаныш сыйламайды, өйткені адамға даму, жаңашылдыққа ұмтылу тән. Өзгеріске деген ұмтылысың қаншалықты күшті болса, соншалықты тұлғалық және кәсіби өсу үшін өз жұмысыңнан мүмкіндіктерді көп табасың.

Ал мамандық алып, кәсіпті игеру үшін оқу орнын таңдау керек екені түсінікті. Бұл жерде неге назар аудару керек? Кез келген оқу орнының басты құндылығы оның оқытушылық құрамы болып табылады. Мамандарды қалай дайындап шығаратындықтары оның кәсіби шеберлігіне байланысты екендігі саған белгілі. Сабақ кестелерімен де танысқан жөн. Оларда көрсетілген пәндер, сондай-ақ олардың әрқайсысына бөлінген сағат сандары аталған факультет ұсынатын білімнің көлемін бағалауға мүмкіндік береді. Оқу процесінің техникалық және материалдық жабдықталуына да (кітапхана, компьютерлік сыныптар, арнайы жабдықталған бөлмелер және т.б.) назар аударған жөн. Студенттердің, әсіресе осы оқу орнының түлектерінің пікірін тыңдау керек.

Мамандық таңдау – қиын және еңбекті қажет ететін іс және сіз қаншалықты ізденсеңіз, нәтижесі де соғұрлым жақсы болады. Мамандық әлемімен танысуды 5-6 сыныптан бастаған тиімді.

Есте сақтаңыз! Адам жан дүниесінің қалауына сай келетін салада табысқа жетеді. Сондықтан мамандықты таңдағанда немен айналысқан қызықты, немен айналысқанда жан рахатына бөленесіз, соған назар аударған жөн.

Мамандық – бұл сіздің ақылмен сүретін өміріңіз. Өзіңізді қызықтырған саланы қорғай біліңіз және сонымен бірге өзіңіз де дамыңыз, сонда ғана биікке жетесіз!

Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша сұрақтар қою

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : «Он маман» атты өлеңді жаттап келу




Күні: Пәні: Кәсиби қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мамандықтың негізгі топтары

 Мамандық тықтың негізгі топтары

         Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру.

         Міндеттері:

-         Кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туралы түсінік беру;

-         Кәсіптік бағдар беру;

-         Кәсіптік мамандықтарға деген ынта-ықыластарын анықтау және т.б.

Сабақ түрі: тренинг.

Тренингке қатысушылар: 2 курс студенттері

Тренинг ережелері:

1. Сыйластық;  2. Тыңдай білу;  3. Сөзді бөлмеу;  4. Белсенділік таныту;  5. Шығармашылық;  6. Төзімділік;  7. Түсіністік қарым-қатынас.

         Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақ парақтар, мамандық аттары жазылған карточкалар, доп, түрлі түсті парақтар, ақ ватман.

         Әдіс-тәсілдері: түсіндірме жұмыстар, психологиялық тест, сауалнама, дидактикалық ойындар.

         Сабақ барысы:

         1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, қатысушыларды 3 топқа бөлу.

         «Танысу» жаттығуы. Шарты: кез келген оқушыға бір мамандықты атап, допты лақтырамын. Қағып алған оқушы, жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті айтады. Мысалы: Мұғалім – механик, т.б. Ойын осылай жалғаса береді.

         2. Негізгі бөлім. Кіріспе.

         Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдарымен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалу, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң, т.б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзің, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген адам сұрақ қоймайтын кем де кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Осы көп салалы мамандықтарға әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.

         Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативттік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.

         «Әріпті мамандық» ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр-сырын айту керек.

         1 топ: «А», 2 топ: «Л», 3 топ: «М».

         «Болашақтан хат» жаттығуы.

         Кіріспе әңгімелесу:

         Балалар! Сендер есейіп, мектепті аяқтап, жан-жаққа қанат қағып, ұшатын кездерің де болады. Іштеріңде көптеген балалар болашақта кім, қандай маман иесі болатынын әлден біледі. Және кейбіреулерің әлі де кім болатындарын білмейді.

         Мен барлығыңның армандарыңның орындалғандарын қалаймын, ал енді мына нәрсені ойласайық. Үлкен білім әлеміне алғаш есікті айқара ашатын адам туралы сыр шертейік. Иә, әрине ол ұстаз. Кейде біреулер мектепті бітіреді де мұғалімін ұмытып кетіп те жатады. Мен сендерді өз мұғалімдеріңді ұмытпайды, хат жазып тұрады деп ойлаймын.

         Ал бүгін алғашқы хатты жазып, жаттығып көрейік. Ол үшін сендер өздеріңді мектеп бітіріп қойдым, ересекпін, қызметім бар, жеке өмірім бар деп елестетіңдер.

