МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ ӨМІРІҢНІҢ БІР КІРПІШІН ДҰРЫС ҚАЛАУ
Ең қиын мамандық – адам боп қалу.
Мақсаты: Жеке тұлғаның сан алуан мамандықтарға деген ынта-ықыластарын анықтау, кәсіптік бағдар беру, кәсіптік білім берудің құрылымымен таныстыру
І. Ұйымдастырушылық кезең
"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" деген мағынаны білдіреді. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. (Тақырыпқа байланысты слайд көрсету)
Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлену қажеттілігі.
Өз ісінің нағыз маманы атану әркімнің де қолынан келері сөзсіз. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысына деген құлшынысы арта бермек.
Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс.
Мамандық таңдауда маңызды формула:
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК»
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ –бұл талап-тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет-қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.
ІІ. Негізгі кезең
«Мамандық туралы диалог – иә, бірақ... » жаттығуы
Ойыншылар жұпқа бөлінеді. Әр жұп өзінің бір ойыншысының келекшектегі таңдаған мамандығын алады. Өзінің таңдаған мамандығын негіздеп, «иә, бірақ ....» пікірімен диалог құрайды:
1-ші : «Маған...мамандығы ұнайды, себебі...» 2-ші : «Иә, бірақ ...» Таңдаған мамандық оның таңдаушысына қаншалықты лайық екенін кім дәлел келтіре отырып айта алады? Содан кейін рөлді ауыстырады.
Талдау : шеңбер бойында талдау. Өткізілген диалогтың әсері.
«Қолтырауын» жаттығуы
Топ екі командаға бөлінеді. Біріншісі - қандай да бір мамандықты жасырады, екіншісі өзінің ойыншысын бірінші командаға жібереді. Олар оған жасырған мамандығын айтады. Ал ол болса тек ыммен және ишарамен оны бейнелеп көрсетеді , ал оның командасы қандай мамандық екенін түсінуге тырысады. Командалар кезекпен мамандықты анықтайды.
Талдау : Тапсырманы орындауға не көмектесті және оны орындауда не қиындық келтірді?
Келесі орындалатын жаттығулардың мақсаты: өз көзқарасын дәлелді түрде айтуды үйрену, кәсіби мансабына қатысы мен көзқарасын , өзінің одан нені күтетінін сезіну.
«Конверттегі сұрақ» жаттығуы
Барлығы шеңбер бойымен отырады. Тренер емтихан кезіндегідей «билетті» суырып, оны дауыстап оқып, жазылғанға қатысты өз пікірін айтуды ұсынады. Алдын –ала тренингтің тақырыбына орай 30 сұрақ дайындалады. Мысалы : «Сен үшін өмірдің мәне не болып табылады?» немесе «Көпшілік адамдар не себепті мансабын жоғарлата алмайды?» Бірнеше себебін ата. «Конвертте мынадай сұрақтар да болады. Мысалы : «Қандай мамандар қазіргі уақытта сұранысқа ие?» және т.с
Талдау : Не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңыз?
Сіздер мамандық таңдауда қандай критерийлерді басшылыққа алған жөн деп есептейсіздер?
Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?
Психологиялық кеңестер ұсынамын «Мамандыққа бастар 7 қадам»
Қателікке бой алдырмау
Көптеген жағдайда жастар қателесіп, қиялға ерік береді. Біреуді мамандықтың романтикасы тартады, оның үстіне боашақ мамандықпен нақты таныспай, оның кинолық нұсқасына бас ұрып жатады. Кейбіреуі пешенеге жазылған деген сеніммен ата-ана жолын бұлжытпай қуады. Ал келесі біреу жоғарғы оқу орнына мүлде басқа себептермен, мәселен жақсы досынан ажырамас үшін түседі. Тағы бірі алысқа баруға қиынсынып үйіне жақын орналасқан оқу орнына құжаттарын тапсыра салады. Мұның барлығы жөнсіз. Мамандықты таңдау – бұл жеңіл-желпі қарауға болмайтын дүние. Болашағыңыз осымен тікелей байланысты. Керісінше, бұл мәселені шамаңыз келгенше неғұрлым байсалдылықпен шешуге тырысыңыз.