Жоспары:

         1. Амандасу.

         2. Өзі туралы әңгімелесу.

         3. Кәсібі туралы.

         4. Қоштасу.

         Бұл жұмыс өте қызықты. Тек тапсырмаға шығармашылықпен қатысуға тырысу керек.

         «Мамандықты тап» ойыны.

         Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.

         Хатшы. Мұғалім. Кітапханашы. Бухгалтер. Банк қызметкері. Слесарь. Сатушы. Дәнекерлеуші.

         Суретті тест. Тренингтен алған әсерің.

         Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерің, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.

         Күннің суреті – тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.

         Жаңбырдың суреті – ешқандай әсер алмағаны.

         Қорытындылау.



Күні: Пәні:Кәсиби қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы : Менің әріптесім. Монолог құрастыру.

Сабақтың мақсаты : а)Әріптес сөзінің мағынасын ашу, қазақ тілі тамыры терең, тарихы бай тіл екендігі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық ,жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Менің әріптесім

Сонда мен сабақ беріп қана қоймай ,өз әріптестеріме көшбасшы болумен қатар мектептің дамуы үшін үлес қоса алатын үлкен әріппен жазылатын МҰҒАЛІММІН,яғни КӨШБАСШЫМЫН.Ол менің қолымнан келетініне ешқандай шүбәм жоқ.Мектеп аясында ғана байланыс жасамай желілік қоғамдастық арқылы қаншама мұғаліммен байланысқа шығып,ойларымызды бөлісіп,идеялар ұяшығына ой қосып ,әрдайым дамуда боламыз.Адамгершілік тұрғысынан әріптес,дос ,пікірлес адамдар тауып, көптеген ортақ істердің шешімін табамыз.Сөйлеу емес,ой қозғау,байланыс жасау, даму деген үдерістердің аясы кеңейеді.Тіптен әрбір тасталған идеяның әрқайсысы өзінше құндылыққа ие .Мен ой тыңдау ,метатану,стратегия, идея тастау,сыни ойлау үдерісінің баланы оқытуда аса маңызды екенін түсініп қана қоймай ,қолдана алатын жағдайдамын.Бұрын өз—өзіме ойша сұрақ қойып, жауап іздеп ойланатынмын ,ал енді осы үдеріске шәкірттерімді күнделікті сабақ сайын қайталанатындай дағдыға айналдырып,табыс критерийлерімен жетелеп,кері байланысты (рефлексия) орнататыныма сенімдімін .Сабақ сайын «оқушы үніне»құлақ түремін

.Әл Фараби жазғандай ,,Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.,,Ал шын мәнінде бұл сөздер ықылым заманнан жазылса да мағынасын жоймаған,КӨШБАСШЫНЫҢ сипаттамасы.Выготский танымдық қабілетті дамытудағы өзара әрекеттестіктің маңызын бәрінен бірінші етіп қояды,мен қазір өз мектебімнен жалғыз болсам да ізденгіш ,сыни ойлай алатын мұғалімдер бірігіп ,үлкен әскер сияқты бола аламыз деп ойлаймын.Оған теориялық білімім жеткілікті.Cебебі мектепте жаңалыққа жаны құмар ұстаз қаншама көп,біз бірігеміз ,шешім қабылдап ,іс-әрекеттер жасаймыз.21 ғасырда заманауи ойлау ,зерделілік дағдыларын дамыту тұрғысынан оқушылардыңоқу тәжірибесін өздеріне нұқсан келтірмей асқан шеберлікпен саралай отырып,іс-әрекетжасау қажет.Бірлескен оқу ,бірлескен іс әрекет соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетугеықпал балатын әрекеттер құрылымы болып табылады.

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма : Жаңа сөздер жаттау.





Күні: Пәні:Кәсіби қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Менің жұмыс орным. Бақылау жмысы

Сабақтың мақсаты : а)Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыр

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,қосымша материалдар т.б.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Менің жұмыс орны

Жұмыс орны – жұмыс істеушінің (жұмыс істеушілер тобының) өндірістік міндеттерін орындауына бейімделген орын. Жұмыс орны негізгі және көмекші жабдықтармен‚ технологиялық және ұйымдық жарақтармен қамтамасыз етілуге тиіс. Мұны Жұмыс орнынын жарақтандыру деп атайды. Негізгі жабдықтарға Жұмыс орнында ұдайы тұратын станоктар‚ агрегаттар‚ машиналар; көмекші жабдықтарға транспортерлер‚ рольгагтер‚ арбалар және еңбекті жеңілдететін басқа да қондырғылар жатады. Технологиялық жарақ – өлшеу‚ кесу аспаптарынан‚ көмекші және басқа аспаптардан құралады. Ұйымдық жарақ бейімдемелерді‚ аспаптарды‚ көмекші материалдарды‚ босалқы бөлшектер мен құжаттарды‚ дабыл мен байланыс‚ күтім жасау құралдарын‚ қоршау‚ қорғаныш және басқа құрылғыларды қамтиды. Жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыру, яки басы артық‚ қолайсыз немесе орындалуы қиын қимыл жасамай‚ күш пен уақытты барынша аз жұмсай отырып‚ өнімділігі жоғары еңбек жағдайын жасау еңбек өнімділігін арттырудың басты шарты болып табылады. Жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыруда оны еңбек құралдарымен және заттарымен қамтамасыз етудің‚ Жұмыс орнына қызмет көрсету желісін жасаудың маңызы елеулі. Жұмыс орнындағы өндірістік орта мен еңбек процесінің барлық факторлары‚ қызметкерлердің еңбек қызметі барысында денсаулығы мен еңбек ету қабілетіне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторлар кешенді түрде бағаланады. Бұл Жұмыс орнын аттестаттау деп аталады. Ол, негізінен, кәсіпорын қайта құрылғанда‚ жаңа техника мен технология енгізілгенде‚ шикізат пен материалдардың жаңа түрлері пайдаланылғанда, еңбек жағдайы мен сипаты өзгергенде, ұйымдық-технологиялық шараларды жүзеге асыру есебінен еңбек жағдайы жақсартылғанда, жалдаушының немесе оған уәкілетті органның‚ кәсіподақ комитетінің немесе еңбек ұжымының басқа сайланбалы органының‚ кәсіпорын қызметкерінің бастамасымен өткізілуі мүмкін. Жұмыс орнын аттестаттау үшін арнаулы аттестациялық комиссия құрылады. Ол қажетті құқықтық‚ нормативтік-анықтамалық базаны тұжырымдайды‚ оны зерделеуді ұйымдастырады; мүдделі органдармен (еңбек жағдайының сараптамасымен‚ сан.-эпидемиол. қызметпен‚ еңбек инспекциясымен) және кәсіподақ органдарымен өзара іс-қимылды айқындайды; аттестатталуға тиіс Жұмыс орныдарының тізбесін жасайды; орындаушылардың барлық кезеңдерде жүргізілетін жұмысының барысына ұйымдық‚ әдістемелік басшылық пен бақылауды жүзеге асырады; Жұмыс орнының техология және ұйымдастырылу деңгейінің жобалық құжаттарға‚ еңбек қауіпсіздігінің стандарттарына‚ құрылыс және санитарлық ережелерге сай келуіне өндірістік баға береді; зиянды және қауіпті өндірістік факторларды зерттеулердің көлемін айқындайды және оларды жүргізеді; Жұмыс орнының ұйымдық-технологиялық деңгейін бағалау картасын‚ Жұмыс орнындағы еңбек жағдайының картасын және Жұмыс орнын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау әдістемесінде көзделген басқа да құжаттаманы жасайды. Жұмыс орнын аттестаттау нәтижелері бойынша қызметкерлері ерекше еңбек жағдайына байланысты жасы бойынша зейнетке шығуға құқығы бар Жұмыс орныдарының‚ өндірістердің‚ кәсіптер мен қызметтердің‚ қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін қызметкерлеріне үстеме ақы төленетін Жұмыс орныдарының‚ өндірістердің‚ кәсіптер мен қызметтердің‚ Жұмыс орныдарын еңбек қорғау ережелері мен нормаларына сай келтіру мақсатында оларды оңтайландыру жөніндегі ұйымдастыру-тех. шаралардың тізбесі жасалады.
 

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Монолог жаттау.



Күні: Пәні: кәсібиқазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты : а)Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру; б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру — өндіріске жүйелі тірде үздіксіз енгізілетін ғылым мен озат тәжірибе жетістіктері негізінде материалдық еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылуын, еңбек өнімділігнің үздіксіз артуын, адамның денсаулығын сақтауды, еңбекті бірте-бірте ең бірінші өмірлік қажетке айналдыруды қамтамасыз етеін шаралардың жиынтығы. Еңбекті ғылми ұйымдастырудың негізінде кәсіпорында, оның бөлімшелерінде және жұмыс орындарында жұмыс күші мен еңбек құралдарын мейлінше тиімді пайдалану қамтамасыз етіледі. Еңбекті ғылми ұйымдастыру әрбір кәсіпорында өндіріс мәдениетінің жоғары болуын, ауыр еңбектің жойылуын, кңбек жағдайының мықтап жақсаруын, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық жағынан қолайлы жағдай жасалуын талап етеді.