Дұрыс көзқарас
Ең алдымен істі терең ойлап, бұл таңдауды өз еркіңізбен жасауыңыз керек. Ата-ана мен достарыңыздың үгітіне бағынбаңыз, бұл олардың емес, сіздің өміріңіз екенін естен шығармағаныңыз абзал.
Икемділікті анықтау
Біріншіден, өз қызығушылықтарыңызды бағалап алыңыз. Қандай іспен айналысқыңыз келеді? Сізге мектеп бағдарламасындағы қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңзда немен шұғылданғанды ұнатасыз? Адамдармен әсіресе, таныс емес адамдармен байланыс орнату сіз үшін оңай ма? Белгілі қызмет түрін орындай алау икемділігінің өзіндік маңызы зор.
Зерделеу
Бастысы өзіңізді тиісінше бағалауыңыз қажет, өзімнен және өз жұмысымнан нені қалаймын, бес жылдан кейін қандай боламын. Барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалана отырып, өзіңіздің болашақ мамандығыңыз туралы көп білуге тырысыңыз. Сол немесе басқа мамандық өкілдері айналысатын кәсіпорындар қызметін өз көзіңізбен көріп танысу үшін саяхатқа барыңыз. Теңізші болғыңыз келеді ме? Кемедегі күндермен жақын танысу үшін ата-анаңызды кемемен саяхат жасауға көндіріңіз. Бағдарламашы болғыңыз келеді ме? Онда тек компьютерлік ойындарды қызықтап қана қоймай, қарапайым бағдарламаларды жазуға үйреніңіз. Мысалы: журналист мансабы туралы армандай отырып, газетке атшабар болса да, жұмысқа орналасқан жөн болады. Осылайша сіз журналист кәсібімен іштей танысу мүмкіндігіне ие боласыз. Сол немесе өз мамандықтарды сәйкестігін анықтау кезінде тізбе пайдаланылады.
Еңбек нарығындағы жағдайды бағалаңыз
Ең оңай жол: бос орындар туралы хабарландырулары бар бірнеше басылымдар алыңыз. Интернет желісіндегі жұмысқа орналасуға арналған сайттардан қандай мамандар қажетттігін қараңыз. Осы деректерді салыстыра отырып, қандай жоғары оқу орнына немесе қандай факультетте оқу болашақта пайдалы екендігін анықтауыңызға болады. Алайда нарық сұранысының ауысып отыратындығын естен шығармаған жөн.
Мамандардың көмегіне жүгініңіз
Егер сізде күмән туындаса, мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Бұл ретте не мектеп психологымен, немесе психологиялық кеңсе маманымен ақылдасуға болады.
Соңғы таңдау
Ақпаратты жинағаннан кейін 5-10 ұстанымнан негізгілердің тізімін қараңыз. Содан соң сынақтан өткізілген тәсілді қолданыңыз: бір парақ қағазды алып екі бағанына бөліңіз. Бір-бірден алып тастау әдісін қолданыңыз. Тізімде үш тармақ қалған сәтте қосымша неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеу жүргізіп, соңғы шешім шығарыңыз.
Ешқашан өз бағыңызды бөгде жағдайлармен анықтауға мүмкіндік бермеңіз. Бір орында отырып қалмаңыз! Таңдауыңыз табысты болсын. өміріңіздің үштен бір бөлігін сіз үшін тартымсыз жұмыста азаппен өткізу, жұмысқа мүлдем ынтасыз бару, тиісті уақытты жиіркенішпен өткізу – мұндай болашақ сізді қанғаттандырады ма?
ІІІ. Қорытынды кезең
- Мамандық таңдауда қандай факторлардың әсер ететінін байқадық. Сонымен қатар, бүгінгі сабағымызда мамандық таңдау жолының бір адамдарда оңайлықпен өтетінін, екінші адамдарда оның қиын, тіпті бірнеше сатылардан тұратынын, біреулердің өмірден орын таба алмай күйзелген жағдайларын да білдік. Мамандық таңдау жасындағы жастарға көптеген жалған пікірлер әсер етеді. Ол пікірлер жастарды мамандық таңдауда сәтсіздіктерге әкеледі. Сондықтан да:
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!-демекпін,
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.