Жалпы түсініктеме

Ғылми-техникалық революция жағдайында жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға және маман жұмысшыларды даярлауға жұмсалатын шығын үздіксіз артып отырады. Сондықтан еңбекті ғылми негізінде ұйымдастырудың маңызы артады.
Социалист кәсіпорындарда Еңбекті ғылми ұйымдастыру В.И.Ленин белгілеген принциптіктеориялық қағидалар негізінде дамытып отырды. Еңбекті ғылми ұйымдастырудың міндеттерін тұжырымдай келіп: «... біздің Тейлор системасын және еңбек өнімділігін арттырудың американдық ғылми системасын бүкіл Ресейге таныстырумыз тиіс, бұл системаны жұмыс уақытын қысқартумен ұштастыруымыз қажет, еңбекші халықтың жұмыс күшіне ешқандай нұқсан келтірместен [[өндірістің және еңбек ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін пайдалануымыз керек», - деді.
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру – комплексті, сан қырлы процесс. Ол өндірістің барлық сатысын – жұмыс орнынан бастап тұтасынан алғанда, кәсіпорынға де»інгі бүкіл аралық буындарды қамтиды. Мұндағы Еңбекті ғылми ұйымдастыруқамтитын мәселелрді негізінен техника-экономикалық және әлеуметтік мәселелер деп екі топқа біріктіруге болады. Техника-экономикалық міндеттер еңбекөнімділігін арттыру, техниканы тиімді пайдалану, материал мен еңбекті барынша үнемдеп, жұмыстың көлемі мен түрлерін ұлғайту, атқарылатын жұмыстың санын арттыру, еңбектің үрдіс қарқындылығын қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды. Ал әлеуметтік міндеттерге еңбекті ең бірінші өмірлік қажеттілікке айналдыру, жеке адамды жан-жақты жетілдіру, еңбектің мән-мағынасын және тартымдылығын арттыру, қолайлы еңбек жағдайын жасау және оның мәдениетін көтеру, адамдарды еңбекке деген саналы көзқараста тәрбиелеу және творчестволық инициативаны кең өрістеу мәселелері кіреді.

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Мәтінді орысшаға аудару..





Күні: Пәні:Кәсіби қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Ғылыми- зерттеу орталықтары

Сабақтың мақсаты : Білімділігі: қазақ тілі пәнінен алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету, ,талдауға баулу.

Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық, өнегелік ортасын қалыптастыру.

Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, дидактикалық материалдар.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Ғылыми-зерттеулер орталықтары

Ғылыми-зерттеулер орталықтары ғылыми негізге сүйене отырып, тиімді әрі дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Қазіргі таңда біздің елімізде жұмыстарының бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, зерттеулер жүргізу салалары мен аумағы әртүрлі көптеген ғылыми-зерттеу институттары бар. Олар қоғамымызға қажет және қазіргі заманда олардың маңызы өте зор, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгінгі күні солардың ішінде біздің еліміздің әскери қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігін арттыру мақсатында зерттеулермен айналысатыны ? Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы (ӘСЗО). Аталмыш орталық 2008 жылы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылды. Біз бұған дейін хабарлағанымыздай, аталмыш орталық әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғаныс қабілеттілігін зерттеу саласында тәуелсіз зерттеу институты ретінде қызмет етеді. ӘСЗО-ның Стратегиялық зерттеу департаментінің жетекші ғылыми қызметкері Алуа Жолдыбалинаның пікірінше, негізінен сараптама жасау орталықтары феномен ретінде өз дамуын АҚШ-тан бастау алады. Аналитикалық орталықтар ғылыми негізге сүйене отыра, тиімді әрі дұрыс шешім қабылдауға көмектесіп, мемлекеттің әр саласын дамыту жөнінде өз ұсыныстарын айтады. Мемлекетте осындай орталықтардың құрылуы елдің ішкі және сыртқы қауіптерінен туындайды. «Ғылыми зерттеулер орталықтары Қазақстанда 90-шы жылдардың басынан дамып келеді. Олар осы уақытқа дейін мемлекеттегі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларға қатысты сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыруда. Қазақстан, сондай-ақ өзге мемлекеттер де өз дамуы жағынан әртүрлі өзгерістерден өтеді. Сол себепті ғылыми негізделген саяси шешімдер қабылдауға мүмкіндік беру, мемлекеттің даму стратегиясын қалыптастыруға қатысу, шұғыл саяси мәселелер бойынша ұсыныстар айту, мемлекеттік бағдарламаларға баға беру, үкіметке мамандарды даярлау, азаматтық қоғамның дамуына әсер ету, халықтың саяси сауаттылығына әсер ету үшін Қазақстанда осындай орталықтарды дамыту қажет», - деді А.Жолдыбалина. «Өз кезегінде, біздің орталық тікелей әскери салада әскери құрылыс пен ғылыми-техникалық үдерісті одан әрі жетілдіру үшін әскери-ғылыми базасын құрумен айналысады. Ол әртүрлі зерттеулер жасап, біздің еліміздің әскери қауіпсіздігін және қорғаныс қабілеттілігін арттыруға үлкен үлес қосуға талпынады. Біздің ұйым жас болғанымен, алға қойған мақсаттары зор», - деп атап өтті ол.

Жаттығумен жұмыс: 17-жаттығу. Үлгіні пайдаланып,бірнеше мәтін түрін жазыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсін

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Диалог құру.



Күні: Пәні: Кәсіби қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.


ә) Жаңа сабақты түсіндіру;

Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.

Ағайындар

Құнанбай аға сұлтан болды да, өзгелерінің қатарынан озғындап кетті. Онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. Әрі қолы ұзын малды. Сөзге жүйрік мінезбенен іске де алғыр. Осының бәрі өз ортасын бойымен басып жыға беруге себеп болатын. Бірақ, Құнанбайдың мықты жері тобықты іші болса,әлсіз жері де осы тобықтының ішінде. «Құс қанатымен ұшып,құйрығымен қонады». Сол қанаты мен құйрығы-ел ішінде өзі тұстас ру басылар. Осы Байсал, Бөжейлер.

Осылар соңғы бір жыл бойында бұрынғыдай ашық-жарқын емес. Іштей Құнанбаймен аңдысып қалған сияқты. Оны Құнанбай біледі. Бірақ, осындай қын қосарына ілестірсе болғаны. Түбі ,бәрінің де бағатын таразысы –ел. Сол елдің алдында байлауды Құнанбаймен бірге байласқан. Осылар болған соң жетті. Күйсе Құнанабайлармен бірге күйеді. Ал, ішінде не жатыр, оны білмейді. Олай болса, Құнанбайдың да сырты бұлардың ішін білмеген,елемеген кісі тәрізді болатын.

Бөжей-қалың жігітектің адамы. Бұрын орталарынан Кеңгірбайдай теріс азу,мықты биі шыққан ел. Бертінде ұрыншақ, қолшыл болып және барымташы ,жортуылшы жігіті көп шықты. Шетінен сөзуар жігітек. Байсал да сондай мол ру көтібақтың тұрғысы. Бұл, әсіресе, мал көбейтіп, жерді мол қамтуға тырысатын,көптігіне сеніп, анау-мынаудан онша ағайынды елдер ішінде ең азы-бөкеншінің кісісі. Мал, дүниеге шағыны да осылар. Бөкеншінің кірмелеу туысы-борсақ. Жаңағы бұлар сөз қылған Қодар-сол борсақ болатын.

Құнанбай болса ырғызбай руынан. Бұл бас жағына келгенде жігітектен де,көтібақтан да аз. Бірақ әрі малды,әрі көптен бері тобықтыны билеп –төстеп келе жатқан ауылдар.

Мұхтар Әуезов (207 сөз)


Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.


Үйге тапсырма : қайталап келу.



Күні: Пәні: Кәсіби қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Еңбек жолы қарсаңында

Сабақтың мақсаты: білімділік –оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін бағалау,біліктілік деңгейлерін байқау; дамытушылық – оқушының пәнге қызығушылығын арттыру,білім алуға деген саналы көз қарастарын,танымдық,ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру,өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру; тәрбиелік – іс-әрекет,мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге,өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау,дамыта оқыту,тест,сұрақ-жауап,топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар,кеспе қағаздар,бағалау парақтары,тапсырмалар жазылған көрнекі плакаттар.

Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі: а) кабинет жағдайы(кабинет ауасының тазалығы,бордың болуы); ә) оқушыларды түгелдеу,журналға белгі соғу; б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Кіріспе бөлім. Еңбек жолы қарсаңында

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында елге еңбек сіңірген бірнеше азаматтар бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан түрлі сыйлықтар алды. Биылғы бас марапат Олжас Сүлейменовке бұйырды. Бұған дейін бірнеше мемлекеттік және халықаралық марапатқа ие болған ақынның қоржыны  "Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығымен" толықты.  


"Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын" Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан Олжас Сүлейменов алды.  Татулық пен тыныштықты байлық санайтын елімізде  алғаш рет беріліп отырған бұл марапатқа Олжас Сүлейменов барлық жағынан лайықты тұлға деген баға айтылды. Ақорданың еңселі залында биік марапатқа ие болғандардың еңбектері ерекше деді Елбасы. 


НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті:

Қазақта еңбегіне қарай жемісі деген сөз бар. Мемлекеттік сыйлықтың берілуі -Тәуелсіздіктің арқасы. 

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанған тұлғалар арасында ақын Ұлықбек Есдәулетов, жазушы Смағұл Елубаев,  әнші Қарақат Әбілдина, Елбасының жастық дәуренін сомдап жүрген актер Нұрлан Әлімжанов, балетмейстер Алила Әлішева және де басқа өнер, мәдениет, ғылым қайраткерлері де бар. Марапат алғандар жүрек жарды алғыстарын да жасыра алмады. 


КАРИНА АБДУЛЛИНА, «Мюзикола» дуетінің солисі:

Дүниедегі әйел бақыты ер жігітпен тығыз байланысты. Қазақстан әйелдері үшін ең алдымен көшбасшы, отағасы, ер жігіт сіз!  Аса құрметті президент мырза! Көп рахмет сізге! 

Мереке қарсаңында президенттен құттықтау естіп, қолынан марапат алғандар Елбасы мен ел алдында қосымша жауапкершілік алдық, халық үшін маңдай терімізді  аямаймыз деген тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, Елбасымен бірге естелікке суретке түсті. Ертең олар Тәуелсіздік күніне орай өтетін салтанатты жиынға қатысады.

Сабақты қорытындылап,үй тапсырмасы беріледі.

Оқулық соңындағы сынақ тапсырмаларымен жұмыс.






Күні: Пәні: Кәсіби қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты: білімділік –оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін бағалау,біліктілік деңгейлерін байқау; дамытушылық – оқушының пәнге қызығушылығын арттыру,білім алуға деген саналы көз қарастарын,танымдық,ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру,өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру; тәрбиелік – іс-әрекет,мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге,өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау,дамыта оқыту,тест,сұрақ-жауап,топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар,кеспе қағаздар,бағалау парақтары,тапсырмалар жазылған көрнекі плакаттар.

Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі: а) кабинет жағдайы(кабинет ауасының тазалығы,бордың болуы); ә) оқушыларды түгелдеу,журналға белгі соғу; б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Кіріспе бөлім.

Жаңа өндіріс ошағы

Өткен сенбі күні Зашаған кентінде керамикалық кірпіш өндіретін жаңа зауыт салтанатты түрде іске қосылды. Байқап көрмек ниетімен қосылған конвейерден алғашқы 18 мың дана кірпіш мінсіз шықты. Дәл бүгінгі күні бұл зауытқа бәсекелес болатындай Қазақстанда өндіріс ошағы жоқ. Кірпіш жартылай құрғақ түрде тығыздау технологиясы бойынша өндіріледі. Кірпіш зауытының құрылысы өткен жылдың сәуірінде қолға алынған болатын. Зауыт өндіріс және пеш цехтарынан тұрады. Мұнда 152 адам, негізінен Зашаған ауылының тұрғындары жұмыс істеуде. 
БҚО әкімінің экономика және каржы мәселелері жөніндегі орынбасары Эльдана Сәдуақасованың айтуынша, біздің облыста тек биылғы жылы 150 мың текше метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда құрылыс материалдарына деген сұраныс өте жоғары, сондықтан кірпіш зауытының ашылуы облыстағы құрылыс кластерінің дамуына тың серпін бермек. Бір айта кетерлігі, зауыт бюджеттік ақшаға емес, жеке инвестицияларға салынған. Бұл жобаға 5 миллион доллардан астам қаржы жұмсалды. 
Зауыт өндіретін кірпіш сапасы жоғары – М150 маркадан төмен емес. Әдетте мұндай кірпіштер көпқабатты тұрғын үй құрылысына пайдаланылады. Қызыл кірпіштің салмағы 2,5 келі, 8 қуыстан тұратындықтан ол қыста жылуды, жазда салқынды жақсы сақтайды. Сондай-ақ кірпіштегі мұндай қуыстар құрылыс кезінде жұмсалатын ерітпені әрі қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бір ескерер жайт, екі қызыл кірпіш өзінің ерекше қасиеттері бойынша 3,5 силикат кірпішін алмастыра алады. 
Тілге тиек болып отырған кірпіш түрі, мынандай технологиялық тізбек бойынша өндіріледі: Зауыттан төрт шақырым жерде сазды балшық кеніші бар. Сол жерден балшық зауытқа тасымалданады, қабылдау бункеріне түсіріледі де електен өткізіледі. Кептіру барабанында балшық қажетті ылғалдылыққа жеткізіледі, содан кейін тиісті консистенцияға сай болуы үшін арнайы майдалағышқа жіберіледі. Дайын болған қоймалжың араластырғышарға жеткізіледі де, тағы да араластырылады. Содан кейін саз тығыздалады. Одан соң жартылай дайын болған шикізат- кірпіш өндіріліп шығарылады. Дайындау технологиясы қатаң сақталған жағдайда кірпіш жерге түссе де сынбауы тиіс. Келесі кезең – өнімді арнайы орауыштармен орап пешке салу. Пештің ішінде шикізат кептіріліп күйдіріледі және баппен салқындатылады. Мұндағы ең маңыздысы – күйдіру процессі: ол 1050 градус температурада 72 сағат бойы жүргізіледі. 
Жаңа зауыттың өндірістік күш-қуаты жылына 30 миллион дана кірпіш шығаруға жетеді. Биыл тәулігіне 72 мың кірпіштен шығарып, оны көп ұзамай 90 мыңға дейін жеткізу көзделуде. 



Күні: Пәні:Кәсіби қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Кәсіптік білім беру және оның тиімділігі.

Сабақтың мақсаты: білімділік –оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін бағалау,біліктілік деңгейлерін байқау; дамытушылық – оқушының пәнге қызығушылығын арттыру,білім алуға деген саналы көз қарастарын,танымдық,ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру,өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру; тәрбиелік – іс-әрекет,мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге,өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау,дамыта оқыту,тест,сұрақ-жауап,топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар,кеспе қағаздар,бағалау парақтары,тапсырмалар жазылған көрнекі плакаттар.

Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі: а) кабинет жағдайы(кабинет ауасының тазалығы,бордың болуы); ә) оқушыларды түгелдеу,журналға белгі соғу; б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Кіріспе бөлім. Кәсіптік білім беру және оның тиімділігі

Орта кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз инженер-педогогикалық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, теориялық білім негіздерін,практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер делгейін қалыптастыру. Білім мазмұны- бұл тиісті орнында жүйеге келтірілген білім, және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты. Адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс-әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды. Кез-келген шындықты бейнелеу білім болмайды. Ал адам өзін-өзі өмірдегі іс-әрекетінен, оның объективті жағдайлары мен заттарына бөліп қарайды. Адамдар болмысы тәсілдерінің өзі - олардың әлемге қатынас тәсілдерінің мақсатына сәйкес және тек басқа адамдармен қарым-қатынас арқылы жүзеге асатын нақты іс әрекеті. Тек білім мазмұны ғана іс - әрекет мақсатын теориялық жақтан дұрыс көруге мүмкіндік береді. Арнайы технологияболса ғылым негіздерін қазіргі техника, технология және өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан қарайды. Ол оқушылардың мына төмендегі мәселелерді үйренуіне мүмкіндік жасайды: тиісті өндіріс саласы мен оның даму болашағы туралы жалпы мәлімет береді; қазіргі заманғы техника, өндірісті механикаландыру мен автоматтандырудың кешенді жүйесін неғұрлым тиімді пайдалану құрылғылардың негізгі мәліметтерін, жұмыс істеу принциптерін білуді үйретеді; жаңа техника мен технологияларды, өндірісті дамытудың әлемдік деңгейдегі озық әдістерімен хабардар етеді; еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өз жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін, өндірістік санитария мен жеке гигиена ережелерін сақтауды үйретеді. Жалпы техникалық дайындық -жекелеген өндіріс салалары бойынша ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша өндіргіш күштердің дамуы, білім мен дағды жүйелері туралы хабардар етеді. Қазіргі кәсіптік-техникалық оқу орындарында «Материалтану», «Электротехника», «Техникалык сызу», «Техникалық өлшеу және дәлдік шегі» сияқты жалпы техникалық пәндер жүреді. Өндірістік окыту барысында ғылыми теорияны практикалык тәжірибе негізі арқылы оқытушылар оқушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады. Теория мен практика бірлігінде тәжірибенің айқындаушы рөлі бар. Өндірістік оқыту шеберлері мен оқушылар арасында білім, білік және дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл-әрекет, практикалық қызмет аясында кәсіби шеберлікке баулу процесі қалыптасады. Ол өндіріс орындарында немесе оқу шеберханаларында жүргізіледі. Практикалык біліктілік — еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі. Белгілі бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс-әрекет орынды тәсілдерді таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Кәсіби дағды - кез-келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы калыптасатын еңбек қызметін автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады.


Сабақты қорытындылап,үй тапсырмасы беріледі.



Күні: Пәні:Кәсіби қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі кездегі орта кәсіптік білім.

Сабақтың мақсаты: білімділік –оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін бағалау,біліктілік деңгейлерін байқау; дамытушылық – оқушының пәнге қызығушылығын арттыру,білім алуға деген саналы көз қарастарын,танымдық,ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру,өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру; тәрбиелік – іс-әрекет,мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге,өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау,дамыта оқыту,тест,сұрақ-жауап,топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар,кеспе қағаздар,бағалау парақтары,тапсырмалар жазылған көрнекі плакаттар.

Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі: а) кабинет жағдайы(кабинет ауасының тазалығы,бордың болуы); ә) оқушыларды түгелдеу,журналға белгі соғу; б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Кіріспе бөлім Кәсіптік білім

Кәсіптік даярлықкадрларды кәсіптік даярлау – білім беру жүйесінің маңызды саласы; мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, олардымамандыққа даярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша біліктіжұмыскерлерді (жұмысшыларды,қызметшілерді) даярлауға бағытталған. Кәсіптік мектепте оқу мерзімі 2 – 3 жыл, кәсіптік лицейде – 3 жыл, ал ерекше маңызды кәсіптер және бірегейжабдықтарға күтім жасауға байланысты кәсіптер бойынша – 4 жыл. Сондай-ақ, тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында,курстарда және жұмысшылар мен қызметшілерді даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылымдарда да кадрлар кәсіпке даярланады. Орта кәсіптік білім оқушыларға колледждер мен училищелерде беріледі, мұнда кәсіптік білім беру ісі арнаулы орта білім берумен ұштастырыла жүргізіледі және ол орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған. Колледжде оқу мерзімі – 3 – 4 жыл. Жалпы орта білімі бар, сондай-ақ, сабақтас мамандықтар бойынша бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар колледждерде қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша орта кәсіптік білім алады. Колледждерде тиісті лицензиясы болғанда ғана бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылады.
Экономиканың нарыққа бағдарланып қайта құрылуына байланысты мамандардың біліктілік деңгейіне, олардың кәсіптік ілкімділігіне, ептілігі мен шеберлігіне,бастамашылдығына жоғары талаптар қойылып отыр. Осыған орай кәсіптік білім беру жүйесіне ерекше назар аударылып, дағдарысқа қарсы күрес барысында оған экономикада жүргізілетін құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ететін, нарықтық сауаттылықты енгізетін “қуатты фактор рөлі” жүктелуде. 1999 ж. колледждердің мемлекттік қазыналық кәсіпорындар қатарына жатқызылуына байланысты олар ақылы оқытуға көшті, олардың тек кейбіреулері ғана мемлекттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Бұл тапсырысты тиісті мемлекттік органдар білікті жұмысшылар мен қызметшілерді даярлаудың мемлекттік бюджет есебінен іске асырылатын жоспары ретінде белгілейді. Қазіргі кезде колледждерде оқушыларға конкурстық негізде мемлекттік гранттар меннесиелер беру жолымен мамандар даярлаудың тетігі әзірленіп, тәжірибеге енгізілуде.

Сабақты қорытындылап,үй тапсырмасы беріледі.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Таңдаған мамандығы туралы түсінік. Сөйлеу.Әңгіме.

Автор: Жакиянова Айжан Кабденовна

Дата: 07.02.2018

Номер свидетельства: 455433

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(212) "Жастарды мамандыққа баулу мақсатында өткізілген «Жүз жолдың бірі - сенікі» атты кездесу-жиының б а ғ д а р л а м а с ы."
    ["seo_title"] => string(80) "zhastardy_mamandyk_k_a_baulu_mak_satynda_otkizilghien_zhuz_zholdyn_biri_sieniki_"
    ["file_id"] => string(6) "450071"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516015086"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Маманды? та?дау - жауапты ?адам. С?з тудырушы ж?рна?тар."
    ["seo_title"] => string(49) "mamandyktandauzhauaptykadamsoztudyrushyzhurnaktar"
    ["file_id"] => string(6) "289595"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454842247"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Мен та?да?ан жол "
    ["seo_title"] => string(20) "mien-tan-dag-an-zhol"
    ["file_id"] => string(6) "175992"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424348203"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "МАМАНДЫ? ТА?ДАУ -?МІРІ?НІ? БІР КІРПІШІН Д?РЫС ?АЛАУ"
    ["seo_title"] => string(45) "mamandyktandauomirinninbirkirpishinduryskalau"
    ["file_id"] => string(6) "265850"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450029976"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "мені? маманды?ым"
    ["seo_title"] => string(16) "mieninmamandygym"
    ["file_id"] => string(6) "271460"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451506751"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства